daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Таразе қаласындағы Ципрофлоксацин Таблеткалары 500 Мг №10 | Синтез ОАО

Таразе қаласындағы Ципрофлоксацин Таблеткалары 500 Мг №10 | Синтез ОАО

Басқа сервистер немесе өзіңіз

disadvantage

Тауардың қолжетімділігі мен бағасын кепілдемейді

disadvantage

Тауар тез таусылып қалуы мүмкін

disadvantage

Daribar бонустары жоқ

disadvantage
Тегін

Daribar-дан тапсырыс бергенде

disadvantage

5–15 минут ішінде тауардың қолжетімділігі мен бағасын тексереміз

disadvantage

Жеткізу немесе 24 сағатқа брондау

disadvantage

Daribar-дың бонустары

disadvantage
Сипаттама:

Екі жақ беті дөңес, дөңгелек пішінді, ақ немесе ақ дерлік түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар. Көлденең қимасында ақ түсті бір қабат бар (250 мг доза үшін). Екі жақ беті дөңес, сопақ пішінді, ақ немесе ақ дерлік түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар. Көлденең қимасында ақ түсті бір қабат бар (500 мг доза үшін).

Халықаралық атауы:

Ципрофлоксацин

Өндіруші:

Синтез ОАО

Өндіруші ел:

Российская Федерация

Белсенді ингредиент:

Ципрофлоксацин таблеткасын ұсақтауға болмайды, сондықтан олар таблеткаларды жұта алмайтын ересектер мен балаларды емдеуге жарамайды. Ауыр жағдайларда немесе егер пациент таблетка қабылдай алмаса (мысалы, энтеральді тамақтанатын пациенттер), терапияны препаратты ішке қабылдауға ауысу мүмкіндігіне дейін ципрофлоксацинді вена ішіне енгізуден бастаған жөн. Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажет шаралар 12 г артық дозалану уыттылықтың жеңіл симптомдарына әкелетіні хабарланды, 16 г-мен жедел артық дозалану жедел бүйрек жеткіліксіздігін тудырады. Симптомдары: бас айналуы, тремор, бас ауыруы, шаршау, құрысу, елестеу, сананың шатасуы, іштің жайсыздық сезімі, бүйрек және бауыр жеткіліксіздігі, сондай-ақ кристаллурия және гематурия. Қайтымды бүйрек уыттылығы жағдайлары тіркелді. Емі: асқазанды шаю және одан кейін белсендірілген көмірді қабылдау сияқты әдеттегі шұғыл әрекеттерден басқа, бүйрек функциясын, оған қоса несептің рН және қышқылдығын бақылау және қажет болғанда кристаллурияның алдын алу ұсынылады. Пациенттерге сұйықтықты көп қабылдау қажет. Кальций немесе магний бар антацидтер теориялық тұрғыдан артық дозаланған кезде ципрофлоксациннің сіңуін төмендетуі мүмкін. Ципрофлоксациннің аз ғана мөлшері (< 10 %) гемодиализ немесе перитонеальді диализ арқылы жойылады. Артық дозаланған жағдайда симптоматикалық емдеу жүргізілуі керек. ЭКГ мониторингі QT аралығын ұзарту мүмкіндігіне байланысты жүргізілуі керек. Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын жіберіп алған кезде қажетті шаралар Егер дәрілік препараттың дозасын өткізіп алған болса, оны кез келген уақытта, бірақ келесі жоспарланған дозадан 6 сағаттан кешіктірмей қабылдау керек. Егер келесі дозаға дейін 6 сағаттан аз уақыт қалса, өткізіп алған дозаны қабылдауға болмайды және емдеуді рецепт бойынша жалғастыру керек. Өткізіп алған дозаның орнын толтыру үшін қосарлы дозаны қабылдауға болмайды. Тоқтату симптомдары қаупінің болуына нұсқау Егер дәрігер Сізге бұл туралы айтпаса, препаратты қабылдауды тоқтатпаңыз. Өзіңізді жақсы сезінсеңіз де, препарат қабылдауды тоқтатпаңыз. Егер Сіз қабылдауды тым ерте тоқтатсаңыз, Сіздің жағдайыңыз нашарлауы мүмкін. Жазып берілген курс аяқталғанша препаратты қабылдауды жалғастырыңыз. Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша нұсқаулар Егер осы препаратты қолдану туралы қосымша сұрақтар туындаса, өзіңіздің емдеуші дәрігеріңізбен кеңесіңіз.

Белсенді заттың дозасы:

500 мг

Қаптамадағы саны:

10 шт.

Аналогтары

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Препарат ципрофлоксацинге сезімтал микроорганизмдер тудыратын бірқатар инфекцияларды емдеуге арналған. Терапияны бастар алдында микроорганизмдердің ципрофлоксацинге төзімділігі туралы қолда бар ақпаратқа ерекше назар аудару керек. Антибиотиктерді дұрыс қолдану бойынша ресми нұсқауларды ескеру қажет.

Ересектер

Төменгі тыныс алу жолдарының инфекциясы:

өкпенің созылмалы обструктивті ауруының (ӨСОА) асқынуы. Асқыну кезінде (ӨСОА) ципрофлоксацинді әдетте мұндай инфекцияларды емдеу үшін ұсынылатын басқа бактерияға қарсы препараттарды қолдану орынсыз болып саналған жағдайда ғана қолдану керек;

муковисцидоз немесе бронхоэктаз кезіндегі бронх-өкпе инфекциялары;

пневмония.

Созылмалы іріңді ортаңғы отит.

Созылмалы синуситтің өршуі.

Несеп шығару жолдарының инфекциялары:

асқынбаған жедел цистит. Асқынбаған жедел цистит кезінде ципрофлоксацинді әдетте мұндай инфекцияларды емдеу үшін ұсынылатын басқа бактерияға қарсы препараттарды пайдалану жарамсыз болып саналған жағдайда ғана қолдану керек;

жедел пиелонефрит;

несеп шығару жолдарының асқынған инфекциясы;

бактериялық простатит.

Жыныс ағзаларының инфекциясы:

гонококкты уретрит және цервицит;

Neisseria gonorrhoeae сезімтал штаммдары тудырған эпидидимоорхит;

жамбастың қабыну аурулары, оған қоса Neisseria gonorrhoeae сезімтал штаммдарынан туындаған жағдайлар.

Асқазан-ішек жолының инфекциялары.

Құрсақішілік инфекциялар.

Грамтеріс бактериялар тудырған тері мен жұмсақ тіндердің инфекциясы.

Қатерлі ортаңғы отит.

Сүйек және буын инфекциялары.

Neisseria meningitidis тудырған инвазивті инфекциялардың профилактикасы.

Сібір ойық жарасының өкпе түріндегі постконтактілі профилактикасы және емдеу.

ЦИПРОФЛОКСАЦИНДІ бактериялық инфекциядан туындаған деп күдіктенген кезде нейтропениясы және қызбасы бар пациенттерді емдеу үшін қолдануға болады.

Балалар мен жасөспірімдер

Pseudomonas aeruginosa тудырған муковисцидоз кезіндегі бронх-өкпе инфекциялары.

Асқынған несеп шығару жолдарының инфекциясы және жедел пиелонефрит.

Сібір ойық жарасының өкпе түріндегі постконтактілі профилактикасы және емдеу.

Қажет деп саналатын жағдайларда балалар мен жасөспірімдерде ауыр инфекцияларды емдеу.

Емдеуді балалар мен жасөспірімдерде муковисцидозды және/немесе ауыр инфекцияларды емдеу тәжірибесі бар дәрігерлер ғана тағайындауы керек.

Қарсы көрсеткіштер

Әсер етуші затқа, басқа хинолондарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық.

Ципрофлоксацин мен тизанидинді бірге қолдану.

Фторхинолондық антибиотиктерді мына кезде қолдануға болмайды:

Ауыр емес және бактерияға қарсы терапиясыз өтуі мүмкін инфекцияларды емдеу (мысалы, ауызжұтқыншақ инфекциясы).

Бактериялық емес (созылмалы) простатит сияқты бактериялық емес инфекцияларды емдеу.

Саяхатшы диареясының немесе төменгі несеп шығару жолдарының қайталанатын инфекцияларының алдын алу (қуықтан тыс таралмайтын инфекциялар).

Орташа бактериялық инфекцияларды емдеу, егер басқа әдетте ұсынылатын бактерияға қарсы препараттарды қолдану мүмкін болмаса.

Өзара әрекеттесуі

Басқа препараттардың ципрофлоксацинге әсері

QT аралығының ұзаруын тудыратын дәрілік препараттар

Ципрофлоксацинді басқа фторхинолондар сияқты QT аралығының ұзаруын тудыратын дәрілік препараттарды қабылдайтын пациенттерге (мысалы, ІА немесе ІІІ класты аритмияға қарсы препараттар, трициклді антидепрессанттар, макролидтер, антипсихотиктер) бір мезгілде қолданғанда сақ болу керек.

Хелатты қосылыстардың түзілуі

Құрамында кальций, магний, алюминий, темір, сукральфат, антацидтер, полимерлі фосфат қосылыстары (мысалы, севеламер, лантан карбонаты) бар ципрофлоксацин мен катион бар препараттардың, минералды қоспалардың, сондай-ақ магний, алюминий немесе кальций бар үлкен буферлік сыйымдылығы бар препараттардың (мысалы, диданозин таблеткалары) бір мезгілде қабылдау ципрофлоксациннің сіңуін төмендетеді. Мұндай жағдайларда ципрофлоксацинді осы препараттарды қабылдаудан 1-2 сағат бұрын немесе 4 сағаттан кейін қабылдау керек.

Бұл шектеу H2-гистаминдік рецепторлардың блокаторлары класына жататын дәрілік препараттарға қатысты емес.

Тамақ және сүт өнімдерін қабылдау

Тағам құрамындағы кальций пероральді қабылдаған кезде ципрофлоксациннің сіңуіне аз әсер етеді.

Дегенмен, ципрофлоксацин мен минералдармен байытылған сүт өнімдерін немесе сусындарды (мысалы, сүт, йогурт, кальциймен байытылған апельсин шырыны) бірге қолданудан аулақ болу керек, өйткені ципрофлоксациннің сіңуі төмендеуі мүмкін.

Пробенецид

Пробенецид ципрофлоксациннің бүйрек арқылы шығарылу жылдамдығын баяулатады. Ципрофлоксацин мен құрамында пробенецид бар препараттарды бір мезгілде қолдану қан сарысуындағы ципрофлоксацин концентрациясының жоғарылауына әкеледі.

Метоклопрамид

Метоклопрамид ципрофлоксациннің сіңуін тездетеді (пероральді қолданғанда), нәтижесінде қысқа уақыт ішінде қан плазмасындағы ең жоғары концентрацияға қол жеткізіледі. Ципрофлоксациннің биожетімділігіне әсері байқалмады.

Омепразол

Ципрофлоксацин мен құрамында омепразол бар препараттарды бірлесіп қолданған кезде плазмадағы ең жоғары концентрацияның (с мах) шамалы төмендеуі және «концентрация – уақыт» (AUC) фармакокинетикалық қисығының астындағы ауданның азаюы байқалуы мүмкін.

Ципрофлоксациннің басқа препараттарға әсері

Тизанидин

Тизанидин мен ципрофлоксацинді бір мезгілде қолдану кезінде қан сарысуындағы тизанидин концентрациясының ұлғаюы анықталды: ең жоғары концентрацияның (Смах) 7 есеге (4-тен 21 есеге дейін) ұлғаюы, AUC көрсеткішінің («концентрация – уақыт» фармакокинетикалық қисығының астындағы аудан) 10 есеге (6-дан 24 есеге дейін) ұлғаюы. Қан сарысуындағы тизанидин концентрациясының жоғарылауы артериялық қысымның төмендеуіне және ұйқышылдыққа әкелуі мүмкін. Осылайша, ципрофлоксацин мен құрамында тизанидин бар препараттарды бір мезгілде қолдануға болмайды. Сарысудағы тизанидин концентрациясының жоғарылауы гипотензиялық және седативті әсерлерді күшейтуі мүмкін.

Метотрексат

Метотрексат пен ципрофлоксацинді бір мезгілде қолданғанда метотрексаттың бүйрек-өзекшелік тасымалы баяулауы мүмкін, бұл қан плазмасындағы метотрексат концентрациясының жоғарылауымен қатар жүруі мүмкін. Бұл жағдайда метотрексаттың жағымсыз әсерлерінің даму ықтималдығы артуы мүмкін. Осыған байланысты метотрексат пен ципрофлоксацинді бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.

Теофиллин

Ципрофлоксацинді және құрамында теофиллин бар препараттарды бір мезгілде қолдану қан сарысуындағы теофиллин концентрациясының қажетсіз жоғарылауына және тиісінше теофиллин тудырған қолайсыз құбылыстардың пайда болуына әкелуі мүмкін; өте сирек жағдайларда бұл қолайсыз құбылыстар пациенттің өміріне қауіп төндіруі мүмкін. Егер осы екі препаратты бір мезгілде қолдану сөзсіз болса, онда қан сарысуындағы теофиллин концентрациясын үнемі бақылау және қажет болса теофиллин дозасын азайту ұсынылады.

Ксантиннің басқа туындылары

Ципрофлоксацин мен кофеинді немесе пентоксифиллинді (оксипентифиллин) бір мезгілде қолдану қан сарысуындағы ксантин туындыларының концентрациясының жоғарылауына әкелуі мүмкін.

Фенитоин

Ципрофлоксацин мен фенитоинді бір мезгілде қолданғанда қан сарысуындағы фенитоин құрамының өзгеруі (жоғарылауы немесе төмендеуі) байқалды. Екі препаратты да қабылдайтын пациенттерде фенитоин терапиясын бақылауды, оған қоса екі препаратты бір мезгілде қолданудың барлық кезеңінде және біріктірілген ем аяқталғаннан кейін қысқа уақыт ішінде қан сарысуындағы фенитоин құрамын анықтауды жүзеге асыру ұсынылады.

Циклоспорин

Ципрофлоксацин мен құрамында циклоспорин бар препараттарды бір мезгілде қолданғанда қан сарысуындағы креатинин концентрациясының қысқа мерзімді өтпелі жоғарылауы байқалды. Мұндай жағдайларда аптасына екі рет қандағы креатинин концентрациясын анықтау қажет.

К дәруменінің антагонистері

Ципрофлоксацин мен К дәруменінің антагонистерін (мысалы, варфарин, аценокумарол, фенпрокумон, флуиндон) бірге қолдану олардың антикоагулянттық әсерінің жоғарылауына әкелуі мүмкін. Бұл әсердің шамасы қатарлас инфекцияларға, пациенттің жасына және жалпы жағдайына байланысты өзгеруі мүмкін, сондықтан ципрофлоксациннің ХҚО (халықаралық қалыптасқан қатынас) жоғарылауына әсерін бағалау қиын. Ципрофлоксацин мен К дәруменінің антагонистерін бірлесіп қолдану кезінде, сондай-ақ біріктірілген ем аяқталғаннан кейін қысқа уақыт ішінде ХҚО жиі бақылау керек.

Дулоксетин

Клиникалық зерттеулер дулоксетинді флувоксамин сияқты күшті CYP450 1A2 изофермент тежегіштерімен бірге қолдану дулоксетиннің уақытқа тәуелділік қисығы (AUC) астындағы ең жоғары концентрацияның (Cmax) және ауданның жоғарылауына әкелуі мүмкін екенін көрсетті. Ципрофлоксацинмен ықтимал өзара әрекеттесу туралы клиникалық дәлелдердің болмауына қарамастан, ципрофлоксацин мен дулоксетинді бір мезгілде қолданғанда мұндай өзара әрекеттесу ықтималдығын болжауға болады.

Ропинирол

Клиникалық зерттеуде ропиниролды CYP450 1A2 изоферментінің орташа тежегіші ципрофлоксацинмен бірге қолдану ең жоғары концентрацияның (C max) және ропиниролдың уақытқа тәуелділік қисығы (AUC) астындағы аймақтың тиісінше 60% және 84% жоғарылауына әкелетіні көрсетілді. Ропиниролды ципрофлоксацинмен бірге қолдану кезінде және біріктірілген ем аяқталғаннан кейін қысқа уақыт ішінде жағымсыз әсерлерін бақылау керек.

Лидокаин

Лидокаин мен Р450 цитохромы CYP1А2 изоферментінің орташа тежегіші ципрофлоксацинді бір мезгілде қолдану, лидокаиннің веналық клиренсін 22% дейін төмендетуі мүмкін. Дегенмен, лидокаинмен емдеу жақсы көтерімді, препараттарды бірге енгізген кезде ципрофлоксациннің жағымсыз әсерлері пайда болуы мүмкін.

Клозапин

Клозапин мен ципрофлоксацинді 250 мг дозада бір мезгілде қолданғанда 7 күн ішінде клозапин мен N-десметилклозапиннің сарысу концентрациясының тиісінше 29% және 31% артуы байқалды. Пациенттің жағдайын бақылау және қажет болса клозапинді ципрофлоксацинмен бірге қолдану кезінде және біріктірілген ем аяқталғаннан кейін қысқа уақыт ішінде дозалау режимін түзету қажет.

Силденафил

Силденафилдің ең жоғары концентрациясы (Cmax) және уақытқа тәуелділік қисығының астындағы ауданы (AUC) 500 мг ципрофлоксацинмен бірге қолданған кезде 50 мг бір реттік дозаны қолданғаннан кейін дені сау зерттеуге қатысушыларда шамамен екі есе өсті. Силденафил мен ципрофлоксацинді бірге тағайындау кезінде пайда/қауіп қатынасын ескеру қажет.

Агомелатин

Флувоксамин P450 цитохромының CYP1А2 изоферментінің күшті тежегіші ретінде агомелатин метаболизмін тежейді, бұл агомелатин әсерінің 60 есе артуына әкеледі. Р450 цитохромының CYP1А2 изоферментінің орташа тежегіші ципрофлоксацинмен өзара әрекеттесуі туралы клиникалық деректер жоқ. CYP450 1A2 орташа тежегіші ципрофлоксацинмен ықтимал өзара әрекеттесу туралы клиникалық деректер жоқ болса да, бірлесіп қолданған кезде мұндай әрекеттерді күтуге болады.

Золпидем

Ципрофлоксацин мен золпидемді бірге қолдану золпидемнің қандағы концентрациясын арттыруы мүмкін, сондықтан бірге қолдану ұсынылмайды.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Доза инфекцияның қолданылуы, ауырлығы мен локализациясы, патогендік микроорганизмдердің ципрофлоксацинге сезімталдығы, пациенттің бүйрек функциясы, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдердегі дене салмағы бойынша анықталады.

Емдеу ұзақтығы аурудың ауырлығына және оның клиникалық және бактериологиялық ағымына байланысты.

Белгілі бір бактериялар тудыратын инфекцияларды емдеуде (мысалы, Pseudomonas aeruginosa, Acinetobacter немесе Staphylococcus) ципрофлоксациннің жоғары дозалары және басқа тиісті бактерияға қарсы дәрілермен бірге қолдану қажет болуы мүмкін.

Кейбір инфекцияларды (мысалы, кіші жамбас ағзаларының қабыну аурулары, интраабдоминальді инфекциялар, нейтропениясы бар пациенттердегі инфекциялар және сүйек пен буын инфекциялары) емдеу кезінде қоздырғыштарға байланысты басқа тиісті бактерияға қарсы дәрілермен бірге қолдануды қажет етуі мүмкін.

Ересектер

Шығарылу түрі

10 таблеткадан (250 мг доза үшін) және 5 таблеткадан (500 мг доза үшін) поливинилхлоридті үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

1 пішінді ұяшықты қаптамадан (10 таблетка), 2 пішінді ұяшықты қаптамадан (5 таблетка) қазақ және орыс тілдерінде медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулығымен картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыципрофлоксацин таблеткалары 500 мг №10 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube