daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Таразе қаласындағы 15 Мл Мұрынға Арналған Спрей | ЛеКос ТОО

Таразе қаласындағы 15 Мл Мұрынға Арналған Спрей | ЛеКос ТОО

Басқа сервистер немесе өзіңіз

disadvantage

Тауардың қолжетімділігі мен бағасын кепілдемейді

disadvantage

Тауар тез таусылып қалуы мүмкін

disadvantage

Daribar бонустары жоқ

disadvantage
Тегін

Daribar-дан тапсырыс бергенде

disadvantage

5–15 минут ішінде тауардың қолжетімділігі мен бағасын тексереміз

disadvantage

Жеткізу немесе 24 сағатқа брондау

disadvantage

Daribar-дың бонустары

disadvantage
Сипаттама:

Мөлдір, түссіз немесе сарғыш ерітінді. Шығарылу түрі және қаптамасы 15 мл-ден полиэтилен құты-спрейге құйылады. Құты медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге алғашқы ашылуы бақыланатын картон қорапшаға салынады.

Өндіруші:

ЛеКос ТОО

Өндіруші ел:

Республика Казахстан

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: бор қышқылы, бензалконий хлориді ерітіндісі 50 % (100 % затқа шаққанда), пропиленгликоль, повидон (ПВП), натрий тетрабораты рН 4.8 – 6.8 дейін, инъекцияға арналған су. Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Мөлдір, түссіз немесе сарғыш ерітінді. Шығарылу түрі және қаптамасы 15 мл-ден полиэтилен құты-спрейге құйылады. Құты медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге алғашқы ашылуы бақыланатын картон қорапшаға салынады.

Дәрілік түрі:

Мұрынға арналған спрей, 15 мл

Қаптамадағы саны:

1 шт.
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

- ринит (оның ішінде инфекциялық-қабыну, этиологиясы аллергиялық)

- жедел ринофарингит

- жедел және созылмалы синуситтер (секрет шығуын жеңілдету үшін, оның ішінде этиологиясы аллергиялық)

Қарсы көрсеткіштер

- әсер етуші заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- жабық бұрышты глаукома

- атрофиялық ринит («құрғақ» ринит - секрет бөлінбейтін мұрын жолдары шырышының қабынуы )

- моноаминооксидаза тежегіштерін және артериялық қысымның жоғарылауына ықпал ететін басқа препараттарды қабылдайтын пациенттерге қолдануға болмайды

- жүктілік және лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балалар

Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары

Артериялық гипертензия, жүрек-қантамыр аурулары, айқын атеросклероз, тахикардия, гипертиреоз, қант диабеті, феохромоцитома кезінде препаратты сақтықпен тағайындау керек.

Препаратты ұзақ және жоғары дозаларда қолданбайды, себебі бұл көзішілік қысымның жоғарылауына, препарат әсерінің әлсіреуіне, сондай-ақ мұрын шырышты қабығының атрофиясына, дәрілік ринитпен реактивті гиперемияға, мұрын эпителийі функциясының зақымдануына және бұзылуына әкелуі мүмкін.

Қарқынды емнен немесе үздіксіз ұзақ емнен кейін СҮРЗА4 тежегіштерімен (ритонавир мен кобицистатты қоса алғанда) ем қабылдап жүрген пациенттерді қоса, бейімі бар пациенттерде Иценко-Кушинг синдромы және/немесе бүйрек үсті бездерінің бәсеңдеуі туындауы мүмкін. Мұндай жағдайларда препаратты дереу емес, біртіндеп тоқтату керек.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Препаратты басқа тамырды тарылтатын дәрілермен (енгізу тәсіліне қарамастан) бір уақытта қолданған кезде жағымсыз әсерлердің өзара күшеюі мүмкін.

Оксиметазолин жергілікті жансыздандыратын дәрілердің сіңуін баяулатады және олардың әсерін ұзартады.

Препаратпен елеулі артық дозалану кезінде трициклді антидепрессанттарды қолдану аясында артериялық қысымның жоғарылуы байқалуы мүмкін, МАО тежегіштерімен препараттардың ОЖЖ-ға әсері күшеюі ықтимал.

Дексаметазон фенитоиннің, барбитураттар және варфариннің әсерін күшейтуі мүмкін. CYP3A4 изоферментіне индукциялаушы әсерінен кальций өзекшелері блокаторлары, хинидин және эритромициннің тиімділігін төмендетеді.

М-холиноблокаторлармен (антигистаминдік препараттарды, трициклді антидепрессанттарды қоса), нитраттармен бір мезгілде тағайындау көзішілік қысым жоғарылауының дамуына ықпал етеді.

Ритонавир мен кобицистатты қоса алғанда, СҮРЗА4 тежегіштері жүйелі әсер ету деңгейін арттыруға қабілетті, бұл бүйрек үсті бездері функциясының бәсеңдеуі/Кушинг синдромы даму қаупінің ұлғаюына әкеледі («Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары» бөлімін қараңыз). Қолайлы әсері кортикостероидтардың жүйелі жағымсыз әсерлерінің даму қаупінің жоғарылауынан асатын жағдайларды қоспағанда, осы препараттарды біріктіруден аулақ болу керек, бірақ бұл жағдайда пациент кортикостероидтардың жүйелі әсерінің туындауына мұқият бақылауда болуы тиіс.

Арнайы ескертулер

Педиатрияда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балаларда дәрілік заттың тиімділігі мен қауіпсіздігі жөнінде деректер жоқ.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Препарат жүкті әйелдер мен бала емізетін аналарда қолдануға арналмаған.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Ұсынылғаннан асатын дозада препаратты ұзақ қолданғанда жүрек-қантамыр жүйесіне жалпы әсерін жоққа шығаруға болмайды. Мұндай жағдайларда көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілеті төмендеуі мүмкін.

Өзара әрекеттесуі

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалану режимі

Қолдану ұзақтығы зақымдану типіне және емдік жауабына байланысты болады.

Ересектерге әрбір мұрын қуысына күніне 2 рет 1-2 бүркуден тағайындайды.

Емдеу курсының ұзақтығын емдеуші дәрігер анықтайды.

Енгізу әдісі және жолы

Интраназальді қолдану үшін.

Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар

Әдеттегі жергілікті қолдану режимінде артық дозалану ықтималдығы аз.

Симптомдары: елеулі артық дозалану немесе ішке қабылдау кезінде көз қарашығының тарылуы, жүрек айну, құсу, цианоз, дене температурасының жоғарылуы, тахикардия, аритмия, тамыр жеткіліксіздігі, артериялық гипертензия, тыныс алу бұзылыстары, өкпенің ісінуі, ұйқышылдық, дене температурасының төмендеуі, брадикардия, артериялық гипотензия, тыныс алудың тоқтауы және команың дамуы, жүректің тоқтауы мүмкін.

Кездейсоқ артық дозалану кезінде препарат қолдануды тоқтатып және дереу дәрігерге қаралу керек.

Емі: асқазанды шаю, белсендірілген көмір қабылдау, симптоматикалық ем.

Ауыр жағдайларда фентоламин енгізу, интубация және жасанды тыныс алу қажет болуы мүмкін.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі кеңестер

Осы дәрілік препаратты қолдану бойынша қосымша сұрақтар туындаған жағдайда кеңес алу үшін дәрігерге немесе фармацевтке жүгіну керек.

Артық дозалану

Жанама әсерлері

Жиі

- мұрын шырышты қабығын күйдіру немесе құрғату сезімі

- түшкіру

Жиі емес

- тахикардия, жоғары дозада ұзақ қолданған кезде қан қысымының артуы

Сирек

- бас ауыруы

- ұйқысыздық

- мұрын бітелуін сезіну

Белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)

- Иценко-Кушинг синдромы, бүйрек үсті безінің жеткіліксіздігі

Жүйелік жағымсыз әсерлер тек қана адреномиметиктерге жоғары сезімталдығы бар адамдарда болуы мүмкін.

Шығарылу түрі

15 мл-ден полиэтилен құты-спрейге құйылады. Құты медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге алғашқы ашылуы бақыланатын картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 15 С-ден 25 С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл

Құтыны ашқаннан кейін препараттың сақтау мерзімі - 4 апта.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 15 С-ден 25 С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Көлемі

15 мл

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға болады15 мл мұрынға арналған спрей дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube