Қолдану көрсеткіштері
ДП 8 жастан асқан балаларға
офтальмологиялық тексеру алдында мидриазды және циклоплегияны туындату үшін қолдануға болады.
ДП 8 жастан асқан балаларға
офтальмологиялық тексеру алдында мидриазды және циклоплегияны туындату үшін қолдануға болады.
белсенді затқа (циклопентолат гидрохлориді) немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
глаукоманың дамуына бейімділігі бар жабықбұрышты глаукомасы бар пациенттер
егде адамдар (> 65 жас)
мидың туа біткен немесе жүре пайда болған ми аномалиялары бар балалар, патологиялық нейрондық дамуы бар, эпилепсия ұстамаларына бейімділігі бар балалар
салданған илеус
жүктілік және емшек емізу кезеңі
8 жасқа дейінгі балалар
Циклопентолат демекариум, эхотиофат және изофлуофат сияқты ұзақ әсер ететін офтальмологиялық холинергиялық антиглаукомалық препараттардың антиглаукомалық және миотикалық әсерлеріне қарсы тұра алады. Циклопентолат белладонна алкалоидтарына және карбахол мен пилокарпиннің антиглаукомалық әсеріне әсер етуі мүмкін. Жүйелі абсорбция жағдайында циклопентолаттың және басқа да антимускаринді агенттердің әсері амантадин, кейбір антигистаминдер (фенотиазиндер) және трициклді антидепрессанттар сияқты антимускариндік қасиеттері бар басқа дәрілерді бір мезгілде енгізген кезде күшейтілуі мүмкін. Моноаминоксидаза тежегіштері (МАОТ) циклопентолаттың антимускариндік әсерлерін циклопентолат жүйелі түрде сіңгенде күшейтуі мүмкін.
Дозалау режимі
Ересектер:
Ұсынылатын доза науқастың(тардың) көзіне(деріне) конъюнктивалық қабына 10 мг/мл ерітіндінің бір тамшысын құрайды. Қажет болған жағдайда, дозаны 15 минуттан кейін қайталауға болады.
Тексеру басталғанға дейін 30-40 минут бұрын көзге тамызады.
8 жастан 16 жасқа дейінгі балалар:
Науқастың көзіне конъюнктивалық қапқа бір тамшы. Қажет болған жағдайда, дозаны 15 минуттан кейін қайталауға болады.
Тексеру басталғанға дейін 30-40 минут бұрын көзге тамызады.
Енгізу әдісі мен жолы
Жергілікті қолдануға арналған
Көрсетілген дозада препаратты тамызуды қамтамасыз ету үшін құтының қақпағын ашыңыз және оны сәл басып қалыңыз.
Артық дозаланғанда қабылдануы қажет шаралар
Дәрігердің тағайындауларымен дәл жүргенде артық дозалану жағдайлары байқалған жоқ.
Симптомдары: ұсынылған дозадан асқан кезде немесе препаратты кездейсоқ ішіп қойған кезде: терінің және шырышты қабықтардың құрғауы, тахикардия, қозу, түсініксіз сөйлеу, шаршағыштық, жақын орналасқан заттарды танудың бұзылуы, уақыт пен кеңістіктен шатасу, эмоциялық жағдайдың өзгеруі, тахикардия, гиперпирексия, гипертония, көзішілік қысымның жоғарылауы, вазодилатация, бронх секрециясының азаюы, несеп шықпау; өте жоғары дозада – тыныс алу салдануы, кома, өлім болуы мүмкін.
Емі: спецификалы антидотты – физостигминді вена ішіне енгізу, балаларға 0.5 мг дозада, қажет болған жағдайда (әсер болмаған жағдайда 5 минуттан кейін) дозаны қайталайды (ең жоғары доза 2 мг-дан аспауы тиіс); ересектерге антидотты 2 мг дозадан енгізеді, әсер болмаған жағдайда 20 минуттан кейін енгізуді 1-2 мг дозадан қайталайды.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінен кеңес алу ұсынылды.
5 мл препараттан алғашқы ашылуы бақыланатын, тығыздығы төмен полиэтиленнен жасалған қондырғы-дозаторы және тығыздығы жоғары полиэтиленнен жасалған мөлдір емес ақ қақпағы бар мөлдір емес ақ құтыларға салынады.
1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Түпнұсқалық қаптамасында 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
2 жыл
Құтыны алғаш ашқаннан кейін препараттың жарамдылық мерзімі 28 күн.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.