Қолдану көрсеткіштері
Препарат мына ауруларда кешенді емі құрамында қолданады:
- гастродуоденит, функционалды диспепсия, ішектің шаншуы
- пилороспазм
- холецистит, холелитиаз, өт шаншуы
Препарат мына ауруларда кешенді емі құрамында қолданады:
- гастродуоденит, функционалды диспепсия, ішектің шаншуы
- пилороспазм
- холецистит, холелитиаз, өт шаншуы
- платифиллинге жоғары жекелей сезімталдық
- жыпылықтағыш аритмия, тахикардия, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі, жүректің ишемиялық ауруы, митральді стеноз, ауыр артериялық гипертензия, айқын атеросклероз
- кахексия
- жедел қан кету
- тиреотоксикоз
- гипертермиялық синдром
- өңеш ахалазиясы, пилородуоденальді стеноз, ішек атониясы
- жабық бұрышты глаукома
- бауыр және бүйрек жеткіліксіздігі
- миастения
- несептің іркілуі немесе оған бейімділік
- мидың зақымдануы
- қуықасты безінің қатерсіз гиперплазиясы
- жүктілік және лактация кезеңі
- 15 жасқа дейінгі балалар
Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары
Қуық асты безі гипертрофиясы немесе несеп шығару жолдары обструкциясы, Даун ауруы, балалардың церебральді салдануы; рефлюкс-эзофагит, рефлюкс-эзофагитпен үйлесетін диафрагма өңеш саңылауының жарығы; спецификалық емес ойық жаралы колит, мегаколонда; диагностика жасалмаған глаукома пайда болуы мүмкіндігін ескеріп, әлсіреген және/немесе 40 жастан асқан науқастарда; вегетативті (автономды) нейропатияда; қиын бөлінетін қою қақырықтың төмен өндірілуімен жүретін созылмалы өкпе ауруларында, немесе кері обструкция кезінде пациенттерге ерекше сақтықпен қолданады. Ксеростомиясы бар пациенттерде ұзақ қолдану одан әрі сілекей бөлінудің төмендеуін туындатуы мүмкін.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Фенобарбитал, пентобарбитал, магний сульфаты және натрий этаминалының тыныштандыратын және ұйықтататын әсерін, ішке тағайындалатын Н2-гистаминоблокаторлардың, дигоксиннің және рибофлавиннің әсерлерін (перистальтиканы баяулатады және сіңуін жақсартады) күшейтеді; прозериннің әсерін бөгейді. Адреномиметиктер және нитраттар көзішілік қысымның жоғарылауын күшейтеді.
Верапамил қабылдаудан брадикардияны; морфин қабылдаудан жүрек айнуы, құсу және брадикардияны жояды.
М-холиноблокаторлар, амантадин, галоперидол (шизофрениямен ауыратын науқастарда психозға қарсы әсерді төмендеуі мүмкін), фенотиазин, моноаминоксидаза тежегіштері, трициклдік антидепрессанттар, бензактизин, хинидин сульфаты, изониазид, кейбір антигистаминдік препараттар, дизопирамид, новокаинамид антихолинергиялық жағымсыз әсерлердің пайда болу қаупін арттырады. Антихолинэстеразалық препараттармен бір мезгілде тағайындамайды.
Морфин жүрек-қантамыр жүйесін басатын әсерді, МАО тежегіштері – оң хроно- және батмотропты әсерді, жүрек гликозидтері – оң батмотроптық әсерді, хинидин және новокаинамид – холиноблокатор әсерін күшейтеді.
Тегіс бұлшықеттердің түйілуіне байланысты ауыруда препараттың әсерін анальгетиктер, тыныштандыратын дәрілер, транквилизаторлар күшейтеді; ал қантамырлар түйілуі кезінде – гипотензивті және тыныштандыратын дәрілер күшейтеді.
Арнайы ескертулер
Педиатрияда қолдану
Препаратты балаларға 15 жастан бастап қолданады
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Емдеу кезеңінде зейін қоюды және психомоторлық реакциялардың жоғары жылдамдығын қажет ететін қауіпті қызмет түрлерін тоқтата тұру керек. Пациенттерге әсіресе емнің бас кезінде бас айналудың, бас ауырудың пайда болуы мүмкін екендігі ескертілуі тиіс.

1 мл препараттан шыныдан жасалған ампулаларда. Ампулаға терең баспа әдісімен таңбалау мәтіні жазылады және өздігінен желімделетін заттаңба жапсырылады.
10 ампуладан қазақ және орыс тілдеріндегі медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықпен және кесетін керамикалық дискімен немесе ампулалық керамикалық пышақпен бірге бөлгіш аралықтары бар қорапқа салынады.
Препаратты сындыру сақинасы, сындыру нүктесі немесе сындыру нүктесі және кертігі бар ампулаға қаптау кезінде, кесетін керамикалық дискіні немесе ампулалық керамикалық пышақты салу міндетті емес.
Түпнұсқалық қаптамасында | 25 оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.
5 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.