Қолдану көрсеткіштері
кешенді емдеу жағдарларында:
– баяу жазылатын жаралар
– күю
– фотодерматиттер
– тілме (кең көлемде буллездік элементтер болғанда)
– терінің сәулемен зақымдануы (профилактика), радиоэпителиит
– кешеуілдеген қынаптың сәулемен зақымдануы
Қолданудың басталуына дейін қажет болатын мәліметтер тізбесі:
Қарсы көрсетілімдер
– препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық
– жараның артық мөлшерде грануляциялануы
– лимфогранулематоз
– сүйек кемігінің қатерлі аурулары
Қолдану кезіндегі қажет болатын сақтық шаралары
Метилурацил жақпамайын қолданар алдында дәрігермен кеңесуіңіз қажет.
Дәрілік препараттармен өзара әрекеттесу түрлері
Метилурацил жақпамайы сульфаниламидтердің, антибиотиктердің және антисептикалық дәрілердің сыртқа қолданатын аппликацияларымен үйлесімді.
Тағаммен және сусындармен өзара әрекеттесу түрлері
Анықталмаған
Арнайы ескертулер
Педиатрияда қолдану
Анықталмаған.
Жүктілік немесе лактация кезінде қолдану
Анықталмаған.
Көлік құралдарын басқару немесе механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері
Препаратты қолдану көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдері басқару қабілетіне ықпал етпейді.