daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Таразе қаласындағы Азитро Таблеткалары 500 Мг №3 | Химфарм АО

Таразе қаласындағы Азитро Таблеткалары 500 Мг №3 | Химфарм АО

Басқа сервистер немесе өзіңіз

disadvantage

Тауардың қолжетімділігі мен бағасын кепілдемейді

disadvantage

Тауар тез таусылып қалуы мүмкін

disadvantage

Daribar бонустары жоқ

disadvantage
Тегін

Daribar-дан тапсырыс бергенде

disadvantage

5–15 минут ішінде тауардың қолжетімділігі мен бағасын тексереміз

disadvantage

Жеткізу немесе 24 сағатқа брондау

disadvantage

Daribar-дың бонустары

disadvantage
Сипаттама:

Қабықпен қапталған, сопақша пішінді, екі беті дөңес, ақ немесе сұрғылт реңді ақ түсті, бір жағында сызығы бар таблеткалар.

Халықаралық атауы:

Азитромицин

Өндіруші:

Химфарм АО

Өндіруші ел:

Республика Казахстан

Белсенді ингредиент:

әсіресе гипокалиемия және гипомагниемия жағдайларындағы электролиттік теңгерімнің бұзылуы бар клиникалық елеулі брадикардиямен, жүрек аритмиясы және ауыр жүрек жеткіліксіздігімен. Суперинфекциялар Кез келген антибиотиктерді қабылдаған кездегі сияқты, зеңдерді қоса, төзімді микроорганизмдер туындатқан суперинфекция белгілерін бақылау ұсынылады. Clostridium difficile-астасқан диарея Clostridium difficile туындатқан диарея азитромицинді қоса, бактерияға қарсы агенттерді пайдаланудың барлық жағдайларында хабарланған және ауырлық дәрежесі бойынша жеңіл диареядан бастап өлімге соқтыратын колитке дейін ауытқып тұруы мүмкін. Бактерияға қарсы дәрілермен емдеу ішектің қалыпты флорасын өзгертеді, бұл C. difficile шамадан тыс көбеюіне әкеледі. C. difficile астасқан диарея (CDAD) дамуына ықпал ететін A және B токсиндерін C. difficile өндіреді. C. difficile гипертоксиндерін өндіретін штамм аурушаңдық пен өлімнің жоғарылауына әкеп соқтырады, өйткені бұл инфекциялар микробқа қарсы емге төзімді болуы және колэктомия жүргізуді қажет етуі мүмкін. Антибиотиктер пайдаланғаннан кейін диареяға шағымданған науқастардың барлығында CDAD ескерілуі тиіс. CDAD бактерияға қарсы агенттер енгізгеннен кейін екі айдан соң дамуы мүмкін болғандықтан, мұқият анамнез қажет. Стрептококктық инфекциялар Пенициллин, әдетте Streptococcus pyogenes туындатқан ларингит /тонзиллитті емдеуде таңдалатын препарат болып табылады, жедел ревматизм қызбасында профилактика үшін пайдаланылады. Азитромицин, әдетте стрептококкты фарингитке қарсы тиімді, бірақ оның жедел ревматизм қызбасын болдырмауға тиімділігіне қатысты ақпарат жоқ. Бүйрек жеткіліксіздігі Бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар (ШСЖ <10 мл / мин) пациенттерде азитромициннің жүйелік әсерінің 33% ұлғаюы байқалған . Бауыр жеткіліксіздігі Бауыр азитромицин шығарылуы үшін негізгі ағза болып табылады, сондықтан азитромицин айқын бауыр ауруы бар пациенттерге сақтықпен тағайындалуы керек. Өмірге қауіпті бауыр жеткіліксіздігіне потенциалды түрде әкелетін шұғыл дамитын гепатит оқиғалары хабарланды. Кейбір пациенттерде, бұрыннан бауыр аурулары болуы немесе олар басқа да гепатоуытты дәрілік заттар қабылдаған болуы ықтимал. Сарғаюмен байланысты жылдам дамитын астения, несептің қараюы, қан кетуге немесе бауыр энцефалопатиясына бейімділік сияқты бауыр дисфункциясының белгілері мен симптомдары пайда болғанда, дереу бауырға функциялық сынамалар, талдаулар жүргізіледі. Бауыр дисфункциясы дамығанда азитромицин қабылдауды тоқтату қажет. Миастения гравис Миастения симптомдарының өршуі және миастения синдромының жаңадан басталуы азитромицин қабылдайтын пациенттерде тіркелген. Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі Антацидтер: антацидтерді бір мезгілде қолданудың азитромицин фармакокинетикасына әсерін зерттегенде биожетімділіктің өзгеруі байқалмаған, дегенмен қан плазмасында азитромициннің ең жоғары концентрациясы 25%-ға төмендеген. Пациенттер азитромицин мен антацидті бір мезгілде қолданбағандары жөн. Цетиризин: дені сау еріктілерде азитромициннің 5 күндік курсын 20 мг цетиризинмен бірге қабылдау тепе-тең күйде фармакокинетикалық өзара әрекеттесуге және QT аралығының елеулі өзгеруіне әкелмеген. Диданозин (дидезоксиинозин): тәулігіне 1200 мг азитромицинді тәулігіне 400 мг диданозинмен АИТВ-оң науқаста бірге қабылдау плацебомен салыстырғанда, диданозин фармакокинетикасының тепе-теңдік жағдайына әсер етпейді. Дигоксин және колхицин (Р-гликопротеин субстраттары): Макролидті антибиотик-терді, оның ішінде азитромицинді дигоксин және колхицин сияқты Р-гликопротеин субстраттарымен бір мезгілде қолдану қан сарысуындағы Р-гликопротеин субстратының концентрациясының жоғарылауына әкеледі. Осылайша, азитромицин мен дигоксинді бір мезгілде қолданғанда, қан сарысуындағы дигоксин концентрациясының артуы мүмкіндігін ескеру қажет. Зидовудин: бір рет 1000 мг қолданғанда және 1200 мг немесе 600 мг азитромицинді көп рет қолданғанда плазмалық фармакокинетикасына елеусіз әсері немесе зидовудин немесе оның глюкуронидты метаболиттерінің несеппен шығарылуы анықталған. Алайда азитромицинді қабылдау шеткері қандағы мононуклеарларда фосфорланған зидовудиннің (клиникалық белсенді метаболиттің) концентрациясын жоғарылатқан. Бұл көрсеткіштердің клиникалық мәнділігі белгісіз боп қалып отыр, бірақ олардың пациенттер қажетіне жарауы мүмкін. Азитромицин бауырдың Р450 цитохром жүйесімен өзара әрекеттеспейді. Ол эритромицин және басқа макролидтер сияқты фармакокинетикалық дәрілік өзара әрекеттесулерге қатыспайды. Азитромицин P450 цитохромын индукцияламайды немесе цитохром-метаболит кешенінің көмегімен белсенділігін жояды. Эрготамин туындылары: эрготизм дамуының теориялық мүмкіндігінен, азитромицинді қастауыш туындыларымен бір мезгілде пайдалану ұсынылмайды . Фармакокинетикалық зерттеулер азитромицинмен және метаболизмі Р450-цитохромы арқылы болатыны белгілі келесі препараттармен жүргізілген. Аторвастатин: аторвастатинді (10 мг күнделікті) және азитромицинді (500 мг күнделікті) бірге енгізу қан плазмасында аторвастатин концентрациясын (HMG CoA-редуктаза талдауы негізінде) өзгертпеген. Дегенмен, азитромицинді статиндермен қабылдайтын пациенттерде рабдомиолиздің маркетингтен кейінгі жағдайлары тіркелген. Карбамазепин: дені сау еріктілерде азитромициннің фармакокинетикалық өзара әрекеттесуін зерттеуде препарат қан плазмасында карбамазепин деңгейіне немесе оның белсенді метаболиттеріне елеулі әсер етпеген. Циметидин: азитромицин фармакокинетикасының өзгеруі азитромицинге дейін 2 сағат бұрын қабылданған циметидиннің бір реттік дозасының азитромицин фармакокинетикасына әсерін зерттейтін фармакокинетикалық зерттеуде байқалмаған. Кумаринді пероральді антикоагулянттар: өзара әрекеттесудің фармакокинетикалық зерттеулерінде, азитромицин дені сау еріктілерге енгізген 15 мг варфариннің бір реттік дозасының антикоагулянттық әсерін өзгертпейді. Маркетингтен кейінгі кезеңде азитромицин мен пероральді кумаринді антикоагулянттарды бірге қабылдаудан кейін антикоагуляцияның күшейгені туралы хабарлар алынған. Себеп-салдарлы байланысы анықталмағанмен, кумарин типті пероральді антикоагулянттар қабылдайтын науқастарға азитромицинді тағайындағанда, протромбиндік уақыттың мониторингінің жиілігін ескерген жөн. Циклоспорин: : фармакокинетикалық зерттеулерде 3 күн бойы күніне пероральді 500 мг азитромицин, содан соң бір рет пероральді 10 мг/кг циклоспорин қабылдайтын дені сау еріктілерде, циклоспориннің Cmax және AUC0-5 едәуір жоғары болған. Демек, бұл препараттарды бір мезгілде енгізуді қарастырудан бұрын сақтық танытқан жөн. Егер бұл препараттарды бір мезгілде енгізу қажет болса, циклоспорин деңгейін бақылап, тиісінше дозаны түзету керек. Эфавиренз: азитромициннің 600 мг бір реттік дозасы мен күніне 400 мг эфавирензді 7 күн бойы бірге қабылдау клиникалық мәнді фармакокинетикалық өзара әрекеттесуге әкелмейді. Флуконазол: азитромициннің 1200 мг бір реттік дозасын бірге қабылдау флуконазолдың 800 мг бір реттік дозасының фармакокинетикасын өзгертпейді. Азитромициннің жалпы әсер етуі мен жартылай шығару кезеңі флуконазолмен бірге енгізгенде өзгермеген, алайда азитромициннің Cmax (18%) клиникалық елеусіз төмендеуі байқалған. Индинавир: 5 күн бойы күніне үш рет 800 мг дозада енгізілген азитромициннің 1200 мг бір реттік дозасын бірге қабылдау, индинавир фармакокинетикасына статистикалық мәнді әсер етпеген. Метилпреднизолон: Фармакокинетикалық өзара әрекеттесуін зерттеуде дені сау еріктілерде азитромицин метилпреднизолон фармакокинетикасына айтарлықтай әсерін көрсетпеген. Мидазолам: дені сау еріктілерге тәулігіне 500 мг азитромицинмен бірге 3 күн бойы енгізу фармакокинетикасында және 15 мг мидазоламның бір реттік дозасының фармакодинамикасында клиникалық мәнді өзгерістер туғызбайды. Нелфинавир: тепе-теңдік жағдайда азитромицинді (1200 мг) және нелфинавирді (750 мг күніне үш рет) бірге енгізу азитромицин концентрациясының артуына әкелген. Клиникалық мәнді жағымсыз әсерлері байқалмаған және дозаны түзету қажет етілмейді. Рифабутин: азитромицин мен рифабутинді бір мезгілде қабылдау қан плазмасында бұл препараттардың концентрациясына әсер етпеген. Азитромицин мен рифабутинді бір мезгілде қолданғанда нейтропения айқындалған. Нейтропения рифабутин қолдану салдарынан болғанымен, азитромицинмен бір мезгілде қолдануда себептік байланыс анықталмаған. Силденафил: қалыпты дені сау ерікті еркектерде азитромициннің (3 күн бойы күн сайын 500 мг) силденафил немесе оның негізгі айналымдағы метаболитінің AUC және Cmax әсер етуіне дәлелдер алынған жоқ. Терфенадин: фармакокинетикалық зерттеулерде азитромицин және терфенадин арасындағы өзара әрекеттесулер туралы хабарланбаған. Кейбір жағдайларда өзара әрекеттесу ықтималдығын жоққа шығару мүмкін емес. Дегенмен, мұндай өзара әрекеттесу орын алғанына нақты дәлелдер болған жоқ. Теофиллин: азитромицин және теофиллин арасындағы клиникалық мәнді фармакокинетикалық өзара әрекеттесудің дәлелдері оларды дені сау еріктілер бір мезгілде қолданғанда алынбаған. Триазолам: 14 дені сау еріктілерде 1 күнге 500 мг және 2 күнге 250 мг азитромицинді 0,125 мг триазоламмен 2 күнге бірге енгізу триазолам үшін фармакокинетикалық тұрақсыз шаманың кез келгеніне триазолам және плацебоны бірге енгізумен салыстырғанда, елеулі әсер етпеген. Триметоприм/сульфаметоксазол: триметоприм/сульфаметоксазол DS (160 мг / 800 мг) 7 күн бойы 1200 мг азитромицинмен бірге енгізу 7 күні ең жоғары концентрацияға, триметоприм немесе сульфаметоксазолдың ортақ әсеріне немесе шығарылуына елеулі ықпал етпеген. Сарысудағы азитромициннің концентрациясы басқа зерттеулердегі осындай байқалатындарға ұқсас болған. Арнайы сақтандырулар Жүктілік немесе лактация кезінде Азитромицинді жүкті әйелдерде қолдану туралы талапқа сай деректер жоқ. Жануарларға жасалған репродуктивтілік уыттылығының зерттеулерінде азитромициннің төлге зиянды тератогенді әсері анықталмады, алайда препарат плацента арқылы өтті. Азитромицинді жүктілік уақытында қолдану қауіпсіздігі расталмаған, сондықтан азитромицинді бұл кезеңде болжамды пайда қауіптен гөрі басым жағдайда ғана тағайындайды. Азитромицин емшек сүтіне өтетіні хабарланған, бірақ азитромициннің емшек сүтіне шығарылу фармакокинетикасын сипаттау мүмкіндігін беретіндей тиісті және тиісінше бақыланатын клиникалық зерттеулер жүргізілмеді. Азитромицинді емшек емізу кезеңінде, анасы үшін күтілетін пайда сәби үшін потенциалды қауіптен басым жағдайларда ғана қолдануға болады. Фертильділік зерттеулері егеуқұйрықтарда жүргізілді; жүктілік көрсеткіші азитромицинді енгізгеннен кейін төмендеді. Осы деректердің адамға қатысты релеванттілігі белгісіз. Препараттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері Пациенттің машина немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне азитромициннің әсер етуі туралы деректер жоқ. Бас айналу және құрысу сияқты жағымсыз әсерлерінің туындау мүмкіндігіне байланысты автокөлік жүргізгенде және қауіпті механизмдермен айналысқанда сақ болу керек.

Белсенді заттың дозасы:

500 мг

Дәрілік түрі:

Қабықпен қапталған таблеткалар, 500 мг

Қаптамадағы саны:

3 шт.

Аналогтары

Нұсқаулық

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат – азитромицин дигидраты 524.0 мг

(азитромицинге шаққанда) 500.0 мг

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, повидон, натрий крахмалы гликоляты, коллоидты кремнийдің қостотығы, кальций стеараты

қабықтың құрамы: гипромеллоза, титанның қостотығы (Е 171), триацетин, вазелин майы.

Қолдану көрсеткіштері

Азитро® ересектерге, егде жастағыларға және дене салмағы >45 кг балаларға қолдануға арналған.

- бронхит синуситте,

- ауруханадан тыс пневмонияда

- фарингит/тонзиллитте

- ортаңғы отитте

- тері және жұмсақ тіндердің инфекцияларында

- жыныс мүшелерінің Chlamydia trachomatis және Neisseria gonorrhoeae туындаған асқынбаған инфекцияларында

Бактерияларға қарсы дәрілік препараттарды тиісінше пайдалануға қатысты берілген терапиялық ұсынымдар, мүлтіксіз сақталуы тиіс.

Қарсы көрсеткіштер

әсер етуші зат азитромицинге, эритромицинге және макролидтер/кетолидтер тобына немесе қосымша заттарына аса жоғары сезімталдық

алкалоидтармен (дигидроэрготамин, эрготамин) бірге қабылдау

бауыр функциясының ауыр бұзылуы

бүйрек функциясының ауыр бұзылуы

жүктілік және лактация кезеңі

дене салмағы 45 кг аспайтын балалар

Сақтық шаралары

Аса жоғары сезімталдық

Эритромицинмен және басқа да макролидтермен жағдайдағы секілді, сирек күрделі аллергиялық реакциялар, оның ішінде Квинке ісінуі мен анафилаксия (сирек жағдайларда өліммен аяқталатын), эозинофилиямен, жедел жайылған экзантематозды пустулезді (AGEP) эксфолиативті дерматит, Стивенс-Джонсон синдромы және уытты эпидермальді некролиз (сирек жағдайларда өліммен аяқталатын) сияқты ауыр тері реакциялары және жүйелі симптомдарды (DRESS-синдром) қоса алғанда дәрілік реакциялар туралы хабарланған. Азитромицинге болатын осы реакциялардың кейбірі қайталанатын симптомдардың дамуына әкеледі және бақылау мен емдеудің ұзақ кезеңін талап етеді.

Гепатоуыттылық

Бауыр азитромицинді шығару үшін негізгі ағза болып табылады, сондықтан азитромицинді айқын бауыр ауруы бар пациенттерге сақтықпен тағайындау керек. Өмірге қауіпті бауыр жеткіліксіздігіне әкелу ықтималдығы бар шұғыл дамитын гепатит жағдайлары хабарланған. Кейбір пациенттерде бұрыннан бауыр ауруларының болуы немесе олар басқа гепатоуытты дәрілік заттарды қабылдаулары мүмкін.

Сарғаюмен қатар жүретін жылдам дамитын астения, несеп түсінің өзгеруі, қан кетуге немесе бауыр энцефалопатиясына бейімділік сияқты бауыр дисфункциясы белгілері мен симптомдары пайда болған жағдайда, дереу бауырдың функциялық сынамасын, талдауларын жүргізу керек. Бауыр дисфункциясы дамығанда азитромицин қабылдауды тоқтату керек.

Қастауыш алкалоидтарының туындылары

Эрготамин туындыларын қабылдайтын пациенттерде эрготизмнің пайда болуына кейбір макролидті антибиотиктерді бір мезгілде қабылдау түрткі болады. Қастауыш және азитромицин арасындағы өзара әрекеттесу мүмкіндігіне қатысты деректер жоқ. Дегенмен, эрготизм дамуының теориялық мүмкіндігіне байланысты азитромицин және қастауыш туындылары бөлек қабылданады.

QT аралығының ұзаруы

Жүрек аритмиясы және екі бағытты тахикардияның даму қаупіне әкелетін ұзаққа созылатын жүрек реполяризациясы мен QT аралығының ұзаруы азитромицинді қоса, басқа макролидтермен емдеу кезінде анықталған. Келесі жағдайлар қарыншалық аритмияның (оның ішінде екі бағыттағы тахикардия) даму қаупін арттырады, олар жүректің тоқтап қалуына әкелуі мүмкін, сондықтан азитромицинді ағымдағы проаритмогендік жағдаймен (әсіресе әйелдер мен егде пациенттер) пациенттерде сақтықпен қолданған жөн, мысалы:

туа біткен немесе құжатпен деректі расталған QT аралығының ұзаруы бар

қазіргі кезде QT аралығын ұзартушы ретінде белгілі басқа белсенді заттармен, мысалы аритмияға қарсы IA класс (хинидин және прокаинамид) және III класс (дофетилид, амиодарон және соталол) дәрілері, цизаприд және терфенадин; пимозид сияқты психозға қарсы дәрілер; циталопрам сияқты антидепрессанттар; моксифлоксацин және левофлоксацин сияқты фторхинолондармен емделіп жүрген науқастар

әсіресе гипокалиемия және гипомагниемия жағдайларындағы электролиттік теңгерімнің бұзылуы бар

клиникалық елеулі брадикардиямен, жүрек аритмиясы және ауыр жүрек жеткіліксіздігімен.

Суперинфекциялар

Кез келген антибиотиктерді қабылдаған кездегі сияқты, зеңдерді қоса, төзімді микроорганизмдер туындатқан суперинфекция белгілерін бақылау ұсынылады.

Clostridium difficile-астасқан диарея

Clostridium difficile туындатқан диарея азитромицинді қоса, бактерияға қарсы агенттерді пайдаланудың барлық жағдайларында хабарланған және ауырлық дәрежесі бойынша жеңіл диареядан бастап өлімге соқтыратын колитке дейін ауытқып тұруы мүмкін. Бактерияға қарсы дәрілермен емдеу ішектің қалыпты флорасын өзгертеді, бұл C. difficile шамадан тыс көбеюіне әкеледі.

C. difficile астасқан диарея (CDAD) дамуына ықпал ететін A және B токсиндерін C. difficile өндіреді. C. difficile гипертоксиндерін өндіретін штамм аурушаңдық пен өлімнің жоғарылауына әкеп соқтырады, өйткені бұл инфекциялар микробқа қарсы емге төзімді болуы және колэктомия жүргізуді қажет етуі мүмкін. Антибиотиктер пайдаланғаннан кейін диареяға шағымданған науқастардың барлығында CDAD ескерілуі тиіс. CDAD бактерияға қарсы агенттер енгізгеннен кейін екі айдан соң дамуы мүмкін болғандықтан, мұқият анамнез қажет.

Стрептококктық инфекциялар

Пенициллин, әдетте Streptococcus pyogenes туындатқан ларингит /тонзиллитті емдеуде таңдалатын препарат болып табылады, жедел ревматизм қызбасында профилактика үшін пайдаланылады.

Азитромицин, әдетте стрептококкты фарингитке қарсы тиімді, бірақ оның жедел ревматизм қызбасын болдырмауға тиімділігіне қатысты ақпарат жоқ.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар (ШСЖ <10 мл / мин) пациенттерде азитромициннің жүйелік әсерінің 33% ұлғаюы байқалған .

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауыр азитромицин шығарылуы үшін негізгі ағза болып табылады, сондықтан азитромицин айқын бауыр ауруы бар пациенттерге сақтықпен тағайындалуы керек. Өмірге қауіпті бауыр жеткіліксіздігіне потенциалды түрде әкелетін шұғыл дамитын гепатит оқиғалары хабарланды.

Кейбір пациенттерде, бұрыннан бауыр аурулары болуы немесе олар басқа да гепатоуытты дәрілік заттар қабылдаған болуы ықтимал.

Сарғаюмен байланысты жылдам дамитын астения, несептің қараюы, қан кетуге немесе бауыр энцефалопатиясына бейімділік сияқты бауыр дисфункциясының белгілері мен симптомдары пайда болғанда, дереу бауырға функциялық сынамалар, талдаулар жүргізіледі. Бауыр дисфункциясы дамығанда азитромицин қабылдауды тоқтату қажет.

Миастения гравис

Миастения симптомдарының өршуі және миастения синдромының жаңадан басталуы азитромицин қабылдайтын пациенттерде тіркелген.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Антацидтер: антацидтерді бір мезгілде қолданудың азитромицин фармакокинетикасына әсерін зерттегенде биожетімділіктің өзгеруі байқалмаған, дегенмен қан плазмасында азитромициннің ең жоғары концентрациясы 25%-ға төмендеген. Пациенттер азитромицин мен антацидті бір мезгілде қолданбағандары жөн.

Цетиризин: дені сау еріктілерде азитромициннің 5 күндік курсын 20 мг цетиризинмен бірге қабылдау тепе-тең күйде фармакокинетикалық өзара әрекеттесуге және QT аралығының елеулі өзгеруіне әкелмеген.

Диданозин (дидезоксиинозин): тәулігіне 1200 мг азитромицинді тәулігіне 400 мг диданозинмен АИТВ-оң науқаста бірге қабылдау плацебомен салыстырғанда, диданозин фармакокинетикасының тепе-теңдік жағдайына әсер етпейді.

Дигоксин және колхицин (Р-гликопротеин субстраттары): Макролидті антибиотик-терді, оның ішінде азитромицинді дигоксин және колхицин сияқты Р-гликопротеин субстраттарымен бір мезгілде қолдану қан сарысуындағы Р-гликопротеин субстратының концентрациясының жоғарылауына әкеледі. Осылайша, азитромицин мен дигоксинді бір мезгілде қолданғанда, қан сарысуындағы дигоксин концентрациясының артуы мүмкіндігін ескеру қажет.

Зидовудин: бір рет 1000 мг қолданғанда және 1200 мг немесе 600 мг азитромицинді көп рет қолданғанда плазмалық фармакокинетикасына елеусіз әсері немесе зидовудин немесе оның глюкуронидты метаболиттерінің несеппен шығарылуы анықталған. Алайда азитромицинді қабылдау шеткері қандағы мононуклеарларда фосфорланған зидовудиннің (клиникалық белсенді метаболиттің) концентрациясын жоғарылатқан. Бұл көрсеткіштердің клиникалық мәнділігі белгісіз боп қалып отыр, бірақ олардың пациенттер қажетіне жарауы мүмкін.

Азитромицин бауырдың Р450 цитохром жүйесімен өзара әрекеттеспейді. Ол эритромицин және басқа макролидтер сияқты фармакокинетикалық дәрілік өзара әрекеттесулерге қатыспайды.

Азитромицин P450 цитохромын индукцияламайды немесе цитохром-метаболит кешенінің көмегімен белсенділігін жояды.

Эрготамин туындылары: эрготизм дамуының теориялық мүмкіндігінен, азитромицинді қастауыш туындыларымен бір мезгілде пайдалану ұсынылмайды .

Фармакокинетикалық зерттеулер азитромицинмен және метаболизмі Р450-цитохромы арқылы болатыны белгілі келесі препараттармен жүргізілген.

Аторвастатин: аторвастатинді (10 мг күнделікті) және азитромицинді (500 мг күнделікті) бірге енгізу қан плазмасында аторвастатин концентрациясын (HMG CoA-редуктаза талдауы негізінде) өзгертпеген. Дегенмен, азитромицинді статиндермен қабылдайтын пациенттерде рабдомиолиздің маркетингтен кейінгі жағдайлары тіркелген.

Карбамазепин: дені сау еріктілерде азитромициннің фармакокинетикалық өзара әрекеттесуін зерттеуде препарат қан плазмасында карбамазепин деңгейіне немесе оның белсенді метаболиттеріне елеулі әсер етпеген.

Циметидин: азитромицин фармакокинетикасының өзгеруі азитромицинге дейін 2 сағат бұрын қабылданған циметидиннің бір реттік дозасының азитромицин фармакокинетикасына әсерін зерттейтін фармакокинетикалық зерттеуде байқалмаған.

Кумаринді пероральді антикоагулянттар: өзара әрекеттесудің фармакокинетикалық зерттеулерінде, азитромицин дені сау еріктілерге енгізген 15 мг варфариннің бір реттік дозасының антикоагулянттық әсерін өзгертпейді. Маркетингтен кейінгі кезеңде азитромицин мен пероральді кумаринді антикоагулянттарды бірге қабылдаудан кейін антикоагуляцияның күшейгені туралы хабарлар алынған. Себеп-салдарлы байланысы анықталмағанмен, кумарин типті пероральді антикоагулянттар қабылдайтын науқастарға азитромицинді тағайындағанда, протромбиндік уақыттың мониторингінің жиілігін ескерген жөн.

Циклоспорин: : фармакокинетикалық зерттеулерде 3 күн бойы күніне пероральді 500 мг азитромицин, содан соң бір рет пероральді 10 мг/кг циклоспорин қабылдайтын дені сау еріктілерде, циклоспориннің Cmax және AUC0-5 едәуір жоғары болған. Демек, бұл препараттарды бір мезгілде енгізуді қарастырудан бұрын сақтық танытқан жөн. Егер бұл препараттарды бір мезгілде енгізу қажет болса, циклоспорин деңгейін бақылап, тиісінше дозаны түзету керек.

Эфавиренз: азитромициннің 600 мг бір реттік дозасы мен күніне 400 мг эфавирензді 7 күн бойы бірге қабылдау клиникалық мәнді фармакокинетикалық өзара әрекеттесуге әкелмейді.

Флуконазол: азитромициннің 1200 мг бір реттік дозасын бірге қабылдау флуконазолдың 800 мг бір реттік дозасының фармакокинетикасын өзгертпейді. Азитромициннің жалпы әсер етуі мен жартылай шығару кезеңі флуконазолмен бірге енгізгенде өзгермеген, алайда азитромициннің Cmax (18%) клиникалық елеусіз төмендеуі байқалған.

Индинавир: 5 күн бойы күніне үш рет 800 мг дозада енгізілген азитромициннің 1200 мг бір реттік дозасын бірге қабылдау, индинавир фармакокинетикасына статистикалық мәнді әсер етпеген.

Метилпреднизолон: Фармакокинетикалық өзара әрекеттесуін зерттеуде дені сау еріктілерде азитромицин метилпреднизолон фармакокинетикасына айтарлықтай әсерін көрсетпеген.

Мидазолам: дені сау еріктілерге тәулігіне 500 мг азитромицинмен бірге 3 күн бойы енгізу фармакокинетикасында және 15 мг мидазоламның бір реттік дозасының фармакодинамикасында клиникалық мәнді өзгерістер туғызбайды.

Нелфинавир: тепе-теңдік жағдайда азитромицинді (1200 мг) және нелфинавирді (750 мг күніне үш рет) бірге енгізу азитромицин концентрациясының артуына әкелген. Клиникалық мәнді жағымсыз әсерлері байқалмаған және дозаны түзету қажет етілмейді.

Рифабутин: азитромицин мен рифабутинді бір мезгілде қабылдау қан плазмасында бұл препараттардың концентрациясына әсер етпеген.

Азитромицин мен рифабутинді бір мезгілде қолданғанда нейтропения айқындалған. Нейтропения рифабутин қолдану салдарынан болғанымен, азитромицинмен бір мезгілде қолдануда себептік байланыс анықталмаған.

Силденафил: қалыпты дені сау ерікті еркектерде азитромициннің (3 күн бойы күн сайын 500 мг) силденафил немесе оның негізгі айналымдағы метаболитінің AUC және Cmax әсер етуіне дәлелдер алынған жоқ.

Терфенадин: фармакокинетикалық зерттеулерде азитромицин және терфенадин арасындағы өзара әрекеттесулер туралы хабарланбаған. Кейбір жағдайларда өзара әрекеттесу ықтималдығын жоққа шығару мүмкін емес. Дегенмен, мұндай өзара әрекеттесу орын алғанына нақты дәлелдер болған жоқ.

Теофиллин: азитромицин және теофиллин арасындағы клиникалық мәнді фармакокинетикалық өзара әрекеттесудің дәлелдері оларды дені сау еріктілер бір мезгілде қолданғанда алынбаған.

Триазолам: 14 дені сау еріктілерде 1 күнге 500 мг және 2 күнге 250 мг азитромицинді 0,125 мг триазоламмен 2 күнге бірге енгізу триазолам үшін фармакокинетикалық тұрақсыз шаманың кез келгеніне триазолам және плацебоны бірге енгізумен салыстырғанда, елеулі әсер етпеген.

Триметоприм/сульфаметоксазол: триметоприм/сульфаметоксазол DS (160 мг / 800 мг) 7 күн бойы 1200 мг азитромицинмен бірге енгізу 7 күні ең жоғары концентрацияға, триметоприм немесе сульфаметоксазолдың ортақ әсеріне немесе шығарылуына елеулі ықпал етпеген. Сарысудағы азитромициннің концентрациясы басқа зерттеулердегі осындай байқалатындарға ұқсас болған.

Арнайы сақтандырулар

Жүктілік немесе лактация кезінде

Азитромицинді жүкті әйелдерде қолдану туралы талапқа сай деректер жоқ. Жануарларға жасалған репродуктивтілік уыттылығының зерттеулерінде азитромициннің төлге зиянды тератогенді әсері анықталмады, алайда препарат плацента арқылы өтті. Азитромицинді жүктілік уақытында қолдану қауіпсіздігі расталмаған, сондықтан азитромицинді бұл кезеңде болжамды пайда қауіптен гөрі басым жағдайда ғана тағайындайды.

Азитромицин емшек сүтіне өтетіні хабарланған, бірақ азитромициннің емшек сүтіне шығарылу фармакокинетикасын сипаттау мүмкіндігін беретіндей тиісті және тиісінше бақыланатын клиникалық зерттеулер жүргізілмеді. Азитромицинді емшек емізу кезеңінде, анасы үшін күтілетін пайда сәби үшін потенциалды қауіптен басым жағдайларда ғана қолдануға болады.

Фертильділік зерттеулері егеуқұйрықтарда жүргізілді; жүктілік көрсеткіші азитромицинді енгізгеннен кейін төмендеді. Осы деректердің адамға қатысты релеванттілігі белгісіз.

Препараттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Пациенттің машина немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне азитромициннің әсер етуі туралы деректер жоқ.

Бас айналу және құрысу сияқты жағымсыз әсерлерінің туындау мүмкіндігіне байланысты автокөлік жүргізгенде және қауіпті механизмдермен айналысқанда сақ болу керек.

Арнайы нұсқаулар

Жүктілік немесе лактация кезінде

Азитромицинді жүкті әйелдерде қолдану туралы талапқа сай деректер жоқ. Жануарларға жасалған репродуктивтілік уыттылығының зерттеулерінде азитромициннің төлге зиянды тератогенді әсері анықталмады, алайда препарат плацента арқылы өтті. Азитромицинді жүктілік уақытында қолдану қауіпсіздігі расталмаған, сондықтан азитромицинді бұл кезеңде болжамды пайда қауіптен гөрі басым жағдайда ғана тағайындайды.

Азитромицин емшек сүтіне өтетіні хабарланған, бірақ азитромициннің емшек сүтіне шығарылу фармакокинетикасын сипаттау мүмкіндігін беретіндей тиісті және тиісінше бақыланатын клиникалық зерттеулер жүргізілмеді. Азитромицинді емшек емізу кезеңінде, анасы үшін күтілетін пайда сәби үшін потенциалды қауіптен басым жағдайларда ғана қолдануға болады.

Фертильділік зерттеулері егеуқұйрықтарда жүргізілді; жүктілік көрсеткіші азитромицинді енгізгеннен кейін төмендеді. Осы деректердің адамға қатысты релеванттілігі белгісіз.

Препараттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Пациенттің машина немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне азитромициннің әсер етуі туралы деректер жоқ.

Бас айналу және құрысу сияқты жағымсыз әсерлерінің туындау мүмкіндігіне байланысты автокөлік жүргізгенде және қауіпті механизмдермен айналысқанда сақ болу керек.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалану режимі

Дене салмағы >45 кг балаларға және егде жастағыларды қоса, ересектерге:

Тәуліктік доза, күніне бір рет қабылдағанда 500 мг құрайды, 3 күн бойына (жалпы доза 1500 мг). Жыныс мүшелерінің хламидиядан туындаған асқынбаған инфекцияларында, тәулігіне бір рет 1000 мг тағайындайды. Сезімтал гонококктар үшін емдеуге арналған тәжірибелік ұсыныстарға сәйкес, азитромициннің ұсынылатын дозасы 250 мг немесе 500 мг цефтриаксонмен біріктірілімде 1000 мг немесе 2000 мг құрайды. Пенициллинге және(немесе) цефалоспориндерге аллергиядан зардап шегетін  пациенттер үшін препараттарды тағайындар алдында емдеуші дәрігермен кеңесу керек.

Пациенттердің ерекше топтары

Балалар

Таблеткадағы Азитро® препараты дене салмағы 45 кг-нан кем пациенттерге арналмаған.

Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер

Азитромицин бауырда метаболизденіп және өтпен шығарылатындықтан, препаратты бауырдың ауыр ауруларынан зардап шегетін пациенттерге тағайындауға болмайды.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер

Жеңіл және орташа бүйрек жеткіліксіздігі (шумақтық сүзіліс жылдамдығы 10 - 80 мл/мин) бар пациенттер үшін доза түзету талап етілмейді. Бүйректің ауыр жеткіліксіздігі (ШСЖ <10 мл / мин) бар пациенттерге азитромицин тағайындағанда сақ болу керек .

Енгізу әдісі және жолы

Азитро® препаратын тамақтанудан 1 сағат бұрын немесе тамақтанудан соң 2 сағаттан кейін қабылдау керек.

Препаратты тәулігіне 1 рет қабылдайды.

Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар

Симптомдары: уақытша естімей қалу, қатты жүрек айнуы, құсу және диарея.

Емі: жалпы симптоматикалық және демеуші ем, қажет болғанда белсендірілген көмір.

Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алу кезіндегі қажетті шаралар

Қабылданбай қалған дозаның орнын толтыру үшін екі есе дозаны қабылдамаңыз.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіну үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға бару жөнінде нұсқаулар

Дәрілік препаратты қабылдар алдында кеңес алу үшін дәрігерге немесе фармацевтке жүгініңіз.

Артық дозалану

Симптомдары: уақытша естімей қалу, қатты жүрек айнуы, құсу және диарея.

Емі: жалпы симптоматикалық және демеуші ем, қажет болғанда белсендірілген көмір.

Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алу кезіндегі қажетті шаралар

Қабылданбай қалған дозаның орнын толтыру үшін екі есе дозаны қабылдамаңыз.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіну үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға бару жөнінде нұсқаулар

Дәрілік препаратты қабылдар алдында кеңес алу үшін дәрігерге немесе фармацевтке жүгініңіз.

Шығарылу түрі

3 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.

1 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі бекітілген нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Медицинада қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі бекітілген нұсқаулықтан ақпаратты қорапшаға жазылуына рұқсат етіледі.

Дәрілік препараты бар корапшалар картон қораптарға салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде 25 ºС-ден аспайтын температурада

сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде 25 ºС-ден аспайтын температурада

сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыАзитро таблеткалары 500 мг №3 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube