Қолдану көрсеткіштері
Шырыштың түзілуі мен шығарылуының бұзылуымен қатар жүретін бронхтың және өкпенің жедел және созылмалы аурулары кезінде секретолитикалық дәрі ретінде.
Шырыштың түзілуі мен шығарылуының бұзылуымен қатар жүретін бронхтың және өкпенің жедел және созылмалы аурулары кезінде секретолитикалық дәрі ретінде.
- препарат компоненттеріне, соның ішінде сорбитке жоғары сезімталдық
- асқазанның және он екі елі ішектің ойық жаралы ауруы
- жөтел рефлексін бәсеңдететін жөтелге қарсы препараттармен (мысалы, кодеинмен), әсіресе ұйықтар алдында бір уақытта қолдану. Мұндай біріктірілген қолдану қақырықты түсіруді кідіртеді
– жүктілік және лактация кезеңі
- 18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдер
- эпилепсия
- бауыр аурулары
- алкоголизм
Қолданған кездегі қажетті сақтандыру шаралары
Айрықша нұсқаулар
Бромгексинді әлсіз науқастарға, бронх демікпесімен ауыратын науқастарға, сондай-ақ бронхтары механикалық тарылған (бронх секретінің қақырықпен бөлінуі қиындаған) пациенттерге абайлап қолданған жөн.
Бромгексин асқазанның және ішек жолының шырышты қабығын тітіркендіреді, сондықтан анамнезде асқазанның немесе он екі елі ішектің ойық жаралы ауруы бар пациенттерге препаратты сақтықпен қолданған жөн.
Бромгексиннің және оның метаболиттерінің шығарылуы ауыр бауыр немесе бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге төмен.
Бромгексинді қолданумен байланысты ауыр тері реакциялары, мысалы, erythema multiforme, Стивенс-Джонсон синдромы (СДС)/уытты эпидермалық некролиз (УЭН) және жедел жайылған экзантематоздық пустулез (ЖЖЭП) туралы хабарламалар бар. Терідегі үдемелі бөртпелердің симптомдары немесе белгілері болған жағдайда (кейде күлдіреу немесе шырыштының зақымдануы сияқты) бромгексинмен емдеуді дереу тоқтатқан және медициналық кеңес алған жөн.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Бромгексинді бронх-өкпе ауруларын емдегенде қолданылатын басқа да препараттармен бір мезгілде тағайындауға болады.
Бромгексинді жөтелге қарсы басқа да препараттармен, соның ішінде құрамында кодеин бар препараттармен бірге тағайындамайды, өйткені жөтелу рефлексінің басылуы қақырықтың бөлініп шығуын қиындатады.
Бромгексин антибиотиктердің (эритромициннің, цефалексиннің, окситетрациклиннің) өкпе тіндеріне өтуіне мүмкіндік береді.
Шәрбаттың құрамына кіретін спирт басқа дәрілік заттардың әсерін өзгертуі мүмкін.
Бромгексинді қабынуға қарсы стероидты емес кейбір дәрілермен (мысалы, салицилаттармен, фенилбутазонмен немесе бутадионмен) біріктіріп қолданған кезде асқазанның шырышын тітіркендіруі мүмкін.
Бромгексин сілтілік ерітінділермен үйлеспейді.
Арнайы ескертулер
Жүктілік, бала емізу кезеңі және фертильділік
Жүкті әйелдерге бромгексинді қолдану қауіпсіздігі дәлелденбеген. Сондықтан жүктілік кезінде БРОМГЕКСИН ГРИНДЕКС препаратын қолдануға болмайды.
Бромгексин аз мөлшерде ана сүтіне енетіні анықталды. Осы препаратты қолдану кезінде баланы емізуді тоқтату керек.
Жүкті және емшек сүтімен емізетін әйелдер бұл препараттың құрамында этил спирті бар екенін ескеруі керек.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Шәрбаттың құрамында этил спирті бар, мұны көлік жүргізушілері және қауіпті механизмдердің операторлары ескеруі қажет.
Қосымша заттар
Шәрбаттың әр шәй қасығында (5 мл):
96% этил спиртінің 0,625 мл. Жүкті және емшек емізетін әйелдерге, балаларға, сондай-ақ бауыр ауруы немесе эпилепсиясы бар пациенттерге және алголизмнен зардап шегетін тұлғаларға ескерген жөн. Этил спирті басқа дәрілердің әсерін өзгертуі мүмкін.
2 г сорбит (Е 420). Шәрбатты сирек туа біткен фруктозаны көтере алмаушылығы бар пациенттерге қолданбаған жөн.
5 мг метилпарагидроксибензоат (Е 218). Аллергиялық реакцияларды туындатуы мүмкін (мүмкін баяу).

100 мл препараттан бұрандалы мойны бар және пластмасса қалпақпен бұрап жабылатын, қоңыр шыны құтыға құйылады. Әр құтыға өздігінен жабысатын заттаңба жапсырылады.
1 құтыдан медициналық қолдану жөнінде қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Сақтау мерзімі
5 жыл.
Алғашқы ашылған соң 25°С-ден аспайтын температурада 1 жыл сақталады.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.