Қолдану көрсеткіштері
жедел ауырсынуды (мысалы, операциядан кейін, байламдардың созылуы, шығып кету және деформация сияқты жазатайым оқиғалардан туындаған жарақаттар кезінде) қысқа мерзімді емдеу;
арқаның және бұлшықеттің кенеттен ауыруында.
жедел ауырсынуды (мысалы, операциядан кейін, байламдардың созылуы, шығып кету және деформация сияқты жазатайым оқиғалардан туындаған жарақаттар кезінде) қысқа мерзімді емдеу;
арқаның және бұлшықеттің кенеттен ауыруында.
кеторолак трометамолына немесе препараттың кез келген қосымша заттарына аса жоғары сезімталдық;
асқыну сатысындағы асқазан-ішек жолының эрозиялық-ойық жаралы зақымдануы, асқазан-ішектен қан кету, анамнезде ойық жаралы ауру немесе тесілу;
бронх демікпесі, ринит, ангионевроздық ісіну, есекжем немесе аллергиялық реакциялардың басқа түрлері, ацетилсалицил қышқылына (АСҚ) және басқа да қабынуға қарсы стероидты емес дәрілер (ҚҚСД) сияқты анамнезінде аса жоғары сезімталдық реакцияларының болуы (ҚҚСД пайдалану кезінде ауыр, кейде өліммен аяқталатын, анафилаксиялық реакциялардың даму жағдайлары хабарланған);
ішектің қабыну аурулары (мысалы, Крон ауруы, ойық жаралы колит);
ауыр дәрежелі бүйрек жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі < 30 мл/мин); немесе айналымдағы қан көлемінің (АҚК) төмендеуі немесе сусыздану аясында бүйрек жеткіліксіздігінің пайда болу қаупімен байланысты жай-күйлер;
бауыр функциясының ауыр бұзылуы (цирроз, асцит) ;
жүктіліктің үшінші триместрі және босану (простагландиндер синтезінің тежелуі шарананың қан айналымына теріс әсер етуі мүмкін, сонымен бірге жатырдың жиырылуы да төмендеуі мүмкін, нәтижесінде жатырдан қан кетудің даму қаупі артады);
операциядан кейінгі қан кету (мысалы, тонзиллэктомия) немесе толық емес гемостаз, қан түзудің бұзылулар немесе цереброваскулярлық қан кету қаупінің жоғарлауы;
жүректің ауыр жеткіліксіздігі (NYHA III-IV);
бала емізу;
цереброваскулярлық қан кету (расталған немесе ықтимал), геморрагиялық диатез, қан ұюының бұзылуы және қан кетудің (кеторолак трометамолы тромбоциттер функциясын бұзады) пайда болу қаупі жоғары болатын жай-күйлер;
варфаринді және гепариннің төмен дозаларын қоса, антикоагулянттармен емдеу;
АСҚ немесе басқа да ҚҚСД емдеу (циклооксигеназа-2 селективті тежегіштерін қоса) (ауыр ҚҚСД-байланысты жағымсыз реакциялардың пайда болуының жинақталатын қаупі);
пробенецидпен, литий тұздарымен, пентоксифиллинмен бір мезгілде қолдану;
мұрынның толық немесе ішінара полипі синдромы, ангионевроздық ісіну немесе бронх түйілуі;
балалар мен 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер;
коронарлық шунттау (немесе жасанды қанайналым аппаратын пайдалану) операциясынан соң операциядан кейінгі ауыру;
қан кетудің жоғары қаупіне байланысты хирургиялық операцияның алдында және барысында ауыруды басу үшін;
тұқым қуалайтын фруктоза, галактоза жақпаушылығы, Lapp-лактаза ферменті тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы.
Кеторолак адам плазмасы ақуыздарымен жоғары дәрежеде байланысады (орташа 99,2%) және бұл байланыс концентрацияға тәуелді емес.
Келесі дәрілік заттарды Кеторолак препаратымен бір мезгілде қолданбаған жөн
Кеторолакты ацетилсалицил қышқылымен немесе басқа ҚҚСД-мен қолданбаған жөн, өйткені ҚҚСД қабылдаумен байланысты күрделі жағымсыз құбылыстардың пайда болу қаупі елеулі артуы мүмкін.
Кеторолак тромбоциттер агрегациясын бәсеңдетеді, тромбоксан концентрациясын төмендетеді және қан кету уақытын ұзартады.
Кеторолакты варфарин сияқты антикоагулянттармен біріктіріп қолдануға болмайды, өйткені ҚҚСД және антикоагулянттарды бір мезгілде қабылдау антикоагулянттық әсерді күшейтуі мүмкін.
Алайда кеторолак пен гемостазға әсер ететін препараттарды, оған қоса антикоагулянттардың емдік дозаларын (варфарин), гепариннің профилактикалық төмен дозаларын (12 сағат сайын 2500-5000 бірлік) және декстранды бір мезгілде қолдану қан кету қаупінің жоғарылауымен байланысты болуы мүмкін.
Кеторолакпен емдеу кезінде плазмадағы литий концентрациясының жоғарылау жағдайлары туралы хабарланады.
Пробенецидті кеторолакпен бір мезгілде қабылдамаған жөн, себебі ол плазмадағы кеторолак концентрациясын арттырады және жартылай шығарылу кезеңін ұзартады.
ҚҚСД мифепристонды қабылдағаннан кейін 8-12 күн ішінде пайдаланбаған жөн, өйткені ҚҚСД оның әсерін баяулатуы мүмкін.
Кеторолакты окспентифилинмен бір мезгілде қолданғанда қан кетуге жоғары бейімділік байқалады.
Кеторолак трометамолымен үйлесімде келесі дәрілік заттарды сақтықпен қолдану керек
Барлық басқа ҚҚСД жағдайындағыдай, кортикостероидтарды бір мезгілде қолданғанда асқазан-ішек жолында ойық жара немесе қан кетудің пайда болу қаупінің жоғарылауына байланысты сақ болу керек.
Антитромбоциттік дәрілерді және серотонинді кері қармайтын селективті тежегіштерді ҚҚСД біріктірілімде пайдаланған кезде асқазан-ішектен қан кетудің пайда болуының жоғары қаупі бар.
Простагландин синтезін бәсеңдететін кейбір препараттар метотрексат клиренсін азайтады және нәтижесінде оның уыттылығын арттыруы мүмкін.
Кеторолак трометамолы плазма ақуыздарымен дигоксин байланысуын өзгертпейді.
Салицилаттың емдік концентрацияларында (300 мкг/мл) кеторолактың байланысуы шамамен 99.2%-дан 97.5% дейін азаяды, бұл плазмадағы байланыспаған кеторолак концентрациясының ықтимал екі еселенеді. Дигоксин, варфарин, ибупрофен, напроксен, пироксикам, ацетаминофен, фенитоин және толбутамидтің емдік концентрациясы кеторолактың ақуыздармен байланысуын өзгертпейді.
Диуретиктермен бір мезгілде қолдану диурездік әсердің төмендеуіне және ҚҚСД нефроуыттылық қаупінің ұлғаюына әкелуі мүмкін.
Барлық ҚҚСД жағдайындағыдай, циклоспоринді бір мезгілде қолданғанда нефроуыттылықтың жоғары қаупіне байланысты сақ болу керек.
ҚҚСД такролимуспен бір мезгілде қолданғанда нефроуыттылықтың потенциалды қаупі бар.
ҚҚСД диуретиктер мен бета-блокаторлар сияқты гипотензиялық препараттардың әсерін төмендетуі мүмкін. Әдетте қайтымды болып табылатын жедел бүйрек жеткіліксіздігінің пайда болу қаупі АӨФ тежегіштерін және/немесе ангиотензин II рецепторларының антагонистерін ҚҚСД-мен бірге қолданғанда бүйрек функциясы бұзылған кейбір пациенттерде күшеюі мүмкін. Осы себепті мұндай біріктірілімді, әсіресе егде жастағы пациенттерде сақтықпен қолдану керек. Осындай біріктірілген емнің басында дозаны талапқа сай титрлеуді жүргізу керек және қатарлас ем басталғаннан кейін бүйрек функциясының мониторингіне назар аудару керек, содан кейін бүйрек функциясын мезгіл-мезгіл зерттеп отыру керек.
ҚҚСД жүрек жеткіліксіздігін күшейтуі, шумақтық сүзіліс жылдамдығын (ШСЖ) төмендетуі және бір уақытта қолданғанда кардиотонустық гликозидтердің деңгейін арттыруы мүмкін.
Кеторолак операциядан кейінгі жедел ауыруды емдеу кезінде қатарлас апиынды анальгезияның қажеттілігін төмендетеді.
Майлы тамақты тұтынғаннан кейін кеторолак таблеткаларын пероральді қабылдау ең жоғары концентрациясының төмендеуіне және кеторолактың ең жоғары концентрациясына жеткенге дейінгі уақыттың шамамен 1 сағатқа ұлғаюына әкеледі. Антацидтер резорбция дәрежесіне әсер етпейді.
ҚҚСП хинолонды антибиотиктерді қабылдаумен байланысты құрысулар қаупін арттыруы мүмкін.
Зидовудинмен енгізілген ҚҚСД гематологиялық уыттылық қаупін арттырады. Зидовудинді ибупрофенмен бір мезгілде қабылдайтын гемофилиямен ауыратын АИТВ-жұқтырған (+) науқастарда гемартроз бен гематоманың даму қаупінің жоғарылау ықтималдығы бар.
