Қолдану көрсеткіштері
Ересек пациенттерде келесі инфекцияларды емдеу үшін
- жедел пиелонефрит және несеп шығару жолдарының асқынған инфекциялары
- созылмалы бактериялық простатит
- сібір ойықжарасының өкпелік түрі: жанасудан кейінгі алдын алу мен емдеуде
Төменде аталған инфекциялар үшін левофлоксацин таблеткаларын бактерияға қарсы басқа препараттарды қолдану талапқа сай болмаған жағдайларда ғана қолдану керек.
- жедел бактериялық синусит
- өкпенің созылмалы обструктивті ауруының, оның ішінде созылмалы бронхиттің өршуі
- ауруханадан тыс пневмония
- тері мен жұмсақ тіндердің асқынған инфекциялары
- асқынбаған цистит
Таблеткалар түріндегі Леволет препараты левофлоксацинді вена ішіне енгізе отырып, бастапқы ем жүргізгеннен кейін жақсару байқалған пациенттерде емдеу курсын аяқтау үшін де қолданылуы мүмкін.
Бактерияға қарсы агенттерді тиісті қолдану бойынша ресми нұсқауларды орындау қажет.