daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Таразе қаласындағы Фенибут Таблеткалары 250 Мг №20 | ФГУП «Московский эндокринный завод»

Таразе қаласындағы Фенибут Таблеткалары 250 Мг №20 | ФГУП «Московский эндокринный завод»

Басқа сервистер немесе өзіңіз

disadvantage

Тауардың қолжетімділігі мен бағасын кепілдемейді

disadvantage

Тауар тез таусылып қалуы мүмкін

disadvantage

Daribar бонустары жоқ

disadvantage
Тегін

Daribar-дан тапсырыс бергенде

disadvantage

5–15 минут ішінде тауардың қолжетімділігі мен бағасын тексереміз

disadvantage

24 сағатқа брондау

disadvantage

Daribar-дың бонустары

disadvantage
Сипаттама:

Ақ немесе сәл сарғыш реңді ақ түсті жайпақ цилиндр пішінді, бір жағында сызығы мен ойығы бар таблеткалар.

Өндіруші:

ФГУП «Московский эндокринный завод»

Өндіруші ел:

Россия

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: лактоза моногидраты, картоп крахмалы, повидон К-17 типі (медициналық төмен молекулалық поливинилпирролидон), кальций стеараты моногидраты. Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Ақ немесе сәл сарғыш реңді ақ түсті жайпақ цилиндр пішінді, бір жағында сызығы мен ойығы бар таблеткалар.

Белсенді заттың дозасы:

250 мг

Қаптамадағы саны:

20 шт

Аналогтары

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

– астениялық және үрейлі-невроздық жағдайлар

– 8 жастан асқан балаларда тұтығу, тартылулар және энурезді емдеу

– егде жастағы адамдарда ұйқысыздық және түнгі үрейлену

– Меньер ауруы, шығу тегі әртүрлі вестибулярлық анализаторлар дисфункциясымен байланысты бас айналуы

– кинетоз кезінде шайқалудың профилактикасы

– алкогольдік абстинентті синдромды емдеуде кешенді ем құрамында

Қарсы көрсеткіштер

фенибутқа немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Lapp(ЛАПП)-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы

жүктілік және бала емізу кезеңі

8 жасқа дейінгі балалар

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Емдеуші дәрігерге басқа препараттар қабылдағаныңыз, жақында қабылдағаныңыз немесе қабылдауды бастауыңыз мүмкін екенін айтыңыз.

Фенибут препаратының және онымен үйлесетін дәрілік заттардың дозасын азайту арқылы Фенибутты психотропты препараттармен біріктіруге болады.

Препарат ұйықтататын дәрінің, есірткі анальгетиктерінің, нейролептиктердің, паркинсонизмге қарсы және эпилепсияға қарсы дәрілік заттардың әсерін ұзартады және күшейтеді.

Арнайы ескертулер

Асқазан-ішек жолының эрозиялық-ойық жаралы зақымданулары бар пациенттерге препаратты қолданған кезде сақ болу керек. Бұл пациенттерге препараттың аз дозалары тағайындалады.

Ұзақ қолданған кезде (2-3 аптадан астам) бауыр мен шеткері қан функциясының көрсеткіштерін 2-3 апта сайын бақылау қажет.

Педиатрияда қолдану

Препарат 8 жасқа дейінгі балаларда қолданылмайды.

Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде қолданылуы

Бауыр функциясы бұзылған пациенттерге Фенибут препаратының жоғары дозалары бауырға уытты әсер етуі мүмкін. Осы топтағы пациенттер ең аз тиімді дозаны қабылдауы керек.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде қолданылуы

Дәрілік затты терапиялық дозаларда қабылдау кезінде бүйрек функциясы бұзылған пациенттерге Фенибут препаратының жағымсыз әсері туралы деректер жоқ.

Жүктілік немесе лактация кезінде қолдану

Жүктілік және емшек емізу кезеңінде қолдану ұсынылмайды, өйткені клиникалық бақылаулар жеткіліксіз.

Жануарларға жүргізілген эксперименттік зерттеулерде препараттың мутагендік, тератогендік және эмбриоуытты әсері анықталмаған.

Фертильділік

Фенибуттың фертильділікке әсері туралы ақпарат жоқ.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Көлік құралдарын басқарудан және аса зейін қоюды және психомоторлық реакциялардың жылдамдығын талап ететін аса қауіпті қызмет түрлерімен айналысудан бас тарту қажет, өйткені кейбір пациенттерде ұйқышылдық және бас айналуы сияқты орталық жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар байқалуы мүмкін.

Қосымша заттарға қатысты айрықша нұсқаулар

Тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Lapp(ЛАПП)-лактаза ферментінің тапшылығы, препарат құрамында лактоза моногидратының болуына байланысты глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдарға қолдануға болмайды. Егер Сізге кейбір қанттар жақпаса, препаратты қабылдағанға дейін дәрігерге хабарлаңыз.

Өзара әрекеттесуі

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Астениялық және үрейлі-невроздық жағдайлар

Күніне 3 рет 250-500 мг. Ең жоғары бір реттік доза – 750 мг, 60 жастан асқан пациенттер үшін – 500 мг. Емдеу курсы 2-3 апта. Қажет болса, емдеу курсын 4-6 аптаға дейін ұзартуға болады.

Егде жастағыпациенттердегі ұйқысыздық және түнгі мазасыздық

Күніне 3 рет 250-500 мг.

Меньер ауруы және шығу тегі әртүрлі вестибулярлық анализаторлар дисфункциясымен байланысты бас айналуы

Шығу тегі инфекциялық вестибулярлық анализатор дисфункциясында және Меньер ауруының өршу кезеңінде: 5-7 күн ішінде күніне 3-4 рет 750 мг, содан кейін 5-7 күн ішінде күніне 3 рет 250-500 мг, содан кейін 5 күн ішінде күніне 1 рет 250 мг.

Аурудың жеңіл ағымында 250 мг күніне 2 рет 5-7 күн, содан кейін 250 мг күніне 1 рет 7-10 күн ішінде қабылданады.

Шығу тегі тамырлық және жарақаттық вестибулярлық анализатор дисфункциясы кезінде бас айналуды емдеу үшін: 12 күн бойы күніне 3 рет 250 мг.

Кинетоз кезінде шайқалудың профилактикасы

Болжамды бас айналуы басталудан 1 сағат бұрын немесе бас айналуының алғашқы симптомдары пайда болғанда бір рет 250-500 мг. Фенибуттың бас айналуына қарсы әсері препарат дозасының жоғарылауымен күшейеді. Қозғалыс ауруының айқын көріністері («тоқтаусыз» құсу және т.б.) пайда болған кезде фенибутты ішке тағайындау тіпті 750-1000 мг дозада да тиімсіз.

Алкогольдік абстинентті синдромды емдеуде кешенді ем құрамында

Күндіз емдеудің алғашқы күндерінде 250-500 мг күніне 3 рет және түнде 750 мг, ересектер үшін күнделікті дозаны біртіндеп төмендетеді.

Пациенттердің ерекше топтары

Балалар

Астениялық және үрейлі-невроздық жағдайлар

8 жастан 14 жасқа дейінгі балаларға: күніне 3 рет 250 мг. 14 жастан асқан балаларға: осы көрсетілім бойынша ересектерге арналған дозаларды қараңыз. Емдеу курсының ұзақтығы 2-6 апта.

8 жастан асқан балалардағы тұтығу, тартылулар және энурез

8 жастан 14 жасқа дейінгі балаларға: күніне 2-3 рет 250 мг. 14 жастан асқан балаларға: күніне 3 рет 250-500 мг. Емдеу курсының ұзақтығы 2-6 апта.

Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер

Осы топтағы пациенттер ең аз тиімді дозаны қабылдауы керек.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер

Осы топтағы пациенттерге дозаны түзету талап етілмейді.

Енгізу жолы және тәсілі

Тамақтанғаннан кейін ішіп қабылдаңыз. Таблеткаларды екіге бөлуге болады.

Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажет шаралар

Симптомдары: қатты ұйқышылдық, жүрек айнуы, құсу, бауырдың майлы дистрофиясы (7000 мг артық қабылдау), эозинофилия, артериялық қысымның төмендеуі, бүйрек функциясының бұзылуы.

Емі: асқазанды шаю, белсендірілген көмір қабылдау, симптоматикалық ем жүргізу және өмірлік маңызды функцияларды демеу.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша нұсқаулар

Препаратты қолдану бойынша кез келген сұрақтар болған жағдайда дәрігерге қаралыңыз.

Шығарылу түрі

10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольга негізіндегі иілгіш қаптамадан немесе фольга негізіндегі біріктірілген материалдан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада. 2 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында (қорапшада), 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында (қорапшада), 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыФенибут таблеткалары 250 мг №20 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube