Қолдану көрсеткіштері
Ересек пациенттерде мыналарды емдеу мақсатында қолданылады:
криптококкты менингит
кокцидиоидомикоз
инвазивті кандидоз
шырышты кандидоз, оның ішінде ауыз жұтқыншақ, өңеш кандидозы; кандидурия, созылмалы тері-шырыш кандидозы
ауыз қуысының жеткіліксіз гигиенасында немесе жергілікті емдеу жеткіліксіз болғандағы тіс протезін пайдалануға байланысты ауыз қуысының созылмалы атрофиялық кандидозы
жедел немесе қайталанған қынаптық кандидоз, жергілікті емдеу мүмкін болмағанда
кандидоздық баланит, жергілікті ем қолданылмайтын болғанда
дерматомикоздар, табан, аяқ, дене микоздарын қоса, түрлі-түсті теміреткі және тері кандидоздары, жүйелі емдеу көрсетілген кезде
тырнақ дерматофитиясы (онихомикоз), басқа препараттарды қолдануға болмайтын кезде
Ересек пациенттерде профилактика мақсатында қолданылады:
қайталанулар қаупі жоғары пациенттерде криптококкты менингит қайталанулары
қайталану қаупі жоғары АИТВ инфекцияланған пациенттерде ауыз жұтқыншақ және өңеш кандидозының қайталанулары
қынаптық кандидоздың қайталану жиілігін (жылына 4 немесе одан көп эпизодтар) азайту
ұзаққа созылатын нейтропениясы бар пациенттердегі кандидоздық инфекциялар профилактикасы (мысалы, химиялық емнен өтетін гематологиялық қатерлі жаңа түзілімдері бар пациенттерде немесе гемопоэздік діңді жасушалар трансплантациясы жасалған пациенттерде).
Емдеу бактериологиялық және басқа зертханалық зерттеулердің нәтижелерін алғанға дейін тағайындалуы мүмкін, алайда, бұл нәтижелер белгілі бола салысымен, инфекцияға қарсы емді алынған нәтижелерге сәйкес түзету керек.