Қолдану көрсеткіштері
Азитромицинге сезімтал микроорганизмдер туындатқан инфекциялық ауруларды емдеуде:
- созылмалы бронхиттің өршуі
- ауруханадан тыс пневмония (жеңілден орташа ауыр түріне дейін)
- жедел бактериялық синусит
- фарингит, тонзиллит
- жедел бактериялық ортаңғы отит
- тері және жұмсақ тіндер инфекциялары
- Chlamydia trachomatis туындатқан асқынбаған генитальді инфекциялар
Бактерияларға қарсы дәрілік препараттарды тиісінше пайдалануға қатысты берілген емдік ұсыныстар қалтқысыз қадағалануы тиіс.