daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Талдыкоргане қаласындағы Диклофенак Тева Гелі 1% 40 Г | Меркле ГмбХ

Талдыкоргане қаласындағы Диклофенак Тева Гелі 1% 40 Г | Меркле ГмбХ

Басқа сервистер немесе өзіңіз

disadvantage

Тауардың қолжетімділігі мен бағасын кепілдемейді

disadvantage

Тауар тез таусылып қалуы мүмкін

disadvantage

Daribar бонустары жоқ

disadvantage
Тегін

Daribar-дан тапсырыс бергенде

disadvantage

5–15 минут ішінде тауардың қолжетімділігі мен бағасын тексереміз

disadvantage

Жеткізу немесе 24 сағатқа брондау

disadvantage

Daribar-дың бонустары

disadvantage
Сипаттама:

Изопропанолдың өзіне тән иісі бар мөлдір түссіз гель

Халықаралық атауы:

Диклофенак

Өндіруші:

Меркле ГмбХ

Өндіруші ел:

Федеративная Республика Германия

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: диизопропил адипаты, гидроксипропилцеллюлоза, 90% сүт қышқылы, натрий дисульфиті, изопропил спирті, инъекцияға арналған су Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Изопропанолдың өзіне тән иісі бар мөлдір түссіз гель

Қаптамадағы саны:

1 шт
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Ересектерде, жасөспірімдерде және 12 жастан асқан балаларда ауыруды, қабынуды және ісінуді жергілікті емдеу:

- сіңірлердің, байламдардың, бұлшықеттер мен буындардың жарақаттық (оның ішінде спорттық) зақымдануларында (соғылулар, созылулар, шығып кетулер), арқаның ауыруында

- ревматизмнің оқшауланған түрлерінде: тендинит («теннистік шынтақ» деп аталатын), қолдың альгодистрофиялық синдромы («иық-қол» синдромы), бурситтер, периартрит

- шеткері буындардың остеоартроздарын симптоматикалық емдеуге арналған (мысалы, тізе немесе қол саусақтары)

Қарсы көрсеткіштер

- диклофенакқа, ацетилсалицил қышқылына және басқа қабынуға қарсы стероидты емес дәрілерге, изопропил спиртіне немесе дәрілік препараттың басқа қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық

- ацетилсалицил қышқылына (аспирин) немесе қабынуға қарсы стероидты емес дәрілерге анамнезде туындаған демікпе, есекжем немесе жедел ринит ұстамасы

- жүктіліктің ІІІ триместрі (ауқымды беткейлерге немесе ұзақ уақыт бойы жағу кезінде).

- 12 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

Қолданған кездегі қажетті сақтандыру шаралары

Гельді терінің үлкен беткейіне ұзақ қолданған кезде жүйелі жағымсыз әсерлердің болу мүмкіндігін жоққа шығаруға болмайды.

Пероральді қабылданатын ҚҚСП және құрамында диклофенак бар басқа препараттарды бір мезгілде пайдаланудан аулақ болу керек, өйткені жағымсыз әсерлердің жиілігі, әсіресе жүйелі жағымсыз әсерлер артуы мүмкін.

Гельді тері жарақатына немесе ашық жараға емес, зақымданбаған теріге ғана жағу керек. Көзге немесе шырышты қабыққа тигізуге және ішке қабылдауға болмайды.

Тері бөртпесі пайда болған кезде гельді пайдалануды тоқтату керек.

Гель окклюзиялық емес таңғыштармен пайдаланылуы мүмкін, бірақ ауа өткізбейтін окклюзиялық таңғышпен пайдаланылмауы тиіс.

Кейбір жағдайлар анамнезінде пациенттердің асқазан-ішектен қан кету мүмкіндігі туралы асқазан-ішектен қан кету туралы хабарланған.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Жергілікті қолдануға арналған диклофенактың жүйелі сіңуі төмен, және сол себепті өзара әрекеттесу қаупінің мүмкіндігі аз.

Арнайы ескертулер

Педиатрияда қолдану

Қажет болса, 12 жастан асқан балаларда қолдану керек, егер 7 күннен артық қолдану қажет болса, дәрігермен кеңесу керек.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Бірінші және екінші триместрде диклофенак өте қажет болған жағдайда ғана тағайындалады, диклофенак дозасы мүмкіндігінше төмен және емдеу ұзақтығы мүмкіндігінше қысқа болуы керек. Диклофенакты ерте қолданған кезде түсік түсіру, жүрек ақаулары, гастрошизис қаупі артады. Үшінші триместрде қолдануға болмайды. Диклофенак толғақтарды басуы мүмкін, артериялық түтіктің мерзімінен бұрын жабылуына және өкпе гипертензиясына, ана мен шаранада қан кетудің жоғарылауына, ананың ісінуіне әкелуі мүмкін. Лактация кезеңінде диклофенакты қолданбаған жөн, өйткені оның аздаған мөлшері емшек сүтіне бөлінеді. Гельді тек емдеуші дәрігер ұсынысымен пайдалану керек, бұл жағдайда гельді сүт безіне, сондай-ақ дененің үлкен бөлігіне жағуға және ұзақ қолдануға болмайды.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Өзара әрекеттесуі

Жергілікті қолдануға арналған диклофенактың жүйелі сіңуі төмен, және сол себепті өзара әрекеттесу қаупінің мүмкіндігі аз.

Арнайы ескертулер

Педиатрияда қолдану

Қажет болса, 12 жастан асқан балаларда қолдану керек, егер 7 күннен артық қолдану қажет болса, дәрігермен кеңесу керек.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Бірінші және екінші триместрде диклофенак өте қажет болған жағдайда ғана тағайындалады, диклофенак дозасы мүмкіндігінше төмен және емдеу ұзақтығы мүмкіндігінше қысқа болуы керек. Диклофенакты ерте қолданған кезде түсік түсіру, жүрек ақаулары, гастрошизис қаупі артады. Үшінші триместрде қолдануға болмайды. Диклофенак толғақтарды басуы мүмкін, артериялық түтіктің мерзімінен бұрын жабылуына және өкпе гипертензиясына, ана мен шаранада қан кетудің жоғарылауына, ананың ісінуіне әкелуі мүмкін. Лактация кезеңінде диклофенакты қолданбаған жөн, өйткені оның аздаған мөлшері емшек сүтіне бөлінеді. Гельді тек емдеуші дәрігер ұсынысымен пайдалану керек, бұл жағдайда гельді сүт безіне, сондай-ақ дененің үлкен бөлігіне жағуға және ұзақ қолдануға болмайды.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Ересектерге: Ауырған аймақтың көлеміне байланысты 2-4 г гель (диаметрі шамамен 2-2,5 см дөңгелек пішінді масса) жағылады және теріге күніне 3-4 рет ысқылап жағады. Гельді жаққаннан кейін, егер олар емдеуге жататын бөлігі болмаса, қолды жуу ұсынылады.

Гель ультрадыбысты өткізеді, сондықтан ультрадыбыстық еммен біріктірілімде қолданылуы мүмкін.

Терінің үлкен аймақтарына гельді пайдаланған кезде, жүйелі абсорбция жоғары болады және жағымсыз реакциялар қаупі артады.

Балалар: 12 жастан бастап қолдану қажет болғанда және егер 7 күннен астам қолдану талап етілсе, дәрігермен кеңесу керек.

Егде жастағы адамдар: дозаны түзеу талап етілмейді.

Емдеу ұзақтығы

Дәрігердің ұсынымынсыз гель жұмсақ тіндер зақымдануы кезінде 2 аптадан астам және артритке байланысты ауыру кезінде 4 аптадан артық қолданылмауы тиіс.

Артық дозаланған жағдайда қабылдануы тиіс шаралар

Симптомдары: препаратты жергілікті қолданғанда артық дозалану ықтималдығы аз. Ішке кездейсоқ қабылдағанда гипотензия, бүйрек жеткіліксіздігі, құрысулар, асқазан-ішек жолдарының тітіркенуі және тыныс алудың бәсеңдеуі сияқты асқынулар бақыланды.

Емі: асқазанды шаю, белсендірілген көмір қабылдау, симптоматикалық ем.

Шығарылу түрі

40 г, 100 г гель тығыздығы жоғары полиэтиленнен жасалған қақпағы бар алюминий сықпада. 1 сықпадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.

Сақтау мерзімі

4 жыл

Сықпаны ашқаннан кейін сақтау мерзімі - 12 ай.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сақтау шарттары

25ºС -ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау шарттары

25ºС -ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

4 жыл

Сықпаны ашқаннан кейін сақтау мерзімі - 12 ай.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сақтау шарттары

25ºС -ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Салмағы

40 г

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыДиклофенак Тева гелі 1% 40 г дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading
1240

-ден

Сіздің үнемдеуіңіз: 275

i

Жақсы іздеудің арқасында пайда:

Орташа баға Талдыкоргане:

Daribar-дан тапсырыс бергенде:

Сіздің үнемдеуіңіз:

1515

1240

275

Себетке

Құрамы

Тауар туралы қысқашаНұсқаулықСатып алу мәліметтері

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube