Показания к применению
Аллергиялық ринит пен созылмалы идиопатиялық есекжемді симптоматикалық емдеу үшін.
Аллергиялық ринит пен созылмалы идиопатиялық есекжемді симптоматикалық емдеу үшін.
- препараттың белсенді затына немесе препараттың қосымша заттарына аса жоғары сезімталдық
- тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Lapp-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдар
- жүктілік және лактация кезеңі
- 6 жасқа дейінгі балалар
Алкогольмен бір мезгілде қолданғанда ЛОРАТАЛ ® көтермелейтін әсері жоқ, бұл психомоторлы функцияға жасалған зерттеулермен расталады.
Потенциалды өзара әрекеттесу лоратадин деңгейінің жоғарылауымен барлық белгілі CYP3A4 немесе CYP2D6 тежегіштерін қолдану кезінде орын алуы мүмкін, бұл жағымсыз реакциялардың туындау жиілігінің жоғарылауымен қатар жүруі мүмкін.
Қан плазмасындағы лоратадин концентрациясының жоғарылауы клиникалық маңызды өзгерістерсіз (ЭКГ қоса) кетоконазолмен, эритромицинмен және циметидинмен бір мезгілде қабылдағаннан кейін тіркелді.
Арнайы ескертулер
Бауыр функциясы ауыр бұзылған пациенттерге ЛОРАТАЛ® препаратын сақтықпен тағайындаған жөн.
Таблетканың құрамында лактоза бар, сондықтан препарат галактозаны көтере алмаумен, Lapp-лактаза ферментінің тапшылығымен, глюкоза-галактоза мальабсорбциясымен байланысты сирек тұқым қуалайтын аурулардан зардап шегетін пациенттерге қарсы көрсетілген.
ЛОРАТАЛ ® препаратын қабылдауды теріге тест жүргізгенге дейін кемінде 48 сағат бұрын тоқтату керек, өйткені антигистаминдік дәрілер реактивтілік индексін анықтау кезінде тері сынамаларының оң реакцияларын бейтараптандыруы немесе басқа жолмен бәсеңдетуі мүмкін.
Педиатрияда қолдану
Дене салмағы 30 кг немесе одан аз 6 жасқа дейінгі балалар үшін лоратадинді босатудың басқа да анағұрлым қолайлы түрлері бар.
2 жасқа дейінгі балалар үшін ЛОРАТАЛ® препаратының қауіпсіздігі мен тиімділігі зерттелмеген және деректер жоқ.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Жүктілік және бала емізу кезеңінде қолдану ұсынылмайды
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
ЛОРАТАЛ ® автокөлік пен механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді немесе шамалы әсер етеді. Алайда, пациенттерге кейбір адамдарда ұйқышылдық өте сирек кездесетінін, бұл автокөлікті және механизмдерді басқару қабілетіне әсер етуі мүмкін екенін хабарлау қажет.
Дозалау режимі
Ересектер: тәулігіне бір рет бір таблетка (10 мг).
Таблетканы тамақтануға қарамастан қабылдауға болады.
Балалар
Дене салмағы 30 кг-нан асатын 6 жастан асқан балалар: тәулігіне бір рет бір таблетка (10 мг).
Пациенттердің ерекше топтары:
Бауыр функциясы бұзылған пациенттер
Бауыр функциясы ауыр түрде бұзылған пациенттерге препаратты анағұрлым төмен бастапқы дозада тағайындау керек, өйткені лоратадин клиренсінің төмендеуі ықтимал. Ересектер мен дене салмағы 30 кг-нан асатын балалар үшін ұсынылатын бастапқы доза күніне 10 мг құрайды.
Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер
Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер үшін дозаны түзетудің қажеттілігі жоқ.
Егде жастағы пациенттер
Егде жастағы адамдар үшін дозаны түзету қажет емес.
Енгізу жолы және тәсілі
Пероральді.
Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі
Тәулігіне бір рет 1 таблеткадан (10 мг).
Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажет шаралар
Симптомы: ұйқышылдық, тахикардия және бас ауыруы. Лоратадинмен артық дозалануы антихолинергиялық симптомдардың туындау жиілігін арттырады.
Көрсетілген симптомдар пайда болғанда препаратты қабылдауды тоқтатып, медициналық көмекке жүгіну керек.
Емі: қажетті уақыт кезеңі ішінде симптоматикалық және демеуші ем. Асқазанды шаю, белсендірілген көмірді сулы суспензия түрінде қолдануға болады. Лоратадин гемодиализ жолымен шығарылмайды, перитонеальді диализдің препаратты шығарудағы тиімділігі белгісіз. Шұғыл көмек көрсетілгеннен кейін пациент дәрігерлік бақылауда қалуы тиіс.
10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және басылған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.
1 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге өндіруші фирманың голограммасы бар картон қорапшаға салынған.
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
5 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
При выборе доставки, вы можете оплатить ваш заказ на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay или Google Pay. При выборе самовывоза вы можете оплатить заказ в определенных аптеках с помощью Kaspi QR, карты или наличными либо на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay, Google Pay.
Доставка осуществляется в городах Алматы, Астане, Шымкенте, Караганде по тарифам служб доставки Яндекс и Choco, а также в другие города Казахстана по тарифам службы доставки Avis или с помощью сервиса Indrive. Все службы доставки, помимо Choco, доступны круглосуточно. Доставка Choco доступна до 01:20 в Алматы, до 00:50 в Астане, до 23:00 в Шымкенте и Караганде.
В соответствии с законодательством, по общему правилу, лекарственные средства и медицинские изделия не подлежат возврату и обмену. Для уточнения информации, обратитесь в нашу службу поддержки.
Бесплатная консультация фармацевта и возможность выбора ближайшей к Вам аптеки. Простая система проверки наличия в аптеках и удобное сравнение цен. Страница продукта содержит подробные справочные материалы и указания по применению.
