Қолдану көрсеткіштері
Ересектерді емдеу үшін:
ревматизмдік аурулардың қабынбалы және дегенерациялық формалары: ревматоидты артрит, шорбуынданатын спондилоартрит (Бехтерев ауруы), остеоартроз және спондилоартрит. Ауыр жұлын синдромдары, жұмсақ тіндердің ревматизмі.
подаграның жедел ұстамаларында.
жарақаттардан және операциядан, мысалы стоматологиялық және ортопедиялық араласымдардан кейінгі қабыну және ісінулер, жедел ауыру синдромдарында.
ауыру синдромымен және қабынумен қатар жүретін гинекологиялық ауруларда, мысалы, бастапқы дисменорея немесе аднексит.
тонзиллофарингит, отит сияқты құлақтың, мұрынның және көмейдің күрделі ауыру қабынуы кезінде адъювант ретінде.
Жалпы емдік қағидаттарға сәйкес негізгі ауруды базалық ем арқылы емдеу керек.
Температураның жоғарылауы өздігінен қолдануға арналған көрсетілім болып табылмайды.