daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Таразе қаласындағы Медофлюкон Капсулалары 150 Мг №1 | Медокеми Лтд

Таразе қаласындағы Медофлюкон Капсулалары 150 Мг №1 | Медокеми Лтд
Сипаттама:

Көгілдір түсті қақпақшасы және ақ түсті корпусы бар № 3 қатты желатинді капсулалар (50 мг доза үшін). Корпусы және қақпақшасы көгілдір түсті №1 қатты желатинді капсулалар (150 мг доза үшін). Қызыл түсті қақпақшасы және ақ түсті корпусы бар № 1 қатты желатинді капсулалар (200 мг доза үшін). Капсулалардың ішіндегісі - ақ сусымалы ұнтақ.

Халықаралық атауы:

Флуконазол

Өндіруші:

Медокеми Лтд

Өндіруші ел:

Республика Кипр

Белсенді заттың дозасы:

150 мг

Дәрілік түрі:

Капсулалар, 50 мг, 150 мг, 200 мг

Қаптамадағы саны:

1 шт
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Медофлюкон ересек пациенттерге келесі зеңдік инфекцияларды емдеу үшін тағайындалады:

- криптококкты менингит

- кокцидиоидомикоз

- инвазивті кандидоз

- шырышты қабық кандидозы, оның ішінде ауыз-жұтқыншақ, өңеш кандидозы, кандидурия және созылмалы шырышты-тері кандидоз

- егер ауыз қуысының гигиенасы немесе жергілікті емдеу жеткіліксіз болса, созылмалы оральді атрофиялық кандидоз (ауыз қуысының ауыруы)

- жергілікті емдеу мүмкін болмаған кезде жедел немесе созылмалы қайталанатын қынаптық кандидоз

- жергілікті емдеу мүмкін болмаған кезде кандидозды баланит

- дерматомикоз, оның ішінде табан дерматофитиясы (tinea pedis), тегіс тері дерматофитиясы (tinea corporis), шап дерматофитиясы (tinea cruris), кебек тәрізді теміреткі (tinea versicolor) және қажет болған жағдайда жүйелі емдеу терінің кандидозды инфекциясы

- тырнақ дерматофитиясы (онихомикоз), басқа препараттармен емдеуге болмайтын кезде.

Қарсы көрсеткіштер

- әсер етуші затқа, флуконазолға ұқсас құрылымы бар азольді заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық

- тәулігіне 400 мг және одан астам дозада флуконозолды көп рет қолданғанда терфенадинді бір мезгілде қабылдау

- QT аралығын ұзартатын және цизаприд, астемизол, пимозид, хинидин, амиодарон және эритромицин сияқты CYP3A4 изоферментінің көмегімен метаболизденетін препараттармен бір мезгілде қолдану

- тұқым қуалайтын галактоза көтере алмаушылығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдарға

- жүктілік және лактация кезеңі

- балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер.

Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары

Медофлюкон препаратын қабылдағанға дейін дәрігермен кеңесу керек егер зеңдік инфекцияны емдеу мүмкін болмаса, балама зеңге қарсы ем қажет болуы мүмкін.

Бастың шаш өсетін бөлігінің дерматофитиясы

Препарат тиімділігі жағынан гризеофулвиннен аспайды; тиімділігі 20% құрайды, сондықтан Медофлюконды бастың шаш өсетін бөлігінің дерматофитиясын емдеу үшін қолдануға болмайды.

Криптококкоз

Флуконазолдың басқа аймақтардың криптококкозын (мысалы, өкпе және тері криптококкозын) емдеудегі тиімділігі туралы дәлелді деректер жеткіліксіз, сондықтан препаратты дозалау жөнінде ұсынымдар беру мүмкін емес.

Эндемиялық терең микоздар

Паракокцидиоидомикоз, тері-лимфа споротрихозы және гистоплазмоз сияқты эндемиялық микоздардың басқа түрлерін емдеуде флуконазолдың тиімділігі туралы дәлелді деректер шектеулі, соның салдарынан дозалауға қатысты қандай да бір ұсынымдар беру мүмкін емес.

Бүйрек функциясының бұзылуы

Медофлюконды бүйрек функциясы бұзылған пациенттерге сақтықпен қолдану керек.

Бүйрекүсті безінің жеткіліксіздігі

Кетоконазол бүйрекүсті безінің жеткіліксіздігін тудыратыны белгілі және бұл флуконазолды қолданғанда да байқалуы мүмкін. Бүйрекүсті безінің жеткіліксіздігі преднизолонмен қатар емделумен байланысты.

Бауыр мен өт шығару жолдары функциясының бұзылуы

Медофлюконды бауыр функциясы бұзылған пациенттерге сақтықпен қолдану керек.

Сирек жағдайларда флуконазолды қолдану бауырдың уытты өзгерістерімен, оның ішінде өліммен аяқталуымен, негізінен елеулі қатар жүретін аурулары бар пациенттерде қатар жүрді. Флуконазолмен байланысты гепатоуыттылық жағдайларында жалпы тәуліктік дозамен, емдеу ұзақтығымен, пациенттердің жынысымен немесе жасымен қандай да бір айқын өзара байланыс байқалған жоқ. Флуконазолдың гепатоуыттылығы әдетте қайтымды сипатта болды және емдеу тоқтатылғаннан кейін өтті.

Флуконазолмен емдеу кезінде бауыр функциясының зертханалық көрсеткіштерінің ауытқулары бар пациенттер бауырдың анағұрлым ауыр зақымдануының алдын алу мақсатында тұрақты бақылауда болуы тиіс.

Бауырға ауыр зардаптардың тән симптомдары келесідей болуы мүмкін: астения, анорексия, тұрақты жүрек айну, құсу және сарғаю. Флуконазолды қабылдауды дереу тоқтатып, дәрігерге көріну керек.

Жүрек-қантамыр жүйесі

Кейбір азолдерді, оның ішінде флуконазолды қолданғанда электрокардиограммада QT аралығының ұзару жағдайлары орын алды. Тіркеуден кейінгі бақылау барысында флуконазолды қабылдаған пациенттерде QT аралығының ұзару және полиморфты қарыншалық тахикардияның өте сирек жағдайлары тіркелді. Осы жағдайлардың ішінде көптеген қауіпті факторлары бар ауыр науқастар туралы хабарламалар болды, мысалы, құрылымдық жүрек ауруы, электролиттердің бұзылуы және жағдайға әсер етуі мүмкін препараттарды қатар қабылдау.

Медофлюконды осындай ықтимал аритмиялық жағдайы бар пациенттерге сақтықпен қолдану керек.

Басқа дәрілік препараттарды бір мезгілде қолдануға болмайды, олар QT аралығын ұлғайтатыны және P - 450 CYP3A4 цитохромының көмегімен метаболизденетіні белгілі.

Галофантрин

Галофантрин ұсынылған емдік дозада QT аралығын ұзартады және CYP3A4 субстраты болып табылады. Сондықтан флуконазол мен галофантринді бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.

Тері реакциялары

Флуконазолмен емдеу кезінде сирек жағдайларда пациенттерде Стивенс - Джонсон синдромы және уытты эпидермальді некролиз сияқты эксфолиативті тері реакциялары дамиды. АИТВ жұқтырған пациенттер көптеген дәрілік препараттарға терінің ауыр реакцияларының дамуына бейім. Флуконазолдың әсеріне жатқызуға болатын беткейлік зеңдік инфекциядан, бөртпеден емделіп жатқан пациенттерде пайда болған кезде осы дәрілік препаратпен емдеуді тоқтату керек. Инвазивті/жүйелі зеңдік инфекциялары бар пациенттерде бөртпе пайда болған кезде оларды мұқият бақылау және буллездік зақымданулар немесе көп формалы эритема пайда болған кезде флуконазолды тоқтату керек.

Флуконазолды қолдану кезінде эозинофилиямен және жүйелік көріністермен дәрілік реакцияның (DRESS) дамуы туралы хабарланды.

Жоғары сезімталдық

Анафилаксиялық реакциялардың сирек жағдайлары тіркелді.

P450 цитохромы

Флуконазол CYP2C9 изоферментінің күшті тежегіші және CYP3A4 изоферментінің орташа тежегіші , сондай-ақ CYP2C19 изоферментінің тежегіші болып табылады. CYP2C9, CYP2C19 және CYP3A4 изоферменттерімен метаболизденетін емдік ауқымы тар дәрілік препараттармен бір мезгілде Медофлюкон қабылдайтын пациенттерді қадағалау керек.

Терфенадин

Флуконазолды тәулігіне 400 мг-ден аз дозада және терфенадинді бір мезгілде қолдануды емдеуші дәрігердің мұқият қадағалауымен жүргізген жөн.

Кандидоз

Зерттеулер Candida штамдарының инфекцияларының C. albicans-тен өзгеше екенін көрсетті. Олар көбінесе тұрақтылықты көрсетеді (мысалы, C. krusei және C. auris) немесе флуконазолға сезімталдықтың төмендеуі (C. glabrata). Мұндай инфекциялар флуконазолмен тиімсіз емдеу кезінде баламалы зеңге қарсы емді қажет етуі мүмкін. Дәрігерлерге әр түрлі Candida түрлерінің флуконазолға резистенттілігінің таралуын ескеру ұсынылады.

Қосымша заттар

Медофлюкон капсулаларының құрамында лактоза моногидраты бар. Тұқым қуалайтын галактоза көтере алмаушылығы, Lapp-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар пациенттерге Медофлюкон тағайындауға болмайды.

Медофлюкон препаратының құрамында кармуазин (Е 122) (50 мг), патенттелген көк V (E 131) (50 мг, 150 мг), понсо 4R (Е 124) (200 мг), сансет сары FCF (E 110) (200 мг) сияқты бояғыштар бар. Препарат жүктілік кезінде және лактация кезінде, сондай-ақ балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде қолдануға қарсы көрсетілімді.

Медофлюкон капсулаларында 1 ммоль-ден аз натрий бар. Мұны тұзсыз диетаны ұстанатын адамдарға тағайындау кезінде ескеру керек.

Өзара әрекеттесуі

Флуконазолды келесі препараттармен бір мезгілде қолдануға болмайды:

Цизаприд: флуконазол мен цизапридті бір мезгілде қолданғанда жүрек тарапынан жағымсыз реакциялар, оның ішінде полиморфты қарыншалық тахикардия жағдайлары болуы мүмкін. Флуконазолды тәулігіне 1 рет 200 мг дозада және цизапридті тәулігіне 4 рет 20 мг дозада бір мезгілде қолдану цизапридтің қандағы плазмалық концентрациясының айқын ұлғаюына және QT аралығының ұлғаюына әкеледі. Оларды бір уақытта қолдануға болмайды.

Терфенадин: азольді зеңге қарсы дәрілерді және терфенадинді бір мезгілде қолданғанда QT аралығының ұзаруы нәтижесінде жүрек аритмиясы пайда болуы мүмкін. Флуконазолды терфенадинмен тәулігіне 200 мг дозада қолдану QT аралығының ұзаруын туындатпады, бірақ флуконазолды тәулігіне 1 рет 400 мг және 800 мг дозада қолданғанда терфенадиннің плазмалық концентрациясының едәуір жоғарылауы байқалды. Терфенадин мен флуконазолды 400 мг және одан көп дозада бір мезгілде қолдануға болмайды. Терфенадин мен флуконазолды тәулігіне 1 рет 400 мг аспайтын дозада бір мезгілде қолдануды мұқият бақылаумен жүргізген жөн.

Астемизол: флуконазол мен астемизолды бір мезгілде қолдану астемизол клиренсінің төмендеуіне әкелуі мүмкін. Астемизолдың жоғары плазмалық концентрациясы QT аралығының ұзаруына және сирек жағдайларда полиморфты қарыншалық тахикардияның пайда болуына әкелуі мүмкін. Оларды бір уақытта қолдануға болмайды.

Пимозид: флуконазол мен пимозидті бір мезгілде қолдану пимозид метаболизмінің тежелуіне әкелуі мүмкін. Пимозидтің жоғары плазмалық концентрациясы QT аралығының ұзаруына және сирек жағдайларда полиморфты қарыншалық тахикардияның пайда болуына әкелуі мүмкін. Оларды бір уақытта қолдануға болмайды.

Хинидин: флуконазол мен хинидинді бір мезгілде қолдану хинидин метаболизмінің бәсеңдеуіне әкелуі мүмкін. Хинидинді қолдану кезінде QT аралығының ұзару жағдайлары және полиморфты қарыншалық тахикардияның сирек жағдайлары байқалды. Оларды бір уақытта қолдануға болмайды.

Эритромицин: флуконазол мен эритромицинді бір мезгілде қолдану кардиоуыттылықтың (QT аралығының ұзаруы, полиморфты қарыншалық тахикардия) және соның салдарынан кенеттен жүрек өлімінің әлеуетті қаупін арттырады. Оларды бір уақытта қолдануға болмайды.

Флуконазолмен бір мезгілде мынадай дәрілік заттарды қолдану ұсынылмайды:

Галофантрин: флуконазол галофантриннің метаболизмін тежеуі мүмкін, бұл соңғысының қандағы концентрациясының жоғарылауына және кардиоуытты әсерлердің дамуына (QT аралығының ұзаруы, полиморфты қарыншалық тахикардия), жүрек ұстамасына дейін және нәтижесінде кенеттен жүрек өліміне әкеледі.

Сақтықпен қолдану керек:

Амиодарон: флуконазол амиодаронның метаболизмін тежейді, бұл QT аралығының ұзаруына әкеледі. Егер флуконазолды және амиодаронды, әсіресе флуконазолды жоғары дозаларда (800 мг) бір мезгілде қолдану қажет болса, сақ болу керек.

Флуконазолмен емдеу мынадай дәрілік заттармен бір мезгілде тағайындағанда дәрілік терапия дозасын түзетуді талап етуі мүмкін:

Дәрілік заттардың флуконазолға әсері:

Рифампицин: флуконазолдың фармакокинетикалық қисығы астындағы ауданды орта есеппен 20% - ға және жартылай шығарылу кезеңін 25% - ға азайтады. Қатарлас рифампицин алатын пациенттерде флуконазол дозасын ұлғайту туралы мәселені қарау керек.

Өзара әрекеттесуді зерттеу ауыз қуысының флуконазолын тамақпен, циметидинмен, антацидтермен бір мезгілде қабылдағанда немесе сүйек кемігін трансплантациялау үшін организмнің жалпы сәулеленуінен кейін флуконазолдың клиникалық маңызды сіңірілуінің бұзылуы болмайтынын көрсетті.

Гидрохлоротиазид: қан плазмасындағы флуконазол концентрациясын 40% - ға арттырды. Мұндай шаманың әсері қатарлас диуретиктер алатын пациенттерде флуконазолды дозалау режимін өзгертуді талап етпеуі тиіс.

Флуконазолдың басқа дәрілік заттарға әсері:

Флуконазол CYP2C9 изоферментінің қуатты тежегіші және Р450 цитохромының CYP3A4 және CYP2C19 изоферменттерінің қалыпты тежегіші болып табылады, бұл флуконазолмен бір мезгілде қабылдаған кезде қан плазмасында CYP2C9, CYP2C19 және CYP3A4 изоферменттерінің қатысуымен метаболизденетін басқа дәрілік заттардың концентрациясының жоғарылау қаупін тудырады. Флуконазолдың тежегіштік әсері ұзақ жартылай шығарылу кезеңіне байланысты препаратты тоқтатқаннан кейін 4-5 күн бойы сақталады.

Алфентанил: флуконазолды 400 мг дозада пероральді қабылдау және 20 мкг/кг дозада альфентанилді вена ішіне енгізу дені сау еріктілерде фармакокинетикалық қисық астындағы ауданның 2 есе артуына және альфентанил клиренсінің төмендеуіне себеп болды. Қатарлас альфентанил қабылдайтын пациенттерде дозаны түзету қажет болуы мүмкін.

Амитриптилин және нортриптилин: флуконазол амитриптилин мен нортриптилиннің әсерін күшейтеді. 5-нортриптилинді және/немесе S-амитриптилинді біріктірілген емнің басында және бір аптадан кейін өлшеуге болады. Қажет болса, амитриптилин/нортриптилин дозасын түзету керек.

Амфотерицин В: флуконазол мен амфотерицин В бір мезгілде қолдану мынадай нәтижелерге әкелді: C. albicans жүйелі инфекциясы кезінде зеңге қарсы шағын аддитивті әсер, Cryptococcus neoformans бассүйекішілік инфекция кезінде өзара әрекеттесудің болмауы және A. fumigatus жүйелі инфекциясы кезінде екі препараттың антагонизмі.

Антикоагулянттар: варфаринмен бір мезгілде флуконазол қабылдаған пациенттерде протромбиндік уақыттың ұлғаюына байланысты басқа азольді зеңге қарсы препараттар жағдайындағыдай маркетингтен кейінгі тәжірибеде қан кету жағдайлары (гематома, эпистаксис, асқазан-ішектен қан кету, гематурия және мелена) хабарланды. Флуконазолмен және варфаринмен бір мезгілде емдеу кезінде протромбин уақыты CYP2C9 арқылы варфарин метаболизмінің тежелуіне байланысты 2 есеге дейін артты. Флуконазолмен бір мезгілде кумаринді немесе индандионды антикоагулянттарды алатын пациенттерде протромбиндік уақытты мұқият бақылау керек. Антикоагулянт дозасын түзету қажет болуы мүмкін.

Қысқа әсер ететін бензодиазепиндер (мидазолам, триазолам): флуконазол мидазолам мен триазоламның қандағы концентрациясын олардың психомоторлық әсерін күшейте отырып арттырады. Флуконазолды 200 мг дозада және мидазоламды 7.5 мг дозада бір мезгілде қабылдау фармакокинетикалық қисық астындағы ауданды 3.7 есе және мидазоламның жартылай шығарылу кезеңін 2.2 есе ұлғайтты. Флуконазолды 200 мг дозада және триазоламды 0.25 мг дозада бір мезгілде қабылдау фармакокинетикалық қисық астындағы ауданды 4.4 есе және триазоламның жартылай шығарылу кезеңін 2.3 есе ұлғайтты. Триазоламның күшейтетін және ұзаққа созылатын әсері флуконазолмен бір мезгілде емдеу кезінде байқалды. Егер флуконазол қабылдайтын пациенттерде бензодиазепиндермен қатар емдеу қажет болса, бензодиазепин дозасын төмендету туралы мәселені қарау және пациенттерге тиісті бақылау жүргізу керек.

Карбамазепин: флуконазол карбамазепиннің метаболизмін оның қан плазмасындағы концентрациясының 30% - ға дейін артуымен тежейді. Карбамазепиннің уыттылық даму қаупі бар. Карбамазепин дозасын түзету концентрацияны/әсерді өлшеуге байланысты қажет болуы мүмкін.

Кальций өзекшелерінің блокаторлары: флуконазол CYP3A4 изоферментінің (нифедипин, исрадипин, амлодипин, верапамил, фелодипин) қатысуымен метаболизденетін бірқатар кальций өзекшелерінің блокаторлары метаболизмінің әлеуетті тежегіші болып табылады, олардың қандағы концентрациясы мен емдік әсерін арттырады. Жағымсыз реакцияларды жиі бақылау ұсынылады.

Целекоксиб: флуконазолды тәулігіне 200 мг дозада және целекоксибті 200 мг дозада бір мезгілде қолданғанда қандағы целекоксибтің фармакокинетикалық қисығы астындағы ең жоғары концентрация және аудан тиісінше 68% және 134% - ға жоғарылады. Флуконазол мен целекоксибті бір мезгілде тағайындау қажет болған кезде целекоксиб дозасын 2 есе төмендету ұсынылады.

Циклофосфамид: флуконазолмен бір мезгілде қолданғанда қанда билирубин мен креатинин концентрациясы жоғарылайды. Біріктірілімді қан сарысуындағы билирубин мен креатинин деңгейінің жоғарылау қаупін ескере отырып қолдануға болады.

Фентанил: фентанилдің флуконазолмен ықтимал әрекеттесуіне байланысты өліммен аяқталған фентанилмен уыттану жағдайы туралы хабарланды. Сонымен қатар, дені сау еріктілерде флуконазол фентанилдің шығарылуын едәуір кешіктіретіні көрсетілген. Фентанилдің жоғары концентрациясы тыныстың тарылуына әкелуі мүмкін. Пациенттер тыныстың тарылу ықтимал қаупі тұрғысынан мұқият бақылауда болуы тиіс. Фентанил дозасын түзету қажет болуы мүмкін.

ГМГ-КоА редуктаза тежегіштері: флуконазол олардың жағымсыз әсерлерін күшейте отырып, CYP3A4 (аторвастатин, симвастатин) және CYP2C9 (флувастатин) изоферментінің қатысуымен метаболизденетін ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштерінің қандағы концентрациясын арттырады. Флуконазолды және ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштерін бір мезгілде тағайындау қажет болған кезде миопатия немесе рабдомиолиз симптомдарының пайда болуын, қандағы креатинкиназа белсенділігін бақылау керек. Егер креатинкиназаның елеулі ұлғаюы байқалса немесе миопатия/рабдомиолиз диагнозы қойылса немесе күдік туындаса, ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштерін тоқтату керек.

Ибрутиниб: флуконазол сияқты орташа CYP3A4 тежегіштері қан плазмасындағы ибрутиниб концентрациясын жоғарылатады және уыттылық қаупін арттыруы мүмкін. Егер біріктірілімді қолдануды болдырмау мүмкін болмаса, тежегішті қолданудың бүкіл кезеңі ішінде күніне бір рет (екі капсула) 280 мг-ға дейін ибрутиниб дозасын азайту қажет және мұқият клиникалық мониторингті қамтамасыз ету керек.

Ивакафтор: муковисцидоз кезінде трансжарғақшалық өткізгіштік реттегішінің потенциаторы - ивакафтормен (CFTR) бірге енгізу, ивакафордың әсерін 3 есе және гидроксиметил-ивакафтор (M1) әсерін 1.9 есе ұлғайтты. Флуконазол және эритромицин сияқты қатар жүретін орташа CYP3A тежегіштерін қабылдайтын пациенттерге ивакафтор дозасын күніне бір рет 150 мг-ға дейін төмендету ұсынылады.

Олапариб: флуконазол сияқты CYP3A4 орташа тежегіштері қан плазмасындағы олапариб концентрациясын арттырады; бір мезгілде қолдану ұсынылмайды. Егер біріктірілімді қолдануды болдырмау мүмкін болмаса, олапариб дозасын күніне екі рет 200 мг дейін шектеу қажет.

Иммуносупрессорлар (мысалы, циклоспорин, эверолимус, сиролимус және такролимус)

Циклоспорин: флуконазол циклоспориннің концентрациясын және AUC айтарлықтай арттырады. Флуконазолды тәулігіне 200 мг дозада және циклоспоринді тәулігіне 2.7 мг/кг дозада бір мезгілде қолданғанда циклоспориннің AUC 1.8 есе артқаны байқалды. Бұл препараттарды оның концентрациясына байланысты циклоспорин дозасы төмендеген жағдайда бір мезгілде қолдануға болады.

Эверолимус: флуконазол СУР3А4 басылуына байланысты қан плазмасындағы эверолимус концентрациясын арттыруы мүмкін.

Сиролимус: флуконазол қан плазмасындағы сиролимус концентрациясын CYP3A4 ферментімен және P-гликопротеинмен сиролимус метаболизмін тежеу арқылы арттырады. Бұл препараттарды концентрация деңгейіне және препараттың әсеріне байланысты сиролимус дозасын түзеткен жағдайда бір мезгілде қолдануға болады.

Такролимус: флуконазол ішектегі CYP3A4 ферментімен такролимус метаболизмінің бәсеңдеуіне байланысты оны пероральді қолданған кезде қан плазмасындағы такролимус концентрациясын 5 есеге дейін арттыруы мүмкін. Такролимусты қолдану кезінде фармакокинетикада елеулі өзгерістер байқалмады. Такролимустың жоғарылаған деңгейі нефроуыттылықпен байланысты. Пероральді такролимус дозасын такролимус концентрациясына байланысты төмендету керек.

Лозартан: флуконазол лозартанның метаболизмін оның белсенді метаболитіне (Е-31 74) дейін тежейді, бұл лозартанды қолдану кезінде ангиотензин II рецепторларына антагонизмнің көп бөлігін тудырады. Пациенттерде АҚ тұрақты мониторингін жүзеге асыру ұсынылды.

Метадон: флуконазол метадонның қандағы концентрациясын жоғарылатуы мүмкін. Метадон дозасын түзету қажет болуы мүмкін.

Қабынуға қарсы стероидты емес препараттар (NSAID)

Флуконазолмен бір мезгілде қолданғанда флурбипрофеннің Cmax және AUC тек флурбипрофенді қолданған кезде ұқсас көрсеткіштермен салыстырғанда тиісінше 23 және 81% - ға жоғарылады. Осыған ұқсас флуконазолды ракемиялық ибупрофенмен (400 мг) Cmax және AUC фармакологиялық белсенді изомерімен бірге қолданғанда S-(+)-ибупрофен тек рацемиялық ибупрофенді қолданған кезде тиісті көрсеткіштермен салыстырғанда тиісінше 15 және 82% - ға жоғарылады.

Флуконазол CYP 2C9 (мысалы, напроксен, лорноксикам, мелоксикам, диклофенак) метаболизденетін басқа ҚҚСП жүйелік экспозициясын арттыруға әлеуетті қабілетті. ҚҚСП-мен байланысты жағымсыз реакциялар мен уытты көріністеулердің мониторингін мезгіл-мезгіл жүзеге асыру ұсынылды. ҚҚСП дозасын түзету қажет болуы мүмкін.

Фенитоин: флуконазол фенитоиннің бауыр метаболизмін тежейді. Флуконазолды 200 мг дозада бір мезгілде қабылдау және фенитоинді 250 мг дозада вена ішіне енгізу қандағы фенитоиннің фармакокинетикалық қисығы астындағы ең жоғары концентрацияның және ауданның тиісінше 128% және 75% - ға артуына әкелді. Бір мезгілде қолданған кезде фенитоиннің уыттылығын болдырмау үшін қан сарысуындағы фенитоин концентрациясының деңгейін бақылау керек.

Преднизон: бауыр трансплантациясынан кейін преднизон алған пациентте флуконазолмен емдеу аяқталғаннан кейін 3 айдан кейін бүйрекүсті безі қыртысының жедел жеткіліксіздігі туралы хабарлама бар. Флуконазолды қабылдауды тоқтату CYP3A4 белсенділігінің артуына әкеліп соқты, бұл преднизон метаболизмінің жоғарылауына әкелді. Флуконазолмен және преднизонмен ұзақ емде жүрген пациенттерде флуконазолмен емдеу аяқталғаннан кейін бүйрекүсті безі қыртысының функциясын мұқият мониторингтеу керек.

Рифабутин: флуконазол қандағы рифабутин концентрациясын оның фармакокинетикалық қисық астындағы ауданының 80% - ға ұлғаюымен және жағымсыз әсерлердің даму қаупінің өсуімен (бір мезгілде қолданғанда увеит жағдайлары сипатталған) арттырады. Біріктірілген ем кезінде рифабутиннің уыттылық симптомдарын ескеру керек.

Саквинавир: флуконазол қандағы ең жоғары концентрацияны және саквинавирдің фармакокинетикалық қисығы астындағы ауданды CYP3A4 бауырындағы саквинавирдің метаболизмінің тежелуіне және Р-гликопротеиннің тежелуіне байланысты тиісінше 50% және 55%-ға арттырады. Саквинавирдің дозасын түзету қажет болуы мүмкін.

Сульфонилмочевина туындылары: флуконазол дені сау еріктілерде сульфонилмочевина туындыларының (хлорпропамид, глибенкламид, глипизид және толбутамид) жартылай шығарылу кезеңін ұзартады, бұл қандағы глюкоза концентрациясының мониторингін және қажет болған жағдайда, гипогликемиялық препараттардың дозасын түзетуді талап етеді.

Теофиллин: флуконазол 14 күн бойы 200 мг дозада қабылдаған кезде теофиллин клиренсін 18% - ға төмендетті, бұл теофиллиннің жағымсыз әсерлерінің күшеюін арттыруы мүмкін. Теофиллиннің жоғары дозаларын алатын немесе өзге де түрде теофиллиннің уыттылық қаупі жоғары пациенттер флуконазолды қабылдау кезінде теофиллиннің уыттылық белгілері тұрғысынан бақылануы тиіс. Егер уыттылық белгілері пайда болса, емдеуді қайта қарау керек.

Тофацитиниб: тофацитинибтің әсері тофацитинибті CYP3A4 қалыпты тежелуіне, сондай-ақ CYP2C19 күшті тежелуіне (мысалы, флуконазол) әкелетін препараттармен бір мезгілде қолданғанда күшейеді. Сондықтан тофацитиниб дозасын күніне бір рет осы препараттармен біріктірген кезде 5 мг-ға дейін төмендету ұсынылады.

Толваптан: толваптанның әсері айтарлықтай артады (AUC бойынша 200%; Cmax бойынша 80%), CYP3A4 субстраты болып табылатын толваптан орташа CYP3A4 тежегіші - флуконазолмен бірге енгізілгенде жағымсыз реакциялардың, әсіресе елеулі диурездің, сусызданудың қаупі және басқа да жедел бүйрек жеткіліксіздігінің елеулі ұлғаяды. Толваптан дозасын бір мезгілде қолданған жағдайда азайту керек, ал пациентті толваптанмен байланысты кез келген жағымсыз реакцияларға жиі бақылау керек.

Қабіршөп алкалоидтары: флуконазолды қабылдау аясында қанда винкристин мен винбластин концентрациясының жоғарылауының және CYP3A4-ке тежейтін әсерімен байланысты болуы мүмкін нейроуыттылықты туындатудың әлеуетті қаупі бар.

А дәрумені: трансретин қышқылын (А дәруменінің қышқыл түрі) және флуконазолды бір мезгілде қолданған пациентте флуконазолды тоқтатқаннан кейін жоғалып кеткен мидың жалған ісік түрінде ОЖЖ тарапынан жағымсыз реакциялар байқалғаны хабарланды. Бұл дәрілік заттар бір уақытта қолдануға болады, бірақ орталық жүйке жүйесінің жағымсыз реакцияларының пайда болу қаупін есте тұтқан жөн.

Вориконазол (CYP2C9, CYP2C19 және CYP3A4 изоферментерінің тежегіштері) - вориконазолды (1 күнде 400 мг, келесі 2,5 күнде әр 12 сағат сайын 200 мг) және флуконазолды (1 күнде 400 мг, содан кейін 4 күн ішінде 200 мг) бір мезгілде пероральді қабылдау дені сау еріктілерде қандағы вориконазол концентрациясының орташа есеппен 57% - ға (90% CI: 20%, 107%) және 79%-ға (90% CI: 40%, 128%) жоғарылауына әкелді. Бірге қолдану қажет болған жағдайда, флуконазолдан кейін вориконазолды тағайындау ұсынылады.

Зидовудин: флуконазол жағымсыз әсерлердің пайда болу қаупінің жоғарылауымен қандағы зидовудин концентрациясын арттырады. Флуконазолды зидовудинмен бір мезгілде қабылдау зидовудиннің ең жоғары концентрацияның және фармакокинетикалық қисық астындағы ауданның тиісінше 84% - ға және 74% - ға артуын, оның клиренсінің 45% - ға төмендеуін, жартылай шығарылу кезеңінің 128% - ға ұзартылуын туындатты.

Азитромицин: азитромицин мен флуконазолдың бір-бірінің фармакокинетикасына әсерін бағалау кезінде оларды 1200 және 800 мг дозада бір мезгілде пероральді бір реттік қолдану кезінде маңызды фармакокинетикалық өзара әрекеттесу анықталған жоқ.

Оральді контрацептивтер: 50 мг дозадағы флуконазол пероральді қолдануға арналған ұрықтануға қарсы дәрілердің тиімділігіне елеулі әсер етпейді, ал күн сайын 200 мг флуконазолды қабылдаған кезде этинилэстрадиол мен левоноргестрелдің фармакокинетикалық қисық астындағы ауданы 40% - ға және тиісінше 24% - ға ұлғайды.

Ивакафтор. Муковисцидоз кезінде трансжарғақшалық өткізгіштік реттегішінің (CFTR) потенциаторы ивакафтормен бірге енгізу, ивакафордың әсерін 3 есе және гидроксиметил-ивакафтор (M1) әсерін 1.9 есе арттыру. Флуконазол және эритромицин сияқты қатар жүретін орташа CYP3A тежегіштерін қабылдайтын пациенттер үшін ивакафтор дозасын күніне бір рет 150 мг-ға дейін төмендету ұсынылады.

Арнайы ескертулер

Егер сізде флуконазолды қабылдағаннан кейін қатты тері бөртпесі немесе терінің қабыршақтануы, күлдіреуік және/немесе ауыздың ойық жаралары пайда болса, Медофлюкон препаратын қабылдағанға дейін дәрігермен кеңесу керек.

Флуконазолды қолдану кезінде эозинофилиямен және жүйелік көріністермен дәрілік реакцияны (DRESS) қоса алғанда, елеулі тері реакцияларының дамуы туралы хабарланды. Медофлюкон препаратын қабылдауды тоқтатыңыз және егер сіз осының кез-келгенін байқасаңыз, дереу медициналық көмекке жүгініңіз. Осы ауыр тері реакцияларына байланысты белгілер «жАғымсыз реакциялар» бөлімінде келтірілген.

Жүктілік

Егер сіз жүкті болсаңыз, жүкті болуды жоспарласаңыз немесе емізетін болсаңыз, егер дәрігер сізге бұл туралы айтпаса, Медофлюконды қабылдауға болмайды.

Жүктіліктің бірінші триместрінде қабылданған флуконазол түсік қаупін арттыруы мүмкін. Жүктіліктің бірінші триместрінде төмен дозаларда қабылданатын флуконазол туа біткен сүйек және/немесе бұлшықет ақаулары бар баланың туылу қаупін аздап арттыруы мүмкін.

Жүктіліктің бірінші триместрінде флуконазол қабылдаған әйелдерде өздігінен болатын аборт қаупінің жоғарылағанын көрсетті.

Жаңа туған нәрестелерде (брахицефалияны, құлақ қалқандарының дисплазиясын, алдыңғы еңбектің шамадан тыс ұлғаюын, жамбастың қисықтығын, иық-білек синостозын қоса) көптеген ақаулар жағдайлары сипатталған, олардың аналары кокцидиоидомикозды емдеу үшін үш және одан да көп ай бойы флуконазолды жоғары дозада (күніне 400-800 мг) қабылдаған. Бұл жағдайлардың флуконазолды қабылдаумен себеп-салдарлық байланысы түсініксіз.

Флуконазол стандартты және жоғары дозаларда, қысқа мерзімді емдеу үшін де, ұзақ қолдану үшін де, өмірге қауіп төндіретін инфекциялар жағдайларын қоспағанда, жүктілік кезінде пайдаланылмауы тиіс.

Лактация

Флуконазол емшек сүтіне еніп, қан плазмасына қарағанда төмен концентрацияға жетеді. Бала емізуді флуконазолды әдеттегі дозада бір рет қолданғаннан кейін жалғастыруға болады, ол 200 мг немесе одан азын құрайды. Флуконазолды көп рет қолданғанда немесе оны жоғары дозаларда қолданғанда бала емізу ұсынылмайды. Бала емізудің даму мен денсаулық үшін артықшылықтарын, сондай-ақ ананың флуконазолға клиникалық қажеттілігін және флуконазолды қабылдаудан немесе ананың негізгі жағдайынан емшек сүтіне кез-келген жағымсыз әсерлерді ескеру қажет

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Флуконазолдың көлік құралдарын басқару немесе басқа механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсерін зерттеу жүргізілген жоқ. Пациенттерді препаратты қолдану кезінде бас айналудың немесе құрысудың даму мүмкіндігі туралы хабардар ету керек. Мұндай симптомдар дамыған кезде көлік құралдарын басқару немесе басқа механизмдермен жұмыс істеу ұсынылмайды.

Шығарылу түрі

7 капсуладан (50 мг доза үшін) немесе 1 капсуладан (150 мг доза үшін) поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға және 1 капсуладан (200 мг доза үшін) алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықсыз қаптамаға салады.

1 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 0С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

4 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыМедофлюкон капсулалары 150 мг №1 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube