daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Талдыкоргане қаласындағы Эрбинол Таблеткалары 250 Мг №14 | К.О. Славия Фарм С.Р.Л.

Талдыкоргане қаласындағы Эрбинол Таблеткалары 250 Мг №14 | К.О. Славия Фарм С.Р.Л.

Басқа сервистер немесе өзіңіз

disadvantage

Тауардың қолжетімділігі мен бағасын кепілдемейді

disadvantage

Тауар тез таусылып қалуы мүмкін

disadvantage

Daribar бонустары жоқ

disadvantage
Тегін

Daribar-дан тапсырыс бергенде

disadvantage

5–15 минут ішінде тауардың қолжетімділігі мен бағасын тексереміз

disadvantage

Жеткізу немесе 24 сағатқа брондау

disadvantage

Daribar-дың бонустары

disadvantage
Сипаттама:

Дөңгелек пішінді, тегіс беткейлі, ақтан сарғыш-ақ түске дейінгі таблеткалар.

Халықаралық атауы:

Тербинафин

Өндіруші:

К.О. Славия Фарм С.Р.Л.

Өндіруші ел:

Румыния

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза (PH 101), жүгері крахмалы, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, гипромеллоза, тальк, магний стеараты.

Белсенді заттың дозасы:

250 мг

Қаптамадағы саны:

14 шт.

Аналогтары

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

- Trichophyton spp. (мысалы, T. rubrum, T. mentagrophytes, T. verrucosum, T. tonsurans, T. violaceum), Microsporum canis және Epidermophyton floccosum сияқты дерматофиттерден туындаған тері мен шаштың зеңді инфекциясы.

Эрбинол кең таралған, ауыр мицелиальді зеңді ауруларын (дененің дерматофитиялары, дерматомикоз, табан дерматомикозы және бас дерматомикозы) және Candida тұқымдасының ашытқы тері инфекцияларын (мысалы, Candida albicans) емдеу үшін пайдаланылады, егер инфекцияның орналасуына, ауырлығына және таралуына байланысты пероральді ем қажет деп саналса ғана көрсетіледі

- дерматофиттерден (жіп тәрізді зеңдерден) туындаған онихомикоздарды (тырнақ микозын) емдеуде

Пероральді тербинафин қынап кандидозы мен кебектәрізді теміреткі кезінде тиімсіз.

Қарсы көрсеткіштер

- тербинафинге немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- бауырдың жедел және созылмалы аурулары

- 6 жасқа дейінгі балаларға.

Қолдану кезінде қажетті сақтандыру шаралары

Балаларда қолдану

Препаратты балаларда қолдану туралы деректер шектеулі, сондықтан оны осы жас санатындағы пациенттерде қолдану ұсынылмайды.

Бауыр функциясының бұзылуы

Тербинафинді қолданар алдында бауыр функциясын бағалау қажет. Эрбинолды бауырдың жедел және созылмалы аурулары бар пациенттерге қолдануға болмайды. Бауыр функциясы бұзылған пациенттерде тербинафиннің элиминация жылдамдығы 50%-ға төмендеуі мүмкін. Тербинафинді қолданар алдында бауыр функциясын бағалау (қан плазмасындағы аспартатаминотрансфераза және аланинаминотрансфераза деңгейлерін өлшеу) қажет, өйткені препараттың гепатоуытты әсері бауыр ауруларына шалдыққан пациенттерде де, оларсыз да байқалуы мүмкін. Бауыр функциясының көрсеткіштерін зерттеуді емдеудің әрбір 4-6 аптасында жүргізу ұсынылады. Қан плазмасындағы бауыр ферменттерінің деңгейі жоғарылаған кезде қабылдауды дереу тоқтату керек. Тербинафин қабылдаған пациенттерде бауыр функциясының ауыр жеткіліксіздігі жағдайлары өте сирек тіркелген (олардың кейбіреулері өліммен аяқталған немесе бауыр трансплантациясын талап еткен). Мұндай жағдайлардың көпшілігінде пациенттерде ауыр жүйелік аурулар болған.

Эрбинолды қолданған кезде пациенттерге тәбеттің төмендеуі, дене салмағының жоғалуы, шаршау, жүрек айну, құсу, эпигастрийдің ауыруы, сарғаю, несептің қараюы немесе ашық түсті нәжіс сияқты белгілер пайда болған жағдайда дереу дәрігерге айту қажеттілігі туралы хабарлау керек. Жоғарыда аталған симптомдар пайда болған кезде Эрбинолды пероральді түрде қабылдауды тоқтатып, дереу бауыр функциясына зерттеу жүргізу керек.

Бүйрек функциясының бұзылуы

Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде Эрбинолды қолдану ұсынылмайды (креатинин клиренсі ≤ 50 мл/мин немесе қан плазмасындағы креатинин деңгейі ≥ 300 мкмоль/л), өйткені тербинафиннің тиімділігі мен қауіпсіздігі пациенттердің осы санатында жеткілікті зерттелмеген.

Тері реакциялары

Өте сирек жағдайларда тербинафинді қабылдаған пациенттерде терінің ауыр реакциялары (Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермалық некролиз, эозинофилиямен және жүйелі симптомдармен жүретін дәрілік реакция (DRESS-синдром)) білінді. Тері реакциялары мен эозинофилиядан бөлек, DRESS-синдром келесі ағзалық көріністердің біреуімен немесе бірнешеуімен: гепатитпен, интерстициальді нефритпен, интерстициальді пневмонитпен, миокардитпен, перикардитпен байланысты болуы мүмкін. Терінің үдемелі бөртпесі пайда болған жағдайда Эрбинол препаратымен емдеуді тоқтату қажет.

Қызыл жегі/псориаз

Псориаз немесе қызыл жегі (терідегі немесе жүйелі) бар пациенттерде Эрбинолды сақтықпен қолдану қажет, өйткені осы аурулар симптомдарының пайда болуы және өршуі туралы постмаркетингтік хабарламалар болған.

Гематологиялық әсерлер

Тербинафинді қабылдаған пациенттерде өте сирек жағдайларда қан құрамындағы патологиялық өзгерістер (нейтропения, агранулоцитоз, тромбоцитопения, панцитопения) байқалды. Кез келген осындай өзгерістер туындаған жағдайда, олардың себебін анықтау және Эрбинолдың дозалау режимін, оны қабылдауды тоқтату мәселесін қоса алғанда, өзгерту туралы мәселені қарастыру қажет.

Эрбинолды онихомикоздар кезінде, тырнақтардың өзгерістеріне бастапқы бактериялық инфекция түрткі болған жағдайда қолданбаған дұрыс.

Маскүнемдіктен зардап шешіп жүрген пациенттерде препаратты қолданудың клиникалық тәжірибесі жоқ.

In vitro және in vivo зерттеулер тербинафиннің CYP2D6 бауыр ферментін тежейтінін көрсетті. Трициклді антидепрессанттар, бета-адреноблокаторлар, серотонинді кері қармайтын селективті MAO тежегіштер, 1А, 1B және 1C класты аритмияға қарсы дәрілер немесе В типті тежегіштер сияқты CYP2D6 метаболизденетін дәрілік препараттарды қабылдайтын пациенттерді, әсіресе олар тар емдік терезесі бар заттар болған кезде тиісті түрде бақылау керек.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Тербинафиннің метаболизмі Р450 цитохромы жүйесінің изоферменттерімен жанамаласқан. Осы ферменттерді индукциялайтын дәрілік заттармен бір мезгілде қолданған кезде тербинафиннің плазмалық клиренсі артуы мүмкін, ал P450 цитохромы жүйесінің изоферменттерін тежейтін дәрілік заттармен бірге пайдаланған кезде тербинафиннің плазмалық клиренсі төмендеуі мүмкін. P450 цитохромы жүйесі изоферменттерінің белсенділігіне әсер ететін дәрілік препараттарды Эрбинолмен бірге қолдану қажет болған кезде, оның дозалау режимін сәйкесінше түзету керек.

Фермент тежегіштері

Циметидин тербинафин клиренсін 33%-ға төмендетеді және концентрация-уақыт қисығы (AUC) астындағы аудан мәнін 34% - ға арттырады.

Екі CYP2C9 және CYP3A4 изоферментін бірден тежейтін флуконазол тербинафин үшін қан плазмасындағы (Cmax) және AUC ең жоғары концентрациясының мәндерін тиісінше 52%-ға және 69%-ға арттырды. Тербинафинді CYP2C9 және/немесе CYP3A4 тежейтін басқа дәрілік заттармен бір мезгілде қолданғанда (мысалы, азолдар тобынан шыққан зеңге қарсы дәрілер, макролидтер тобынан шыққан антибиотиктер, амиодарон) ұқсас нәтижелер алынуы мүмкін.

Фермент индукторлары

Рифампицин тербинафин клиренсін 100%-ға арттырады, Cmax және AUC мәндері тиісінше 45% және 50% - ға азаяды.

Тербинафиннің басқа дәрілік заттарға әсері

CYP2D6 басым түрде метаболизденетін дәрілік заттар

In vitro және in vivo зерттеулерінде тербинафин CYP2D6 қатысуымен метаболизмдік реакцияларды тежейтіні анықталды. Бұл деректердің тербинафинді метаболизмі CYP2D6 жанамаласқан препараттармен бірге пайдаланған кезде, әсіресе олардың емдік терезесі тар болса, маңызды клиникалық мәні болуы мүмкін. Оларға, мысалы, трициклді антидепрессанттар тобындағы кейбір дәрілік заттар, серотонинді селективті қайта қармау тежегіштері, В типті моноаминоксидаза тежегіштері, аритмияға қарсы дәрілер (1А, 1В және 1С кластарын қоса) және бета-блокаторлар жатады.

Тербинафин дезипрамин клиренсін 82%-ға азайтады, бұл ретте AUC мәні 5 есе артады.

Декстрометорфанның «жылдам» метаболизаторларын сау еріктілерде зерттеу барысында тербинафин несепте декстрометорфан/декстроорфан арақатынасын орта есеппен 16-97 есе арттыратыны анықталды. Осылайша, тербинафин CYP2D6 қатысты метаболизаторлардың статусын «жылдамнан» «баяуға» өзгерте алады.

P450 цитохромы жүйесінің басқа изоферменттерімен метаболизденетін дәрілік заттар

Зерттеулер нәтижелері метаболизмі CYP2D6 жанамаласқандарды қоспағанда, тербинафин Р450 цитохромы жүйесі изоферменттерінің қатысуымен метаболизденетін дәрілік заттардың (мысалы, терфенадин, триазолам, толбутамид немесе этинилэстрадиол (мысалы, пероральді контрацептивтер құрамына кіреді) клиренсіне елеулі әсер етпейтінін көрсетеді.

P450 цитохромы жүйесінің изоферменттерімен метаболизденбейтін дәрілік заттар

Тербинафин кофеин клиренсін (вена ішіне енгізгеннен кейін) 21%-ға төмендетеді.

Тербинафин циклоспорин клиренсін 15%-ға арттырады, бұл ретте AUC мәні 13% - ға азаяды.

Тербинафин флуконазолдың, ко-тримоксазолдың (триметопримнің сульфаметоксазолмен біріктірілімі), зидовудиннің, феназонның, дигоксиннің немесе теофиллиннің фармакокинетикасына әсер етпеді.

Тербинафин мен варфаринді бір мезгілде қабылдаған пациенттерде протромбин уақытының өзгергені (артқаны немесе қысқарғаны) туралы хабарламалар бар. Тербинафинді қабылдау мен бақыланатын өзгерістер арасындағы сенімді себеп-салдарлық байланыс анықталған жоқ.

Бала туу жасындағы әйелдер

Тербинафинді пероральді контрацептивтермен бір уақытта қабылдаған кейбір пациенттерде етеккір циклінің бұзылу жағдайлары байқалды (мысалы, ретсіз етеккір, мол қан кету, етеккіраралық қан кету және етеккірдің болмауы). Алайда, бұл бұзылулар тек пероральді контрацептивтерді қабылдаған әйелдерге қарағанда жиі кездескен жоқ.

Арнайы сақтандырулар

Жүктілік

Клиникаға дейінгі зерттеулерде тербинафиннің эмбриоуытты және тератогендік әсері жоқ екендігі анықталды. Алайда, жүкті әйелдерде тербинафинді қолданудың клиникалық тәжірибесі шектеулі болғандықтан, Эрбинолды жүктілік кезінде қолдануға болмайды, тек ана үшін күтілетін пайдасы ұрық үшін ықтимал қаупінен асып кететін жағдайларды қоспағанда.

Лактация

Тербинафин емшек сүтіне енеді, сондықтан әйелдер емшек емізу кезінде Эрбинолды қабылдамау керек.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Тербинафиннің көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсері туралы зерттеулер жүргізілген жоқ. Егер Эрбинолды пайдалану кезінде бас айналу және көру айқындығының бұзылуы сияқты жағымсыз реакциялар туындаса, пациенттер автокөлік пен механизмдерді басқарудан аулақ болу керек.

Өзара әрекеттесуі

Арнайы нұсқаулар

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалану режимі

Ересектер

Препаратты тәулігіне 1 рет 250 мг-ден ішке тағайындайды.

Балалар

Салмағы 40 кг-нан асатын балалар (әдетте 12 жастан асқан)

Препаратты тәулігіне 1 рет 250 мг-ден ішке тағайындайды.

Салмағы 20-40 кг балалар (6-12 жас)

Препарат тәулігіне 1 рет 125 мг-ден ішке тағайындайды (дозалау үшін тиісті дәрілік пішінді пайдаланыңыз).

Салмағы 20 кг-ден аз балалар (6 жасқа дейін)

Осы топтағы балаларда тербинафинді пайдаланудың клиникалық бақыланатын зерттеулерінің деректері шектеулі, сондықтан Эрбинолдың емдік балама болмаған кезде және ықтимал пайдасы ықтимал қауіптерінен асып кеткен жағдайда ғана қолдану керек.

Емдеу ұзақтығы

Емдеу ұзақтығы зеңдік инфекцияның сипаты мен ауырлығына байланысты.

Терінің зеңдік инфекциялары:

- тегіс терінің және шап аймағының: 2-4 апта;

- аяқтың (саусақаралық, өкшелік немесе шұлық типі бойынша): 2-6 апта;

- бас терісі: 4 апта;

- тері кандидозы: 2-4 апта.

Ауру симптомдарының толық кетуі емді тоқтатқаннан кейін бірнеше аптадан соң байқалуы мүмкін.

Онихомикоздар

Емдеу ұзақтығы әдетте 6-12 аптаны құрайды:

- саусақ тырнақтарының зақымдануы: 6 апта (көп жағдайда).

- башпай тырнақтарының зақымдануы: 12 апта (көп жағдайда).

Кейбір жағдайларда тырнаққа зақым келген кезде, әсіресе бас башпайдың тырнағына зақым келген кезде, ұзағырақ ем курсын тағайындауға болады. Тырнақтары баяу өскенде кейбір пациенттерге ұзақ емдеу қажет болуы мүмкін.

Толық клиникалық жазылу көбінесе микологиялық зерттеулердің теріс нәтижелерінен бірнеше ай өткен соң байқалады, өйткені сау тырнақтардың өсуіне уақыт қажет.

Қысқамерзімді емдеу және/немесе дәрілік препаратты жүйесіз пайдалану аурудың қайталануын туындатуы мүмкін.

Қайта жұқтырудың алдын алу мақсатында (ішкиім, шұлық, аяқкиім және т.б. арқылы) Эрбинол препаратымен емдеу кезінде пациент жеке гигиена ережелерін мұқият сақтауы қажет.

Пациенттердің ерекше топтары

Балалар

Препаратты 6 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды.

Ересек пациенттер арасында байқалғандардан гөрі жаңа, ерекше немесе ауыр реакциялардың пайда болуының дәлелі жоқ. Бүгінгі күні препаратты қолдану жөніндегі деректер балаларда шектеулі, сондықтан пациенттердің осы жас санатында оны қолдану ұсынылмайды.

Егде жастағы пациенттер

Егде жастағы пациенттерге препаратты дозалау режимін өзгерту қажет болатындығы немесе оларда жастау пациенттердегі осындайлардан өзгеше жағымсыз реакциялар байқалады деп шамалауға негіз жоқ. Осы жас тобында препаратты таблетка түрінде қолданған жағдайда бауыр немесе бүйрек функциясының бұзылу ықтималдығын ескеру керек

Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер

Бауырдың жедел және созылмалы аурулары бар пациенттерде таблеткалар түріндегі тербинафинді қолдану ұсынылмайды.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер

Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде таблеткалар түріндегі тербинафинді қолдану тиісінше зерттелмеген, сондықтан пациенттердің осы тобына ұсынылмайды.

Енгізу әдісі мен жолы

Таблетканы көп мөлшердегі сумен іше отырып, тұтастай жұту керек; Эрбинолды күн сайын бір уақытта қабылдаған дұрыс. Тербинафиннің биожетімділігі тамақтануға байланысты емес, сондықтан Эрбинолды тамақтанар алдында да, одан кейін де қабылдауға болады.

Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алған жағдайда қабылданатын шаралар

Егер Эрбинолдың кезекті дозасы өткізіп алынса, пациент оны есіне түсіргеннен кейін бірден, бірақ келесі дозаны қабылдағанға дейін 4 сағаттан кешіктірмей қабылдауы керек. Олай болмаған жағдайда, келесі дозаны қабылдауды күтіп, оны кесте бойынша қабылдау керек. Өткізіп алған қабылдаудың орнын толтыру үшін дозаны еселеп қабылдауға болмайды.

Артық дозалану кезінде қолданылатын шаралар

Симптомдары: бас ауыруы, жүрек айнуы, эпигастрий аймағының ауыруы және бас айналуы байқалған артық дозаланудың бірнеше жағдайлары (тербинафиннің ішке қабылданған дозасы 5 г дейін құрады) туралы хабарламалар бар.

Емі: артық дозаланған жағдайда ұсынылатын емге препаратты, ең алдымен белсендірілген көмірді тағайындау және асқазанды шаю жолымен шығару, және қажет болған жағдайда симптоматикалық демеуші ем қолдану жөніндегі іс-шаралар кіреді.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіну үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгініңіз

Шығарылу түрі

14 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.

1 және 2 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

25°C-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Жарамдылық мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

Талдыкорган қаласындағы «Эрбинол таблеткалары 250 мг №14» бағасының өзгеру диаграммасы

01000200030004000500012-0217-0222-0227-0204-0309-0314-0319-0324-0329-033-048-0413-0418-0423-0428-043-058-0513-0518-0523-0528-052-067-0612-0617-0622-0627-062-077-0712-0717-0722-0727-071-08
Орташа баға
Ең төменгі баға

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыЭрбинол таблеткалары 250 мг №14 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
4335

-ден

Сіздің үнемдеуіңіз: 300

i

Жақсы іздеудің арқасында пайда:

Орташа баға Талдыкоргане:

Daribar-дан тапсырыс бергенде:

Сіздің үнемдеуіңіз:

4635

4335

300

Себетке

Құрамы

Тауар туралы қысқашабойынша дәріханалардағы бағаларды салыстыруАналогтарыНұсқаулықСатып алу мәліметтеріТалдыкорган қаласындағы «Эрбинол таблеткалары 250 мг №14» бағасының өзгеру диаграммасы

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube