daribar logo
Каталог
search-icon
Город
Қаз
Аптекам
Консультация

Корзина

Таразе қаласындағы Дюфалак Сиропы 667 Г/л 15 Мл №10 | Abbott Biologicals B.V.

Таразе қаласындағы Дюфалак Сиропы 667 Г/л 15 Мл №10 | Abbott Biologicals B.V.

Другие сервисы или самому

disadvantage

Не гарантируют цену и наличие товара

disadvantage

Товар могут раскупить

disadvantage

Нет бонусов от Daribar

disadvantage
Бесплатно

С заказом в Daribar

disadvantage

Проверим наличие и цену за 5-15 минут

disadvantage

Доставка или бронь на 24 часа

disadvantage

Бонусы от Daribar

disadvantage
Описание:

Түссізден қоңыр-сары түске дейін мөлдір тұтқыр сұйықтық

Международное наименование:

Лактулоза

Производитель:

Abbott Biologicals B.V.

Страна производитель:

Нидерланды

Дозировка активного вещества:

667 г/л

Лекарственная форма:

Шәрбат 667 г/л

Количество в упаковке:

10 шт

Аналоги

Инструкция

Показания к применению

іш қатуда (жуан ішектің физиологиялық ырғағын реттеу)

медициналық мақсатта нәжістің жұмсаруын қажет ететін жағдайларда (геморрой, жуан ішек және перианальды аумаққа жасалған операциядан кейінгі жағдайлар)

бауыр энцефалопатиясында (бауыр комасын немесе прекомасын емдеу және профилактикасы)

Противопоказания

лактулозаға немесе кез келген басқа ингредиентке аса жоғары сезімталдық

галактоземия

ішек бітелісі, асқазан-ішек жолдарының тесілуі немесе тесілу қаупі

фруктозаның тұқым қуалайтын жақпаушылығы, Lapp-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдарға

Меры предосторожности

Осы бөлімде көрсетілген жағдайлар болса, препаратты қолданар алдында дәрігерге жүгіну керек.

- емдеу басталғанға дейін іштің анық емес ауыру симптомдарында

- бірнеше күн емдеуден кейінгі жеткіліксіз терапиялық әсерде.

Әдетте іш қату кезінде пайдаланылатын доза қант диабеті бар науқастар үшін проблема болмауы тиіс. Бауыр прекомасын және комасын емдеу үшін қолданылатын доза әдетте, едәуір жоғары, мұны қант диабеті бар пациенттерге ескерген жөн.

Түзетілмеген дозаны ұзақ қабылдау және препаратты дұрыс қолданбау диареяға және электролиттік теңгерімнің бұзылуына әкеп соғады.

Дюфалак® препаратының құрамында лактоза, галактоза және аз мөлшерде фруктоза бар. Сөйтіп, галактоза немесе фруктоза жақпаушылығы, лактаза тапшылығы синдромы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбция синдромы сияқты сирек тұқым қуалайтын аурулардан зардап шегетін пациенттерге Дюфалак® препаратын қабылдамауы тиіс.

Дюфалак® препаратында өндіріс үдерісінде түзілетін сульфит іздері болуы мүмкін. Сирек жағдайларда сульфиттер аса жоғары сезімталдықтың ауыр реакцияларын, соның ішінде бронх түйілуін дамытуы мүмкін.

Гастрокардиальді синдромы (Ремхельд синдромы) бар пациенттерге лактулозаны дәрігермен кеңескеннен кейін ғана қолдану керек. Егер лактулозаны қабылдағаннан кейін бұл пациенттерде метеоризм немесе іштің кебуі сияқты симптомдар пайда болса, дозаны азайту немесе препаратты қабылдауды тоқтату керек. Бөгелетін клизма түрінде енгізгенде күшті тазалағыш әсерінен нәжісті ұстай алмау, еріксіз нәжіс шығару, сондай-ақ нәжіс қышқыл болуына орай перианальді тітіркену орын алуы мүмкін. Пациенттің сұйықтық жоғалтуының орнын толтыру жағдайын мұқият қадағалау қажет.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Дәрілік өзара әрекеттесуді зерттеу бойынша арнайы зерттеулер жүргізілген жоқ.

Лактулоза дәрілік препараттарды (мысалы, тиазидтер, кортикостероидтар және амфотерицин В) бір мезгілде қабылдаудан туындаған калийдің жоғалуын арттыруы мүмкін. Жүрек гликозидтерімен бір мезгілде қолданған кезде калий тапшылығына байланысты гликозидтерге сезімталдық жоғарылауы мүмкін.

Арнайы ескертулер

Педиатрияда қолдану

Балаларды емдеу кезінде іш жүргізетін дәрілер ерекше жағдайларда және дәрігердің бақылауымен қолданылуы керек.

Емдеу кезінде нәжіс шығару рефлексінің бұзылуы орын алуы мүмкіндігін ескерген жөн.

Жүктілік және лактация кезінде

Дюфалак® препаратын жүктілік кезеңінде қолданғанда шаранаға әсер етпейді деп болжанады, өйткені лактулозаның жүйелі әсері мардымсыз. Дюфалак® препаратын жүктілік кезінде қолдануға болады.

Дюфалак® препаратын бала емізу кезеңінде қабылдағанда балаға әсер етпейді деп болжанады, өйткені лактулозаның жүйелі әсері шамалы.

Дюфалак® препаратын бала емізетін әйелдерде қолдануға болады.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Дюфалак® препараты көлікті және ықтимал қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді немесе аз әсер етеді.

Взаимодействие

Дәрілік өзара әрекеттесуді зерттеу бойынша арнайы зерттеулер жүргізілген жоқ.

Лактулоза дәрілік препараттарды (мысалы, тиазидтер, кортикостероидтар және амфотерицин В) бір мезгілде қабылдаудан туындаған калийдің жоғалуын арттыруы мүмкін. Жүрек гликозидтерімен бір мезгілде қолданған кезде калий тапшылығына байланысты гликозидтерге сезімталдық жоғарылауы мүмкін.

Арнайы ескертулер

Педиатрияда қолдану

Балаларды емдеу кезінде іш жүргізетін дәрілер ерекше жағдайларда және дәрігердің бақылауымен қолданылуы керек.

Емдеу кезінде нәжіс шығару рефлексінің бұзылуы орын алуы мүмкіндігін ескерген жөн.

Жүктілік және лактация кезінде

Дюфалак® препаратын жүктілік кезеңінде қолданғанда шаранаға әсер етпейді деп болжанады, өйткені лактулозаның жүйелі әсері мардымсыз. Дюфалак® препаратын жүктілік кезінде қолдануға болады.

Дюфалак® препаратын бала емізу кезеңінде қабылдағанда балаға әсер етпейді деп болжанады, өйткені лактулозаның жүйелі әсері шамалы.

Дюфалак® препаратын бала емізетін әйелдерде қолдануға болады.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Дюфалак® препараты көлікті және ықтимал қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді немесе аз әсер етеді.

Рекомендации по применению

Дюфалак® препараты, ішуге арналған шәрбатты сұйылтылған немесе сұйылтылмаған түрде қабылдауға болады. Препараттың дозалануын пациенттің жеке қажеттіліктеріне қарай таңдайды. Бір реттік дозаны ауызда ұзақ ұстап тұрмай, бірден жұту керек.

Егер препаратты бір рет қабылдау ұсынылған болса, онда тәуліктік дозаны бір мезгілде, мысалы таңертеңгі ас ішу кезінде қабылдау керек. Іш жүргізетіндерді қабылдау кезінде сұйықтықтың жеткілікті 1.5-2.0 л дейін мөлшерін  немесе күніне 6-8 стақан суды ішу ұсынылады.

Дозалау режимі

Іш қатуларды емдеу және медициналық мақсатта нәжісті жұмсарту үшін

Дюфалак® препаратының тәуліктік дозасын бір рет қабылдауға немесе екі қабылдауға бөлуге болады. Емді бастағаннан кейін бірнеше күннен соң бастапқы доза емдік әсеріне байланысты демеуші дозаға дейін түзетілуі керек. Емдік әсерін дамыту үшін 2-3 күн қажет болуы мүмкін.

Дюфалак® препаратын бір реттік дозасы 15 мл құтыларда немесе пакеттерде:

* Егер демеуші доза 15 мл-ден аз болса, Дюфалак® препаратын құтыда қолданған жөн.

Бауыр комасын және прекоманы  емдеуде (тек ересектерге арналған):

Бастапқы доза 30-45 мл-ден күніне 3-4 рет. Бұл доза күніне 2-3 рет жұмсақ нәжіс жүретіндей демеуші дозаға дейін түзетілуі керек.

Нәжістің қышқылдығы рН 5.0-5.5 аралығында болуы ұсынылады.

Ректальді енгізу үшін.

Ауыр жағдайларда (кома алды немесе кома сатысы) Дюфалак® препараты бөгелетін клизма (300 мл Дюфалак®препараты/700 мл су) ретінде енгізілуі мүмкін.

Бауыр энцефалопатиясы бар балалар

Препараттың бауыр комасы және прекомасы бар балаларға (18 жасқа дейінгі) қолданудың қауіпсіздігі және тиімділігі анықталмаған. Деректер жоқ.

Егде жастағы пациенттер және бүйрек немесе бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер

Дозалануына қатысты арнайы ұсыныстар жоқ, өйткені лактулозаның жүйелі әсері  мардымсыз.

Енгізу әдісі мен жолы

Ішуге арналған.

Дюфалак® препаратын құтыда қабылдаған кезде өлшеуіш қалпақшаны пайдалануға болады.

Дюфалак® препаратын бір реттік дозасы 15 мл стик-пакеттерде қолданған кезде стик-пакеттің бұрышын жыртып, ішіндегісін бірден ішу қажет.

Ректальді енгізу үшін.

Клизма 30-60 минут бойы бөгеліп тұруы, дәрілік затты оральді қабылданғанша процедура әрбір 4-6 сағат сайын қайталануы керек.

Балалар

Бауыр комасы және прекомасы бар балаларда (0-18 жас) препараттың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Деректер жоқ.

Егде жастағы пациенттер және бүйрек немесе бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер

Дозалануына қатысты арнайы ұсыныстар жоқ, өйткені лактулозаның жүйелі әсері  мардымсыз.

Егер доза тым жоғары болса, мыналар орын алуы мүмкін:

Симптомдары: іштің ауыруы және диарея.

Емі: препаратты қабылдауды тоқтату немесе дозасын төмендету. Диарея немесе құсудың нәтижесінде сұйықтықты көп жоғалту электролиттік теңгерімді түзетуді қажет етуі мүмкін.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіну үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға  бару жөнінде нұсқаулар

Препаратты қолдану туралы сұрақтар туындаған жағдайда емдеуші дәрігерге қаралыңыз.

ДП стандартты қолданған кезде байқалатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдауға тиісті шаралар

Емдеудің алғашқы күндері метеоризм болуы мүмкін. Әдетте, ол бірнеше күннен соң өтеді. Нұсқаулықта ұсынылғаннан аса жоғары дозаларда, іштің ауыруы және диарея дамуы мүмкін. Мұндай жағдайларда дозаны төмендету қажет.

Ұзақ уақыт бойы жоғары дозаларды қолданған жағдайда бауыр энцефалопатиясын емдегенде пациенттерде диарея салдарынан электролиттік теңгерімнің бұзылуы дамуы мүмкін.

Өте жиі

- диарея

Жиі

- метеоризм, іштің ауыруы, жүрек айнуы, құсу

Жиі емес

- диарея салдарынан электролиттік теңгерімнің бұзылуы

Жиілігі белгісіз

- аса жоғары сезімталдық

- бөртпе, терінің қышынуы, есекжем, эритема

Препаратты балаларға қолданғанда ересектермен салыстырғанда қауіпсіздіктің ұқсас бейіні күтіледі.

Форма выпуска

200 мл, 500 мл және 1000 мл препараттан полиэтиленнен жасалған құтыларға салынған. Қақпақтың үстіне полипропиленнен жасалған өлшеуіш қалпақша кигізіледі. Құтыға медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулығы бар  заттаңба жапсырады.

15 мл препараттан стик-пакеттерге салынады.

10 стик-пакеттен медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Баламалы қаптама.

200 мл, 500 мл және 1000 мл препараттан полиэтиленнен жасалған құтыларға салынған. Қақпақтың үстіне полипропиленнен жасалған өлшеуіш қалпақша кигізіледі. 1 құтыдан қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшада.

Условия хранения

Қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Срок годности

3 жыл

Сақтау шарттары сақталған жағдайда жарамдылық мерзімі ішінде құтыны ашқаннан кейін түпнұсқалық қаптамада болады (құты үшін).

Қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Объем

15 мл

Детали покупки

Оплата

При выборе доставки, вы можете оплатить ваш заказ на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay или Google Pay. При выборе самовывоза вы можете оплатить заказ в определенных аптеках с помощью Kaspi QR, карты или наличными либо на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay, Google Pay.

Доставка

Доставка осуществляется в городах Алматы, Астане, Шымкенте, Караганде по тарифам служб доставки Яндекс и Choco, а также в другие города Казахстана по тарифам службы доставки Avis или с помощью сервиса Indrive. Все службы доставки, помимо Choco, доступны круглосуточно. Доставка Choco доступна до 01:20 в Алматы, до 00:50 в Астане, до 23:00 в Шымкенте и Караганде.

Возврат

В соответствии с законодательством, по общему правилу, лекарственные средства и медицинские изделия не подлежат возврату и обмену. Для уточнения информации, обратитесь в нашу службу поддержки.

Качество и забота о клиентах на Daribar.kz

На нашем сайте доступна покупкаДюфалак сиропы 667 г/л 15 мл №10 онлайн в аптеках города . по конкурентоспособным ценам.

Бесплатная консультация фармацевта и возможность выбора ближайшей к Вам аптеки. Простая система проверки наличия в аптеках и удобное сравнение цен. Страница продукта содержит подробные справочные материалы и указания по применению.

Проверено

Провизор

Каражанова Айгерим

Стаж: 6 лет
ОбразованиеКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Метод проверкиПроверено на соответствие официальной информации NDDA
Действителен до: Май 2025
Не является врачебной рекомедацией, служит как справочная информация

Приложение

Следите за нами

Instagram

TikTok

YouTube