Қолдану көрсеткіштері
Сүт безінің ерте обыры (СБеО)
Кадсила® препараты монотерапия режимінде сүт безінің HER2-оң бастапқы обыры (СБеО) және таксандармен неоадъювантты емнен және HER2-таргеттік емнен кейін сүт безінде және/немесе лимфа түйіндерінде инвазивті қалдық ісік бар ересек пациенттердің адъювантты емінде қолданылады.
Сүт безінің метастаздық обыры (СБмО)
Кадсила® препараты монотерапия ретінде сүт безінің HER-2 оң, операция жасалмайтын, жергілікті таралған немесе метастаздық обыры (СБмО) бар, бұрын трастузумабпен және таксандармен бірінен соң бірін немесе біріктірілімде ем қабылдаған ересек пациенттерді емдеу үшін қолданылады.
Пациенттер келесі шарттарға сәйкес келуі тиіс:
бұрын жергілікті-таралған немесе метастаздық аурудың себебінен ем қабылдаған пациенттер немесе
пациенттерде адъювантты ем барысында немесе ем аяқталғаннан кейін алты ай шегінде аурудың қайталануы дамыған болса.