daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Таразе қаласындағы Бускопан Таблеткалары 10 Мг №20 | Берингер Ингельхайм Фарма

Таразе қаласындағы Бускопан Таблеткалары 10 Мг №20 | Берингер Ингельхайм Фарма

Басқа сервистер немесе өзіңіз

disadvantage

Тауардың қолжетімділігі мен бағасын кепілдемейді

disadvantage

Тауар тез таусылып қалуы мүмкін

disadvantage

Daribar бонустары жоқ

disadvantage
Тегін

Daribar-дан тапсырыс бергенде

disadvantage

5–15 минут ішінде тауардың қолжетімділігі мен бағасын тексереміз

disadvantage

Жеткізу немесе 24 сағатқа брондау

disadvantage

Daribar-дың бонустары

disadvantage
Сипаттама:

Дөңгелек екі жағы дөңес, диаметрі 7.0 мм жуық, қалыңдығы 3.7 мм жуық ақ түсті қантты қабықпен қапталған таблеткалар.

Өндіруші:

Берингер Ингельхайм Фарма

Өндіруші ел:

Федеративная Республика Германия

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: сусыз кальций гидрофосфаты, кептірілген жүгері крахмалы, еритін жүгері крахмалы, коллоидты кремнийдің қостотығы, шарап қышқылы, стеарин қышқылы, қабықтың құрамы: поливинилпирролидон, сахароза, тальк, гумми арабик (арабия шайыры), титанның қостотығы (Е171), макрогол 6000, карнауб балауызы, ақ балауыз.

Белсенді заттың дозасы:

10 мг

Қаптамадағы саны:

20 шт

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

асқазан-ішек жолы түйілуінің жеңіл және орташа ауырлығын емдеу үшін және тітіркенген ішек синдромындағы іштің түйіліп ауыруын емдеу үшін

Қарсы көрсеткіштер

гиосцин бутилбромидке немесе препараттың кез келген басқа компонентіне жоғарғы сезімталдық

миастения гравис

мегаколон

асқазан-ішек жолының механикалық тарылуы

салданған немесе обструктивті илеус

субвезикальді обструкциямен несеп шығарудың іркілуі (мысалы, қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясы)

жабық бұрышты глаукома

тахикардия және тахиаритмия

туа біткен фруктоза жақпаушылығы, Lapp-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар тұлғалар

6 жасқа дейінгі балалар

Қолданған кездегі қажетті сақтандыру шаралары

Егер іштің қатты ауыруы сақталса немесе күшейсе немесе қызба, жүрек айну, құсу, ішек перистальтикасының өзгеруі, іштің ауыруы, қан қысымының төмендеуі, естен тану немесе нәжістегі қан сияқты симптомдармен бірге пайда болса, дереу дәрігерге қаралу керек.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Бускопан® басқа антихолинергиялық препараттардың (мысалы, тиотропий, ипратропий және атропин тәрізді қосылыстар), амантадиннің, үшциклді және тетрациклді антидепрессанттардың, хинидиннің, антигистаминді препараттардың, нейролептиктердің, дизопирамидтің және басқа препараттардың антихолинергиялық әсерін, сондай-ақ b-адренорецепторлардың тахикардиялық әсерін күшейте алады.

Метоклопрамид сияқты дофамин антагонисттерімен бір мезгілде емдеу екі препараттың да асқазан-ішек жолына әсерінің төмендеуіне әкелуі мүмкін.

Арнайы ескертулер

Сирек кездесетін фруктоза жақпаушылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы немесе сахароза-изомальтаза жеткіліксіздігі сияқты туа біткен аурулары бар пациенттерге осы препаратты қабылдауға болмайды.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Бүгінгі таңда жүкті әйелдерде гиосцин бутилбромидін қолдану тәжірибесі өте шектеулі немесе жоқ. Жануарларға жүргізілген зерттеулер ұрпақ өрбіту уыттылыққа қатысты жеткіліксіз. Сақтық шарасы ретінде жүктілік кезінде Бускопан таблеткаларын қолданудан аулақ болу керек.

Лактация

Антихолинергиялық дәрілер лактацияны басуы мүмкін. Гиосцин бутилбромиді немесе оның метаболиттері емшек сүтіне енетіні белгісіз. Жаңа туған нәрестелер кейбір антихолинергиялық дәрілерге жауабының жоғарылауын көрсетті. Жаңа туған нәрестелер /сәбилер үшін қауіпті жоққа шығаруға болмайды.

Бала емізуді тоқтату немесе Бускопан® таблеткалары препаратымен емдеуді тоқтату/бас тарту туралы шешім бала үшін емшек сүтімен емізудің пайдасы мен әйел үшін емнің пайдасын ескере отырып қабылдау керек.

Фертильділік

Препараттың адамның ұрпақ өрбіту функциясына ықпал етуі туралы зерттеулер жүргізілген жоқ.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Автокөлік және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне  әсері туралы зерттеулер жүргізілген жоқ.

Бускопан® таблеткаларын ұсынылған дозада қабылдаған пациенттерде әдетте ешқандай бұзылулар күтілмейді. Алайда, шаршау, бас айналу немесе жақыннан көру қабілетінің бұзылуы сияқты симптомдар пайда болған кезде, көлік жүргізу және механизмдермен жұмыс істеу қабілеті бұзылуы мүмкін.

Өзара әрекеттесуі

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Ересектерге: 1-2 таблеткадан күніне 3 рет (бір реттік доза 10-20 мг гиосцин бутилбромиді, ең жоғары тәуліктік доза 60 мг гиосцин бутилбромиді).

6 жастан асқан балаларға: 1 таблеткадан күніне 1-2 рет (бір реттік доза 10 мг гиосцин бутилбромиді, ең жоғары тәуліктік доза 20 мг гиосцин бутилбромиді).

Бускопан® ауырсыну себебі анықталмай 5 күннен артық қабылдауға болмайды.

Енгізу әдісі мен жолы

Пероральді. Таблеткаларды судың жеткілікті мөлшерімен ішіп, толықтай жұтқан жөн.

Емдеу ұзақтығы

Бускопан® іштің ауырсынуының себебін анықтамай, күнделікті негізде немесе ұзақ уақыт бойы ұзақ уақыт қабылдауға болмайды.

Артық дозаланған жағдайда қабылдануы тиіс шаралар

Симптомдары: бүгінгі күнге дейін адамда жедел артық дозаланғаннан кейін улану белгілері байқалмады. Артық дозаланған жағдайда ауыздың құрғауы, көздің қарашығының үлкеюі, аккомодация салдануы, несеп шығарудың іркілуі және әсіресе тахикардия, ажитация, сананың шатасуы және сандырақтауға әкелу ықтималдығы зор елестеулер, тыныс алудың бәсеңдеуі сияқты атропинге ұқсас симптомдар байқалуы мүмкін.

Емі: пероральді қолдану кезінде уланған жағдайда асқазан-ішек жолының деконтаминациясы көрсетілген.

Глаукомасы бар пациенттерге пилокарпинді жергілікті енгізу қажет және дереу офтальмологке қаралу керек.

Несеп шығару іркілісі бар пациенттерге катетеризация жасау керек.

Қажет болғанда парасимпатомиметикалық препараттар енгізу керек (неостигмин 0,5–2,5 мг б/і немесе в/і). Жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан асқынуларды стандартты емдік әдістемелерге сәйкес емдеу керек. Тыныс алу салдануы жағдайында интубация және өкпенің жасанды желденуін жүргізу қажет етіледі.

ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар (қажеттілігі болса)

Иммундық жүйе бұзылулары

Жиі емес: тері реакциялары (мысалы, есекжем және қышыну).

Жиілігі белгісіз: аса жоғары сезімталдық реакциялары, ентігу, анафилаксиялық реакциялар, гиперемиямен және қан қысымының төмендеуімен анафилаксиялық шок, бөртпе, тері эритемасы

Жүрек бұзылыстары

Жиі емес: тахикардия.

Қантамырлық бұзылыстар

Жиі емес: артериялық қан қысымының төмендеуі, бас айналу.

Көз аурулары

Өте сирек: аккомодацияның бұзылуы, әсіресе ақауы жеткілікті түрде жойылмаған гиперметропиясы бар пациенттерде; глаукоманың жедел ұстамасы

Асқазан-ішек бұзылыстары

Жиі емес: ауыздың құрғауы (сілекей секрециясының төмендеуі), диарея, жүрек айну, құсу, асқазанның жайсыздығы.

Тері және тері асты шелі аурулары

Жиі емес: терінің құрғауы (тершеңдіктің төмендеуі).

Бүйрек және несеп шығару жолдарының аурулары

Сирек: несеп шығарудың қиындауы (мысалы, несеп шығарудың іркілуі және дизурия).

Жалпы бұзылыстар

Жиі емес: Шаршау

Шығарылу түрі

20 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.

1 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады

Сақтау шарттары

25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыБускопан таблеткалары 10 мг №20 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube