Қолдану көрсеткіштері
Препарат ципрофлоксацинге сезімтал микроорганизмдер тудыратын бірқатар инфекцияларды емдеуге арналған. Терапияны бастар алдында микроорганизмдердің ципрофлоксацинге төзімділігі туралы қолда бар ақпаратқа ерекше назар аудару керек. Антибиотиктерді дұрыс қолдану бойынша ресми нұсқауларды ескеру қажет.
Ересектер
Төменгі тыныс алу жолдарының инфекциясы:
өкпенің созылмалы обструктивті ауруының (ӨСОА) асқынуы. Асқыну кезінде (ӨСОА) ципрофлоксацинді әдетте мұндай инфекцияларды емдеу үшін ұсынылатын басқа бактерияға қарсы препараттарды қолдану орынсыз болып саналған жағдайда ғана қолдану керек;
муковисцидоз немесе бронхоэктаз кезіндегі бронх-өкпе инфекциялары;
пневмония.
Созылмалы іріңді ортаңғы отит.
Созылмалы синуситтің өршуі.
Несеп шығару жолдарының инфекциялары:
асқынбаған жедел цистит. Асқынбаған жедел цистит кезінде ципрофлоксацинді әдетте мұндай инфекцияларды емдеу үшін ұсынылатын басқа бактерияға қарсы препараттарды пайдалану жарамсыз болып саналған жағдайда ғана қолдану керек;
жедел пиелонефрит;
несеп шығару жолдарының асқынған инфекциясы;
бактериялық простатит.
Жыныс ағзаларының инфекциясы:
гонококкты уретрит және цервицит;
Neisseria gonorrhoeae сезімтал штаммдары тудырған эпидидимоорхит;
жамбастың қабыну аурулары, оған қоса Neisseria gonorrhoeae сезімтал штаммдарынан туындаған жағдайлар.
Асқазан-ішек жолының инфекциялары.
Құрсақішілік инфекциялар.
Грамтеріс бактериялар тудырған тері мен жұмсақ тіндердің инфекциясы.
Қатерлі ортаңғы отит.
Сүйек және буын инфекциялары.
Neisseria meningitidis тудырған инвазивті инфекциялардың профилактикасы.
Сібір ойық жарасының өкпе түріндегі постконтактілі профилактикасы және емдеу.
ЦИПРОФЛОКСАЦИНДІ бактериялық инфекциядан туындаған деп күдіктенген кезде нейтропениясы және қызбасы бар пациенттерді емдеу үшін қолдануға болады.
Балалар мен жасөспірімдер
Pseudomonas aeruginosa тудырған муковисцидоз кезіндегі бронх-өкпе инфекциялары.
Асқынған несеп шығару жолдарының инфекциясы және жедел пиелонефрит.
Сібір ойық жарасының өкпе түріндегі постконтактілі профилактикасы және емдеу.
Қажет деп саналатын жағдайларда балалар мен жасөспірімдерде ауыр инфекцияларды емдеу.
Емдеуді балалар мен жасөспірімдерде муковисцидозды және/немесе ауыр инфекцияларды емдеу тәжірибесі бар дәрігерлер ғана тағайындауы керек.