daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Таразе қаласындағы Мометазон Тева Мұрынға Арналған Спрей 50 Мкг / Доза 140 Доза | Teva Czech Industries s.r.o.

Таразе қаласындағы Мометазон Тева Мұрынға Арналған Спрей 50 Мкг / Доза 140 Доза | Teva Czech Industries s.r.o.

Басқа сервистер немесе өзіңіз

disadvantage

Тауардың қолжетімділігі мен бағасын кепілдемейді

disadvantage

Тауар тез таусылып қалуы мүмкін

disadvantage

Daribar бонустары жоқ

disadvantage
Тегін

Daribar-дан тапсырыс бергенде

disadvantage

5–15 минут ішінде тауардың қолжетімділігі мен бағасын тексереміз

disadvantage

Жеткізу немесе 24 сағатқа брондау

disadvantage

Daribar-дың бонустары

disadvantage
Сипаттама:

Агломераттарсыз сүт-ақ түсті суспензия.

Халықаралық атауы:

Мометазон

Өндіруші:

Teva Czech Industries s.r.o.

Өндіруші ел:

Чешская Республика

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза және натрий кармеллозасы (Avicel RC-591), глицерол, бензалконий хлориді 50% ерітінді, полисорбат 80, лимон қышқылы моногидраты, натрий цитраты дигидраты, инъекцияға арналған су. Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Агломераттарсыз сүт-ақ түсті суспензия.

Белсенді заттың дозасы:

50 мкг/доза

Дәрілік түрі:

Мұрынға арналған дозаланған спрей, 50 мкг/доза - 60 доза, 140 доза

Қаптамадағы саны:

1 шт.

Аналогтары

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

- мұрынға арналған спрей ересектерде және балаларда 3 жастан бастап маусымдық немесе жыл бойғы аллергиялық ринитті емдеуге қолданылады.

- мұрынға арналған спрей ересектерде 18 жастан бастап мұрын қуысының полиптерін емдеуге қолданылады.

Қарсы көрсеткіштер

- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- мұрын қуысының шырышты қабығы үдерісіне қамтылған емделмеген жергілікті, мысалы, Herpes simplex әсерінен туындаған инфекциялар бар болғанда пайдаланбау керек

- жазылу үдерісіне ГКС-тің тежегіш әсерімен байланысты, жақын арада операциялық араласымды немесе мұрын жарақатын басынан кешкен пациенттерге препаратты жаралары жазылғанға дейін қолданбау керек.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Клиникалық зерттеулер Мометазон-Тева спрейін лоратадинмен бірге тағайыдағанда дәрілік өзара әрекеттесуін тапқан жоқ.

Құрамында кобицистат бар препараттарды қоса, CYP3A тежегіштерімен қатар емдеу жүйелік жағымсыз әсерлердің даму қаупін арттырады. Егер пайдасы жүйелік кортикостероидтардың жағымсыз әсерлерінің жоғары қаупінен басым болмаса, осы біріктірілімге жол бермеу керек, мұндай жағдайда пациенттерде жүйелік кортикостероидтардың жағымсыз әсерлері белгілерінің бар-жоқтығын бақылаған жөн.

Арнайы ескертулер

Иммуносупрессия

Мұрынға арналған Мометазон-Тева спрейін респираторлық жолда белсенді немесе жасырын туберкулез инфекциясы, сондай-ақ емделмеген зеңдік, бактериялық, жүйелік вирус инфекциялары бар пациенттерге абайлап қолдану немесе тіпті қолданбау керек.

Кортикостероидтарды қолданып жүрген пациенттер төмен иммунологиялық реактивтілікке потенциалды түрде ие болуы мүмкін және пациенттерге кейбір инфекциялық аурулары (мысалы, желшешек, қызылша) бар науқастармен қарым-қатынаста болған жағдайда жұқтырудың жоғары қаупі туралы, сондай-ақ егер мұндай қарым-қатынас болса, дәрігерден кеңес алу қажеттілігі туралы алдын ала ескертілуі тиіс.

Жергілікті назальді әсерлер

Жыл бойы риниттен зардап шегетін пациенттерге жүргізілген зерттеулерде мұрынға арналған Мометазон-Тева спрейімен 12 айлық емдеуден кейін мұрынның шырышты қабығы атрофиясының белгілері туындаған жоқ; Бұдан басқа мометазон фуроаты мұрынның шырышты қабығының гистологиялық көрінісінің қалыпқа келуіне мүмкіндік берді. Мұрынға арналған Мометазон-Тева спрейін бірнеше ай бойы және ұзағырақ қолданып жүрген пациенттер мұрынның шырышты қабығының ықтимал өзгерілерін анықтау тұрғысында мезгіл-мезгіл тексерілуден өтуі тиіс. Мұрынның немесе жұтқыншақтың жергілікті зеңдік инфекциялары дамыған жағдайда мұрынға арналған Мометазон-Тева спрейімен емдеуді немесе тиісті ем жүргізуді тоқтату керек болуы мүмкін. Мұрынның немесе жұтқыншақтың шырышты қабығының ұзақ уақыт бойы сақталатын тітіркенуі де мұрынға арналған Мометазон-Тева спрейімен емдеуді тоқтатуға көрсетілім болуы мүмкін. Мұрынға арналған Мометазон-Тева спрейі мұрын қалқалары тесілген жағдайда ұсынылмайды.

Клиникалық зерттеулерде, плацебомен салыстырғанда, мұрынға арналған Мометазон-Тева спрейін қолданғанда мұрыннан қан кету пайда болды. Әдетте мұрыннан қан кету өздігімен шектелетін, ауырлығы орташа дәрежедегі болып табылады.

Мұрынға арналған Мометазон-Тева спрейінің құрамында тітіркендіретін әсері бар бензалконий хлориді бар, ол мұрынның тітіркенуіне әкелуі мүмкін.

Өзара әрекеттесуі

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Мұрынға арналған Мометазон-Тева спрейінің дозаторын алғаш калибрлегеннен кейін әрбір басудан соң құрамында 50 мкг мометазон фуроаты моногидраты бар Мометазон-Тева препаратының шамамен 100 мг суспензиясы жеткізіледі.

Маусымдық немесе жыл бойғы аллергиялық ринит

Ересектер (егде жастағы пациенттерді қоса) және 12 жастағы және одан үлкен балалар: Препараттың ұсынылатын дозасы әрбір танауға тәулігіне 1 рет 2 бүркуді (әрқайсысы 50 мкг-ден) құрайды (тәуліктік жиынтық доза – 200 мкг). Демеуші емде емдік әсерге қол жеткізу үшін ол әрбір танауға тәулігіне 1 рет 1 бүркуге дейін азайтылуы мүмкін (тәуліктік жиынтық доза – 100 мкг).

Егер ауру симптомдарын препараттың ұсынылған емдік дозаларын қолданып азайтуға қол жеткізе алмаған жағдайда, тәуліктік доза әрбір танауға тәулігіне 1 рет 4 бүркуге дейін арттырылуы мүмкін (тәуліктік жиынтық доза – 400 мкг). Ауру симптомдары азайғаннан кейін дозаны төмендету ұсынылады.

3-тен 11 жасқа дейінгі балалар: Ұсынылатын емдік доза – әрбір танауға тәулігіне 1 рет 1 бүрку (50 мкг/басу) (тәуліктік жиынтық доза – 100 мкг).

Мұрынға арналған Мометазон-Тева спрейі әсерінің басталуы әдетте маусымдық аллергиялық риниті бар кейбір пациенттерде алғашқы дозадан кейін 12 сағаттан соң клиникалық тұрғыдан білінеді, алайда алғашқы 48 сағат ішінде емдеу толық әсеріне жетпеуі мүмкін. Сондықтан пациент толық емдік әсерге қол жеткізу үшін оны жүйелік түрде пайдалануды жалғастыруы тиіс.

Мұрынға арналған Мометазон-Тева спрейінің жәрдемімен емдеу анамнезінде маусымдық аллергиялық риниттің орташа және ауыр симптомдары бар пациенттерде күтілген гүл тозаңдарының маусымынан бірнеше күн бұрын басталуы мүмкін.

Мұрын полипі

Полипозды емдеу үшін әдетте ұсынылатын бастапқы доза әрбір танауға күніне бір рет 2 бүркуді (50 мкг / басу) құрайды (тәуліктік жиынтық доза – 200 мкг). Егер ауру симптомдарының азаюына 5-6 апта бойы препаратты ұсынылған емдік дозада қолданып, қол жеткізу мүмкін болмаса, тәуліктік доза әрбір танауға тәулігіне 2 рет 2 бүркуге дейін арттырылуы мүмкін (тәуліктік жиынтық доза – 400 мкг). Дозаны ең төмен дозаға дейін титрлеу керек, ондайда симптомдарды тиімді бақылау сақталады. Егер тәулігіне 2 рет қабылдағанда 5-6 аптадан кейін симптомдардың жақсаруы байқалмаса, онда емдеудің баламалы әдістерін қарастыру керек.

Мұрын полипозын емдеу үшін мұрынға арналған Мометазон-Тева спрейінің тиімділігіне және қауіпсіздігіне зерттеулер төрт ай бойы жүргізілді.

Енгізу әдісі және жолы

Мұрынға арналған Мометазон-Тева спрейін қолдануды бастар алдында қауіпсіздік шараларын сақтау керек.

Мұрынға арналған спрейді қалай қолдану керек:

Алғаш қолданар алдында дозалайтын құрылымды 10 рет басу арқылы калибрлеу жүргізу қажет. Калибрлеуден кейін дәрілік затты стереотипті түрде беру белгіленеді, ондайда дозалайтын құрылымды әрбір басу кезінде құрамында 50 мкг мометазон фуроатына баламалы мөлшерде мометазон фуроатынының (моногидрат түрінде) шамамен 100 мг-ы шығарылады.

1. Құтыны ақырын сілкілеңіз және шаңнан қорғайтын қалпақшасын алып қойыңыз (1-сурет)

2. Сіңбіріңіз.

3. Бір танауыңызды жабыңыз және басқа танауыңызға суретте (2-сурет) көрсетілгендей мүштікті ендіріңіз. Басыңызды алға қарай сәл еңкейтіп, құтыны тігінен ұстаңыз.

Шығарылу түрі

Препарат дозасын өлшейтін бүркігіш сорғымен жабдықталған, қорғағыш мөлдір қалпақшамен жабылатын, тығыздығы жоғары ақ түсті полиэтиленнен жасалған мөлдір емес құтыларда препарат 10 г-ден немесе 18 г-ден.

1 құты медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Құтыны ашқаннан кейінгі сақтау мерзімі – 2 ай.

Сақтау шарттары

25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Мұздатып қатыруға болмайды.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау шарттары

25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Мұздатып қатыруға болмайды.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыМометазон Тева мұрынға арналған спрей 50 мкг / доза 140 доза дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube