Қолдану көрсеткіштері
Әйелдерде:
– аналық бездің дисфункциясында (ановуляторлық), аменорея;
сары дене фазасын демеуде.
Еркектерде және ұлдарда:
гипогонадотропты гипогонадизмде;
гипофиздің гонадотропты функциясының жеткіліксіздігімен байланысты жыныстық жетілуінің кідіруінде;
анатомиялық обструкцияға байланысты емес крипторхизмде;
сперматогенез жеткіліксіздігі, олиго-астеноспермия, азооспермия;
ұлдарда анорхизмнің және крипторхизмнің дифференциальді-диагностикалық тестісін өткізу кезінде;
ұзақ мерзімді стимуляциялайтын емді бастар алдында гипогонадотропты гипогонадизм кезінде аталық бездердің функциясын бағалау үшін Лейдиг функциональдік тестісін өткізу кезінде.