daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Таразе қаласындағы Домрид Таблеткалары 10мг №30 | ООО Кусум Фарм

Таразе қаласындағы Домрид Таблеткалары 10мг №30 | ООО Кусум Фарм

Басқа сервистер немесе өзіңіз

disadvantage

Тауардың қолжетімділігі мен бағасын кепілдемейді

disadvantage

Тауар тез таусылып қалуы мүмкін

disadvantage

Daribar бонустары жоқ

disadvantage
Тегін

Daribar-дан тапсырыс бергенде

disadvantage

5–15 минут ішінде тауардың қолжетімділігі мен бағасын тексереміз

disadvantage

Жеткізу немесе 24 сағатқа брондау

disadvantage

Daribar-дың бонустары

disadvantage
Сипаттама:

Дөңгелек пішінді, екі беті дөңес, ақ түсті қабықпен қапталған таблеткалар.

Халықаралық атауы:

Домперидон

Өндіруші:

ООО Кусум Фарм

Өндіруші ел:

Украина

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: натрий кроскармеллозасы, микрокристалды целлюлоза, магний стеараты, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы; қабықтың құрамы Opadry II 31G58920 ақ: гипромеллоза, лактоза моногидраты, титанның қостотығы (Е171), полиэтиленгликоль, тальк.

Белсенді заттың дозасы:

10 мг

Дәрілік түрі:

Қабықпен қапталған таблеткалар, 10 мг

Қаптамадағы саны:

30 шт.

Аналогтары

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

- жүрек айнуы мен құсу симптомдарын жеңілдету

Қарсы көрсеткіштер

Домперидонға немесе қосымша заттардың кез-келгеніне аса жоғары сезімталдық;

гипофиздің пролактин-секреттелетін ісігі (пролактинома);

асқазан моторикасын ынталандыру қауіпті болуы мүмкін кез-келген жағдайда, мысалы, асқазан-ішектен қан кеткен, механикалық обструкция немесе тесілу болған кезде;

бауыр жеткіліксіздігінің ауыр және орташа дәрежесі;

жүрек өткізгіштігі, ішінара QT аралықтарының диагностикаланған ұзаруы, электролиттік теңгерімнің едәуір бұзылуы немесе жүрек ауруларымен, мысалы, іркілген жүрек жеткіліксіздігімен ауыратын пациенттерге;

апоморфинді қоспағанда, QT аралығын ұзартатын басқа препараттармен бір мезгілде қолдану;

CYP3A4 күшті әсер етуші тежегіштерімен бір мезгілде қолдану (олардың QT аралығын ұзарту қабілетіне қарамастан);

тұқым қуалайтын галактоза көтере алмайтын, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдарға;

жүктілік және лактация кезеңі;

12 жасқа дейінгі балалар.

Арнайы нұсқаулар

Домперидонды шайқалу кезіндегі симптомдарын жеңілдету үшін пайдалану ұсынылмайды.

Бүйрек функциясының бұзылуы

Домперидонның жартылай шығарылу кезеңі бүйрек функциясының ауыр бұзылуы кезінде ұзарады. Қайталап қолданған кезде қабылдау жиілігін бұзылулардың ауырлығына байланысты тәулігіне 1-2 есеге дейін төмендету қажет. Дозаны төмендетудің қажет болуы мүмкін.

Жүрек-қантамыр жүйесіне әсері

Домперидонды қолдану ЭКГ-ға QT аралығының ұзаруымен байланысты. Маркетингтен кейінгі бақылау жүргізудің барысында домперидонды қабылдайтын пациенттерде QT, Torsades de pointes аралығының ұзаруы жағдайлары туралы өте сирек хабарламалар алынды. Бұл жағдайларға ықпал ететін факторларының болуы мүмкін, аралас қауіп факторлары, электролиттік теңгерімі бұзылған және қатарлас ем алған пациенттер кірді.

Эпидемиологиялық зерттеулер домперидонды қолдану қарыншалық аритмия мен кенеттен жүректен қайтыс болу қаупінің жоғарылауымен байланысты екенін көрсетті. Күн сайын 30 мг-ден астам домперидонды қабылдайтын, QT аралығының ұзаруының белгілі қауіп факторы бар басқа дәрілік заттарды немесе CYP3A4 күшті тежегіштерін бір мезгілде қабылдайтын 60 жастан асқан пациенттерде қауіптің жоғарылығы байқалды.

60 жастан асқан пациенттер домперидонды қабылдамас бұрын дәрігермен кеңесуі керек.

Домперидонды ең аз тиімді дозада қабылдау керек.

Домперидонды жүрек өткізгіштік аралықтарының диагностикалық ұзаруы бар, атап айтқанда QT, электролиттік теңгерімнің елеулі бұзылулары (гипокалиемия, гиперкалиемия, гипомагниемия) немесе брадикардиясы бар пациенттерге, қарыншалық аритмияның жоғары даму қаупінің салдарынан іркілісті жүрек жеткіліксіздігі сияқты жүрек аурулары бар пациенттерде қолдануға болмайды. Электролиттік теңгерімнің бұзылуы (гипокалиемия, гиперкалиемия, гипомагниемия), брадикардия проаритмиялық қауіпті арттыратын факторлар болып табылады.

Егер пациентте жүрек аритмиясымен астасуы мүмкін белгілер немесе симптомдар байқалса, домперидонмен емдеуді тоқтату қажет. Пациенттің дәрігермен кеңесуі керек.

Пациентке кез келген жүрек симптомдарының дамуы туралы дәрігерге дереу хабарлауды ұсыну керек.

Апоморфинмен қолдану

Домперидонды біріктіріп қолданудың пайдасы қауіптен асатын жағдайларды қоспағанда және бірлесіп қолдану жөніндегі ұсынылатын шараларды қатаң сақтаған жағдайда ғана апоморфинді қоса алғанда, QT аралығын ұзартатын дәрілік заттармен бірге қолдануға болмайды. Апоморфинді қолдану қауіпсіздігі жөніндегі оның жалпы сипаттамасындағы немесе медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықтағы ұсынымдарды ескеру керек.

Қосымша заттар

Препараттың құрамында лактоза моногидраты бар, сондықтан тұқым қуалайтын галактоза көтере алмайтын, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдарға қолдануға болмайды.

Жүктілік және лактация кезеңі

Домперидонды жүкті әйелдерде қолдану туралы деректер жеткіліксіз. Осылайша, ДОМРИД® жүктілік кезінде күтілетін емдік пайданың оның тағайындалуын ақтаған кезде ғана қолдану керек.

Домперидон емшек сүтімен шығарылады, бала анасының дозасының 0,1% - ынан аз мөлшерін алады. Егер емізетін ана домперидонды қабылдаса, балада, әсіресе жүрек-тамыр жүйесі тарапынан жағымсыз реакциялардың дамуын жоққа шығаруға болмайды. Бала үшін емшекпен емізудің артықшылығы мен әйел үшін домперидонмен емдеудің пайдасын бағалай отырып, емшекпен емізуді тоқтату немесе домперидонды қабылдауды тоқтату/кідірту туралы шешімді қабылдау қажет. Егер емшек еметін балада QT аралығының ұзару қаупінің факторлары болса, сақтық таныту керек.

Дәрілік заттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді  басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Домперидонды қабылдағаннан кейін бастың айналуы және ұйқышылдық байқалды. Пациенттерге көлік құралын жүргізуден немесе күрделі механизмдерді пайдаланудан, сондай-ақ ДОМРИД® препаратын қабылдаудың оларға қандай дәрежеде әсер ететінін анықтағанға дейін ерекше зейінді және үйлесімділікті талап ететін қызметті орындаудан бас тарту керек.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Жүрек-қантамыр құбылыстарының даму қаупін төмендету үшін домперидонды ең аз тиімді дозада және жүректің айнуы мен құсуды бақылауға қажетті макималды қысқа мерзімде қолдану керек.

Ересектер және жасөспірімдер (дене салмағы 35 кг-нан жоғары 12 жастан асқан)

10 мг-ден – күніне 3 реттен артық емес. Ең жоғары тәуліктік дозасы 30 мг.

Балалар

12 жасқа дейінгі балаларда домперидонды қолданудың тиімділігі анықталмаған.

12 жастан асқан және дене салмағы 35 кг-нан кем жасөспірімдерде домперидонды қолданудың тиімділігі анықталмаған.

Егде жастағы пациенттер

Препаратты қабылдағанға дейін 60 жастан асқан пациенттерге дәрігермен кеңесу керек.

Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер

Ауыр және орташа дәрежедегі бауыр функциясының бұзылуы кезінде  домперидонды қолдануға болмайды.

Жеңіл дәрежедегі бауыр функциясының бұзылуында дозалау режимін түзету қажет етілмейді.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер

Домперидонның жартылай шығарылу кезеңі бүйрек функциясының ауыр бұзылуында ұзаратын болғандықтан, қайталап қолданған кезде қабылдау жиілігін бұзылудың ауырлығына байланысты күніне 1-2 ретке дейін төмендету қажет, сондай-ақ дозаны төмендетудің талап етілуі мүмкін. Ауыр дәрежедегі бүйрек функциясы бұзылған пациенттерге үнемі тексеріліп отыру керек.

Артық дозалану

Артық дозалану жағдайлары негізінен емшек еметін балаларда және үлкен жастағы балаларда байқалды.

Симптомдары

Артық дозалану симптомдарына қозу, сананың өзгеруі, құрысулар, бағыттан адасу, ұйқышылдық және экстрапирамидалық реакциялардың кіруі мүмкін.

Емі

Дәрілік заттың артық дозалануы кезінде пациентке дереу симптоматикалық емді тағайындау, QT аралығының ықтимал ұзаруының салдарынан ЭКГ мониторингін жүргізу қажет. Домперидонның ерекше антидоты жоқ, бірақ едәуір артық дозалану кезінде асқазанды бір сағат бойы шайып, белсендірілген көмірді ішу керек, сондай-ақ пациентті мұқият бақылауға және ем қолдану ұсынылады. Антихолинергиялық препараттар, Паркинсон ауруын емдеуге арналған препараттар экстрапирамидалық реакцияларды бақылау үшін тиімді болуы мүмкін.

Шығарылу түрі

10 таблеткадан поливинилхлоридті/поливинилиденхлоридті (ПВХ/ПВдХ) және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.

1 немесе 3 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Жарамдылық мерзімі

4 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

Тараз қаласындағы «Домрид таблеткалары 10мг №30» бағасының өзгеру диаграммасы

0600120018002400300008-0313-0318-0323-0328-032-047-0412-0417-0422-0427-042-057-0512-0517-0522-0527-051-066-0611-0616-0621-0626-061-07
Орташа баға
Ең төменгі баға

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыДомрид таблеткалары 10мг №30 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube