Қолдану көрсеткіштері
Флуконазол ересектерде келесі ауруларды емдеу үшін көрсетілген:
криптококкты менингит;
кокцидиоидомикоз;
инвазиялық кандидоз;
шырышты қабықтар кандидозы, оның ішінде орофарингеальді кандидоз, өңеш кандидозы, кандидурия және созылмалы тері-шырышты қабық кандидозы;
ауыз қуысының гигиенасын қадағалау немесе жергілікті емдеу жеткіліксіз болғанда ауыз қуысының созылмалы атрофиялық кандидозы (тіс протездерін салумен байланысты);
жергілікті емге қатысты емес жедел немесе қайталамалы қынаптық кандидоз;
жергілікті емге қатысты емес кандидозды баланит;
дерматомикоздар, оның ішінде жүйелі емдеу көрсетілген кездегі табан дерматофитиясы, тұтас дене дерматофитиясы, шап дерматофитиясы, түрлі-түсті теміреткі және тері кандидозы;
басқа препараттармен емдеуге болмайтын тырнақ дерматофитиясы (онихомикоз).
Флуконазол ересектерде келесі аурулардың профилактикасында
көрсетілген:
қайталану қаупі жоғары пациенттерде криптококкты менингит қайталанулары;
қайталану қаупі жоғары АИТВ инфекциясын жұқтырған пациенттерде орофарингеальді кандидоз және өңеш кандидозының қайталанулары;
қынаптық кандидоздың қайталану жиілігін (жылына 4 немесе одан көп көрініс) төмендету үшін;
нейтропения ұзаққа созылатын пациенттерде (химиялық ем алатын гемобластоздар бар пациенттер немесе гемопоэздік дің жасушаларының трансплантациясы жасалған пациенттер) кандидозды инфекциялар профилактикасы үшін.