Қолдану көрсеткіштері
Емдеу көрсетілімдері спирамициннің бактерияға қарсы белсенділігі мен фармакокинетикалық қасиеттеріне негізделген. Көрсетілімдер аталған дәрілік препарат бойынша орындалған клиникалық зерттеулерді де, оның қазіргі кезде нарықтағы қолжетімді бактерияға қарсы дәрілердің ассортиментіндегі орындарын да ескере отырып келтірілген
Спирамицинді пайдалану, дәрілік затқа төзімді микроорганизмдерден туындаған инфекцияларды емдеумен шектеледі:
бета-лактаммен емдеуге балама ретінде А тобының бета-гемолиздік стрептококктан туындаған расталған тонзиллофарингитте, әсіресе бета лактамдарды қолдану мүмкін болмағанда
жедел синусит: аталған инфекциялардың микробиологиялық сипаттамалары есебінен макролидтерді пайдалану көрсетілген, бета-лактамдармен емдеу мүмкін емес жағдайда
жедел бронхиттің суперинфекциясы
созылмалы бронхиттің өршуі
субъектілердегі ауруханадан тыс пневмония:
қауіп факторлары жоқ
ауыр клиникалық симптомдары жоқ
шығу тегі пневмококктық екенін көрсететін клиникалық белгілері жоқ
Егер атипті пневмония болжанса, аурудың ауырлығына және анамнезге қарамастан макролидтерді тағайындау көрсетілген.
терінің қатерсіз инфекциялары: импетиго, импетигинизацияланған дерматоз, эктима, инфекциялық дермо-гиподермитте (әсіресе, тілме қабынуында), эритразма
ауыз қуысының инфекциясы
создық емес гениталий инфекциялары
бета-лактамдарға аллергиясы бар пациенттерде жедел ревматизмдік қызба қайталануларының химиопрофилактикасында
жүкті әйелдердегі токсоплазмоз
Бактерияға қарсы дәрілерді тиісінше пайдалануға қатысты ресми ұсынымдарды назарға алу қажет.