Кеторолак трометамолының осы препаратты немесе басқа препараттарды метаболиздей алатын бауыр ферменттерін индукциялайтыны немесе тежейтіні туралы ешқандай дәлел жоқ. Осылайша, Кеторолак препараты басқа препараттардың фармакокинетикасын өзгертеді деп күтілмейді.
Дозалау режимі
Кеторолак препаратының таблеткалары қысқа мерзімге (5 күнге дейін) қолдану үшін ғана ұсынылады және тұрақты қолдану үшін ұсынылмайды.
Кеторолак препаратын пайдалану туралы мәселеде шешім қабылдаған кезде препаратты қолданумен байланысты потенциалды пайда мен қауіптердің арақатынасын, сондай-ақ басқа емдік тактиканы қолдану мүмкіндігін мұқият бағалау керек.
Емді кеторолактың парентеральді түрлерінен бастаған жөн және пациенттерді мүмкіндігінше тезірек пероральді емге ауыстырған жөн. Бастапқы ем ретінде кеторолак трометамолының пероральді түрлерін пайдаланбаған жөн.
Біріктірілген емнің (парентеральді және пероральді) жалпы ұзақтығы 5 күннен аспауы тиіс.
Дозалау режимі
Ересектер
10 мг ішке бір рет, содан кейін 6-8 сағат сайын 10 мг-ден, қажет жағдайда күніне 40 мг аспайды.
Ескертпе:
Пероральді препаратты бастапқы доза ретінде бермеген жөн.
Әрбір нақты пациент үшін ең төмен тиімді дозаны қолданыңыз.
Препаратты қабылдау арасындағы 6-8 сағат аралықты қысқартпаңыз.
Ересек пациенттерді емдеудің жалпы ұзақтығы 5 күннен аспауы тиіс.
Енгізу жолы және тәсілі
Ішке қабылдауға арналған.
Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі
Дәрілік препаратты тамақтану кезінде немесе одан кейін қабылдау ұсынылады.
Емдеу ұзақтығы
Біріктірілген емнің (парентеральді және пероральді) жалпы ұзақтығы 5 күннен аспауы тиіс.
Пациенттердің ерекше топтары
Балалар
Кеторолак препаратының таблеткалары балалар мен 16 жасқа дейінгі жасөспірімдерде қолдануға болмайды.
Егде жастағы пациенттер
Егде жастағы пациенттер жағымсыз әсерлердің пайда болу нәтижесінде асқынулардың дамуының жоғары қаупіне ұшырайды. ҚҚСД ем қажет болған кезде мүмкіндігінше қысқа мерзім ішінде ең төмен ықтимал дозаларда тағайындау керек. Пациенттер ҚҚСД қабылдау аясында асқазан-ішектен қан кетудің даму мүмкіндігіне байланысты тұрақты бақылауда болуы тиіс.
10 мг ішке бір рет, содан кейін 4-6 сағат сайын 10 мг-ден, қажет жағдайда күніне 40 мг-ден көп емес.
Препараттың ең төмен тиімді дозасын пайдалану керек, өйткені бұл шығарылуын баяулатады.
Егде жастағы пациенттер үшін ең жоғары тәуліктік дозасы - 60 мг.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Бүйрек функциясы төмендеген жағдайда келесі емдік сызба ұсынылады:
Сарысу креатининінің деңгейі 5,0 мг/дл жоғары пациенттерде препаратты қолдануға болмайды.
Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажет шаралар
Симптомдары
Кеторолакпен бір рет артық дозалану іштің түрлі ауырсынуымен, жүрек айнуы, құсу, гипервентиляция, пептидті ойық жаралармен және/немесе эрозиялық гастрит және бүйрек функциясының бұзылуымен байланысты болды, осы симптомдар препарат қолдануды тоқтатудан кейін басылды.
Асқазан-ішектен қан кетуі мүмкін.
Гипертония, жедел бүйрек жеткіліксіздігі, гиповентиляция және кома қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды қабылдаудан кейін туындауы мүмкін, бірақ сирек кездеседі.
Артық дозалану нәтижесінде туындауы мүмкін қабынуға қарсы стероидты емес препараттардың емдік дозаларын қабылдаудан кейін анафилактоидты реакциялар туралы хабарланды.
Емі
Қабынуға қарсы стероидты емес препараттармен артық дозаланудан кейін пациенттер симптоматикалық және демеуші ем қабылдауы тиіс. Спецификалық антидоттар жоқ. Диализ кеторолакты қан ағымынан мардымсыз шығарады.
Қажет болса, дереу асқазанды шаю немесе сіңірілуді азайту үшін белсендірілген көмір енгізу керек.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға жүгіну ұсынылған.
10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.
2 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.