daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Таразе қаласындағы 50 Мг Капсула Кетотопы №20 | Химфарм АО

Таразе қаласындағы 50 Мг Капсула Кетотопы №20 | Химфарм АО

Басқа сервистер немесе өзіңіз

disadvantage

Тауардың қолжетімділігі мен бағасын кепілдемейді

disadvantage

Тауар тез таусылып қалуы мүмкін

disadvantage

Daribar бонустары жоқ

disadvantage
Тегін

Daribar-дан тапсырыс бергенде

disadvantage

5–15 минут ішінде тауардың қолжетімділігі мен бағасын тексереміз

disadvantage

Жеткізу немесе 24 сағатқа брондау

disadvantage

Daribar-дың бонустары

disadvantage
Сипаттама:

Ақ түсті қатты желатинді № 2 капсулалар. Капсулалардың ішіндегісі – ақ немесе ақ дерлік түсті ұнтақ

Халықаралық атауы:

Кетопрофен

Өндіруші:

Химфарм АО

Өндіруші ел:

Республика Казахстан

Белсенді ингредиент:

(100% затқа шаққанда), қосымша заттар: лактоза моногидраты, натрий лаурилсульфаты, коповидон (Коллидон VA-64), сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, кальций стеараты желатинді капсулалардың құрамы: желатин, натрий лаурилсульфаты, макрогол 6000, мұзды сірке қышқылы, титанның қостотығы (Е 171) Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Ақ түсті қатты желатинді № 2 капсулалар. Капсулалардың ішіндегісі – ақ немесе ақ дерлік түсті ұнтақ

Белсенді заттың дозасы:

50 мг

Дәрілік түрі:

Капсулалар 50 мг

Қаптамадағы саны:

20 шт.

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Кетопрофеннің емдік көрсетілімдері кетопрофеннің қабынуға қарсы және ауырғанды басатын әсерімен, оған аса жоғары сезімталдық реакциясының туындау жиілігімен және осы топтың басқа препараттарымен салыстырғанда қолжетімділігімен шартталған

Препарат ересектер мен балалардың 15 жастан бастап қабылдауына арналған:

Ұзақ симптоматикалық ем үшін:

ревматоидтық артритті, шорбуынданатын спондилитті немесе Фиссингер-Леруа-Рейтер синдромы тектес синдромдарды және псориаздық артритті қоса, ревматизмнің созылмалы қабыну ауруларында

ауыру синдромымен жүретін, мүгедектікке шалдықтыратын артроздарда

Өршулерінің қысқа мерзімді симптоматикалық емі үшін:

жауырын-иық периартриті, тендинит, бурсит сияқты абартикулярлық ревматизм синдромдарында

микрокристалды артриттерде

артроздарда

бел ауыруында

радикулалгияда

тірек-қимыл аппаратының жарақаттан кейінгі қатерсіз зақымдануларында

Қарсы көрсеткіштер

кетопрофенге немесе 6. 1 бөлімінде санамаланған қосымша заттардың кез келгеніне жекелей аса жоғары сезімталдық.

анамнезде бронх түйілуі, демікпе, ринит, есекжем сияқты аса жоғары сезімталдық реакцияларының немесе кетопрофенге, ацетилсалицил қышқылына немесе қабынуға қарсы стероидты емес басқа препараттарға өзге аллергиялық реакциялардың болуы. Ондай пациенттерде күрделі, сирек жағдайларда өлімге соқтыратын анафилаксиялық реакциялар байқалған.

жүректің ауыр жеткіліксіздігі

асқазан-ішек жолының өршу фазасындағы аурулары (гастрит, асқазанның ойық жара ауруы, анамнезде асқазан-ішектен қан кетудің болғаны көрсетілуі, ойық жаралардың түзілуі немесе тесілуі)

қан кетулер (асқазан-ішектен, цереброваскулярлық немесе басқа белсенді қан кетулер)

бауыр немесе бүйрек функцияларының айқын бұзылулары

24 аптадан асқан мерзімдегі жүктілік және бала емізу кезеңі

балалар мен 15 жасқа дейінгі жасөспірімдерге

Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары

Жағымсыз әсерлерді симптомдарды бақылау үшін қажетті аса қысқа мерзім ішінде ең аз тиімді дозаны қолдану арқылы азайтуға болады (төменнен «Дозалану режимі», «Жүрек-қантамыр жүйесі мен ми қанайналымына әсері» және «Асқазан-ішек жолына әсері» бөлімдерін қараңыз).

Циклооксигеназа-2 (ЦОГ-2) селективті тежегіштерін қоса, қандай-да бір синергиялық пайдасының болмауына және қосымша жағымсыз әсерлердің дамуы мүмкіндігіне байланысты, кетопрофенді жүйелі ҚҚСП-мен бір мезгілде қолданбау керек.

Егде жастағы пациенттер

Егде жастағы пациенттерде ҚҚСП-ға жағымсыз реакциялардың, әсіресе өліммен аяқталуы мүмкін асқазан-ішектен қан кетулер мен тесілулердің жиілігі жоғары.

Жүрек-қантамыр, бүйрек және бауыр жеткіліксіздігі

Емдеудің бастапқы сатысында жүрек функциясының бұзылуы, жүрек жеткіліксіздігі, бауыр қызметінің бұзылыстары, цирроз және нефрозы бар пациенттерде, сондай-ақ диуретиктермен емделіп жүрген пациенттерде, бүйректің созылмалы жеткіліксіздігі бар пациенттерде, әсіресе, егер олар егде жастағы адамдар болса, бүйрек функциясы бақылануы тиіс. Осы пациенттердің кетопрофенді қабылдауы простагландиннің тежелуінен туындаған бүйректік қан ағымының төмендеуіне алып келуі мүмкін, бұл бүйрек қызметінің бұзылыстарына әкелуі мүмкін.

Сонымен қатар, ҚҚСП-ның әртүрлі формаларда нефроуыттылыққа ие екендігі анықталды және бұл интерстициальді нефритке, нефроздық синдромға және бүйрек жеткіліксіздігіне соқтыруы мүмкін.

Бауыр функциясы аномальді пациенттерде, сондай-ақ, бауыр ауруын бастан өткерген пациенттерде трансаминазалар деңгейі, әсіресе ұзақ ем кезінде мезгіл-мезгіл тексерілуі тиіс. Кетопрофенді қабылдап жүрген пациенттерде сарғаю мен гепатиттің сирек жағдайлары сипатталған.

Кетопрофенді ұзақ уақыт қабылдағанда қан көрінісін, сондай-ақ, бүйрек пен бауыр функциясын жүйелі түрде бағалап отыру керек.

Гиперкалиемия

Диабет, бүйрек жеткіліксіздігі немесе гиперкалиемиялық препараттармен қатарлас емдеу гиперкалиемияның даму қаупін арттырады. Қан сарысуындағы калий мөлшеріне мониторинг жүргізу қажет.

Организмде натрий мен сұйықтықтың іркілуі

Натрий мен сұйықтықтың іркілуі ісінулердің, артериялық гипертензияның, жүрек жеткіліксіздігінің үдеуінің даму қаупін арттырады. Ондай пациенттерге емдеудің басынан бастап, гипертония немесе жүрек жеткіліксіздігі жағдайында мұқият бақылау қажет. Препараттардың гипотензиялық әсері төмендеуі мүмкін.

Жүрек-қантамыр және цереброваскулярлық әсерлері

Гипертензиясы және/немесе жүректің жеңіл және орташа іркілісті жеткіліксіздігі бар пациенттердің жай-күйін мұқият бақылау керек, өйткені ҚҚСП қолданғанда сұйықтық іркілісі мен ісінулер тіркелген.

Клиникалық зерттеулер мен эпидемиологиялық деректер ЦОГ-2 селективті тежегіштерін және кейбір ҚҚСП (көбінесе жоғары дозаларда) қолдану артериялық тромбоз (миокард инфарктісі, инсульт) қаупінің біршама жоғарылауын туындатуы мүмкін екендігін көрсетіп отыр. Және кетопрофенді қолданумен байланысты артериялық тромбоздар дамыған жағдайлар туралы мәліметтер болмаса да, мұндай ықтималдылықты жоққа шығару үшін деректер жеткіліксіз.

Бақыланбайтын гипертензиясы, жүректің іркілісті жеткіліксіздігі, шеткері артериялардың аурулары және/немесе цереброваскулярлық аурулары бар пациенттерде кетопрофенді мұқият тексеруден кейін ғана қолдануға болады. Мұндай қорытындылар кардиоваскулярлық аурулардың (гипертензия, гиперлипидемия, қант диабеті, шылым шегу) қауіп факторлары бар пациенттерді емдеуді бастар алдында жасалуы тиіс.

Периоперациялық кезеңде (артерияларды шунттау) ҚҚСП (аспиринді қоспағанда) қабылдаған пациенттерде артериялық тромбоздық асқынулар қаупінің жоғарылағаны туралы хабарланды.

Сақтық шаралары

Арнайы нұсқаулар

Жүктілік немесе лактация кезінде

Простагландиндер синтезінің тежелуі жүктіліктің дамуына және/немесе шарананың құрсақішілік дамуына айтарлықтай теріс әсер етуі мүмкін.

Препаратты жүктіліктің I триместрінде қабылдау кезіндегі жағымсыз әсерлер мен қауіптер

Эпидемиологиялық деректер жүктіліктің бастапқы мерзімінде ҚҚСП қолдану жүктіліктің өздігінен үзілуінің, жүрек және алдыңғы құрсақ қабырғасы ақаулары жиілігінің жоғарылауымен байланысты деп болжайды. ҚҚСП қолданғанда жүрек ақаулары дамуының абсолюттік қаупі 1%-дан аздан 1,5%-ға дейін жоғарылайды. Кетопрофенді қабылдаудың жағымсыз салдарларының қаупі препараттың дозасымен және жалпы қабылдау мерзімімен бірге арта түседі. Жануарларға жүргізілген зерттеулерде простагландиндер синтезінің тежегіштерін қабылдау пре- және постимплантациялық кезеңдерде жүктіліктің өздігінен үзілуі жиілігінің жоғарылауына алып келетіні, сондай-ақ, шарана өлімінің жалпы қаупін арттыратыны көрсетілген.

Одан өзге, белсенді органогенез кезеңінде простагландиндер синтезінің тежегіштерін қабылдаған кезде жүрек, ірі қантамырлар және құрсақ қуысы ағзалары ақауларының даму жиілігінің жоғарылағаны көрсетілген.

Препаратты жүктіліктің 12-ші аптасынан кейін жүктіліктің соңына дейін қабылдаудағы жағымсыз әсерлер мен қауіптер

Жүктіліктің 12-ші аптасынан бастап туған сәтке дейін простагландиндер синтезін тежейтін барлық ҚҚСП шарана бүйрегінің функционалдық зақымдануына алып келуі мүмкін:

- жүктіліктің 12-ші аптасынан бастап шарананың құрсақішілік диурезінің баяулауы басталуы, соның салдарынан қағанақ суының аз болуы (әдетте емдеуді тоқтатқаннан кейін қайтымды) немесе ұзақ қолданудың жекелеген жағдайларында шарана маңының суы мүлдем болмауы мүмкін.

- босану кезінде немесе босанғаннан кейінгі бастапқы кезеңде балада ҚҚСП-ның шаранаға кейінгі немесе ұзақ әсер етуі салдарынан, кейіннен білінетін ауыр гиперкалиемия қаупімен бүйректің жедел жеткіліксіздігі (қайтымды немесе қайтымсыз) басталуы мүмкін.

Препаратты жүктіліктің 24-ші аптасынан кейін жүктіліктің соңына дейін қабылдаудағы жағымсыз әсерлер мен қауіптер

Препаратты жүктіліктің 24-ші аптасынан кейін қабылдағанда ҚҚСП шаранада жүрек-өкпе уыттылығы құбылысын (мерзімінен бұрын жабылған артериялық жол және өкпе гипертензиясы) туындатуы мүмкін. Артериялық жолдың тарылуы жүктіліктің 6-шы айында (жүктіліктің 24 аптасынан асқан мерімде) басталуы мүмкін және шаранада немесе жаңа туған нәрестеде жүректің оң жақтық жеткіліксіздігінің дамуына және тіпті шарананың құрсақішілік өліміне алып келуі мүмкін. Бұл қайтымсыз құбылыстың қаупі босану күні жақындаған сайын арта түседі. Артериялық жолдың жабылуы препаратты бір рет қабылдаудың салдарынан туындауы мүмкін.

Препаратты жүктіліктің соңында қабылдаған кезде жаңа туған нәресте мен ана үшін жағымсыз әсерлер мен қауіптер

- ана мен бала үшін қан кету уақытының ұзару қаупі (тіпті кетопрофеннің аз дозасын қабылдағаннан кейін де білінуі мүмкін антиагрегациялық әсердің нәтижесінде).

- босанудың баяулауы, толғақтың бәсеңдеуі, бұл жүктіліктің мерзімінен асып кетуіне және/немесе босанудың ұзаққа созылуына алып келуі мүмкін.

Қорытынды:

Аса қажеттілігі болмаса, препарат жүктілікті жоспарлап жүрген әйелдерге немесе жүктіліктің алғашқы 5 айында (гестацияның 24 аптасы басталғанға дейін) тағайындалмауы тиіс. Ондай қажеттілік туындаған жағдайда қысқа мерзімді емді барынша ең төменгі дозасында тағайындау керек. Осы топтағы пациент әйелдерде препаратпен ұзақ емдемеген дұрыс.

Жүктіліктің 6-шы айының басынан бастап (гестацияның 24-ші аптасынан бастап) препаратты, тіпті бір рет қабылдаудың өзі қатаң қарсы көрсетілімде. Жүктіліктің осы кезеңінде препаратты байқаусызда қабылдау, тіпті бір рет болса да, шарананың кардио-мониторингін, бүйректің жай-күйін, шарананың дамуын бағалауды және жүктілік мерзіміне, кетопрофеннің дозасы мен қабылдау ұзақтығына байланысты жаңа туған нәрестенің жай-күйін мониторингілеуді жүргізуге арналған көрсетілім болып табылады. Фетальді мониторинг ұзақтығы кетопрофеннің қаннан жартылай шығарылу кезеңін ескеруі тиіс.

Кетопрофеннің емшек сүтіне енетіні туралы деректер жоқ. Препаратты лактация кезеңінде қолдануға болмайды.

Кетопрофенді қолдану әйелдерде ұрпақ өрбіту функциясына теріс әсер етуі мүмкін және жүктілікті жоспарлап жүрген әйелдерде қолдану ұсынылмайды. Бала көтере алмай жүрген немесе бедеулікке қатысты тексеріліп жүрген әйелдерде, кетопрофенді қолдануды тоқтату керек.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Бас айналуы, кеңістіктегі бағдарсыздық, ұйқышылдық туындаған жағдайда, көлік жүргізуге немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқаруға болмайды.

Қолдану жөніндегі нұсқаулар

Дозалау режимі

Егер препаратты анағұрлым төмен, тиімді дозасында (50 мг) симптомдарды басу үшін қажетті қысқарақ уақыт мерзімі ішінде қабылдаса, жағымсыз әсерлерін азайтуға болады.

Ең жоғарғы тәуліктік дозасы 200 мг.

Тәулігіне 200 мг дозадағы кетопрофенмен емдеуді бастар алдында болуы мүмкін қаупі мен пайдасы арасындағы теңгерімді мұқият талдау керек, ал жоғарырақ дозалары ұсынылмайды.

Ұзақ симптоматикалық ем: әр 8 сағат сайын 50 мг 1 капсуладан немесе тәулігіне 150 мг

Өршулердің қысқамерзімді симптоматикалық емі: күніне 50 мг-ден 4 капсула немесе тәулігіне 200 мг.

Қабылдау жиілігі

Капсулаларды тамақтану кезінде қабылдау керек.

Тәуліктік дозасы 2-3 қабылдауға бөлінуі тиіс.

Пациенттердің ерекше топтары

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер және егде жастағы пациенттер

Бастапқы және демеуші емдік дозаларын ең аз тиімдісіне дейін төмендету ұсынылады. Препараттың жағымдылығы жақсы болған жағдайда, дозасын жекелей тәртіппен түзетуді қарастыруға болады.

Гиповолемиясы бар пациенттер: Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары бөлімін қараңыз

Енгізу әдісі және жолы

Ішке қабылдауға арналған. Кетотоп® капсулаларын шайнамай, судың жеткілікті мөлшерімен ішіп қабылдайды.

Ең аз тиімді дозасы симптомдарын жеңілдету үшін қажетті қысқа уақыт мерзімі ішінде қолданылуы тиіс.

Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар

Кетопрофеннің 2,5 г дейінгі дозаларында артық дозалану жағдайлары анықталды.

Симптомдары: бас ауыруы, бас айналуы, енжарлық, ұйқышылдық, жүрек айнуы, құсу, іш ауыруы, қан құсу, нәжістің қараюы, сананың бұзылуы, тыныстың тарылуы, құрысулар, бүйрек функциясының бұзылуы және бүйрек жеткіліксіздігі.

Емі: симптоматикалық, арнайы антидоты жоқ. Асқазанды шаю және белсендірілген көмірді қолдану көрсетілген. Бүйрек жеткіліксіздігі болған жағдайда айналымдағы кетопрофенді қаннан шығару үшін гемодиализ емшарасы ұсынылады.

Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алған жағдайда қажетті шаралар

Препараттың өткізіп алған дозасының орнын толтыру мақсатында екі есе дозасын қолданбау керек.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Артық дозалану

Жанама әсерлері

жиі:

- жүрек айнуы, құсу диспепсия, іш аумағының ауыруы

жиі емес:

- бас ауыруы, бас айналуы, ұйқышылдық

- ісінулер

- іш қатуы, диарея, іштің кебуі, гастрит

- тері бөртпесі, терінің қышынуы

- қажу

сирек:

- қан жоғалтумен байланысты анемия

- парестезиялар

- анық көрмеу

- құлақтағы шуыл

- демікпе ұстамалары

- пептидтік ойық жара, стоматит, колит

- гепатит, «бауыр» трансаминазалары белсенділігінің жоғарылауы, гепатиттен туындаған бұзылулардың дамуы салдарынан билирубин концентрациясының жоғарылауы.

- салмақ жоғарылауы

белгісіз:

- агранулоцитоз, тромбоцитопения, сүйек кемігінің жеткіліксіздігі, гемолиздік анемия, лейкопения,

- Квинке ісінуі, анафилаксиялық реакциялар (анафилаксиялық шокты қоса).

- бағдарсыздық, эмоционалдық орнықсыздық

- құрысулар, дисгевзия, депрессия, сананың шатасуы, елестеулер, бас айналуы, дімкәстану, ұйқышылдық, асептикалық менингит туралы хабарламалар (әсіресе, бұрыннан жүйелі қызыл жегі, дәнекер тіннің аралас аурулары сияқты аутоиммундық бұзылулары бар пациенттерде), шүйде бұлшықеттерінің сіресуі, бас ауыруы, жүрек айны, құсу, қызба немесе бағдарсыздық сияқты тиісінше симптоматикасымен

- ретробульбарлық неврит

- жүрек жеткіліксіздігі,

- артериялық гипертензия, вазодилатация, васкулит (лейкоцитокласттық васкулитті қоса)

- бронх түйілуі (әсіресе, ҚҚСП-ға аса жоғары сезімталдығы бар пациенттерде), ринит

- ойық жаралы колиттің немесе Крон ауруының өршуі, асқазан-ішектен қан кету, перфорация, панкреатит

Тәулігіне 200 мг дозадағы пероральді кетопрофен нәжісте жасырын қанның пайда болуына түрткі болуы мүмкін, мұның ықтималдылығы дозасы мен емдеу ұзақтығы артқан сайын жоғарылай түседі

- фотосенсибилизация, алопеция, есекжем, созылмалы есекжемнің өршуі, эритема, Стивенс-Джонсон синдромы мен уытты эпидермалық некролизді қоса буллездік бөртпе, жедел жайылған экзантемалық пустулез, пурпура

- организмде сұйықтық пен натрийдің іркілуі

- бүйректің жедел жеткіліксіздігі, интерстициальді нефрит, нефроздық синдром, папиллярлық некроз, бүйректің аномальді функционалдық тестілері

- гиперкалиемия

Шығарылу түрі

Поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 10 капсуладан салады.

Пішінді ұяшықты 2 қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдерінде бекітілген нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Қорапшалар картон қораптарға салынады.

Пішінді қаптамаларды (картон қорапшаға салмай) картон қораптарға салуға жол беріледі. Әр қорапқа медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бекітілген нұсқаулықтар салынады. Топтық қаптамаға нұсқаулықтар саны қаптамалардың санына қарай салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

4 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға болады50 мг капсула Кетотопы №20 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube