daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Таразе қаласындағы 500 Мг №10 Таблетка Формасы | Реплек Фарм Лтд

Таразе қаласындағы 500 Мг №10 Таблетка Формасы | Реплек Фарм Лтд

Халықаралық атауы:

Ципрофлоксацин

Өндіруші:

Реплек Фарм Лтд

Өндіруші ел:

Федеративная Республика Германия

Белсенді ингредиент:

(ципрофлоксацинге баламалы 500,00 мг), қосымша заттар: жүгері крахмалы, микрокристалды целлюлоза, повидон, кросповидон, коллоидты сусыз кремний, тальк, магний стеараты үлбірлі қабықтың құрамы: гипромеллоза 6 сР (НРМС 2910), макрогол 6000, титанның қостотығы (Е 171), тальк, диметикон. Сыртқы түрінің иісінің, дәмінің сипаттамасы Біртекті, сопақша, екі беті дөңес, ақ немесе ақ дерлік түсті, үлбірлі қабықпен қапталған, бір жағында сызығы бар таблеткалар. Сындырғанда таблетканың ақ немесе ақ дерлік түсті өзекшесі және жіңішке ақ үлбірлі жабын байқалады.

Белсенді заттың дозасы:

500 мг

Дәрілік түрі:

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 500 мг

Қаптамадағы саны:

10 шт
...loading

Нұсқаулық

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - ципрофлоксацин гидрохлориді 583,00 мг

(ципрофлоксацинге баламалы 500,00 мг),

қосымша заттар: жүгері крахмалы, микрокристалды целлюлоза, повидон, кросповидон, коллоидты сусыз кремний, тальк, магний стеараты

үлбірлі қабықтың құрамы: гипромеллоза 6 сР (НРМС 2910), макрогол 6000, титанның қостотығы (Е 171), тальк, диметикон.

Сыртқы түрінің иісінің, дәмінің сипаттамасы

Біртекті, сопақша, екі беті дөңес, ақ немесе ақ дерлік түсті, үлбірлі қабықпен қапталған, бір жағында сызығы бар таблеткалар. Сындырғанда таблетканың ақ немесе ақ дерлік түсті өзекшесі және жіңішке ақ үлбірлі жабын байқалады.

Қолдану көрсеткіштері

Ересектер:

төменгі тыныс алу жолдарының аурулары (өкпенің созылмалы обструкциялық ауруының өршуі, муковисцидоз немесе бронхоэктаз аясындағы бронх-өкпе аурулары, өкпенің қабынуы)

созылмалы іріңді ортаңғы отит, қойнаулардың созылмалы қабынуының асқынуы (синусит)

қатерлі сыртқы отит

несеп шығару жолдарының инфекциялары (қуықтың асқынған және асқынбаған жедел қабынуы, жедел цистит, жедел пиелонефрит, несеп шығару жолдарының асқынған инфекциялары)

жыныстық жолдардың инфекциялары (несеп шығару өзегінің, жатыр мойнының, ерлерде аталық бездің гонококктық қабынуы, препаратқа сезімтал гонорея қоздырғышы туғызған кіші жамбас ағзаларының қабыну аурулары)

асқазан-ішек жолдарының инфекциялары (мысалы, саяхатшылар диареясы)

құрсақішілік инфекциялар

тері мен жұмсақ тіндердің инфекциялары

менингококктық инфекция туғызған аурулардың профилактикасы

сүйектер мен буындардың инфекциялары

сібір ойық жарасының өкпедегі түрі (науқаспен байланыстан кейінгі профилактика және емдеу)

қанда нейтрофильді лейкоциттер саны төмен пациенттерді емдеу (бактериялық инфекцияның қосылу аясында температураның жоғарылауымен).

Балалар мен 6 жастан асқан жасөспірімдер емдеу үшін басқа дәрілік препараттар болмаған жағдайда:

муковисцидоз аясындағы бронх-өкпе аурулары

сібір ойық жарасының өкпедегі түрі (жанасудан кейінгі профилактика және түбегейлі емдеу)

несеп шығару жолдарының асқынған инфекциялары және пиелонефрит.

Қолданудың басталуына дейінгі қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

– ципрофлоксацинге және хинолондар тобының бактерияға қарсы препараттарына жоғары сезімталдық

– жүктілік және лактация кезеңі

– тизанидинмен, теофилинмен бір мезгілде қолдану

-балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер (6 жасқа дейін: муковисцидоз аясындағы жедел пневмония, сібір ойық жарасының өкпедегі түрі және несеп шығару жолдарының асқынған аурулары бар балалар үшін).

Қарсы көрсеткіштер

– ципрофлоксацинге және хинолондар тобының бактерияға қарсы препараттарына жоғары сезімталдық

– жүктілік және лактация кезеңі

– тизанидинмен, теофилинмен бір мезгілде қолдану

-балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер (6 жасқа дейін: муковисцидоз аясындағы жедел пневмония, сібір ойық жарасының өкпедегі түрі және несеп шығару жолдарының асқынған аурулары бар балалар үшін).

Арнайы нұсқаулар

Ауыр инфекциялар: ауыр инфекцияларды тек бір Форцип препаратымен емдеу ұсынылмайды, мұндай жағдайларда жақсы әсер ету үшін оны басқа бактерияға қарсы препараттармен біріктіріп қолданады.

Аллергиялық реакциялар: егер бұрын құрамында хинолон немесе фторхинолон бар препараттарды қолданған кезде күрделі жағымсыз реакциялар байқалса, Форцип препаратын қолдануға болмайды. Форцип препараты емдеудің басқа ықтимал нұсқалары болмаған жағдайда ғана тағайындалуы мүмкін. Ауыр аллергиялық реакциялар (анафилаксиялық шокты және өмірге қауіп төндіретін сирек жағдайларда, сондай-ақ құрысулар, беттің, тілдің, тамақтың ісінуі, тыныс алудың айқын бұзылуы, әртүрлі тері аурулары, бүйрек, бауыр жұмысының бұзылуы, қан аздығы түріндегі қан тарапынан реакциялар, тромбоциттер, лейкоциттер санының төмендеуі және т.б.) бір дозаны қабылдағаннан кейін де дами алады. Мұндай жағдайларда препаратты қабылдауды тоқтатып, дереу дәрігерге жүгіну керек.

Терінің күн сәулесіне реакциясы: фотосезімталдық реакциялары дамуы мүмкін, сондықтан емдеу кезінде қарқынды күн сәулесінің немесе ультракүлгін сәулеленудің тікелей әсерінен аулақ болу керек.

Стрептококкты инфекциялар: тиімділігі жеткіліксіз болғандықтан Форцип препаратын қолдану ұсынылмайды.

Жыныстық жолмен берілетін инфекциялар: жыныс жолдары мен кіші жамбас ағзаларының қабыну аурулары, көптеген препараттарға төзімді гонорея қоздырғыштары тудыруы мүмкін, сондықтан емдеуді бастамас бұрын дәрігер қоздырғыштың Форцип препаратына сезімталдығын анықтауды ұсынуы мүмкін. Егер бұл мүмкін болмаса, ол басқа бактерияға қарсы препараттармен бірге қолданылуы мүмкін. Егер 3 күн емдегеннен кейін жақсару болмаса, емдеуші дәрігерге бару керек, себебі емдеуді түзету қажет болуы мүмкін.

Несеп шығару жолдарының инфекциялары: несеп шығару жолдарының ең жиі кездесетін қоздырғышы - ішек таяқшасы. Ол Форцип препаратының әсеріне сезімтал болмауы мүмкін, сондықтан менопаузаның алдындағы кезеңде асқынбаған циститті емдеу ұзақтығы ұзағырақ болуы мүмкін.

Құрсақішілік инфекциялар: операциядан кейінгі құрсақішілік инфекцияларды емдеуде Форцип препаратының тиімділігі бойынша деректер өте аз.

Несеп шығару жолдарының асқынған инфекциялары және пиелонефрит: несеп шығару жолдарының инфекцияларын Форцип препаратымен емдеуді басқа емдеу әдістерін қолдану мүмкіндігі болмаған жағдайда ғана жүргізеді және ол микробиологиялық зерттеу нәтижесін алғаннан кейін жүргізіледі.

Несепте кристалдардың пайда болуы: Форцип препаратын қабылдаған кезде, несептің сілтілік реакциясының пайда болуына байланысты, онда кристалдар пайда болуы мүмкін. Несеп концентрациясының жоғарылауын болдырмау үшін пациент сұйықтықтың жеткілікті мөлшерін қабылдауы керек. Бүйректің ауыр ауруында, дәрігер дозаны түзетіп, препаратты қабылдау арасындағы аралықты өзгерте алады.

Көру қабілетінің бұзылуы: кез келген көру бұзылысы кезінде емдеуші дәрігерге қаралу және окулисттен кеңес алу керек.

Орталық жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар: Ципрофлоксацин құрысулардың дамуын қоздыратыны және бассүйекішілік қысымның жоғарылауын, мидың жалған ісіктерін, аяқ-қолдың дірілдеуін және бас айналуды тудыратыны белгілі. Эпилепсия ұстамасының даму жағдайлары байқалды. Ми тамырларының атеросклерозы, эпилепсия, бүйректің бұзылуы кезінде абай болу керек.

Психиканың бұзылуы: Ципрофлоксацинді алғашқы қабылдағаннан кейін де пайда болуы мүмкін және психоз, елестеулер, паранойя, депрессия, суицидтік ойлар, мазасыздық, қозу, мазасыздық/күйгелектік, сананың шатасуы, сандырақтау, бағдардан жаңылу немесе зейіннің бұзылуы, ұйқысыздық, қорқынышты түстер, есте сақтау қабілетінің нашарлауымен көрініс беруі мүмкін. Сирек жағдайларда депрессия немесе психоз суицидтік ойларға/ниеттерге, өзін-өзі өлтіруге әрекеттенуге және тіпті өзін-өзі өлтіруге әкелуі мүмкін, әсіресе егер бұрын депрессия болған болса. Осы жағдайлардың алғашқы белгілерінде Форцип препаратын қолдануды тоқтатып, дереу дәрігерге жүгіну керек.

Шеткергі нейропатия: сезімталдықтың бұзылуы мүмкін (күйдіру, шаншу, жыбырлату, тітіркендіргіштерге тері сезімталдығының төмендеуі, тітіркендіргіштерге талапқа сай емес реакция - ауыру немесе себепсіз қышыну және басқалар), дененің тұрақсыздығы, діріл сезімі. Симптомдар препаратты қабылдағаннан кейін көп ұзамай пайда болуы мүмкін және кейбір жағдайларда олар қайтымсыз болуы мүмкін.

Хинолондар мен фторхинолондар қабылдайтын пациенттерде өте сирек жағдайларда өлімге әкелетін және әлеуетті қайтымсыз немесе ұзақ (бірнеше ай немесе жыл бойы жалғасатын), организмнің бір немесе бірнеше жүйелеріне (тірек-қимыл аппараты, жүйке жүйесі, психика) әсер ететін күрделі жағымсыз реакциялар байқалды. Олар жасына және қауіп факторларына тәуелді емес. Кез келген күрделі жағымсыз реакцияның алғашқы белгілері кезінде Форцип препаратын қабылдауды дереу тоқтату және дәрігерге шұғыл қаралу керек.

Жүрек тарапынан бұзылулар: Форцип препаратын қолданғанда, мына жағдайларда жүрек ырғағының бұзылу қаупі жоғары:

ЭКГ-да туа біткен бұзылулар (QT аралығының ұзару синдромы)

QT аралығын ұзартатын кейбір препараттарды бір мезгілде қолдану (мысалы, аритмияға қарсы IA (хинидин, прокаинамид) және III класының препараттар (амиодарон, соталол), үшциклді антидепрессанттар, макролидтер, психикалық бұзылыстарды емдеу үшін қолданылатын препараттар)

қанның тұз құрамының бұзылуы (мысалы, калий немесе магнийдің төмендеуі)

жүрек аурулары (мысалы, жүрек функциясының жеткіліксіздігі, миокард инфарктісі, жүректің сирек соғуы).

Егде жастағы пациенттер мен әйелдер препараттың жүректің жиырылу жиілігіне әсеріне неғұрлым бейім. Осылайша, егер сізде жоғарыда аталған факторлар болса, Форцип препаратын қолданғанда сақ болу керек.

Құрсақішілік қабыну аурулары: операциядан кейінгі құрсақішілік ауруларды емдеуде Форцип препаратының тиімділігі туралы деректер шектеулі.

Саяхатшылар диареясы: дәрігер баратын елдерде Форцип препаратына қоздырғыштың сезімталдығы туралы ақпарат негізінде препаратты таңдайды. Форцип препараты саяхатшылар диареясының профилактикасы үшін қолданылмайды.

Асқазан-ішек жолы: Форцип препаратымен емдеу кезеңінде немесе ол аяқталғаннан кейін (оның ішінде аяқталғаннан кейін бірнеше аптадан соң), ауыр және ұзақ диареяның дамуы антибиотикті қолданудан туындаған тоқішектің шырышты қабығының қабынуын көрсетуі мүмкін. Кейде бұл өмір үшін қауіпті болуы мүмкін, тіпті өлімге әкелуі мүмкін. Сұйық нәжіс пайда болған жағдайда препаратты қабылдауды дереу тоқтатып, дәрігерге қаралу керек. Тоқішектің шырышты қабығының қабынуы кезінде ішектің қозғалу белсенділігін төмендететін препараттарды қолдануға болмайды.

Қандағы глюкоза деңгейінің бұзылуы: қандағы глюкоза деңгейінің төмендеуі де, жоғарылауы да мүмкін. Бұл көбінесе диабетте, қандағы глюкоза (мысалы, глибенкламид) немесе инсулинді төмендететін пероральді препараттарды бірге қолданғанда болады. Қандағы глюкоза деңгейінің айтарлықтай төмендеуіне байланысты естен тану жағдайлары байқалды, бірақ қант диабеті кезінде қандағы глюкоза деңгейін мұқият бақылау қажет. Қандағы глюкоза төмендеген кезде препаратты қабылдауды тоқтатып, шұғыл түрде дәрігерге көріну қажет.

Организмде глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа ферменті тапшылығы: Форцип препаратын қолданғанда қанның қызыл жасушаларының (гемолиздік реакцияның) мерзімінен бұрын бұзылуына байланысты қаны аздық дамуы мүмкін.

Препараттың әсеріне төзімділік: Форцип препаратын ұзақ уақыт қолдану қоздырғыш сезімталдығының төмендеуіне және ауру ағымының нашарлауына әкелуі мүмкін.

Сүйектер мен буындардың аурулары: ауру қоздырғышының сезімталдық нәтижелеріне байланысты Форцип препаратын басқа бактерияға қарсы препараттармен бірге қолдануға болады.

Сүйек-бұлшықет жүйесі: егер бұрын хинолондарды қабылдағаннан кейін дамыған сіңірлердің аурулары байқалса, онда Форцип препаратын қабылдауды бастамас бұрын бұл туралы емдеуші дәрігерге хабарлау керек. Форцип препаратын қолданғанда емдеудің алғашқы 48 сағатында немесе емдеу аяқталғаннан кейін, кейде екі Бұл қауіп егде жастағы адамдарда, гормондармен (кортикостероидтармен) бір мезгілде қабылдаған кезде, бүйрек, жүрек немесе өкпе трансплантациясы операцияларынан кейін, ауыр физикалық жүктемеден кейін, бүйрек ауруларында және ревматоидты артрит сияқты сіңір ауруларында жоғарылайды. Сіңірлердің қабынуы және үзілуі қауіп факторлары болмаса да дамуы мүмкін. Сіңір қабынуының алғашқы белгілері пайда болған кезде (мысалы, ауырсынатын ісіну), Форцип препаратын қолдануды тоқтатып, аяқ-қолды тыныштықта ұстап, дәрігерге қаралу керек.

Миастения Гравис өршуі: Форцип препаратын қоса, фторхинолондар тобының препараттарын миастенияда қолдануға болмайды, себебі олар бұлшықет әлсіздігінің дамуына (өлімге дейін) ықпал етуі мүмкін.

Көру қабілетінің бұзылуы: көру нашарлаған кезде дереу емдеуші дәрігерге, сондай-ақ окулистке жүгіну керек.

Бауырға/өт шығару жолдарына/ұйқы безіне уытты әсері: бауырдың ауыр қабынуы дамуы мүмкін, сондықтан тәбеттің болмауы, сарғаю, несептің күңгірттенуі немесе қышынуды қоса, іштің ауыруы, бауыр ауруының кез келген симптомдары пайда болғанда, препаратты қабылдауды дереу тоқтату қажет. Бауыр ферменттерінің, сілтілі фосфатаза деңгейінің жоғарылауы немесе өт бөлінудің бұзылуына байланысты терінің және шырышты қабықтың сарғаюы, әсіресе бауырдың зақымдануы бар науқастарда байқалуы мүмкін.

Ықтимал дәрілік өзара әрекеттесулер: Форцип препаратымен бір мезгілде қолданғанда теофиллин, метилксантиндер, кофеин, клозапин, оланзапин, ропинирол, тизанидин, дулоксетин, агомелатин, золпидем сияқты препараттардың әсері күшеюі мүмкін, сондықтан жағымсыз жанама әсерлері туралы есте сақтау қажет. Дәрігер қандағы осы заттардың концентрациясын бақылай алады. Форцип препаратын метотрексатпен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды, ал тизанидинмен және теофиллинмен қолдануға болмайды.

Клиникалық тексеру нәтижелеріне әсері: Форцип препаратының әсері туберкулез қоздырғышын анықтауға бактериологиялық зерттеудің жалған теріс нәтижесіне әкелуі мүмкін.

Спецификалық ауыр инфекцияларда қолдану: басқа препараттарды қолдану мүмкін болмаған және микробиологиялық зерттеу нәтижелері бойынша ауру қоздырғышының жақсы сезімталдығы кезінде ғана.

Бүйрек аурулары: бүйректің әсіресе ауыр ауруы кезінде жағымсыз реакциялардың даму қаупін азайту үшін Форцип препаратының дозасын түзетуге дәрігерге жүгіну қажет.

Егде жастағы пациенттер: дәрігер аурудың ауырлығына және бүйрек жағдайына сәйкес келетін дозаны тағайындайды. Қарттарда жүрек ырғағының бұзылуы жиі байқалады.

Сібір ойық жарасының өкпедегі түрі: қолдану тәжірибесі шектеулі.

Муковисцидоз аясында бронх-өкпе аурулары: 5 жасқа толмаған балаларға қолдану тәжірибесі шектеулі.

Аневризма және қолқаның қатпарлануы: Аневризманың даму қаупі жоғары, сондай-ақ жүректің аорта және митральды клапандары арқылы қанның кері ағуы және жүрек клапандарының туа біткен ақаулары болғанда егде жастағыларда аортаның стратификациясы дамуы мүмкін, бұрын өзінде немесе жақын туыстарда аневризмасы болған, аневризманың және қолқаның қатпарлануына бейім жағдайларда (мысалы, Тернер синдромы, гипертензия, ревматоидты артрит, атеросклероз), сондай-ақ аневризма мен аорта қатпарлануы (мысалы, Такаясу артерииті немесе ірі жасушалы артериит сияқты тамыр аурулары немесе атеросклероз немесе Шегрен синдромы), сондай-ақ жүрек клапандарының регургитациясы/жеткіліксіздігі (мысалы, инфекциялық эндокардит).

Жүйелі кортикостероидтармен бір мезгілде ем қабылдайтын пациенттерде аневризманың және аортаның қатпарлануы, сондай-ақ үзілу қаупі артуы мүмкін.

Кенеттен ентігу пайда болған, алғаш рет жүрек соғысы пайда болған, сондай-ақ құрсақ қуысының немесе аяқ-қолдардың ісінуі дамыған жағдайда пациенттерге дереу медициналық көмекке жүгіну ұсынылады.

Педиатрияда қолдану

6 жастан асқан балалар мен жасөспірімдерге ұсынылатын дозаны және қабылдау реттілігін қатаң сақтау қажет. Оларда сүйектер мен буындар тарапынан ақсау, зақымданулар, шеміршек эрозиясы және сирек - буындардың зақымдануы түрінде жағымсыз реакциялар жиі байқалады.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Жүктілік

Шарананың және нәрестенің құрсақішілік дамуының бұзылуын көрсететін деректер жоқ. Препараттың құрсақта буын шеміршегінің зақымдануын тудыруы мүмкіндігін жоққа шығаруға болмайды, сондықтан жүктілік кезінде Форцип препаратын қолдануға болмайды.

Бала емізу

Ципрофлоксацин организмнен ана сүтімен шығарылады. Бала буындарының зақымдану қаупіне байланысты Форцип препаратын бала емізу кезінде қолдануға болмайды.  

Дәрілік препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат психомоторлық реакциялардың жылдамдығын төмендетеді, мұны көлік құралдарын басқару және зейін қоюды қажет ететін механизмдермен жұмыс жүргізу кезінде ескеру қажет.

Қолдану жөніндегі нұсқаулар

Дозалау режимі

Препаратты қабылдау режимін дәрігер аурудың орналасуы мен ауырлығына, организмнің жағдайына, жасына, дене салмағына, бүйректің жағдайына байланысты жеке белгілейді. Емдеу ұзақтығы аурудың ауырлығына және қоздырғыштың түріне байланысты.

Кіші жамбас ағзалараның қабыну аурулары, құрсақішілік инфекциялар, нейтрофилдер саны төмен пациенттердегі инфекциялар, сүйектер мен буындардың инфекциялары сияқты кейбір ауруларды емдеу үшін қоздырғыштың түріне байланысты Форцип препаратының жоғары дозалары және/немесе басқа да бактерияға қарсы препараттармен бір мезгілде тағайындау қажет болуы мүмкін.

Ересектер: ауырлық дәрежесі жеңіл және орташа ауруларда - тәулігіне екі рет 500 мг. Ең жоғары бір реттік доза – 750 мг, ең жоғары тәуліктік доза – 1500 мг.

Төменгі тыныс алу жолдарының инфекциялары: 500-750 мг, күніне 2 рет, 7-14 күн.

Жоғарғы тыныс алу жолдарының инфекциялары

Созылмалы синуситтің жедел асқынуы: 500-750 мг, күніне 2 рет, 7-14 күн.

Созылмалы іріңді ортаңғы отит: 500-750 мг, күніне 2 рет, 7-14 күн.

Қатерлі сыртқы отит: 750 мг, күніне 2 рет, 28 күннен 3 айға дейін.

Несеп шығару жолдарының инфекциялары

Қуықтың асқынбаған қабынуы: 250-500 мг, күніне 2 рет, 3 күн.

Қуықтың асқынған қабынуы, асқынбаған пиелонефрит: 500 мг, күніне 2 рет, 7 күн.

Асқынған пиелонефрит: 500-750 мг, күніне 2 рет, 10 күн, бірақ кейде 21 күннен артық (мысалы, абсцесс кезінде).

Простатит: 500-750 мг, күніне 2 рет, 2-ден 4 аптаға дейін (жедел түрінде) және 4-6 апта (созылмалы түрінде).

Жыныстық жолдардың инфекциялары

Гонокококктық инфекциядан туындаған несеп шығару өзегінің және жатыр мойнының қабынуы,: бір реттік доза, 500 мг.

Аталық бездің және оның қосалқысының қабынуы, кіші жамбас ағзаларының қабыну аурулары: 500-750 мг, күніне 2 рет, кем дегенде 14 күн.

Асқазан-ішек жолдарының инфекциялары және құрсақішілік инфекциялар

Бактериялардан туындаған жиі сұйық нәжіс (1 типті дизентерияны тудыратын ішек таяқшасынан басқа және аурудың қоздырғышы белгісіз кезде саяхатшылардың ауыр диареясын емдеу үшін): 500 мг күніне екі рет, 1 күн.

Инфекциялық диарея (оның ішінде 1 типті дизентерия қоздырғышынан туындаған): 500 мг, күніне екі рет, 5 күн.

Тырысқақ қоздырғышынан туындаған диарея: 500 мг, күніне екі рет, 3 күн.

Ішсүзек: 500 мг, күніне екі рет, 7 күн.

Құрсақішілік инфекциялар: 500-750 мг, күніне 2 рет, 5 күннен 14 күнге дейін.

Терінің және жұмсақ тіндердің инфекциялары: 500-750 мг, күніне екі рет, 7-14 күн.

Сүйектер мен буындардың инфекциялары: 500-750 мг, күніне екі рет, 3 айға дейін.

Қан құрамында нейтрофильді лейкоциттер мөлшері аз науқастарда инфекциялық ауруларды емдеу немесе профилактикасы (әдетте басқа антибиотикпен ( термен ) біріктіріп): 500-750 мг, күніне екі рет.

Neisseria meningitidis туындатқан аурулардың профилактикасы: 500 мг, бір рет.

Препараттардың пероральді дәрілік түрлерін қабылдауға қабілетті пациенттерде сібір ойық жарасының өкпедегі түрінің профилактикасы және емдеу (болжанған немесе расталған әсерден кейін мүмкіндігінше тезірек бастау керек): 500 мг, күніне екі рет, 60 күн, сібір ойық жарасы қоздырғышының әсері расталған сәттен бастап.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Препаратты қабылдау режимін дәрігер аурудың орналасуы мен ауырлығына, организмнің жағдайына, жасына, дене салмағына, бүйректің жағдайына байланысты жеке белгілейді. Емдеу ұзақтығы аурудың ауырлығына және қоздырғыштың түріне байланысты.

Кіші жамбас ағзалараның қабыну аурулары, құрсақішілік инфекциялар, нейтрофилдер саны төмен пациенттердегі инфекциялар, сүйектер мен буындардың инфекциялары сияқты кейбір ауруларды емдеу үшін қоздырғыштың түріне байланысты Форцип препаратының жоғары дозалары және/немесе басқа да бактерияға қарсы препараттармен бір мезгілде тағайындау қажет болуы мүмкін.

Ересектер: ауырлық дәрежесі жеңіл және орташа ауруларда - тәулігіне екі рет 500 мг. Ең жоғары бір реттік доза – 750 мг, ең жоғары тәуліктік доза – 1500 мг.

Төменгі тыныс алу жолдарының инфекциялары: 500-750 мг, күніне 2 рет, 7-14 күн.

Жоғарғы тыныс алу жолдарының инфекциялары

Созылмалы синуситтің жедел асқынуы: 500-750 мг, күніне 2 рет, 7-14 күн.

Созылмалы іріңді ортаңғы отит: 500-750 мг, күніне 2 рет, 7-14 күн.

Қатерлі сыртқы отит: 750 мг, күніне 2 рет, 28 күннен 3 айға дейін.

Несеп шығару жолдарының инфекциялары

Қуықтың асқынбаған қабынуы: 250-500 мг, күніне 2 рет, 3 күн.

Қуықтың асқынған қабынуы, асқынбаған пиелонефрит: 500 мг, күніне 2 рет, 7 күн.

Асқынған пиелонефрит: 500-750 мг, күніне 2 рет, 10 күн, бірақ кейде 21 күннен артық (мысалы, абсцесс кезінде).

Простатит: 500-750 мг, күніне 2 рет, 2-ден 4 аптаға дейін (жедел түрінде) және 4-6 апта (созылмалы түрінде).

Жыныстық жолдардың инфекциялары

Гонокококктық инфекциядан туындаған несеп шығару өзегінің және жатыр мойнының қабынуы,: бір реттік доза, 500 мг.

Аталық бездің және оның қосалқысының қабынуы, кіші жамбас ағзаларының қабыну аурулары: 500-750 мг, күніне 2 рет, кем дегенде 14 күн.

Асқазан-ішек жолдарының инфекциялары және құрсақішілік инфекциялар

Бактериялардан туындаған жиі сұйық нәжіс (1 типті дизентерияны тудыратын ішек таяқшасынан басқа және аурудың қоздырғышы белгісіз кезде саяхатшылардың ауыр диареясын емдеу үшін): 500 мг күніне екі рет, 1 күн.

Инфекциялық диарея (оның ішінде 1 типті дизентерия қоздырғышынан туындаған): 500 мг, күніне екі рет, 5 күн.

Тырысқақ қоздырғышынан туындаған диарея: 500 мг, күніне екі рет, 3 күн.

Ішсүзек: 500 мг, күніне екі рет, 7 күн.

Құрсақішілік инфекциялар: 500-750 мг, күніне 2 рет, 5 күннен 14 күнге дейін.

Терінің және жұмсақ тіндердің инфекциялары: 500-750 мг, күніне екі рет, 7-14 күн.

Сүйектер мен буындардың инфекциялары: 500-750 мг, күніне екі рет, 3 айға дейін.

Қан құрамында нейтрофильді лейкоциттер мөлшері аз науқастарда инфекциялық ауруларды емдеу немесе профилактикасы (әдетте басқа антибиотикпен ( термен ) біріктіріп): 500-750 мг, күніне екі рет.

Neisseria meningitidis туындатқан аурулардың профилактикасы: 500 мг, бір рет.

Препараттардың пероральді дәрілік түрлерін қабылдауға қабілетті пациенттерде сібір ойық жарасының өкпедегі түрінің профилактикасы және емдеу (болжанған немесе расталған әсерден кейін мүмкіндігінше тезірек бастау керек): 500 мг, күніне екі рет, 60 күн, сібір ойық жарасы қоздырғышының әсері расталған сәттен бастап.

Артық дозалану

12 г ципрофлоксацинді қабылдағаннан кейін артық дозалану жеңіл уытты көріністерге алып келгені, 16 г жедел артық дозалануы бүйректің жедел ауруын тудырғаны хабарланды.

Симптомдары: бас айналуы, дене бөліктерінің немесе бүкіл дененің бұлшықет жиырылуынан туындаған еріксіз, ырғақты қозғалысы, бас ауыруы, шаршау, құрысулар, елестеулер, сананың шатасуы, іштегі жайсыздық, бүйрек (қайтымды болуы мүмкін) және бауыр функциясының жеткіліксіздігі, несепте кристалдардың пайда болуы, несептегі қан.

Емі: асқазанды шаю, белсендірілген көмірді пероральді қабылдау, медициналық бақылау. Сұйықтықтың жеткілікті мөлшерін қабылдау қажет. Қажет болған жағдайда дәрігер қажетті демеуші ем тағайындай алады (мысалы, кальций, алюминий немесе магний бар тұз қышқылын бейтараптандыруға арналған препараттар (антацидтер). Кейде ЭКГ, бүйрек жұмысын, несепті (кристалдардың түзілуінің профилактикасы үшін) бақылау қажет болуы мүмкін. Гемодиализ және перитонеальді диализ тиімсіз.

Жанама әсерлері

Жиі

-жүрек айнуы, сұйық нәжіс

Жиі емес

- ауыз қуысының, асқазан-ішек жолының немесе жыныстық ағзалардың зеңдік зақымдануы.

- тәбеттің төмендеуі, ауыздың құрғауы, құсу, іштің ауыруы, іштің жоғарғы бөлігінде ауырсыну, асқорытудың бұзылуы, тері мен шырыш қабығының сарғаюы, іштің кебуі

- психомоторлы гипербелсенділік/қозу, бас ауыруы, бас айналуы, ұйқының бұзылуы (ұйқышылдық, ұйқысыздық)

- АЛТ, АСТ бауыр ферменттерінің, сілтілі фосфатаза мен қандағы билирубиннің өтпелі жоғарылауы

- тері бөртпелері, қышыну, тез өршитін, қатты қышитын, күйіктен болатын күлдіреуіктерге (есекжем) ұқсас терідегі бозғылт-қызғылт күлдіреуіктер, эозинофилдер санының артуы.

- қаңқа-бұлшықет ауыруы (мысалы, аяқ-қолдың, арқаның, кеуденің ауыруы), буындардың ауыруы.

- бүйрек қызметінің бұзылуы

- астения

- температураның жоғарылауы

Сирек

- тромбоциттер санының өсуі немесе азаюы, лейкоциттер, нейтрофилдер санының азаюы, анемия

- аллергиялық реакция/ісіну, ангионевротикалық ісіну, бронхоспазм, ентігу (оның ішінде демікпе)

- қандағы глюкоза деңгейінің жоғарылауы немесе төмендеуі, амилазаның жоғарылауы

- бағдардан жаңылу, үрейлену, ерекше түс көру (қорқынышты түстер), депрессия (суицидтік идеялар/ойлардың ықтимал көрінісі, өзіне-өзі қол жұмсауға әрекет жасау, аяқталған суицидтер), сезімталдықтың бұзылуы (күйдіру, шаншу, жыбырлатуды сезінумен сезімталдықтың бұзылуы, көрінетін себептерсіз ауырсыну немесе қышыну, тітіркендіргіштерге терінің төмен сезімталдығы (ауырсыну сезімін қабылдаудың бұзылуы), құрысулар (ұзақ эпилепсиялық құрысуды қоса -статус), бас айналу

- көру қабілетінің бұзылуы (мысалы, диплопия), құлақтағы шуыл, есіту қабілетін жоғалту немесе бұзылуы

- жүрек қағу, қан тамырларының кеңеюі, қан қысымының төмендеуі, естен тану.

- бауыр функциясының жеткіліксіздігі, өттің түзілуі мен бөлінуінің бұзылуы (терінің, аққабықтың сарғаюымен), бауырдың қабынуы

-бұлшықет ауыруы, буындардың қабынуы, бұлшықет тонусының жоғарылауы мен бұлшықет спазмы, құрысулар

- бүйрек функциясының бұзылуы, тубулоинтерстициальды нефрит, несептегі қан, несептегі кристалдардың пайда болуы

- ісіну, қатты тершеңдік, терінің күн сәулесіне реакциясы

Өте сирек

- қан жасушаларының мерзімінен бұрын бұзылуынан туындаған қан аздық, өмірге қауіпті қан жасушаларының барлық үш түрінің (эритроциттер, лейкоциттер және тромбоциттер) жеткіліксізділігі, өмірге қауіпті сүйек кемігінің тежелуі

- анафилаксиялық шок (өмірге қауіп төндіретін), анафилактикалық реакция, сарысу ауруына ұқсас реакция

- психоздық реакциялар (суицидтік идеялармен/ойлармен, әрекеттермен немесе аяқталған суицидпен аяқталуы мүмкін)

-бас сақинасы, қозғалыстарды үйлестірудің бұзылуы, жүрістің бұзылуы, иіс сезудің бұзылуы (паросмия), аносмия (әдетте препаратты тоқтатқаннан кейін қайтымды), Бассүйекішілік қысымның жоғарылауы, мидың жалған ісігі

- түстерді дұрыс қабылдамау, түстерді қабылдауды негізгі түстердің біреуін ғана қабылдау арқылы бұрмалау, барлық немесе кейбір түстерді көре алмау немесе ажырата алмау

- васкулит

- ұйқы безінің қабынуы, мультиформалы эритема (елеулі емес), түйінді эритема, Стивенс-Джонсон синдромы (өмірге ықтималды қауіпті), бөртпелер, үлкен жалпақ блистер және ашық қызыл түсті эрозиялар (уытты эпидермальды некролиз) пайда болатын терінің өмірге қауіпті аллергиялық қабынуы, нүктелі қан кетулер (петехия)

- бауыр некрозы (өмірге қауіпті бауыр функциясының жеткіліксіздігіне дейін өте сирек үдейтін)

-адамның жүйкесі мен бұлшықеттерін зақымдайтын ауыр аурудың асқынуы (гравис миастениясы).

- бұлшықет әлсіздігі, тенденит, сіңірдің үзілуі (негізінен ахиллес сіңірі).

Белгісіз

- қандағы глюкоза деңгейінің күрт төмендеуімен дамитын сыни жағдай (гипогликемиялық кома)

- қоздырғыштан депрессияға (манияға), оның ішінде гипоманияға күрт ауысуы бар сырқаттанушылық психикалық жағдай

- бір немесе бірнеше шеткері жүйкенің зақымдануы

- антидиуретикалық гормонның жеткіліксіз секреция синдромы (СНАДГ)

- қарыншалық аритмия, "пируэт" типті полиморфты қарыншалық тахикардия (көбінесе QT аралығының ұзару қаупі факторлары бар пациенттерде), ЭКГ-де QT аралығының ұзаруы

- жедел жайылған экзантематозды пустулез( ОГЭП), эозинофилдер санының және ішкі органдар тарапынан симптомдардың ұлғаюымен дәрілік препаратқа аллергиялық реакция (DRESS-синдром)

- К дәруменінің әсеріне қарсы әсері бар препараттарды қабылдаған пациенттерде қан ұю көрсеткіштерінің жоғарылауы.

Фторхинолондар тобының препараттарын қолдану кезінде қолқа қабырғасының кеңеюі және қатпарлануы, кейде оның жарылуы (соның ішінде өліммен аяқталуы), сондай-ақ жүрек клапандары арқылы қанның кері сұралуы (жүрек клапандары жұмысының жеткіліксіздігінің көрінісі) мүмкін.

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек:

(жағымсыз реакциялар бойынша ақпараттық деректер базасын көрсету)

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті» ШЖҚ РМК:

Шығарылу түрі

Поливинилхлорид/поливинилиденхлорид үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 10 таблеткадан.

1 қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

4 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға болады500 мг №10 таблетка формасы дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube