Қолдану көрсеткіштері
2 айдан 12 жасқа дейінгі балаларда:
суық тию аурулары және тұмауды қоса жоғарғы тыныс жолдары инфекциясы аясында және балалардың инфекциялық ауруларында (желшешек, шошқаборық, қызылша, қызамық, көкжөтел, жәншау және т.б.) дененің жоғары температурасын төмендету үшін – ыстықты түсіретін дәрі ретінде қолданылады.
Ауыруды жеңілдету үшін (әлсіз және орташа қарқынды ауыру синдромында) мына жағдайларда:
тіс ауырғанда, оның ішінде тіс жарып шыққанда;
бас ауырғанда;
бұлшықетте және буындарда сырқырап ауыруларда;
отит кезінде құлақ ауырғанда;
;
балаларда вакцинациядан кейін дене температурасын төмендету үшін.