daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Талдыкоргане қаласындағы Ампулалық Изосорбид Динитраты 0,1% №10 | АО «Химфарм»

Талдыкоргане қаласындағы Ампулалық Изосорбид Динитраты 0,1% №10 | АО «Химфарм»

Халықаралық атауы:

Изосорбид динитраты

Өндіруші:

АО «Химфарм»

Өндіруші ел:

Казахстан

Белсенді заттың дозасы:

0,1%

Дәрілік түрі:

Инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған концентрат, 0.1 % , 10 мл

Қаптамадағы саны:

10 шт
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Препарат келесілерді емдеуге арналған:

Вена ішіне енгізу жолы

- емдеуге резистентті жедел миокард инфарктісі салдарынан туындаған сол жақ қарыншалық жеткіліксіздікті,

- емдеуге резистентті әртүрлі этиологиядағы сол жақ қарыншалық жеткіліксіздікті,

- ауыр немесе тұрақсыз стенокардияны

Коронарішілік енгізу жолы

- тері арқылы транслюминальді коронарлық ангиопластика кезінде баллонды үрлеу уақытын ұзарту және коронарлық тамыр түйілуін болдырмау немесе азайту үшін

Қарсы көрсеткіштер

-әсер етуші затқа немесе басқа нитраттарға/нитриттерге немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

Сақтық шаралары

Изосорбид динитратын төмендегілерден зардап шегетін пациенттерде сақтықпен және дәрігердің бақылауымен қолдану керек:

- гипотиреоз

- гипотермия

- тамақты жеткілікті ішпеу

- бауыр және бүйректің ауыр аурулары

- ортостаздық синдромнан.

Төзімділік

Төзімділіктің даму жағдайлары (тиімділіктің төмендеуі), сондай-ақ нитрат түріндегі басқа препараттарға айқаспалы төзімділік (басқа нитратты препаратпен алдыңғы ем жағдайында әсердің төмендеуі) сипатталған. Тиімділіктің азаюын немесе жоғалуын болдырмау мақсатында препаратты жоғары дозаларда үздіксіз қолданудан аулақ болу керек.

Артериялық қысымды және тамыр соғу жиілігін бақылау

Артериялық қысымды және тамыр соғу жиілігін үнемі бақылау және пациенттің реакциясына байланысты дозаны түзету қажет.

Изосорбид динитратымен шұғыл емді жақында фосфодиэстераза тежегіштерін (мысалы, силденафил, тадалафил, варденафил) 24 сағат ішінде немесе тоқтатылғаннан кейін 48 сағат ішінде (тадалафил жағдайында) қабылдаған пациенттерге қолдануға болмайды.

Арнайы нұсқаулар

Қосымша заттар

Изосорбид динитраты 0,1% ерітіндісінде 10 мл-де (бір ампулада) 1,46 ммоль (33,5 мг) натрий бар, мұны натрий қабылдауды шектейтін диетадағы пациенттер ескеруі тиіс.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Жүктілік кезінде изосорбид динитратын, егер дәрігердің пікірінше емдеудің болжамды пайдасы ықтимал қауіптерден астам болса ғана қолдану керек.

Жүктілік кезінде динитрат изосорбидін қолдану кезінде пайда болатын жағымсыз әсерлердің даму мүмкіндігін көрсететін деректер жоқ. Алайда жүктілік кезінде қолдану қауіпсіздігі анықталған жоқ.

Емшекпен емізу кезінде изосорбид динитратын, егер дәрігердің пікірінше, емдеудің болжамды пайдасы ықтимал қауіптерден астам болса ғана қолдану керек.

Жеткілікті деректер жоқ.

Препараттың көлік құралын және қауіптілігі зор мехнаизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Артериялық қан қысымының өзгеруіне әкелетін басқа препараттардағы сияқты, изосорбид динитратын қабылдаған пациенттерге, егер олар бас айналу немесе соған ұқсас симптомдарды сезінсе, көлік құралдарын басқаруға немесе механизмдермен жұмыс істеуге болмайтыны туралы ескертілуі керек.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Ересектер

Вена ішіне енгізу жолы

Әдетте сағатына 2 мг-ден 12 мг-ға дейінгі доза жеткілікті.

Сонымен қатар, пациенттің реакциясына қарай, енгізілетін дозаларды сағатына 20 мг-ға дейін түзету керек.

Коронарішілік енгізу жолы

Әдеттегі доза баллонды үрлемес бұрын болюсті инъекция түрінде 1 мг құрайды. Кейінгі дозалар 30 минуттық кезең ішінде 5 мг аспауы тиіс.

Пациенттердің ерекше топтары

Егде жастағы пациенттер

Дозаны түзету қажет емес.

Бүйрек немесе бауыр функциясы бұзылған пациенттер

Бүйрек немесе бауыр функциясының ауыр бұзылулары бар пациенттерде изосорбид динитратын сақтықпен қолданған жөн.

Балалар

Балалардағы изосорбид динитратының тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған.

Енгізу әдісі және жолы

Вена ішіне немесе коронарішілік енгізу үшін.

Артық дозалану

Симптомдары: артериялық қысымның айқын төмендеуі ≤ 90 мм сын. бағ., бозару, тершеңдік, пульс әлсіздігі, тахикардия, постуральді бас айналу, бас ауруы, астения, бас айналу, жүрек айну, құсу, диарея.

Басқа органикалық нитраттарды қолданған пациенттерде метгемоглобинемия жағдайлары сипатталған. Изосорбид динитратының биотрансформациясы кезінде нитрит иондары босап шығарылады, олар соңынан тахипноэ, мазасыздық, естен тану және жүрек тоқтауы болатын метгемоглобинемия мен цианозды тудыруы мүмкін. Изосорбид динитратының артық дозалануы ми қызметінде осындай жағымсыз реакцияларды тудыруы мүмкін екенін жоққа шығаруға болмайды.

Өте жоғары дозаларда бассүйекішілік қысым жоғарылауы мүмкін, бұл симптомдардың пайда болуына әкелуі мүмкін.

Емі: негізгі іс-шара: препаратты енгізуді тоқтату.

Нитраттарды қолданумен байланысты гипотензия жағдайындағы жалпы іс-шаралар: пациенттің басын төмен қойып және аяқтары көтерілген күйінде жатқызу; оттегі беру; плазма көлемін толықтыру (в/і сұйықтықты енгізу), шокқа қарсы спецификалық ем жүргізу (пациентті қарқынды ем бөлімшесіне ауыстыру) қажет.

Арнайы іс-шаралар: егер артериялық қан қысымы өте төмен болса, артериялық қан қысымын жоғарылату; норадреналинді немесе басқа тамыр тарылтатын дәрілерді қосымша енгізу.

Метгемоглобинемияны емдеу: ауырлық дәрежесіне байланысты емді таңдауға С дәрумені, метиленді көк немесе толуидин көгі кіреді; оттегі енгізу (қажет болған жағдайда); өкпені жасанды желдетуді бастау.

Реанимациялық іс-шаралар: тыныс алудың және қан айналымының тоқтау белгілері пайда болған жағдайда реанимациялық іс-шараларға дереу кірісу керек.

This document was truncated here because it was created in the Evaluation Mode.

Көлемі

10 мл

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыампулалық изосорбид динитраты 0,1% №10 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube