Қолдану көрсеткіштері
ауыз қуысы мен тамақтың қабынуы
инфекция жұқтырған жаралар
күйіктер
іріңді қабынулар
Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
калий фуразидиніне немесе нитрофуран қатарындағы препараттарға аса жоғары сезімталдық
аллергиялық дерматит
жүктілік және лактация кезеңі
4 жасқа дейінгі балалар
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Антибиотиктердің әсерін күшейтеді. Емдеу кезінде теріде аллергиялық реакциялардың даму ықтималдығы алкоголь ішімдіктерін қолданған жағдайда артады.
Арнайы ескертулер
Жекелеген жағдайларда аллергиялық реакциялар дамуы мүмкін. Мұндай жағдайда препаратты қолдануды тоқтату және дәрігерге жүгіну керек.
Ерітіндіні тікелей қолданар алдында дайындайды.
Дайындалған ерітіндіні сақтауға болмайды.
Педиатрияда қолдану
4 жастан кіші балаларға ауыз қуысы мен тамақты шаю үшін қолдануға болмайды, өйткені бала ауыз қуысы мен тамағын әлі де өзі шая алмайды.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Қолдануға болмайды. Жүктілік және бала емізу кезінде дәрілік затты қолдану туралы жақсы бақыланатын клиникалық зерттеулер туралы деректер жоқ.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат көлік құралын немесе ықтималдығы зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.