Қолдану көрсеткіштері
- С дәруменінің гипо- және авитаминозын емдеу және профилактикасы
- аскорбин қышқылына жоғары қажеттілік (қарқынды өсу кезеңі, денеге жоғары жүктеме түскенде, ауруды өткергеннен кейінгі қалпына келтіру кезеңінде)

- препараттың компоненттеріне жоғары сезімталдық
- қан ұюының жоғарылығы
- тромбофлебиттер, тромбозға бейімділік
- қант диабеті
- глюкоза-6-фосфатдегидрогеназаның тапшылығы
- бүйрек жеткіліксіздігі
- гемохроматоз
- талассемия
- 6 жасқа дейінгі балалар
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Барбитураттар және примидон несеппен аскорбин қышқылының шығарылуын жоғарылатады.
Натрий фосфат целлюлозасымен біріктіріп пайдалану аскорбин қышқылының оксалаттарға метаболизміне әкелуі мүмкін.
Десферриоксаминмен бір мезгілде қолданған кезде оның әсерін көтермелейді және темірдің шығарылуын арттырады.
Аскорбин қышқылы десферриоксаминмен үйлестіргенде тіндерде (әсіресе жүректе, жүрек жеткіліксіздігінің дамуын туындата отырып) темірдің уытты әсері артады.
Ацетилсалицил қышқылын аскорбин қышқылымен бір мезгілде қолдану аскорбин қышқылының сіңірілуіне кедергі болуы мүмкін.
Аскорбин қышқылын көп дозада пайдалану несептің айқын қышқылдануы нәтижесінде бүйрек арқылы мексилетиннің шығарылуын арттырады.
Аскорбин қышқылын бір мезгілде қолдану дисульфирамның тиімділігін тежейді.
Гепариннің және тікелей әсер етпейтін антикоагулянттардың тиімділігін төмендетеді.
Аскорбин қышқылы қандағы бензилпенициллиннің және тетрациклиннің концентрациясын көтермелейді.
Тәулігіне 1 г дозада этинилэстрадиол биожетімділігін көтермелейді.
Салицилаттармен және қысқа мерзімді әсер ететін сульфаниламидтермен емдеген кезде кристаллурияның даму қаупін арттырады, бүйрек арқылы қышқылдың шығарылуын баяулатады, сілтілік реакциясы бар дәрілік заттардың шығарылуын арттырады (оның ішінде алкалоидтар, пероральді қабылданатын контрацептивтердің қандағы концентрациясын төмендетеді).
Этанолдың жалпы клиренсін көтермелейді, ол өз кезегінде организмде аскорбин қышқылының концентрациясын төмендетеді.
Психозға қарсы дәрілік заттардың (нейролептиктер)-фенотиазин туындылары, амфетамин және үшциклді антидепрессанттардың түтікшелі реабсорбциясының емдік әсерін азайтады.
Аскорбин қышқылы және біріктірілген пероральді контрацептивтер бір-бірінің концентрациясын өзара төмендетеді.
Темекі шегу және этил спирті аскорбин қышқылының метаболизмін жеделдетеді және организмдегі оның мөлшерін төмендетеді.
Ацетилсалицил қышқылы, жаңа жасалынған шырындар мен сілтілі сусындар оның сіңуін және сіңірілуін төмендетеді.
Арнайы ескертулер
Аскорбин қышқылының кортикостероидты гормондардың синтезін ынталандырушы әсеріне байланысты бүйрек асты безінің, бүйректің функцияларын және артериялық қысымды қадағалау қажет. Жоғары дозаларды ұзақ уақыт қолданған кезде ұйқы безі инсулярлық аппаратының функциясын басуы мүмкін, сондықтан емдеу кезінде оны тұрақты түрде бақылау қажет.
Аскорбин қышқылы темірдің сіңірілуін арттыратындықтан, оны жоғары дозада гемохроматозы, таллассемиясы, полицитемиясы, лейкемиясы, сидеробластты анемиясы бар пациенттерде қолдану қауіпті болуы мүмкін. Организмінде темір мөлшері жоғары пациенттерде аскорбин қышқылын ең төмен дозада қабылдау қажет. Аскорбин қышқылын жоғары дозада қолдану орақтәрізді жасушалы анемияның асқынуын тудыруы мүмкін.
Жылдам пролиферацияланатын және қарқынды метастазданатын ісігі бар пациенттерге аскорбин қышқылын тағайындау үдерістің ағымын қиындатуы мүмкін.
Аскорбин қышқылы қалпына келтіргіш ретінде зертханалық тесттердің (қандағы глюкоза, билирубин мөлшерін, «бауыр» трансаминазалары және ЛДГ белсенділігін) нәтижелерін бұрмалауы мүмкін.
Балаларда қолдану
Таблеткалар 6 жасқа дейінгі балаларға қолдануға арналмаған.
Жүктілік және лактация кезеңі
Жүктілік кезінде сақтықпен қолдану қажет, өйткені С дәруменінің тәулігіне 1 г жоғары дозалары эстрогендердің жоғары синтезі үшін түсік тастауын тудыруы мүмкін. Аскорбин қышқылы плацентарлық бөгет арқылы өтеді және емшек сүтімен бөлінеді.
Жүктілік және лактация кезеңінде, егер ана үшін болжанатын пайда шарана және бала үшін қауіп артқан жағдайда ғана қолданады. Жүктілік және лактация кезеңінде аскорбин қышқылы тек дәрігердің тағайындауымен ғана қолданылады. Жүктіліктің ІІ-ІІІ триместрінде аскорбин қышқылына күнделікті қажеттілік 90-100 мг. Жүкті әйел қабылдап жүрген аскорбин қышқылының жоғары дозасына шарана бейімделіп қалуы мүмкін екендігін ескеру керек, кейіннен жаңа туылған сәбиде “тоқтату” синдромы дамуы мүмкін. Бала емізіп жүрген ана аскорбин қышқылын жоғары дозада қолданғанда бала үшін теориялық тұрғыдан қауіп бар (бала емізетін аналар аскорбин қышқылының күнделікті қажеттілігінен арттырмау ұсынылады). Лактация кезеңінде аскорбин қышқылының ұсынылатын күнделікті қажеттілігі - 120 мг.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Емдік дозаларда препарат көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Дозалау режимі
С гиповитаминозының профилактикасы үшін : ересектерге тәулігіне 50-100 мг (1-2 таблетка), 6-14 жастағы балаларға - тәулігіне 50 мг (1 таблетка), 14-18 жастағы балаларға - тәулігіне 75 мг (1.5 таблетка).
Емдік мақсатпен: ересектерге 50-100 мг (1-2 таблетка) 2 апта бойы күніне 3-5 рет, балаларға 50-100 мг (1-2 таблетка) күніне 2-3 рет. Ең жоғарғы тәуліктік доза ересектерге 1000 мг (20 таблетка). Емдеу мерзімі ауру сипаты мен ағымына тәуелді.
Енгізу әдісі мен жолы
Препарат тамақтан кейін ішке (пероральді) қабылдауға арналған.
Артық дозаланған жағдайда қабылдануы тиіс шаралар
Симптомдары: 1 г астам қолданғанда - бас ауыруы, ОЖЖ қозғыштығының жоғарылауы, ұйқысыздық, жүрек айнуы, құсу, диарея, гиперацидті гастрит, АІЖ шырышты қабығының ульцерациясы, ұйқы безі инсулярлық аппараты функциясының бәсеңдеуі (гипергликемия, глюкозурия), гипероксалурия, оксалатты нефролитиаз, бүйректің гломерулярлы аппаратының зақымдануы, орташа поллакиурия (тәулігіне 600 мг астам дозада қабылдаған кезде). Капиллярлар өткізгіштігінің төмендеуі (тіндер трофикасы нашарлауы мүмкін, артериялық қысымның жоғарылауы, гиперкоагуляция, микроангиопатия дамуы).
Емі: препаратты тоқтату, асқазанды шаю, симптоматикалық ем (артериялық қысымды бақылау, антиагреганттарды тағайындау, инсулин, сілтілендіретін дәрі). Спецификалық антидоты жоқ. Гемодиализ және перитонеальді диализ тиімсіз.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алу үшін жүгіну бойынша ұсынымдар
Бүкіл қосымша парақты мұқият оқып шығыңыз. Егер Сізге дәрілік препаратты қолдану тәсілі түсініксіз болса, медицина қызметкерінің кеңесіне жүгінуді ұсынамыз.
Жағымсыз құбылыстардың жиілігін анықтау мынадай критерийлерге сәйкес жүргізіледі: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥ 1/100-ден < 1/10-ға дейін), жиі емес (≥ 1/1000-нан < 1/100-ге дейін), сирек (≥ 1/10000-нан < 1/1000-ға дейін), өте сирек (< 1/10000), белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)
10 таблеткадан екі жағынан полимер жабыны бар қаптамалық қағаздан жасалған пішінді ұяшықсыз қаптамада. 250 пішінді ұяшықсыз қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтармен бірге картон қорапқа (топтық қаптамаға) салынады.
10 таблеткадан екі жағынан полимер жабыны бар қаптамалық қағаздан жасалған пішінді ұяшықсыз қаптамада. 10 пішінді ұяшықсыз қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады. 24 картон қорапшадан картон қорапқа (топтық қаптамаға) салынады.
50 таблеткадан полипропилен қақпақтары бар полиэтиленнен жасалған банкілерде. 20 банкіден медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтармен бірге картон қорапқа (топтық қаптамаға) салынады.
50 таблеткадан полипропилен қақпақтары бар полиэтиленнен жасалған банкілерде. 1 банкіден медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады. 20 картон қорапшадан картон қорапқа (топтық қаптамаға) салынады.
10 таблеткадан полиэтилен үлбірмен алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықсыз қаптамада. Полиэтилен үлбірмен алюминий фольгадан жасалған 200 пішінді ұяшықсыз қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтармен бірге картон қорапқа (топтық қаптамаға) салынады.
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25°C-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.