Қолдану көрсеткіштері
Жедел және ауыр инфекция жағдайда немесе пероральді қабылдай алмайтын ауруларда және жағдайларда препаратты парентеральді енгізуге болады:
- орнидазолға сезімтал микрофлора туғызған анаэробтық жүйелі инфекциялары: септицемия, менингиттер, перитониттер, операциядан кейінгі жара инфекциялары, босанғаннан кейінгі сепсис, сепсистік аборт және эндометрит
- анаэробтық бактериялар туғызған инфекциялардың профилактикасында, хирургиялық араласуларда (әсіресе тоқ ішек және тік ішек операцияларында), гинекологиялық операцияларда
- амебиаз (Entamoebahistolytica туындаған барлық ішек инфекциялары, оның ішінде амебалы дизентерия, және амебиаздың ішектен тыс барлық түрлері, әсіресе бауырдың амебалық абсцессі)
лямблиоз
трихомониаз (Trichomonas vaginalis туындатқан әйелдер мен ерлердегі несеп-жыныстық инфекциялар)