Қолдану көрсеткіштері
- венерологиялық аурулардың (мерез, соз, трихомониаз, хламидиоз, уреплазмоз) және акушерлік және гинекологиядағы инфекциялық-қабыну асқынуларының профилактикасы (гинекологиялық ауруларды операциялық емдеу алдында, босану және аборт алдында, жатырішілік спиральді орнатқанға дейін және одан кейін, жатыр мойнының диатермокоагуляциясына дейін және одан кейін, жатырішілік зерттеулер алдында)
- бактериялық вагиноз, кольпит, жатыр мойнының эрозиясын емдеуде.