daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Таразе қаласындағы Алево Таблеткалары 500 Мг №10 | Alkem Laboratories LTD

Таразе қаласындағы Алево Таблеткалары 500 Мг №10 | Alkem Laboratories LTD
Сипаттама:

Беткейі капсула тәріздес, екі беті дөңес, бір жағында сызығы бар, ашық шабдалы түсті, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.

Халықаралық атауы:

Левофлоксацин

Өндіруші:

Alkem Laboratories LTD

Өндіруші ел:

Республика Индия

Белсенді ингредиент:

Глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа жеткіліксіздігі бар пациенттер Глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа белсенділігінің жасырын немесе айқын бұзылуы бар пациенттерде хинолонды бактерияға қарсы препараттармен ем жүргізгенде гемолиздік реакцияларға бейімділік байқалуы мүмкін. Осылайша, левофлоксацинді мұндай пациенттерде қолдану қажеттілігінде оларды гемолиздің туындауына бақылау керек. Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер Левофлоксацин негізінен бүйрек арқылы экскрецияланатын болғандықтан, оның функциясы бұзылған пациенттерде Алево препаратының дозасын түзету керек. Аса жоғары сезімталдық реакциялары Левофлоксацин ауыр және потенциалды өмірге қауіп төндіретін өлімге әкеп соғатын аса жоғары сезімталдық реакцияларын (мысалы, анафилаксиялық шокқа дейін болатын ангионевроздық ісінуді) туындатуы мүмкін, ол кейде препараттың бірінші дозасын енгізгеннен кейін-ақ туындайды. Пациенттер емді дереу тоқтатуы тиіс және емдеуші дәрігермен немесе тиісті шұғыл көмек көрсету үшін жедел жәрдем дәрігерімен байланысуы керек. Терінің ауыр жағымсыз реакциялары Левофлоксацинді қолданғанда уытты эпидермальді некролизді (УЭН: Лайелл синдромы деп те аталады), Стивенс-Джонсон синдромын (СДС) және эозинофилиямен және жүйелі көріністермен дәрілік бөртпені (DRESS) қоса, терінің ауыр жағымсыз реакциялары туралы хабарланды, олар өмірге қауіп төндіруі немесе өлімге әкелуі мүмкін. Препаратты тағайындау кезінде пациенттер ауыр тері реакцияларының белгілері мен симптомдары туралы хабардар болуы және мұқият бақылауда болуы тиіс. Осы реакцияларды көрсететін белгілер мен симптомдар пайда болғанда левофлоксацин қабылдауды дереу тоқтатып, баламалы емдеу туралы мәселені қарау керек. Егер пациентте левофлоксацин қолданғанда СДС, УЭН немесе DRESS сияқты күрделі реакция дамыған болса, бұл пациентте левофлоксацинмен емдеуді ешқашан қайта бастауға болмайды. Дисгликемия Барлық хинолондарды қолданғандағыдай, пероральді гипогликемиялық препараттарды (мысалы, глибенкламид) немесе инсулинді қолданумен қатар ем алатын егде жастағы пациенттерде және диабетпен ауыратын пациенттерде жиі байқалған гипо-және гипергликемияны қоса, қандағы глюкоза деңгейінің бұзылуының туындауы туралы хабарланды. Гипогликемиялық кома жағдайлары туралы хабарланды. Қант диабетімен ауыратын пациенттерде қандағы глюкоза деңгейін мұқият бақылау ұсынылады. Егер пациентте қандағы глюкоза деңгейінің бұзылуы байқалса, Алево препаратымен емдеуді дереу тоқтату керек және фторхинолондық емес препараттармен балама бактерияға қарсы емді қарастыру керек. Фотосенсибилизация профилактикасы Левофлоксацинді қолданғанда фотосенсибилизацияның туындағаны жөнінде мәлімделді. Фотосенсибилизацияның дамуына жол бермеу үшін пациенттерге емделу кезінде және оны тоқтатқаннан кейін 48 сағат бойына, күшті күн сәулесінің немесе жасанды УК сәулелену (мысалы, УК шамы, солярий ) әсеріне жол бермеу ұсынылады. К дәрумені антагонистерімен ем алатын пациенттер Левофлоксацинді К дәрумені антагонистерімен біріктіріп (мысалы, варфарин) қабылдайтын пациенттерде коагуляциялық сынамалар көрсеткіштерінің (ПВ/ХҚҚ) ықтимал артуына және/немесе осы препараттарды бір мезгілде қабылдайтын пациенттерде қан кетудің туындауына байланысты коагуляциялық сынамалар көрсеткіштеріне мониторинг жүргізу қажет. Психоздық реакциялар Левофлоксацинді қоса, хинолондарды қабылдаған пациенттерде психоздық реакциялардың пайда болу жағдайлары туралы хабарланды. Өте сирек жағдайларда, кейде левофлоксацин дозасын бір рет қабылдағаннан кейін де, мұндай реакциялар пациенттің өзіне қауіп төндіретін суицидтік ойлар мен мінез-құлықтар пайда болғанға дейін өршіді. Осындай реакциялар пайда болған жағдайда левофлоксацинді қабылдауды дереу тоқтату керек және пациенттерге кеңес алу үшін осы препаратты тағайындаған дәрігермен байланысу ұсынылады. Фторхинолондар тобы емес препараттармен бактерияға қарсы басқа терапияны қарастыру және тиісті шаралар қабылдау қажет. Левофлоксацинді психозбен ауыратын науқастарда немесе анамнезінде психикалық аурулар болған кезде сақтықпен қолдану керек. QT аралығының ұзаруы Левофлоксацинді қоса, фторхинолондарды төмендегідей QT аралығының ұзару қаупінің белгілі бір факторлары бар пациенттерде сақтықпен қолданған жөн: - QT аралығы ұзаруының туа біткен синдромы - QT аралығы ұзаруын туындататын дәрілік заттарды (мысалы аритмияға қарсы, IA және III класқа жататын препараттар, трициклдік антидепрессанттар, макролидтер, нейролептиктер) қатар қолдану - электролиттер теңгерімінің түзетілмеген бұзылулары (мысалы, гипокалиемия, гипомагниемия) - жүрек аурулары (мысалы, жүрек функциясының жеткіліксіздігі, миокард инфарктісі, брадикардия). Егде жастағы пациенттер және әйелдер QTс аралығы ұзаруын туындататын препараттарға сезімталдау болуы мүмкін (QT түзетілген). Левофлоксацинді қоса, фторхинолондарды осындай пациенттерде сақтықпен қолдану керек. Шеткері нейропатия Хинолондар мен фторхинолондар қабылдаған пациенттерде парестезияға, гипестезияға, дизестезияға немесе әлсіздікке әкелетін сенсорлық немесе сенсомоторлы полинейропатия жағдайлары хабарланды. Левофлоксацинмен емдеу курсынан өтіп жүрген пациенттерге емдеуді жалғастырар алдында, ауыру, күйдіру, шаншу, ұю немесе әлсіздік сияқты нейропатия симптомдары пайда болғаны туралы қайтымсыз бұзылулардың дамуын болдырмау мақсатында өз дәрігеріне хабарлау ұсынылады. Бауыр және өт шығару жолдары тарапынан бұзылулар Ауыр негізгі/қатар жүретін ауруы бар, мысалы сепсис сияқты, пациенттерде левофлоксацинді қолданғанда өліммен аяқталатын бауыр функциясының жеткіліксіздігіне дейін болатын бауыр некрозы жағдайлары жөнінде мәлімделді. Пациенттерге анорексия, сарғаю, несеп күңгірттенуі, қышыну және іштің ауыруы сияқты бауыр ауруларының симптомдары мен белгілері пайда болғанда емдеуді тоқтатып және емдеуші дәрігермен кеңесу ұсынылады. Миастения гравистің асқынуы Левофлоксацинді қоса, фторхинолондар нейробұлшықет блокадасын қоздыруы және миастения гравистан зардап шегетін пациенттерде бұлшықет әлсіздігін күшейтуі мүмкін. Постмаркетингтік бақылау кезеңінде туындаған өлім жағдайлары мен өкпені қосымша жасанды желдету қажеттілігін қоса, күрделі жағымсыз реакциялар миастения гравистан зардап шегетін пациенттерде фторхинолондарды қолданумен байланысты болды. Сондықтан миастения гравистен зардап шегетін пациенттер үшін левофлоксацин қолдану ұсынылмайды. Көру қабілетінің бұзылуы Көру қабілеті бұзылған кезде немесе көзге әсер ететін басқа да факторлар пайда болғанда, дереу офтальмологқа қаралу керек. Суперинфекция Левофлоксацинді ұзақ уақыт қолдану сезімтал емес микроорганизмдердің шамадан тыс өсуіне әкелуі мүмкін. Суперинфекция пайда болған кезде тиісті шаралар қабылдау керек. Зертханалық зерттеулер нәтижелеріне әсері Левофлоксацинді қолданумен ем қабылдайтын пациенттерде несептегі апиындарды анықтауға талдау жалған оң нәтижелер беруі мүмкін. Апиындардың болуына талдау нәтижелерін неғұрлым нақты әдісті қолдана отырып растау қажет болуы мүмкін. Левофлоксацин Mycobacterium tuberculosis өсуін тежеуі мүмкін, демек, туберкулездің бактериологиялық диагностикасының жалған теріс нәтижелерінің себебі болуы мүмкін. Аорта аневризмасы және қатпарлануы, сондай-ақ жүрек клапандарының регургитациясы / жеткіліксіздігі Эпидемиологиялық зерттеулерде, әсіресе егде жастағы пациенттерде аневризманың және аорта қатпарлануының, сондай-ақ фторхинолондарды қабылдағаннан кейін аорта және митральды клапандардың регургитациясы қаупінің жоғарылауы туралы хабарланды. Фторхинолондарды қабылдау кезінде, аневризма және аорта қатпарлануының кейде жыртылуымен асқынған (оның ішінде өліммен аяқталатын), сондай-ақ жүрек клапандарының кез келген регургитациясы / жеткіліксіздігі жағдайлары тіркелген. Демек, фторхинолондарды жүрек клапандарының аневризмасына немесе туа біткен ақауына қатысты ауыр отбасылық анамнезі бар пациенттерде, аневризмасы және / немесе аортаның қатпарлануы немесе анамнезінде жүрек клапандарының жеткіліксіздігі бар пациенттерде, сондай-ақ басқа қауіп факторлары немесе осыған бейім жай-күйі болған кезде тек пайда мен қауіп арақатынасын мұқият бағалағаннан кейін және басқа емдік мүмкіндіктерді қарастырғаннан кейін ғана пайдалану керек: - аневризмасы және аортаның қатпарлануы кезіндегі жағдайдада, сондай-ақ регургитация / жүрек клапандарының жеткіліксіздігі кезінде (мысалы, Марфан синдромы немесе Элерс-Данлос синдромы, Тернер синдромы, Бехчет ауруы, гипертензия, ревматоидты артрит сияқты дәнекер тіндер тарапынан бұзылыстар) - аорта аневризмасы мен қатпарлану (мысалы, Такаясу артериті немесе алып жасушалы артерит сияқты тамыр аурулары немесе белгілі атеросклероз немесе Шегрен синдромы) - регургитация / жүрек клапандарының жеткіліксіздігі (мысалы, инфекциялық эндокардит). Жүйелі кортикостероидтармен бір мезгілде ем қабылдайтын пациенттерде де аневризма және аортаның қатпарлану, сондай-ақ жыртылу қаупі артуы мүмкін. Іште, кеудеде немесе арқада күтпеген ауыру пайда болған жағдайда пациент дереу жедел жәрдем дәрігеріне жүгінуі керек. Пациенттерде қатты ентігу, алғаш рет жүрек соғысының жиілеуі туындаған жағдайда, сондай-ақ құрсақ қуысының немесе аяқ-қолдардың ісінуі дамыған жағдайда дереу медициналық көмекке жүгіну ұсынылады. Натрий Препараттың құрамында бір таблеткада 1 ммоль (23 мг) аз натрий бар, іс жүзінде натрий жоқ. Жедел панкреатит Левофлоксацин қабылдаған пациенттерде жедел панкреатит пайда болуы мүмкін. Пациенттерді жедел панкреатитке тән белгілер туралы хабардар ету керек. Жүрек айнуы, әлсіздік, іштің жайсыздығы, құсу немесе іштің қатты ауыруы бар пациенттер дереу дәрігерге қаралуы керек. Жедел панкреатитке күдік туындаған жағдайда левофлоксацинді қабылдауды тоқтату керек, расталған жағдайда левофлоксацинді қайта бастауға болмайды. Анамнезінде панкреатиті бар пациенттерге сақтық танытқан жөн. Жүктілік және лактация кезеңінде Жүктілік Жүкті әйелдерде левофлоксацин қолдану жөніндегі деректер саны шектеулі. Ұрпақ өрбітуге уыттылығы тұрғысынан тікелей немесе жанама зиянды әсерлері анықталмаған. Алайда клиникалық деректердің болмауына, сондай-ақ тәжірибелік деректерде өсімтал организмде салмақ жүктемесін көтеретін сіңірлердің фторхинолондармен зақымдану қаупінің расталуына орай, жүкті әйелдерде левофлоксацин қолдануға болмайды. Лактация кезеңі Алево препаратын бала емізу кезеңіндегі әйелдерге қолдануға болмайды. Қазіргі таңда левофлоксациннің емшек сүтімен бөлінуіне қатысты ақпарат жеткіліксіз; алайда басқа фторхинолондардың емшек сүтімен бөлініп шығатыны белгілі. Клиникалық деректердің болмауына, тәжірибелік деректерде өсімтал организмде салмақ жүктемесін көтеретін сіңірлердің фторхинолондармен зақымдану қаупінің расталуына орай, бала емізу кезеңінде әйелдерге левофлоксацин қолдануға болмайды. Фертильділігі Левофлоксацин фертильділіктің немесе ұрпақ өрбіту функциясының бұзылуын туындатпайды. Көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері Кейбір жағымсыз әсерлер (мысалы, бас айналу/вертиго, ұйқышылдық, көрудің нашарлауы) пациенттің зейін қою қабілетін нашарлатып және реакциясын төмендетіп, соған сәйкес, бұл сапалар (автокөлікті басқару немесе жабдықпен жұмыс істеу) аса маңызды болатын жағдайларда қауіп төндіруі мүмкін.

Белсенді заттың дозасы:

500 мг

Дәрілік түрі:

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 500 мг

Қаптамадағы саны:

10 шт.
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Алево препараты ересек пациенттерде келесі инфекцияларды емдеу үшін қолданылады:

- пиелонефрит және несеп шығару жолдарының асқынған инфекциялары

- созылмалы бактериялық простатит

- сібір ойық жарасының өкпелік түрі: жанасудан кейінгі профилактика және емдеу

Жоғарыда аталған инфекциялар үшін, әдетте, осы инфекциялардың старттық емі ретінде ұсынылатын бактерияға қарсы дәрілер пайдаланудың мүмкін еместігі негізделген жағдайларда ғана Алево препаратын қолдану керек:

- жедел бактериялық синусит

- созылмалы бронхитті қоса, өкпенің созылмалы обструкциялық ауруының асқынуы

- ауруханадан тыс пневмония

- терінің және жұмсақ тіндердің асқынған инфекциялары

- асқынбаған цистит

Таблеткалардағы Алево препаратын сондай-ақ левофлоксацинді венаішілік енгізумен старттық ем жүргізгеннен кейін жақсаруы байқалған пациенттерде емдеу курсын аяқтау үшін қолдануға болады.

Бактерияға қарсы дәрілерді тиісінше қолдануға қатысты ресми нұсқаулықтарды қадағалау қажет.

Қарсы көрсеткіштер

левофлоксацинге немесе басқа хинолондарға, немесе препараттың кез келген қосымша заттарына аса жоғары сезімталдық

алдында хинолондарды қабылдау кезінде байқалған сіңірлер зақымданулары

эпилепсия

18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдер

жүктілік, лактация кезеңі

Өзара әрекеттесуі

Темір, мырыш тұздары, құрамында магний немесе алюминий бар антацидті препараттар, диданозин

Таблеткалардағы Алево препаратымен темір, мырыш тұздарын, құрамында магний немесе алюминий бар антацидті препараттарды немесе диданозинді (құрамында алюминий немесе магний бар буферлік заттары болатын диданозин түрлерін ғана) бір мезгілде қолданған кезде левофлоксацин сіңуі едәуір төмендейді.

Фторхинолондарды және құрамында мырыш бар полидәруменді препараттарды бір мезгілде қолдану пероральді қабылдағанда олардың сіңуін төмендетеді. Таблеткалардағы Алево препаратын қабылдаудан 2 сағат бұрын немесе одан кейін 2 сағаттан соң темір, мырыш тұздары, құрамында магний немесе алюминий бар антацидті препараттар немесе диданозин (құрамында алюминий немесе магний бар буферлік заттары болатын дәрілік түрлерін ғана) сияқты екі немесе үш валентті катионы бар препараттарды қабылдауға кеңес берілмейді.

Сукральфат

Таблеткалардағы Левофлоксацин препаратының биожетімділігі оны сукральфатпен бір мезгілде қолданғанда едәуір төмендейді. Сукральфатты таблеткалардағы Левофлоксацин препаратын қабылдағаннан кейін 2 сағаттан соң қабылдаған дұрыс.

Теофиллин, фенбуфен немесе осыған ұқсас қабынуға қарсы стероидты емес препараттар

Хинолондар мен теофиллинді, қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды немесе құрысуға дайындық шегін төмендететін басқа да дәрілік заттарды бір мезгілде қолданғанда эпилепсияға дайындық шегінің едәуір төмендеуін байқауға болады.

Фенбуфен болғанда левофлоксацин концентрациясы тек левофлоксацинді қабылдау кезіндегіден шамамен 13% жоғары болды.

Пробенецид және циметидин

Пробенецид және циметидин левофлоксациннің шығарылуына статистикалық тұрғыдан елеулі әсерін тигізді. Левофлоксациннің бүйректік клиренсі циметидин (24%) және пробенецид (34%) препараттарын қолданғанда төмендеген. Бұл екі дәрілік препараттың да левофлоксациннің өзекшелік секрециясын бөгеу қабілетімен түсіндіріледі.

Левофлоксацинді пробенецид және циметидин сияқты өзекшелік секрецияға ықпалын тигізетін препараттармен бірге, әсіресе, бүйрек функциясы бұзылуымен пациенттерде сақтықпен қолдану керек.

Басқа маңызды ақпарат

Клиникалық фармакология зерттеулері аталған препаратты келесі: кальций карбонаты, дигоксин, глибенкламид, ранитидин сияқты дәрілік заттармен бірге қолданудың левофлоксацин фармакокинетикасына ешқандай клиникалық мәнді әсер етпейтінін көрсетті.

Циклоспорин

Циклоспориннің жартылай шығарылу кезеңі левофлоксацинмен бірге қолданғанда 33% ұзарған.

K дәрумені антагонистері

Левофлоксацин мен K дәрумені антагонисінің (мысалы, варфарин) біріктірілімі қолданылатын емнен өтетін пациенттерде коагуляциялық сынамалар көрсеткіштері жоғарылаған (ПУ/ХҚҚ) және/немесе ауыр болуы мүмкін қан кету туындаған жағдайлар хабарланды. Осылайша, K дәрумені антагонистері қолданылатын емнен өтетін пациенттерде коагуляциялық сынамалар нәтижелеріне мониторинг жасау қажет.

QT аралығының ұзаруын туындататын дәрілік заттар

Левофлоксацинді, басқа да фторхинолондар сияқты, QT аралығының ұзаруын туындататын препараттар (мысалы, аритмияға қарсы IA және III класс препараттары, трициклді антидепрессанттар, макролидтер, нейролептиктер) қабылдайтын пациенттерде абайлап қолдану керек

Тағам

Тағаммен клиникалық мәнді өзара әрекеттесуі білінбеген. Осылайша, таблеткалардағы Алево препаратын ас ішуге байланыссыз қабылдауға болады.

Артық дозалану

Симптомдары: препараттың аса жоғары емдік дозаларын қолданумен жүргізілетін клиникаға дейінгі уыттылығына зерттеулердің немесе клиникалық фармакология зерттеулерінің нәтижелеріне сай, Алево препаратымен жедел артық дозаланудан кейін пайда болуы күтілетін аса маңызды белгілерге сананың шатасуы, бас айналу, сананың бұзылуы және құрысулар, QT аралығының ұзаруы сияқты жүйке жүйесі тарапынан болатын симптомдар, сондай-ақ жүрек айну және шырышты қабығының эрозиясы сияқты асқазан-ішек жолының бұзылулары жатады.

Постмаркетингтік бақылау барысында сананың шатасу жағдайы, құрысулар, елестеулер және тремор сияқты ОЖЖ тарапынан болатын әсерлер аталды.

Емі: симптоматикалық ем жүргізген жөн. QT аралығының ұзару мүмкіндігіне орай, ЭКГ-мониторинг жасау қажет. Асқазанның шырышты қабығын қорғау үшін антацидті дәрілер қолдануға болады. Гемодиализ, перитонеальді диализ және ТАПД қоса, левофлоксацинді организмнен шығаруда тиімсіз. Спецификалық антидоты жоқ.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алуға жүгіну бойынша ұсынымдар

Дәрілік препаратты қабылдамас бұрын дәрігерден кеңес алыңыз.

Шығарылу түрі

10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және баспалы алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

1 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25°C-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыАлево таблеткалары 500 мг №10 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube