daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Таразе қаласындағы Гонадотропин Хорионикалық Еріткіші Бар Құтылар 1000 ХБ 9 Мг/мл 1 Мл №5 | Московский эндокринный завод ФГУП

Таразе қаласындағы Гонадотропин Хорионикалық Еріткіші Бар Құтылар 1000 ХБ 9 Мг/мл 1 Мл №5 | Московский эндокринный завод ФГУП
Сипаттама:

Препарат: лиофилизацияланған ақ немесе дерлік ақ ұнтақ. Еріткіш: мөлдір түссіз сұйықтық.

Халықаралық атауы:

Хориондық гонадотропин

Өндіруші:

Московский эндокринный завод ФГУП

Өндіруші ел:

Российская Федерация

Белсенді заттың дозасы:

1000 МЕ 9 мг/мл

Қаптамадағы саны:

5 шт
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Әйелдерде:

– аналық бездің дисфункциясында (ановуляторлық), аменорея;

сары дене фазасын демеуде.

Еркектерде және ұлдарда:

гипогонадотропты гипогонадизмде;

гипофиздің гонадотропты функциясының жеткіліксіздігімен байланысты жыныстық жетілуінің кідіруінде;

анатомиялық обструкцияға байланысты емес крипторхизмде;

сперматогенез жеткіліксіздігі, олиго-астеноспермия, азооспермия;

ұлдарда анорхизмнің және крипторхизмнің дифференциальді-диагностикалық тестісін өткізу кезінде;

ұзақ мерзімді стимуляциялайтын емді бастар алдында гипогонадотропты гипогонадизм кезінде аталық бездердің функциясын бағалау үшін Лейдиг функциональдік тестісін өткізу кезінде.

Қарсы көрсеткіштер

Әйелдерде және еркектерде:

хориондық гонадотропинге немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық;

жыныс мүшелерінің және сүт безінің қазіргі кездегі гормонға тәуелді қатерлі ісіктері немесе оларға күдiк туғызу (әйелдерде аналық бездерінің обыры, емшек безінің обыры, жатырының обыры және ерлерде қуық асты безінің обыры, емшек безінің карциномасы);

орталық жүйке жүйесінің органикалық зақымдануы (гипофиздің, гипоталамустың ісіктері);

терең веналар тромбофлебиті;

гипотиреоз;

бүйрек үсті безінің жеткіліксіздігі;

гиперпролактинемия;

3 жасқа дейінгі балалар.

Ұлдарда (қосымша):

мезгiлiнен бұрын жыныстық жетілуі.

Еркектерде (қосымша):

гипогонадотропты гипогонадизммен байланысты емес бедеулік.

Әйелдерде (қосымша):

жүктілікпен үйлесімсіз жыныс мүшелерінің дұрыс қалыптаспауы;

жүктілікпен үйлесімсіз, жатырдың фиброзды ісігі;

аналық бездің бастапқы жеткіліксіздігі;

ановуляцияға байланысты емес бедеулік (мысалы, түтіктік немесе цервикальдік генездегі);

қан кету немесе айқын емес этиологиядағы қынаптан қанды бөлінділер;

жүктілік және емшек емізу кезеңі.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Хориондық Гонадотропин препаратын глюкокортикостероидтардың жоғары дозаларымен бір мезгілде қолдануға болмайды.

Дәрілік заттармен басқа өзара әрекеттесу жағдайлары анықталмаған.

Препарат хориондық гонадотропинді плазмада/несепте 10 күнге дейін иммунологиялық анықтауға әсер етуі мүмкін, жүктілікке тест жалған оң болуы мүмкін.

Арнайы ескертулер

Хориондық гонадотропин тек маман-дәрігердің бақылауымен қолданылуы керек.

Препаратты тромбоздың қауіп факторлары (жеке немесе отбасылық анамнез, ауыр семіздік (дене салмағының индексі > 30 кг/м2) немесе тромбофилия) бар адамдарға сақтықпен қолдану керек.

Әйелдер үшін

Хориондық гонадотропинді қолдану веналық немесе артериялық тромбоэмболияның даму қаупін арттырады, сондықтан қауіп тобына кіретін пациенттерге экстракорпоралдық ұрықтандыру терапиясының артықшылықтарын бағалау қажет. Айта кету керек, жүктілік өздігінен тромбоз қаупінің жоғарылауымен қатар жүреді.

Көп ұрықты жүктіліктің пайда болу ықтималдығы артады. Препаратпен емдеу кезінде және емдеуді тоқтатқаннан кейін 10 күн ішінде препарат қан плазмасындағы және несептегі АХГ концентрациясына иммунобиологиялық тесттердің мәндеріне әсер етуі мүмкін, бұл жүктілік бойынша тесттің жалған оң нәтижесіне әкелуі мүмкін.

Еркектер және ұлдар үшін

Препаратты латентті немесе анық емес жүрек жеткіліксіздігі, бүйрек функциясының бұзылуы, артериялық гипертензия, эпилепсия немесе бас сақинасы (немесе анамнезде осындай жағдайлар болған кезде) бар пациенттерге; ұлдарда пубертат-алды жасында; бронх демікпесі бар пациенттерге сақтықпен қолдану керек.

Хориондық гонадотропиннің көмегімен еркек жынысты пациенттерді емдеу андрогендер өнімінің артуына әкеледі, сондықтан қауіп тобына түсетін пациенттер қатаң дәрігерлік бақылауда болуы тиіс, өйткені аурудың асқынуы немесе қайталануы кейде андрогендер өнімінің жоғарылауының нәтижесі болуы мүмкін.

Хориондық гонадотропин эпифиздердің мерзімінен бұрын жабылуына немесе мерзімінен бұрын жыныстық жетілуге ықпал етеді. Қаңқаның дамуын үнемі бақылау қажет.

Еркектерде препарат фолликул стимуляциялайтын гормон мөлшері жоғары болғанда тиімсіз. Әсіресе, егер операциялық араласым қажет болса крипторхизмде препаратты негіссіз ұзақ уақыт қолдану жыныс бездерінің дегенерациясына әкелуі мүмкін.

Ұзақ уақыт енгізу препаратқа антиденелердің түзілуіне әкелуі мүмкін.

Қосымша заттарға қатысты айрықша нұсқаулар

Хориондық гонадотропиннің дайындалған ерітіндісінде препараттың ең жоғары бір реттік дозасында шамамен 0,46 ммоль (10,6 мг) натрий бар, яғни ол натрийден бос препарат болып саналады.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Жүктілік және емшек емізу кезінде қолдануға болмайды.

Препараттың көлік құралын немесе басқа да қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препаратты қабылдау көлік құралдарын және басқа механизмдерді басқару қабілетіне теріс әсер етпейді.

Өзара әрекеттесуі

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Көрсетілген дозалар шамамен алынған болып табылады, емдеуді препаратты енгізуге қажетті реакцияға байланысты дәрігер жеке түзетуі тиіс.

Әйелдерде:

ановуляторлық циклдер кезінде хорионды гонадотропинді 2-3 күн аралығымен 2-3 рет 3000 ХБ немесе күнара 6-7 рет 1500 ХБ етеккір циклінің 10-12 күнінен бастап тағайындайды;

сары дене фазасын демеу үшін овуляциядан немесе эмбрионды тасымалдағаннан кейін 9 күн ішінде (мысалы, овуляцияның индукциясынан кейін 3, 6 және 9 күні) әрқайсысы 1000 ХБ-ден 3000 ХБ-ге дейін дозада препараттың 2-ден 3-ке дейін қайталанатын инъекциялары салынуы мүмкін.

Еркектерде және ұлдарда:

гипогонадотропты гипогонадизм кезінде – аптасына 2-3 рет 1000-2000 ХБ препарат. Бедеулік жағдайында хориондық гонадотропин аптасына 2-3 рет құрамында фоллитропин (фолликула стимуляциялайтын гормон) бар қосымша препаратпен біріктірілуі мүмкін. Емдеу курсы сперматогенездің қандай да болсын жақсаруы күтілуі мүмкін болатын кемінде 3 айға жалғасуы керек. Осы емдеу кезінде тестостеронмен орын басатын терапияны тоқтата тұру қажет. Сперматогенездің жақсаруына қол жеткен кезде, оны демеу үшін кейбір жағдайларда хориондық гонадотропинді жекелей қолдану жеткілікті;

гипофиздің гонадотропты функциясының жеткіліксіздігіне байланысты жыныстық жетілудің кідіруі кезінде – аптасына 2-3 рет 1500 ХБ. Емдеу курсы– кемінде 6 ай;

анатомиялық обструкциямен байланысты емес крипторхизм кезінде:

3 жастан 6 жасқа дейін – 6 апта бойы аптасына екі рет 500-1000 ХБ,

6 жастан жоғары – 6 апта бойы аптасына екі рет 1500 ХБ,

емдеу курсы қажет болса қайталануы мүмкін;

- сперматогенез, олигоастеноспермия, азооспермия жеткіліксіздігі кезінде менотропинмен (75 ХБ фолликулостимуляциялайтын гормон
(ФСГ) + 75 ХБ лютеинизациялайтын гормон (ЛГ)) күн сайын 500 ХБ немесе менотропинмен (150 ХБ ФСГ + 150 ХБ ЛГ) үйлесімде 5 күн сайын 3 ай бойы аптасына 3 рет 2000 ХБ тағайындайды. Емдеуге реакция болмаған кезде аптасына 2000 ХБ 2-3 рет менотропинмен (150 ХБ ФСГ + 150 ХБ ЛГ) 3-12 ай бойы аптасына 3 рет тағайындайды. Сперматогенездің жақсаруына қол жеткізген кезде кезекті емді бірқатар жағдайларда хориондық гонадотропиннің демеуші дозаларымен ғана жүзеге асыруға болады;

ұлдарда крипторхизмді және анорхизмді дифференциальді диагностикалау мақсатында хориондық гонадотропин 100 ХБ/кг дозада бұлшықет ішіне бір рет енгізіледі, қан сарысуында тестостеронның концентрациясы тест басталарға дейін және препараттың инъекциясынан кейін 72-96 сағаттан соң анықталады. Анорхизм жағдайында тест теріс болады, бұл тестикулярлық тіннің болмауы туралы куәландырады, крипторхизм жағдайында, тіпті егер бір аталық без ғана болса да, оң болады (тестостеронның концентрациясы 5-10 есе жоғарылауы). Егер тест әлсіз оң болса, гонаданы іздеу қажет (іш қуысын ультрадыбыстық зерттеу немесе лапароскопия), себебі малигнизацияның жоғары қаупі болады.

Енгізу жолы және тәсілі

Еріткішті лиофилизатқа қосқаннан кейін, хориондық гонадотропиннің қалпына келтірілген ерітіндісін бұлшықет ішіне баяу енгізеді.

Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажет шаралар

Хориондық гонадотропин өте төмен уыттылығымен сипатталады.

Әйелдерде артық дозалану аясында аналық бездердің гиперстимуляциясы синдромы (АГС) туындауы мүмкін.

Дәрежесінің ауырлығына қарай (клиникалық-зертханалық симптомдардың негізінде) АГС-тің бірнеше типтері бөлінеді:

* Аналық бездердің көлемі фолликулалардың пункциясын жүргізуге байланысты қосымша репродуктивті технологиялардың (ҚРТ) циклдеріндегі АГС ауырлық дәрежесiмен өзара байланысты болмауы мүмкiн.

АГС жеңіл дәрежесін емдеу: төсекте жату; минералды суды мол iшу; пациенттің жағдайын бақылау.

Әйел организмінің жағдайын ұдайы мониторингілеу және сәйкес ем керек болғандықтан АГС орташа және ауыр түрлерін емдеу тек стационар жағдайында ғана жүргізіледі.

жүрек-қантамыр жүйесі, тыныс алу жүйесі, бауыр, бүйрек, электролит және су теңгерімі (диурез, салмақ динамикасы, іш шеңберінің өзгеруі) функциясын бақылау;

гемотокрит деңгейін бақылау;

кристаллоидты ерітінділер вена ішіне тамшылатып (айналымдағы қан көлемін қалпына келтіру және ұстап тұру үшін);

коллоидты ерітінділер вена ішіне тамшылатып – тәулігіне 1,5-3 л (гемоконцентрация сақталған кезде) және тұрақты олигурия;

гемодиализ (бүйрек жеткіліксіздігінің дамуы кезінде);

кортикостероидты, антипростагландинді, антигистаминді препараттар (капиллярлардың өткізгіштігін төмендету үшін);

тромбоэмболия кезінде – төмен молекулалы гепариндер (фраксипарин, клексан);

плазмаферез – 1-2 күн аралығымен 1-4 сеанс (қанның реологиялық қасиеттерін жақсарту, қанның қышқылдық-негіздік күйін (ҚНЖ) және газ құрамын қалыпқа келтіру, аналық бездердің мөлшерін азайту);

асцит кезінде парацентез және құрсақ қуысының трансвагинальді пункциясы.

Орташа және ауыр дәрежедегі АГС дамуы кезінде стационарға жатқызу қажет.

Еркектерде және ұлдарда гинекомастия дамуы мүмкін; ер балаларда жыныстық жетілудің бірінші сатысында байқалатынға ұқсас мінез-құлықтың өзгеруі мүмкін; жыныстық бездерінің дегенерациясы (крипторхизм кезінде негізсіз ұзақ қолданған кезде), ұрықтық түтікшелердің атрофиясы (андрогендердің және эстрогендердің өндірілуін стимуляциялау нәтижесінде ФСГ өндірілуін тежеу салдары); эякулятта (ерлер препаратты шамадан тыс қабылдағанда) сперматозоидтар санының азаюы.

Препаратты ұзақ қолдану жағымсыз әсерлердің күшеюіне әкелуі мүмкін.

Шығарылу түрі

500 және 1000 ХБ препараттан резеңке тығынмен тығындалған және алюминий қалпақшамен қаусырылған бірінші гидролитикалық класты шыныдан жасалған құтыларға салынады.

5 құтыдан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған немесе фольгасыз пішінді ұяшықты қаптамадағы препаратпен қазақ және орыс тілдерінде препаратты медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге тұтыну ыдысына арналған картоннан жасалған қорапшаға салынады.

Препаратты еріткішпен жинақтау

500 және 1000 ХБ препараттан резеңке тығынмен тығындалған және алюминий қалпақшамен қаусырылған бірінші гидролитикалық класты шыныдан жасалған құтыларға салынады.

1 мл еріткіштен (натрий хлориді, инъекцияға арналған дәрілік нысандарды дайындауға арналған еріткіш, 9 мг/мл) бірінші гидролитикалық класты түссіз шыны ампулаларға салынады.

Поливинилхлорид үлбірден және алюминий фольгадан жасалған немесе фольгасыз пішінді ұяшықты қаптамадағы препараты бар 5 құтымен жиынтықтағы поливинилхлорид үлбірден және алюминий фольгадан жасалған немесе фольгасыз пішінді ұяшықты қаптамадағы 1 мл еріткіштен (натрий хлориді, инъекцияға арналған дәрілік түрлерді дайындауға арналған еріткіш, 9 мг/мл) 5 ампула ампулаға арналған скарификатор немесе пышағымен, препаратты қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге тұтынушы ыдысына арналған картоннан жасалған қорапшаға салынады.

Кесінділері (кесіктері) және сындыру нүктелері немесе сақиналары бар ампулаларды қапатау кезінде скарификаторлар немесе ампулалық пышақтар салынбайды.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 20 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дайындалған ерітіндіні сақтауға болмайды, өйткені ерітіндінің стерильділігін одан әрі сақтауға кепілдік берілмейді.

Жарамдылық мерзімі

4 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Көлемі

1 мл

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыгонадотропин хорионикалық еріткіші бар құтылар 1000 ХБ 9 мг/мл 1 мл №5 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube