daribar logo
Каталог
search-icon
Город
Қаз
Аптекам
Консультация

Корзина

Таразе қаласындағы ДК-Мерц 500 Мл №2 Құтылар | Б.БраунМедикал

Таразе қаласындағы ДК-Мерц 500 Мл №2 Құтылар | Б.БраунМедикал

Другие сервисы или самому

disadvantage

Не гарантируют цену и наличие товара

disadvantage

Товар могут раскупить

disadvantage

Нет бонусов от Daribar

disadvantage
Бесплатно

С заказом в Daribar

disadvantage

Проверим наличие и цену за 5-15 минут

disadvantage

Бронь на 24 часа при самовывозе

disadvantage

Бонусы от Daribar

disadvantage
Описание:

Көзге көрінетін бөлшектері жоқ, түссіз, мөлдір ерітінді.

Международное наименование:

Амантадин

Производитель:

Б.БраунМедикал

Страна производитель:

Испания

Действующее вещество:

қосымша заттар: натрий хлориді, инъекцияға арналған су. Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Көзге көрінетін бөлшектері жоқ, түссіз, мөлдір ерітінді.

Дозировка активного вещества:

200 мг/500 мл

Лекарственная форма:

инфузияға арналған ерітінді 200 мг/500 мл

Количество в упаковке:

2 шт
...loading

Инструкция

Показания к применению

- Паркинсон ауруы, паркинсонизм синдромы (акинетикалық криз, күрделі декомпенсация)

- комаға түсу жағдайынан кейін жіті байқағыштық (белсенділік) қабілеттің бұзылуы

Противопоказания

PK-Merz инфузиясы егер, пациентте төмендегі жағдайлар бар болса, қолдануға болмайды:

- амантадинге немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- жүректің іркілген ауыр жеткіліксіздігі (Нью-Йорк Кардиологиялық Ассоциациясының шкаласы бойынша ІV класс),

- кардиомиопатия немесе миокардит

- ІІ және ІІІ дәрежедегі атриовентрикулярлық блокада

- жүректің жиырылу жиілігі минутына 55 реттен аз болатын брадикардия

- QT аралығының ұзақтығы 420 мс-тен асу (Базетт бойынша QTc > 420 мс), немесе айқын U-толқын немесе отбасылық анамнезде туабітті QT синдромының болуы

- torsade de pointes қоса алғанда, анамнезде қарыншаның күрделі аритмиясының болуы

- будипинмен немесе QT аралығын ұзартатын өзге де препараттармен бір мезгілде емдеу

- қан құрамында калий немесе магний мөлшерінің азаюы

- жүктілік және бала емізу кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балалар

ПK-Merz инфузиясын төмендегі жағдайлар кезінде қолданбаған жөн:

- күрделі бүйрек жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі минутына 10 мл аз)

ПК-Мерц инфузиясы егер пациентте мына жағдайлар болатын болса, аса сақтықпен қолданылуы мүмкін:

- қуық асты безінің ұлғаюы

- жабық бұрышты глаукома

- бүйрек қызметінің жеткіліксіздігі (ауырлықтың түрлі деңгейі; бүйректің сүзу қызметінің нашарлауына байланысты уытты заттардың жиналу қаупі

- ақыл-естің шатасуы немесе қозу жағдайы

- анамнезде көзге елестер көрініп, сандырақтау синдромы немесе экзогендік (сыртқы факторлық) психоздың болуы

- мемантинмен бір мезгілде емдеу.

Взаимодействие

Амантадинді QT аралығын ұзартатын препараттармен, атап айтқанда мыналармен бір мезгілде қолдануға болмайды:

- аритмияға қарсы ІА класына жататын (мысалы, кинидин, дизопирамид, прокаинамид) және ІІІ класқа жататын кейбір препараттар (мысалы, амиодарон және соталол)

- кейбір психозға қарсы препараттар (мысалы, тиоридазин, хлорпромазин, пимозид)

- кейбір трициклді және тетрациклді депрессияға қарсы дәрілер (мысалы, амитриптилин)

- кейбір гистаминге қарсы препараттар (мысалы, астемиозол, терфенадин)

- кейбір макролидтік антибиотиктер (мысалы, эритромицин, кларитромицин)

- кейбір гираза тежегіштері (мысалы, спарфлоксацин)

- азолдар тобына жататын зеңге қарсы дәрілер және басқа да препараттар, атап айтқанда бидупин, галофантрин және ко-тримоксазол, пентамидин, цизаприд және бепридил.

Триамтерен/гидрохлортиазид біріктірілімі болып табылатын несеп айдайтын дәрілерді бір мезгілде қабылдау амантадиннің плазмадағы концентрациясының артуына әкеп соқтыруы мүмкін.

Паркинсон ауруына қарсы басқа препараттармен, мысалы леводопа, бромокриптин, мемантин, тригексифенидилмен бір мезгілде қабылдаған кезде жағымсыз зардаптарға, атап айтқанда психоздық реакцияларға жол бермеу үшін бір мезгілде қабылданатын препараттың, не болмаса екі препараттың да дозасын төмендету қажет.

Антихолинергиялық дәрілер, симпатикалық ынталандыру заттары және мемантин жағымсыз әсерлерді күшейтеді.

Орталық жүйке жүйесін белсендіретін дәрілер (оның ішінде психиканы ынталандыратын дәрілер), этанол жағымсыз әсерлердің даму қаупін арттырады.

Арнайы ескертулер

Қабылдауды бастамас бұрын, сондай-ақ 1 және 3 апталық емдеуден кейін ЭКГ (50 мм/с) бақылауы қажет. Bazett формуласы бойынша QT (QTc) түзетілген шамасы қолмен есептеп анықталады. Бұл ЭКГ дозаны әрбір келесі арттыру алдында және одан кейінгі 2 аптадан кейін жүргізу қажет. Бұдан әрі ЭКГ тұрақты бақылануы тиіс. Егер, QTс бастапқы мәні 420 мс-тен асатын болса, емдеу кезінде QT 60 мс-тен асып ұлғайған кезде немесе QTc мәні 480 мс-тен артық болса, сондай-ақ ЭКГ-да U толқындары көрінетін пациенттерде амантадин қабылдауды бастауға болмайды немесе тоқтату керек.

Зәр айдайтын препараттар пайдалану немесе жиі құсу және/немесе іш өту нәтижесінде болған электролиттік үйлесімсіздік қаупі бар пациенттер, шұғыл (ургенттік) жағдайларда инсулин қабылдайтын пациенттер, бүйрек немесе анорексия аурулары бар пациенттер зертханалық көрсеткіштер бақылауы және электролиттерді, әсіресе калий мен магнийді қалыпты деңгейге дейін толықтыру бойынша тексерістен өтуі тиіс.

Жүрек соғуының жиілеуі, бас айналу немесе естен тану сияқты симптомдар туындаған жағдайда, ПК-Мерц инфузиясын дереу тоқтату және QT аралығының ұзаруына 24 сағат бойы науқасты бақылау қажет. Егер, QT аралығының ұзаруы орын алмаса, қарсы көрсетілімдері мен өзара әрекеттесулерін ескере отырып, дәрілік затты қабылдауды қалпына келтіру туралы мәселені қарастыруға болады.

Электрлік кардиостимуляторы бар пациенттерде QT уақытын дәл анықтау мүмкін емес, сондықтан ПК-Мерц инфузиялық емін тағайындау туралы шешімді кардиологпен кеңескеннен кейін әр пациентке жекелей қабылдау керек.

А вирусынан туындаған тұмаудың алдын алу және емдеу үшін амантадинді қосымша енгізу ұсынылмайды, өйткені артық дозалану қаупі туындауы мүмкін.

Бір мезгілде нейролептиктер мен ПК-Мерц инфузиясына арналған ерітіндіні қабылдайтын пациенттер, ПК-Мерц препараты кенеттен тоқтатылған жағдайда қатерлі нейролептикалық синдромының даму қаупіне ұшырайды.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде уыттану процесі дамуы мүмкін.

Бас миының органикалық аурулары бар пациенттерге немесе анамнезінде құрысу синдромы бар пациенттерге инфузияға арналған ерітіндіні тағайындаған кезде, құрысу ұстамаларының дамуы немесе жекелеген симптомдардың күшею қаупі бар болғандықтан аса сақ болу қажет.

Белгілі жүрек-қантамыр ауруы бар пациенттер инфузияның көмегімен жалғаспалы ем алу кезінде тұрақты медициналық бақылауда болуы тиіс.
Жүректің соғуы, бас айналу немесе естен тану сияқты симптомдар пайда болғанда, амантадинді енгізуді тоқтатыңыз және 24 сағат ішінде QT ұзаруы мүмкіндігіне пациентті тексеріп қараңыз. QT аралығының ұзаруы орын алмаса, қарсы көрсетілімдер мен өзара әрекеттесулерін ескере отырып, амантадинді қайта қолдануға болады.

Паркинсон ауруы бар пациенттерде қан қысымының төмендеуі, сілекей ағу, тершеңдік, дене температурасының көтерілуі, жылудың жиналуы, денедегі сұйықтықтың тұрып қалуы және депрессия сияқты клиникалық симптомдар жиі байқалады. Мұндай пациенттерде ПК-Мерц препаратының өзара әрекеттестігі мен жағымсыз әсерлеріне қажетті назар аударып отырған жөн.

Көздің көруінің бұлдырауы немесе көзге байланысты өзге де мәселелер туындаған жағдайда, көздің мүйізгек /қасаң/ қабығының ісіп кетпеуін болдырмау үшін көз дәрігеріне (офтальмолог) көріну керек. Көздің қасаң қабығында ісіктің бар екені туралы диагноз қойылса, онда амантадинмен емдеуді тоқтату қажет.

Егер, пациенттерде зәр шығару мәселесі орын алса, дәрігерден кеңес алуы тиіс.

Инфузияға арналған 500 мл ерітінді бар инфузиялық құтыда 77 ммоль натрий (1770 мг натрий) бар. Мұны құрамында натрий мөлшері төмен диета ұстап жүрген адамдар назарға алуы тиіс.

Импульстік бақылаудың бұзылуы

Пациенттер импульстік бақылау бұзылуының дамуына үнемі бақыланып отыруы тиіс. Пациенттер және оларға күтім жасайтын адамдар импульстік бақылау бұзылуының мінез-құлық симптомдары, оның ішінде ПК-Мерц инфузиясына арналған ерітіндіні қоса алғанда, дофаминергиялық препараттармен емделіп жүрген пациенттерде құмар ойындарға тәуелділік, жоғары либидо, гиперсексуалдылық, компульсивті жұмсалатын шығындар немесе сатып алулар, сондай-ақ тамақты шектен тыс көп жеу және компульсивті тамақтану пайда болуы мүмкін екендігінен хабардар болуы керек. Осы симптомдар пайда болса, препаратты қабылдау дозасын азайту мүмкіндігін немесе дозаны біртіндеп тоқтату мәселесін қарастыру қажет.

Балаларға қолдану

Мәліметтердің болмауына байланысты, 18 жасқа дейінгі балаларға қолданылмайды.

Ұрықтану

Мәліметтер жоқ.

Жүктілік
Жүкті әйелдерде амантадинді қолдану тәжірибесі жеткіліксіз. Кейбір жағдайларда дені сау балалардың туылғаны туралы, бірақ, мұнымен қатар, жүктіліктің асқынуы және туабітті ақаулары (жүрек-тамыр ақаулары, аяқ-қолдарының ауытқуы) бар бес жағдай туралы хабарлама бар. Жануарларға жүргізілген зерттеулерде амантадиннің эмбриоуытты және тератогенді болып табылатыны көрсетілді.

Адам үшін орын алуы мүмкін қаупі белгісіз.

Сондықтан, жүктілік кезінде амантадин тек өте қажет жағдайда ғана қолданылуы мүмкін. Егер, терапия жүктіліктің 1-ші триместрінде өткізілсе, онда ультрадыбыстық зерттеу жүргізу қажет.

Егер, амантадин бала туу қабілеті бар әйелге тағайындалатын болса, онда пациентке егер, ол балалы болғысы келсе немесе аяғы ауыр екенін білген жағдайда, шұғыл түрде дәрігермен хабарласу қажеттігі туралы нұсқауық жүргізілу керек.

Бала емізу

Амантадин емшек сүтіне түседі. Егер емшекпен емізу міндетті болса, нәресте дәрінің орын алуы мүмкін реакциялары (тері бөртпесі, несептің іркілуі, құсу) бойынша бақылауда болуы тиіс. Препаратты бала емізу кезеңінде қолдану қажет болған жағдайда, бала емізуді тоқтату туралы мәселені шешіп алу керек.

Көлік түрлерін және осыған ұқсас қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсері

Жұмыс кезінде көлік жүргізушілері және жоғары зейін қоюды талап ететін мамандықтағы адамдар сақтықпен қолдану керек.

Форма выпуска

500 мл-ден бекітуге арналған арнайы бейімдегішпен жабдықталған тығыздығы төмен полиэтиленнен жасалған құтыда. Құты тығыздығы жоғары полиэтиленнен жасалған қосарлы қақпақпен герметикалық жабылған. Қақпақтың жоғарғы бөлігінде алюминий фольга салынған.

2 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.

Условия хранения

25 С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Срок годности

5 жыл

Құты ашылғаннан кейін сақтау мерзімі 24 сағат

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сақтау шарттары

25 С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Объем

500 мл

Детали покупки

Оплата

При выборе доставки, вы можете оплатить ваш заказ на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay или Google Pay. При выборе самовывоза вы можете оплатить заказ в определенных аптеках с помощью Kaspi QR, карты или наличными либо на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay, Google Pay.

Доставка

Доставка осуществляется в городах Алматы, Астане, Шымкенте, Караганде по тарифам служб доставки Яндекс и Choco, а также в другие города Казахстана по тарифам службы доставки Avis или с помощью сервиса Indrive. Все службы доставки, помимо Choco, доступны круглосуточно. Доставка Choco доступна до 01:20 в Алматы, до 00:50 в Астане, до 23:00 в Шымкенте и Караганде.

Возврат

В соответствии с законодательством, по общему правилу, лекарственные средства и медицинские изделия не подлежат возврату и обмену. Для уточнения информации, обратитесь в нашу службу поддержки.

...loading

Качество и забота о клиентах на Daribar.kz

На нашем сайте доступна покупкаДК-Мерц 500 мл №2 Құтылар онлайн в аптеках города . по конкурентоспособным ценам.

Бесплатная консультация фармацевта и возможность выбора ближайшей к Вам аптеки. Простая система проверки наличия в аптеках и удобное сравнение цен. Страница продукта содержит подробные справочные материалы и указания по применению.

Проверено

Провизор

Каражанова Айгерим

Стаж: 6 лет
ОбразованиеКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Метод проверкиПроверено на соответствие официальной информации NDDA
Действителен до: Май 2025
Не является врачебной рекомедацией, служит как справочная информация

Приложение

Следите за нами

Instagram

TikTok

YouTube