daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Таразе қаласындағы Аллергозан Таблеткалары 25 Мг №20 | АО Софарма

Таразе қаласындағы Аллергозан Таблеткалары 25 Мг №20 |  АО Софарма

Басқа сервистер немесе өзіңіз

disadvantage

Тауардың қолжетімділігі мен бағасын кепілдемейді

disadvantage

Тауар тез таусылып қалуы мүмкін

disadvantage

Daribar бонустары жоқ

disadvantage
Тегін

Daribar-дан тапсырыс бергенде

disadvantage

5–15 минут ішінде тауардың қолжетімділігі мен бағасын тексереміз

disadvantage

Жеткізу немесе 24 сағатқа брондау

disadvantage

Daribar-дың бонустары

disadvantage
Сипаттама:

Дөңгелек пішінді, екі жақ беті дөңес, беткейі жылтыр, пішіні дұрыс, ақ түсті қабықпен қапталған таблеткалар.

Халықаралық атауы:

Хлоропирамин

Өндіруші:

АО Софарма

Өндіруші ел:

Республика Болгария

Белсенді ингредиент:

демікпе ұстамасы жүктілік және лактация кезеңі пилородуоденальді стеноз қант диабеті тұқым қуалайтын лактоза, фруктоза жақпаушылығы, Lapp-лактаза ферменті лактаза тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы, сукраза-изомальтаза жеткіліксіздігі асқазанның және он екі елі ішектің ойық жара ауруының асқыну сатысы жабық бұрышты глаукома 14 жасқа дейінгі балалар қуық асты безінің гипертрофиясы

Белсенді заттың дозасы:

25 мг

Қаптамадағы саны:

20 шт.
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Симптоматикалық емдеу

- маусымдық аллергиялық ринитте, конъюнктивитте

- есекжемде, қышытатын дерматозда, жанаспалы дерматитте, жәндіктер шаққанда, дермографизмде

- дәрілік және тағамдық аллергияда

Пероральді түрде қолданғанда хлоропирамин айқын тыныштандыратын әсер беретіндігін ескеру қажет.

Қарсы көрсеткіштер

белсенді затқа немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне, этилендиаминнің, хлоропираминнің басқа туындыларына аса жоғары сезімталдық

демікпе ұстамасы

жүктілік және лактация кезеңі

пилородуоденальді стеноз

қант диабеті

тұқым қуалайтын лактоза, фруктоза жақпаушылығы, Lapp-лактаза ферменті лактаза тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы, сукраза-изомальтаза жеткіліксіздігі

асқазанның және он екі елі ішектің ойық жара ауруының асқыну сатысы

жабық бұрышты глаукома

14 жасқа дейінгі балалар

қуық асты безінің гипертрофиясы

Өзара әрекеттесуі

Хлоропираминді жүйелік қолданғанда  клиникалық маңызы бар бірқатар дәрілік өзара әрекеттесулер болуы мүмкін.

Хлоропирамин орталық жүйке жүйесін тежейтін басқа да дәрілік заттардың (тыныштандыратын, ұйықтататын дәрілер, наркозға арналған дәрілер, транквилизаторлар, симпатолитиктер, анксиолитиктер, есірткілік анальгетиктер) әсерін потенциялауы мүмкін.

Оны басқа антигистаминдік дәрілік препараттармен бір мезгілде қолдану олардың жағымсыз әсерлерінің өзара потенциялануына әкелуі мүмкін.

Трициклді антидепрессанттар хлоропираминнің тыныштандыратын әсерін және атропинге ұқсас жағымсыз әсерлерін потенциялауы мүмкін.

Атропинді, атропинге ұқсас әсер ететін дәрілік препараттарды және хлоропираминді бір мезгілде қолданғанда несептің іркілуі, іш қату, ауыз ішінің құрғауы сияқты жағымсыз әсерлердің пайда болу қаупі артады.

Кофеинді немесе фенаминді хлоропираминмен бір мезгілде қолдану оның ОЖЖ-ге әсерінің азаюына немесе жойылуына әкеледі.

Хлоропираминді МАО тежегіштерімен бір мезгілде қолдану жағымсыз әсерлерін күшейтуі мүмкін. Осындай қауіпті болдырмау үшін, моноаминоксидаза тежегіштерін қолдануды тоқтатқаннан кейін екі апталық аралық жасау қажет.

Алкоголь хлоропираминнің орталық жүйке жүйесіне депрессиялық әсерін күшейтеді.

Отоуытты дәрілік препараттардың уытты әсерлері хлоропираминмен бүркемеленуі мүмкін.

Антигистаминдік препараттарды қолданған кезде аллергендерді анықтау үшін тері сынамасын жүргізгенде реакциялар тежелуі мүмкін, сондықтан оларды дәрілік препараттармен емдеуді тоқтатқаннан кейін бірнеше күн бойы жүргізбеген жөн.

Арнайы ескертулер

Атропинге ұқсас әсерінің болуына байланысты, хлоропираминді гипертиреозы, жүрек-қантамыр аурулары, бауыр аурулары, бронх демікпесі, қуықасты безі  аденомасы бар пациенттерге абайлап қолданған жөн.

Хлоропираминмен пероральді түрде емдегенде гастроэзофагеальді рефлюкс ауруының симптомдары күшеюі мүмкін.

Хлоропираминді пероральді түрде қолданғанда отоуытты дәрілік препараттардың уыттық симптомдары бүркемеленуі мүмкін.

Хлоропираминнің орталық жүйке жүйесін төмендететін әсерлері алкогольмен күшеюі мүмкін, сондықтан оны дәрілік препаратпен емдеу кезінде қолданбаған жөн.

Антигистаминдік препараттармен емдеген кезде, сирек болса да, гематологиялық бұзылуларды (лейкопения, агранулоцитоз, тромбоцитопения, гемолиздік анемия) байқауға болады. Дене температурасының түсініксіз жоғарылауы, ларингит, тамақтың қызаруы, сарғаю, бозару, теріастылық қан тебулер, күтпеген қан кетулер, қан көрінісінің өзгерулері пайда болғанда хлоропираминмен емдеуді дереу тоқтатқан жөн.

Дәрілік препараттың құрамында бидай крахмалы бар. Бидай крахмалында глютеннің қалдық іздері ғана болуы мүмкін және целиакиясы бар адамдар үшін қауіпсіз деп саналады.

Егде жастағыларға қолданылуы

Хлоропираминмен 65 жастан асқан пациенттерге пероральді немесе инъекциялық ем жүргізгенде бас айналу, седация және гипотензия пайда болуы мүмкін.

Педиатрияда қолдану

Хлоропираминмен жасөспірімдерді емдеу дәрігердің бақылауымен жүргізілуі тиіс, өйткені оларда хлоропираминнің атропинге ұқсас қозу әсерлері өте айқын білінеді.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік кезінде хлоропираминмен ем жүргізуге болмайды.

Бала емізу кезінде хлоропираминмен ем жүргізуге болмайды. Бала емізіп жүрген әйелдерді хлоропираминмен емдеу қажет болған жағдайда, емшек емізуді тоқтатқан жөн.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Аллергозанды жүйелік қолданғанда көлікті басқару және қозғалыстағы механизмдермен жұмыс жасау қабілетіне орташа дәрежеде ықпалын тигізеді.

Аллергозанды пероральді немесе инъекциялық түрде қолданғанда ұйқышылдық, үйлесімнің бұзылуы және реакциялардың баяулауы пайда болуы мүмкін. Егер көлік жүргізушілерді және машина операторларын Аллергозан препаратымен емдеу қажет болса, олар зейін қоюды және реакция шапшаңдығын қажет ететін қызмет түрлерін тоқтата тұруы керек.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Дозалау

Ересектер мен 14 жастан асқан жасөспірімдерге: 1 таблеткадан (25 мг) күніне 3-4 рет.

Ең жоғары тәуліктік дозасы дене салмағының әр кг шаққанда 2 мг құрайды. Анафилаксиялық шокта немесе жедел және ауыр аллергиялық реакцияларда хлоропираминнің парентеральді түрлерін қолдану ұсынылады, емдеу инъекцияны вена ішіне баяу енгізуден басталуы тиіс, содан кейін бұлшықет ішіне енгізуге, оның артынан алғашқы мүмкін болған жағдайда пероральді қолдануға көшуге болады.

Егде жастағы пациенттерде (65 жастан асқан) және жүдеу науқастарда дәрілік препаратты қолданғанда, жағымсыз әсерлеріне қатысты антигистаминдік препараттарға жоғары сезімталдықтың білінуіне байланысты, аса сақ болу қажет етіледі.

Бауыр функциясы бұзылғанда, препараттың белсенді компонентінің метаболизмі бауыр ауруында төмендейтініне байланысты, дозаны төмендету қажет етіледі.

Бүйрек функциясы бұзылғанда препаратты қабылдау режимін өзгерту және белсенді компоненті бүйрек арқылы шығарылатындықтан, дозаны төмендету қажет етілуі мүмкін.

Шығарылу түрі

20 қабықпен қапталған таблеткадан қатты, түссіз, мөлдір поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

1 пішінді ұяшықты қаптама медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге бір жағы пигментпен жабылған картон қорапшаға салынады.

Сақтау мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, құрғақ және жарықтан қорғалған жерде, 25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, құрғақ және жарықтан қорғалған жерде, 25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, құрғақ және жарықтан қорғалған жерде, 25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыАллергозан таблеткалары 25 мг №20 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube