daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Таразе қаласындағы Помпезо Бөтелкесі 40 Мг №1 | «Мефар Илач Санайии А.Ш.»

Таразе қаласындағы Помпезо Бөтелкесі 40 Мг №1 | «Мефар Илач Санайии А.Ш.»

Басқа сервистер немесе өзіңіз

disadvantage

Тауардың қолжетімділігі мен бағасын кепілдемейді

disadvantage

Тауар тез таусылып қалуы мүмкін

disadvantage

Daribar бонустары жоқ

disadvantage
Тегін

Daribar-дан тапсырыс бергенде

disadvantage

5–15 минут ішінде тауардың қолжетімділігі мен бағасын тексереміз

disadvantage

Жеткізу немесе 24 сағатқа брондау

disadvantage

Daribar-дың бонустары

disadvantage
Сипаттама:

Ақ түсті лиофилизацияланған ұнтақ. Қалпына келтірілген ерітінді. Мөлдір түссіз немесе ашық сары түсті ерітінді.

Халықаралық атауы:

Эзомепразол

Өндіруші:

«Мефар Илач Санайии А.Ш.»

Өндіруші ел:

Турция

Белсенді ингредиент:

- нелфинавирмен бір мезгілде қолдану. Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары Кез келген үрейлі симптомдар (мысалы, дене салмағының айтарлықтай өздігінен жоғалуы, қайтадан құсу, дисфагия, қан аралас құсу, мелена) болған кезде, сондай-ақ асқазанның ойық жарасы бар болғанда немесе асқазанның ойық жарасына күдік туындаған кезде қатерлі жаңа түзілімнің болуын болдырмау керек, өйткені Помпезо препаратымен емдеу симптомдарды бәсеңдетуге және диагноз қоюды кейінге қалдыруға әкелуі мүмкін. Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі Эзомепразолдың басқа дәрілік препараттардың фармакокинетикасына әсері Протеаза тежегіштері Омепразол кейбір протеаза тежегіштерімен өзара әрекеттесетіні хабарланды. Бұл өзара әрекеттесудің клиникалық маңыздылығы мен механизмдері белгісіз. Омепразолмен емдеу кезінде асқазанның рН-ның жоғарылауы протеаза тежегіштерінің сіңуін өзгертуі мүмкін. CYP2C19 тежелуі өзара әрекеттесудің тағы бір мүмкін механизмі болып табылады. Атазанавир мен нелфинавир омепразолмен бір мезгілде қабылданған жағдайларда, осы препараттардың қан сарысуындағы концентрациясының төмендеуі байқалды, сондықтан оларды омепразолмен бірге қолдану және бір мезгілде тағайындау ұсынылмайды. Дені сау еріктілерде омепразолды (тәулігіне бір рет 40 мг) 300 мг атазанавирмен/100 мг ритонавирмен бірге қолдану атазанавир экспозициясының едәуір төмендеуіне («концентрация-уақыт» қисығының астындағы ауданның (AUC), ең жоғары (Cmax) және ең төмен (Cmin) концентрациялардың шамамен 75% - ға) әкелді. Атазанавир дозасын 400 мг-ға дейін арттыру омепразолдың атазанавир экспозициясына әсерін өтемеді. Дені сау еріктілерде омепразолды (тәулігіне бір рет 20 мг) 400 мг атазанавирмен /100 мг ритонавирмен бірге қолдану тәулігіне бір рет 20 мг омепразолсыз тәулігіне бір рет 300 мг атазанавирді/100 мг ритонавирді тағайындаған кезде байқалатын экспозициямен салыстырғанда атазанавир экспозициясының шамамен 30% - ға төмендеуіне әкелді. Омепразолды (тәулігіне бір рет 40 мг) бірге қолдану AUC, Cmax және Cmin орташа мәнінің нелфинавирдің 36-39% - ға төмендеуіне әкелді, ал фармакологиялық белсенді M8 метаболиті үшін AUC, Cmax және Cmin орташа мәні 75-92%-ға төмендеді. Омепразол мен эзомепразолдың ұқсас фармакодинамикалық әсерлері мен фармакокинетикалық қасиеттеріне байланысты эзомепразолды атазанавирмен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды және эзомепразолды нелфинавирмен бір мезгілде тағайындауға болмайды. Саквинавир үшін (ритонавирмен бір мезгілде тағайындағанда) омепразолмен (тәулігіне бір рет 40 мг) бір мезгілде қолданғанда оның қан сарысуындағы концентрациясының жоғарылауы (80-100%) туралы хабарланған. Тәулігіне бір рет 20 мг омепразолмен емдеу дарунавирдің (ритонавирмен бір мезгілде тағайындау кезінде) және ампренавирдің (ритонавирмен бір мезгілде тағайындау кезінде) экспозициясына әсер етпеді. Тәулігіне бір рет 20 мг эзомепразолмен емдеу ампренавирдің экспозициясына әсер етпеді (ритонавирмен бірге және бір мезгілде тағайындаусыз). Тәулігіне бір рет 40 мг омепразолмен емдеу лопинавир экспозициясына әсер етпеді (ритонавирмен бір мезгілде тағайындағанда). Метотрексат ППТ-мен бірге қолдану кейбір пациенттерде метотрексат концентрациясын арттырады деп хабарланды. Метотрексаттың жоғары дозаларын қабылдаған жағдайда эзомепразолмен емдеуді уақытша тоқтату қажет болуы мүмкін. Такролимус Эзомепразолмен бір мезгілде тағайындау қан сарысуындағы такролимус концентрациясын арттыратыны хабарланды. Такролимус концентрациясына, сондай-ақ бүйрек функциясына (креатинин клиренсі) күшейтілген мониторинг жүргізу және қажет болған жағдайда такролимус дозасын түзету керек. Сіңірілуі рН-ға байланысты дәрілік заттар Эзомепразолмен және басқа ППТ-мен емдеу аясында асқазан сөлінің қышқылдығын басу сіңірілуі асқазан рН мәндеріне байланысты препараттар сіңірілуінің төмендеуіне немесе ұлғаюына әкелуі мүмкін. Асқазандағы қышқылдық секрецияны төмендететін басқа препараттар сияқты, кетоконазол, итраконазол және эрлотиниб сияқты препараттардың сіңуі төмендеуі мүмкін, ал эзомепразолмен емдеу кезінде дигоксиннің сіңуі жоғарылауы мүмкін. Дені сау еріктілерде омепразолды (күніне 20 мг) және дигоксинді бірге қабылдау дигоксиннің биожетімділігін 10% - ға (он еріктінің екеуінде 30% - ға дейін) арттырады. Дигоксиннің уыттылығы туралы сирек хабарланды. Алайда, егде жастағы пациенттерде жоғары дозаларда эзомепразолды тағайындағанда сақ болу керек. Содан кейін дигоксиннің емдік дәрілік мониторингін күшейту керек. CYP2C19 метаболизденетін дәрілік заттар Эзомепразол оның метаболизміне қатысатын негізгі СҮР2С19 ферментін тежейді. Эзомепразолды диазепам, циталопрам, имипрамин, кломипрамин, фенитоин сияқты CYP2C19 метаболизміне қатысатын басқа препараттармен бірге қолдану осы препараттардың плазмадағы концентрациясының жоғарылауына алып келуі және дозаны төмендетуді талап етуі мүмкін. Эзомепразолдың вена ішіне үлкен дозаларды (80 мг + 8 мг/сағ) енгізу кезіндегі in vivo өзара әрекеттесуін зерттеу жүргізілген жоқ. Эзомепразолдың CYP2C19 метаболизденетін дәрілік заттарға әсері препаратты вена ішіне енгізген кезде анағұрлым айқын болуы мүмкін, сондықтан жағымсыз реакцияларды уақтылы анықтау мақсатында пациенттерді вена ішіне енгізген сәттен бастап 3 күн ішінде мұқият бақылау керек. Диазепам Бір мезгілде 30 мг эзомепразолды пероральді қабылдау CYP2C19 диазепам субстратының клиренсінің 45% - ға төмендеуіне әкеледі. Фенитоин 40 мг эзомепразол мен фенитоинді бір мезгілде пероральді қабылдау эпилепсиясы бар пациенттерде қан плазмасындағы фенитоин деңгейінің 13% - ға жоғарылауына әкеледі. Эзомепразолмен ем тағайындау немесе тоқтату кезінде қан плазмасындағы фенитоин концентрациясын бақылау ұсынылады. Вориконазол Омепразолды (тәулігіне 1 рет 40 мг) қабылдау Cmax және AUCτ вориконазолдың (CYP2С19 субстраты) 15%-ға және тиісінше 41%-ға ұлғаюына әкеледі. Цилостазол Омепразол, эзомепразол сияқты, CYP2С19 тежегіштері ретінде әрекет етеді. Дені сау еріктілердің 40 мг дозада омепразолды қолдануы цилостазол үшін Cmax және AUC 18%-ға және сәйкесінше 26%-ға, ал оның белсенді метаболиттерінің бірі үшін сәйкесінше 29%-ға және 69%-ға артуына әкелді. Цизаприд Дені сау еріктілерде цизапридпен 40 мг эзомепразолды бір мезгілде пероральді тағайындау плазмадағы AUC 32% - ға ұлғаюына және жартылай шығарылу кезеңінің (T 1/2) 31% - ға ұлғаюына әкелді, бірақ бұл ретте қан плазмасындағы Сmax цизапридтен айтарлықтай ұлғаю болған жоқ. ЭКГ-дағы QT орташа ұзартылған аралығы монотерапия режимінде цизапридті қабылдағаннан кейін байқалды, ол кейіннен эзомепразолмен біріктіріп цизапридті тағайындау кезінде ұлғаймады. Варфарин Клиникалық зерттеуде варфарин қабылдаған пациенттерде 40 мг эзомепразолды біріктіріп пероральді қолдану коагуляция уақыты рұқсат етілген шекте қалғанын көрсетті. Алайда, эзомепразолды пероральді қолданудың постмаркетингтік тәжірибесі эзомепразол мен варфаринді бір мезгілде қолданған кезде халықаралық қалыптасқан қатынастың (ХҚҚ) клиникалық тұрғыдан елеулі жоғарылауының бірнеше жекелеген жағдайлары туралы куәландырады. Эзомепразолмен және варфаринмен немесе кумариннің басқа да туындыларымен бір мезгілде емдеудің басында және соңында ХҚҚ мониторингін жүргізу ұсынылады. Клопидогрел Дені сау еріктілердің қатысуымен зерттеулер жүргізу барысында алынған клопидогрел (тәулігіне 75 мг демеуші доза/ 300 мг жүктеме дозасы) мен эзомепразол (тәулігіне 40 мг пероральді) арасындағы фармакокинетикалық (ФК)/фармакодинамикалық (ФД) өзара әрекеттесу нәтижелері клопидогрелдің белсенді метаболиті экспозициясының орта есеппен 40% - ға төмендегенін және тромбоциттер агрегациясы тежелуінің (аденозиндифосфатпен (АДФ) индукцияланған) ең жоғары көрсеткішінің орта есеппен 14% - ға төмендегенін көрсетті. Дені сау еріктілердің қатысуымен зерттеу жүргізу кезінде монотерапия түрінде клопидогрелді қолданумен салыстырғанда клопидогрел эзомепразолмен және ацетилсалицил қышқылымен (АСҚ) бірге дозалардың бекітілген біріктірілімде (20 мг + тиісінше 81 мг) қолданылған кезде клопидогрелдің белсенді метаболиті экспозициясының шамамен 40%-ға төмендегені байқалды. Алайда еріктілерде тромбоциттер агрегациясы тежелуінің (индукцияланған АДФ) ең жоғары деңгейі клопидогрелді монотерапия ретінде қолдану тобында және эзомепразолмен және АСҚ-мен бірге клопидогрелді қолдану тобында бірдей болды. Бақылау және клиникалық зерттеулерде эзомепразолдың негізгі жүрек-қантамыр құбылыстарына қатысты ФК/ФД өзара әрекеттесуінің клиникалық аспектілері туралы қарама-қайшы деректер алынды. Сақтық шарасы ретінде эзомепразол мен клопидогрелді бір мезгілде қолдану ұсынылмайды. Клиникалық маңызды өзара әрекеттесусіз зерттелетін дәрілік заттар Амоксициллин немесе хинидин Эзомепразолдың амоксициллин немесе хинидин фармакокинетикасына клиникалық маңызды әсері жоқ екені көрсетілді. Напроксен немесе рофекоксиб Эзомепразол мен напроксенді немесе рофекоксибті бірге қолдануды бағалайтын зерттеулер қысқа мерзімді зерттеулер кезінде қандай да бір клиникалық маңызды фармакокинетикалық өзара әрекеттесулерді анықтаған жоқ. Басқа дәрілік заттардың эзомепразол фармакокинетикасына әсері CYP2C19 және/немесе CYP3A4 тежейтін дәрілік заттар Эзомепразол CYP2C19 және CYP3A4 метаболизденеді. Эзомепразолды және CYP3A4 тежегішін (тәулігіне 2 рет 500 мг) бір мезгілде пероральді қолдану эзомепразол экспозициясының (AUC) екі еселенуіне әкелді. Эзомепразолды және CYP2C19 және CYP3A4 біріктірілген тежегішін бір мезгілде қолдану эзомепразол экспозициясының 2 еседен астам ұлғаюына әкелуі мүмкін. CYP2C19 және CYP3A4 тежегіші вориконазол омепразолдың AUCτ-ін 280% - ға арттырды. Осы жағдайлардың кез-келгенінде эзомепразол дозасын түзету қажет емес. Дегенмен, бауыр функциясының ауыр бұзылуы бар пациенттерде және ұзақ емдегенде дозаны түзету қажет. CYP2C19 және/немесе CYP3A4 индукциялайтын дәрілік заттар Рифампицин және шілтері жапырақты шайқурай препараттары сияқты CYP2C19 және/немесе CYP3A4 индукциялайтын дәрілік заттар эзомепразол метаболизмін жеделдету есебінен эзомепразолдың қан плазмасындағы эзомепразол концентрациясының төмендеуіне әкелуі мүмкін. Педиатриялық популяция Өзара әрекеттесуді зерттеу тек ересектерде жүргізілді. Арнайы ескертулер Ұзақ мерзімді емдеу Ұзақ емделуде жүрген пациенттер (әсіресе емдеу ұзақтығы 1 жылдан асатын пациенттер) тұрақты бақылауда болуы тиіс. Талап бойынша емдеу Талап бойынша ем алатын пациенттер ауру симптомдарының сипаты өзгерген жағдайда емдеуші дәрігерге қаралу қажеттігі туралы хабардар етілуі тиіс. Helicobacter pylori эрадикациясы Helicobacter pylori эрадикациясы үшін эзомепразолды қолданған кезде үш еселік ем компоненттерінің әлеуетті дәрілік өзара әрекеттесуін назарға алу керек. Кларитромицин CYP3A4 күшті тежегіші болып табылады, сондықтан цизаприд сияқты CYP3A4 изоферментімен метаболизденетін басқа препараттармен бір мезгілде ем алатын пациенттерде үш есе ем қолданған кезде кларитромициннің қолдануға болмайтын жағдайлары мен дәрілермен өзара әрекеттесуін ескеру керек. Асқазан-ішек инфекциялары Протонды помпа тежегіштерімен (ППТ) емдеу Salmonella және Campylobacter туындататын асқазан-ішек инфекцияларының пайда болу қаупінің шамалы артуына әкеп соғуы мүмкін. В12 дәруменінің сіңірілуі Эзомепразол, қышқылдықты төмендететін барлық препараттар сияқты, гипо- және ахлоргидрия салдарынан В12 дәруменінің (цианокобаламин) сіңуін төмендетуі мүмкін. Мұны ұзақ ем кезінде дене көлемі төмендеген пациенттерге немесе В12 дәрумені сіңірілуінің төмендеу қаупі факторларына ескерген жөн. Гипомагнемия Эзомепразол сияқты ППТ қабылдайтын пациенттерде кемінде үш ай бойы, ал көп жағдайда бір жыл бойы айқын гипомагниемия туралы хабарланды. Шаршау, тетания, делирий, құрысулар, бас айналу және қарыншалық аритмия сияқты гипомагниемияның ауыр көріністері байқалуы мүмкін, бірақ бұл симптомдар байқалмай басталуы мүмкін және оларды өткізіп алуға болады. Көп жағдайда гипомагниемия байқалған пациенттердің жағдайы магниймен алмастырушы емнен және ППТ емдеуді тоқтатқаннан кейін жақсарды. Ұзақ мерзімді емделуден күтілетін немесе гипомагнемияны туындатуы мүмкін дигоксинмен немесе дәрілік заттармен ППТ алатын пациенттер үшін (мысалы, диуретиктер) медицина қызметкерлері ППТ-ны емдеуді бастамас бұрын және емдеу кезінде мезгіл-мезгіл магний деңгейін өлшеу мүмкіндігін қарастыруы керек. Сыну қаупі ППТ, әсіресе егер олар жоғары дозада және ұзақ уақыт (>1 жыл) аралығында қолданылса, негізінен егде жастағы адамдарда немесе басқа танылған қауіп факторлары бар болғанда, ортан жіліктің, білезіктің, омыртқаның сыну қаупін шамалы арттыруы мүмкін. Бақылау зерттеулері көрсеткендей, ППТ сынудың жалпы қаупін 10-40% арттыруы мүмкін. Қауіптің артуы басқа қауіп факторларына байланысты болуы мүмкін. Остеопороз қаупі бар пациенттер қолданыстағы клиникалық нұсқауларға сәйкес күтім алуы керек және D дәрумені мен кальцийді жеткілікті мөлшерде қабылдауы керек. Жеделге жуық терінің қызыл жегісі (SCLE) ППТ қолдану SCLE-нің өте сирек кездесетін жағдайларымен байланысты. Егер зақымданулар пайда болса, әсіресе терінің күн тиетін ашық жерлерінде және егер олар артралгиямен қатар жүрсе, пациент дереу медициналық көмекке жүгінуі керек және медицина қызметкері Помпезо препаратын қабылдауды тоқтату мүмкіндігін қарастыруы керек. Алдында ППТ-мен жүргізілген емдеуден кейін SCLE басқа ППТ-мен бірге SCLE қаупін арттыруы мүмкін. Басқа дәрілік препараттармен біріктіру Эзомепразолды атазанавирмен бірге енгізу ұсынылмайды. Егер атазанавирдің ППТ-мен біріктірілуі сөзсіз деп болжанса, атазанавирдің дозасын 100 мг ритонавирден 400 мг-ға дейін арттырумен бірге мұқият клиникалық мониторинг жүргізу ұсынылады; 20 мг эзомепразол дозасын асырмау керек. Эзомепразол CYP2C19 тежегіші болып табылады. Емдеу басталғаннан кейін немесе эзомепразолмен емдеу аяқталғаннан кейін CYP2C19 арқылы метаболизденетін дәрілік заттармен өзара әрекеттесу мүмкіндігін қарастыру керек. Клопидогрел мен эзомепразол арасында өзара әрекеттесу байқалады. Бұл өзара әрекеттесудің клиникалық маңызы түсініксіз. Сақтық шарасы ретінде эзомепразол мен клопидогрелді бір мезгілде қолданудан аулақ болу керек. Эзомепразолды талап бойынша ем ретінде қолданған кезде қан плазмасындағы эзомепразол концентрациясының өзгеруі салдарынан басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесудің ықтималды нәтижелерін ескеру керек. Терінің ауыр жағымсыз реакциялары Эзомепразолды өте сирек жағдайларда пайдалану кезінде пациенттің өміріне қауіп төндіруі мүмкін мультиформалы эритеманы (ЕМ), Стивенс-Джонсон синдромын (SJS), уытты эпидермальді некролизді (TEN), эозинофилиямен және жүйелі симптомдармен (DRESS) дәрілік реакцияны қоса алғанда, терінің ауыр жағымсыз реакцияларының дамуы туралы хабарланды. Пациенттерге терінің ауыр реакцияларының (EM/SJS/TEN/DRESS) белгілері мен симптомдары туралы және оларға кез келген сипатты белгілері немесе симптомдары пайда болған кезде емдеуші дәрігерге дереу медициналық көмекке жүгіну қажеттігі туралы хабардар етілуі тиіс. Терінің ауыр жағымсыз реакцияларының белгілері немесе симптомдары пайда болған кезде препаратты қолдануды дереу тоқтатып, қажет болған жағдайда пациенттерге тиісті ем/мұқият мониторинг жүргізу керек. EM/SJS/TEN/DRESS бар пациенттерде препаратпен емдеуді қайта бастауға болмайды. Зертханалық зерттеулердің нәтижелеріне әсері Хромогранин A (CgA) жоғары деңгейі нейроэндокринді ісіктерді анықтау бойынша зертханалық зерттеулердің нәтижелеріне әсер етуі мүмкін. Бұл әсерді болдырмау үшін эзомепразолмен емдеуді CgA деңгейін өлшеу алдында кемінде 5 күн бұрын тоқтату керек. Егер бастапқы өлшеуден кейін CgA және гастрин деңгейлері референс мәндеріне қайтарылмаса, өлшеулерді ППТ емдеуді тоқтатқаннан кейін 14 күннен кейін қайталау керек. Бүйрек функциясының бұзылуы Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде Помпезо препаратының дозасын түзету талап етілмейді. Бүйрек функциясының ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде препаратты қолданудың шектеулі тәжірибесіне байланысты осындай пациенттерді емдеу кезінде сақ болу керек. Бауыр функциясының бұзылуы ГЭРА: жеңіл және орташа ауырлықтағы бауыр функциясы бұзылған пациенттерде Помпезо препаратының дозасын түзету қажет емес. Бауыр функциясының ауыр бұзылуы бар пациенттерде препараттың ең жоғары тәуліктік дозасы 20 мг құрайды. Ойық жарадан қан кету: жеңіл және орташа ауырлық дәрежедегі бауыр функциясы бұзылған пациенттерде Помпезо препаратының дозасын түзету талап етілмейді. Бауыр функциясының ауыр бұзылуы бар пациенттерде 80 мг препараттың бастапқы болюстік дозасын инфузия түрінде енгізгеннен кейін 71,5 сағат ішінде кейіннен ұзартылған 4 мг/сағ вена ішіне инфузияға өту ұсынылады. Қосымша заттар Препарат құрамында құтыға 1 ммольден аз (23 мг) натрий бар, яғни мәні бойынша «құрамында натрий жоқ». Жүктілік немесе лактация кезінде Препаратты жүктілік кезінде қолдануға қатысты шектеулі деректер бар. Жүктілік кезінде омепразолдың рацемиялық қоспасын қолдану туралы эпидемиологиялық зерттеулердің біршама көп саны туа біткен ақаулар мен фетоуытты әсердің жоқтығын көрсетеді. Препаратты жүкті әйелдерге тағайындағанда сақ болу керек. Жүкті әйелдер туралы деректердің аз мөлшері (жүктіліктің 300-1000 жағдайы) даму ақауларының немесе эзомепразолдың фетальді/неонатальді уыттылығының жоқтығын көрсетеді. Лактация Эзомепразолдың емшек сүтіне өтетіні белгісіз, жаңа туған нәрестелерде/сәбилерде эзомепразолдың әсері туралы ақпарат жеткіліксіз. Препаратты лактация кезінде тағайындауға болмайды. Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері Эзомепразол автокөлік жүргізу және механизмдерді басқару қабілетіне елеусіз әсер етеді. Бас айналу (жиі емес) және көру жітілігінің бұзылуы (жиі емес) сияқты жағымсыз реакциялар туралы хабарланды. Осындай жағымсыз реакциялар туындаған жағдайда пациенттер автокөлікті және басқа механизмдерді басқармауы керек.

Белсенді заттың дозасы:

40 мг

Қаптамадағы саны:

1 шт

Аналогтары

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Инъекцияға және инфузияға арналған Помпезо препараты ересектерде:

- пероральді қабылдау мүмкін болмаған кезде асқазанның антисекрециялық емі, мысалы:

эзофагиті және/немесе ауыр рефлюкс симптомдары бар пациенттерде гастроэзофагеальді рефлюкс ауруы (ГЭРА);

қабынуға қарсы стероидты емес препараттар (ҚҚСП) қабылдаумен байланысты асқазанның ойық жараларының жазылуы;

қауіп тобына жататын пациенттерде ҚҚСП қолданумен байланысты асқазан және он екі елі ішек ойық жараларының профилактикасы.

асқазанның немесе он екі елі ішектің ойық жарасынан жедел қан кету кезінде емдік эндоскопиядан кейін қайта қан кетудің алдын алу үшін қолданылады.

Инъекцияға және инфузияға арналған Помпезо препараты 1-18 жастағы балалар мен жасөспірімдерде:

- пероральді қабылдау мүмкін болмаған кезде асқазанның антисекрециялық емі, мысалы:

эрозиялық рефлюкс эзофагиті және/немесе ауыр рефлюкс симптомдары бар пациенттердегі ГЭРА.

Қарсы көрсеткіштер

- белсенді затқа, бензимидазолдарға немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық;

- нелфинавирмен бір мезгілде қолдану.

Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары

Кез келген үрейлі симптомдар (мысалы, дене салмағының айтарлықтай өздігінен жоғалуы, қайтадан құсу, дисфагия, қан аралас құсу, мелена) болған кезде, сондай-ақ асқазанның ойық жарасы бар болғанда немесе асқазанның ойық жарасына күдік туындаған кезде қатерлі жаңа түзілімнің болуын болдырмау керек, өйткені Помпезо препаратымен емдеу симптомдарды бәсеңдетуге және диагноз қоюды кейінге қалдыруға әкелуі мүмкін.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Эзомепразолдың басқа дәрілік препараттардың фармакокинетикасына әсері

Протеаза тежегіштері

Омепразол кейбір протеаза тежегіштерімен өзара әрекеттесетіні хабарланды. Бұл өзара әрекеттесудің клиникалық маңыздылығы мен механизмдері белгісіз. Омепразолмен емдеу кезінде асқазанның рН-ның жоғарылауы протеаза тежегіштерінің сіңуін өзгертуі мүмкін. CYP2C19 тежелуі өзара әрекеттесудің тағы бір мүмкін механизмі болып табылады.

Атазанавир мен нелфинавир омепразолмен бір мезгілде қабылданған жағдайларда, осы препараттардың қан сарысуындағы концентрациясының төмендеуі байқалды, сондықтан оларды омепразолмен бірге қолдану және бір мезгілде тағайындау ұсынылмайды. Дені сау еріктілерде омепразолды (тәулігіне бір рет 40 мг) 300 мг атазанавирмен/100 мг ритонавирмен бірге қолдану атазанавир экспозициясының едәуір төмендеуіне («концентрация-уақыт» қисығының астындағы ауданның (AUC), ең жоғары (Cmax) және ең төмен (Cmin) концентрациялардың шамамен 75% - ға) әкелді. Атазанавир дозасын 400 мг-ға дейін арттыру омепразолдың атазанавир экспозициясына әсерін өтемеді. Дені сау еріктілерде омепразолды (тәулігіне бір рет 20 мг) 400 мг атазанавирмен /100 мг ритонавирмен бірге қолдану тәулігіне бір рет 20 мг омепразолсыз тәулігіне бір рет 300 мг атазанавирді/100 мг ритонавирді тағайындаған кезде байқалатын экспозициямен салыстырғанда атазанавир экспозициясының шамамен 30% - ға төмендеуіне әкелді. Омепразолды (тәулігіне бір рет 40 мг) бірге қолдану AUC, Cmax және Cmin орташа мәнінің нелфинавирдің 36-39% - ға төмендеуіне әкелді, ал фармакологиялық белсенді M8 метаболиті үшін AUC, Cmax және Cmin орташа мәні 75-92%-ға төмендеді. Омепразол мен эзомепразолдың ұқсас фармакодинамикалық әсерлері мен фармакокинетикалық қасиеттеріне байланысты эзомепразолды атазанавирмен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды және эзомепразолды нелфинавирмен бір мезгілде тағайындауға болмайды.

Саквинавир үшін (ритонавирмен бір мезгілде тағайындағанда) омепразолмен (тәулігіне бір рет 40 мг) бір мезгілде қолданғанда оның қан сарысуындағы концентрациясының жоғарылауы (80-100%) туралы хабарланған. Тәулігіне бір рет 20 мг омепразолмен емдеу дарунавирдің (ритонавирмен бір мезгілде тағайындау кезінде) және ампренавирдің (ритонавирмен бір мезгілде тағайындау кезінде) экспозициясына әсер етпеді. Тәулігіне бір рет 20 мг эзомепразолмен емдеу ампренавирдің экспозициясына әсер етпеді (ритонавирмен бірге және бір мезгілде тағайындаусыз). Тәулігіне бір рет 40 мг омепразолмен емдеу лопинавир экспозициясына әсер етпеді (ритонавирмен бір мезгілде тағайындағанда).

Метотрексат

ППТ-мен бірге қолдану кейбір пациенттерде метотрексат концентрациясын арттырады деп хабарланды. Метотрексаттың жоғары дозаларын қабылдаған жағдайда эзомепразолмен емдеуді уақытша тоқтату қажет болуы мүмкін.

Такролимус

Эзомепразолмен бір мезгілде тағайындау қан сарысуындағы такролимус концентрациясын арттыратыны хабарланды. Такролимус концентрациясына, сондай-ақ бүйрек функциясына (креатинин клиренсі) күшейтілген мониторинг жүргізу және қажет болған жағдайда такролимус дозасын түзету керек.

Сіңірілуі рН-ға байланысты дәрілік заттар

Эзомепразолмен және басқа ППТ-мен емдеу аясында асқазан сөлінің қышқылдығын басу сіңірілуі асқазан рН мәндеріне байланысты препараттар сіңірілуінің төмендеуіне немесе ұлғаюына әкелуі мүмкін. Асқазандағы қышқылдық секрецияны төмендететін басқа препараттар сияқты, кетоконазол, итраконазол және эрлотиниб сияқты препараттардың сіңуі төмендеуі мүмкін, ал эзомепразолмен емдеу кезінде дигоксиннің сіңуі жоғарылауы мүмкін. Дені сау еріктілерде омепразолды (күніне 20 мг) және дигоксинді бірге қабылдау дигоксиннің биожетімділігін 10% - ға (он еріктінің екеуінде 30% - ға дейін) арттырады. Дигоксиннің уыттылығы туралы сирек хабарланды. Алайда, егде жастағы пациенттерде жоғары дозаларда эзомепразолды тағайындағанда сақ болу керек. Содан кейін дигоксиннің емдік дәрілік мониторингін күшейту керек.

CYP2C19 метаболизденетін дәрілік заттар

Эзомепразол оның метаболизміне қатысатын негізгі СҮР2С19 ферментін тежейді. Эзомепразолды диазепам, циталопрам, имипрамин, кломипрамин, фенитоин сияқты CYP2C19 метаболизміне қатысатын басқа препараттармен бірге қолдану осы препараттардың плазмадағы концентрациясының жоғарылауына алып келуі және дозаны төмендетуді талап етуі мүмкін. Эзомепразолдың вена ішіне үлкен дозаларды (80 мг + 8 мг/сағ) енгізу кезіндегі in vivo өзара әрекеттесуін зерттеу жүргізілген жоқ. Эзомепразолдың CYP2C19 метаболизденетін дәрілік заттарға әсері препаратты вена ішіне енгізген кезде анағұрлым айқын болуы мүмкін, сондықтан жағымсыз реакцияларды уақтылы анықтау мақсатында пациенттерді вена ішіне енгізген сәттен бастап 3 күн ішінде мұқият бақылау керек.

Диазепам

Бір мезгілде 30 мг эзомепразолды пероральді қабылдау CYP2C19 диазепам субстратының клиренсінің 45% - ға төмендеуіне әкеледі.

Фенитоин

40 мг эзомепразол мен фенитоинді бір мезгілде пероральді қабылдау эпилепсиясы бар пациенттерде қан плазмасындағы фенитоин деңгейінің 13% - ға жоғарылауына әкеледі. Эзомепразолмен ем тағайындау немесе тоқтату кезінде қан плазмасындағы фенитоин концентрациясын бақылау ұсынылады.

Вориконазол

Омепразолды (тәулігіне 1 рет 40 мг) қабылдау Cmax және AUCτ вориконазолдың (CYP2С19 субстраты) 15%-ға және тиісінше 41%-ға ұлғаюына әкеледі.

Цилостазол

Омепразол, эзомепразол сияқты, CYP2С19 тежегіштері ретінде әрекет етеді. Дені сау еріктілердің 40 мг дозада омепразолды қолдануы цилостазол үшін Cmax және AUC 18%-ға және сәйкесінше 26%-ға, ал оның белсенді метаболиттерінің бірі үшін сәйкесінше 29%-ға және 69%-ға артуына әкелді.

Цизаприд

Дені сау еріктілерде цизапридпен 40 мг эзомепразолды бір мезгілде пероральді тағайындау плазмадағы AUC 32% - ға ұлғаюына және жартылай шығарылу кезеңінің (T 1/2) 31% - ға ұлғаюына әкелді, бірақ бұл ретте қан плазмасындағы Сmax цизапридтен айтарлықтай ұлғаю болған жоқ. ЭКГ-дағы QT орташа ұзартылған аралығы монотерапия режимінде цизапридті қабылдағаннан кейін байқалды, ол кейіннен эзомепразолмен біріктіріп цизапридті тағайындау кезінде ұлғаймады.

Варфарин

Клиникалық зерттеуде варфарин қабылдаған пациенттерде 40 мг эзомепразолды біріктіріп пероральді қолдану коагуляция уақыты рұқсат етілген шекте қалғанын көрсетті. Алайда, эзомепразолды пероральді қолданудың постмаркетингтік тәжірибесі эзомепразол мен варфаринді бір мезгілде қолданған кезде халықаралық қалыптасқан қатынастың (ХҚҚ) клиникалық тұрғыдан елеулі жоғарылауының бірнеше жекелеген жағдайлары туралы куәландырады. Эзомепразолмен және варфаринмен немесе кумариннің басқа да туындыларымен бір мезгілде емдеудің басында және соңында ХҚҚ мониторингін жүргізу ұсынылады.

Клопидогрел

Дені сау еріктілердің қатысуымен зерттеулер жүргізу барысында алынған клопидогрел (тәулігіне 75 мг демеуші доза/ 300 мг жүктеме дозасы) мен эзомепразол (тәулігіне 40 мг пероральді) арасындағы фармакокинетикалық (ФК)/фармакодинамикалық (ФД) өзара әрекеттесу нәтижелері клопидогрелдің белсенді метаболиті экспозициясының орта есеппен 40% - ға төмендегенін және тромбоциттер агрегациясы тежелуінің (аденозиндифосфатпен (АДФ) индукцияланған) ең жоғары көрсеткішінің орта есеппен 14% - ға төмендегенін көрсетті.

Дені сау еріктілердің қатысуымен зерттеу жүргізу кезінде монотерапия түрінде клопидогрелді қолданумен салыстырғанда клопидогрел эзомепразолмен және ацетилсалицил қышқылымен (АСҚ) бірге дозалардың бекітілген біріктірілімде (20 мг + тиісінше 81 мг) қолданылған кезде клопидогрелдің белсенді метаболиті экспозициясының шамамен 40%-ға төмендегені байқалды. Алайда еріктілерде тромбоциттер агрегациясы тежелуінің (индукцияланған АДФ) ең жоғары деңгейі клопидогрелді монотерапия ретінде қолдану тобында және эзомепразолмен және АСҚ-мен бірге клопидогрелді қолдану тобында бірдей болды.

Бақылау және клиникалық зерттеулерде эзомепразолдың негізгі жүрек-қантамыр құбылыстарына қатысты ФК/ФД өзара әрекеттесуінің клиникалық аспектілері туралы қарама-қайшы деректер алынды. Сақтық шарасы ретінде эзомепразол мен клопидогрелді бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.

Клиникалық маңызды өзара әрекеттесусіз зерттелетін дәрілік заттар

Амоксициллин немесе хинидин

Эзомепразолдың амоксициллин немесе хинидин фармакокинетикасына клиникалық маңызды әсері жоқ екені көрсетілді.

Напроксен немесе рофекоксиб

Эзомепразол мен напроксенді немесе рофекоксибті бірге қолдануды бағалайтын зерттеулер қысқа мерзімді зерттеулер кезінде қандай да бір клиникалық маңызды фармакокинетикалық өзара әрекеттесулерді анықтаған жоқ.

Басқа дәрілік заттардың эзомепразол фармакокинетикасына әсері

CYP2C19 және/немесе CYP3A4 тежейтін дәрілік заттар

Эзомепразол CYP2C19 және CYP3A4 метаболизденеді. Эзомепразолды және CYP3A4 тежегішін (тәулігіне 2 рет 500 мг) бір мезгілде пероральді қолдану эзомепразол экспозициясының (AUC) екі еселенуіне әкелді. Эзомепразолды және CYP2C19 және CYP3A4 біріктірілген тежегішін бір мезгілде қолдану эзомепразол экспозициясының 2 еседен астам ұлғаюына әкелуі мүмкін. CYP2C19 және CYP3A4 тежегіші вориконазол омепразолдың AUCτ-ін 280% - ға арттырды. Осы жағдайлардың кез-келгенінде эзомепразол дозасын түзету қажет емес. Дегенмен, бауыр функциясының ауыр бұзылуы бар пациенттерде және ұзақ емдегенде дозаны түзету қажет.

CYP2C19 және/немесе CYP3A4 индукциялайтын дәрілік заттар

Рифампицин және шілтері жапырақты шайқурай препараттары сияқты CYP2C19 және/немесе CYP3A4 индукциялайтын дәрілік заттар эзомепразол метаболизмін жеделдету есебінен эзомепразолдың қан плазмасындағы эзомепразол концентрациясының төмендеуіне әкелуі мүмкін.

Педиатриялық популяция

Өзара әрекеттесуді зерттеу тек ересектерде жүргізілді.

Арнайы ескертулер

Ұзақ мерзімді емдеу

Ұзақ емделуде жүрген пациенттер (әсіресе емдеу ұзақтығы 1 жылдан асатын пациенттер) тұрақты бақылауда болуы тиіс.

Талап бойынша емдеу

Талап бойынша ем алатын пациенттер ауру симптомдарының сипаты өзгерген жағдайда емдеуші дәрігерге қаралу қажеттігі туралы хабардар етілуі тиіс.

Helicobacter pylori эрадикациясы

Helicobacter pylori эрадикациясы үшін эзомепразолды қолданған кезде үш еселік ем компоненттерінің әлеуетті дәрілік өзара әрекеттесуін назарға алу керек.

Кларитромицин CYP3A4 күшті тежегіші болып табылады, сондықтан цизаприд сияқты CYP3A4 изоферментімен метаболизденетін басқа препараттармен бір мезгілде ем алатын пациенттерде үш есе ем қолданған кезде кларитромициннің қолдануға болмайтын жағдайлары мен дәрілермен өзара әрекеттесуін ескеру керек.

Асқазан-ішек инфекциялары

Протонды помпа тежегіштерімен (ППТ) емдеу Salmonella және Campylobacter туындататын асқазан-ішек инфекцияларының пайда болу қаупінің шамалы артуына әкеп соғуы мүмкін.

В12 дәруменінің сіңірілуі

Эзомепразол, қышқылдықты төмендететін барлық препараттар сияқты, гипо- және ахлоргидрия салдарынан В12 дәруменінің (цианокобаламин) сіңуін төмендетуі мүмкін. Мұны ұзақ ем кезінде дене көлемі төмендеген пациенттерге немесе В12 дәрумені сіңірілуінің төмендеу қаупі факторларына ескерген жөн.

Гипомагнемия

Эзомепразол сияқты ППТ қабылдайтын пациенттерде кемінде үш ай бойы, ал көп жағдайда бір жыл бойы айқын гипомагниемия туралы хабарланды. Шаршау, тетания, делирий, құрысулар, бас айналу және қарыншалық аритмия сияқты гипомагниемияның ауыр көріністері байқалуы мүмкін, бірақ бұл симптомдар байқалмай басталуы мүмкін және оларды өткізіп алуға болады. Көп жағдайда гипомагниемия байқалған пациенттердің жағдайы магниймен алмастырушы емнен және ППТ емдеуді тоқтатқаннан кейін жақсарды. Ұзақ мерзімді емделуден күтілетін немесе гипомагнемияны туындатуы мүмкін дигоксинмен немесе дәрілік заттармен ППТ алатын пациенттер үшін (мысалы, диуретиктер) медицина қызметкерлері ППТ-ны емдеуді бастамас бұрын және емдеу кезінде мезгіл-мезгіл магний деңгейін өлшеу мүмкіндігін қарастыруы керек.

Сыну қаупі

ППТ, әсіресе егер олар жоғары дозада және ұзақ уақыт (>1 жыл) аралығында қолданылса, негізінен егде жастағы адамдарда немесе басқа танылған қауіп факторлары бар болғанда, ортан жіліктің, білезіктің, омыртқаның сыну қаупін шамалы арттыруы мүмкін. Бақылау зерттеулері көрсеткендей, ППТ сынудың жалпы қаупін 10-40% арттыруы мүмкін. Қауіптің артуы басқа қауіп факторларына байланысты болуы мүмкін. Остеопороз қаупі бар пациенттер қолданыстағы клиникалық нұсқауларға сәйкес күтім алуы керек және D дәрумені мен кальцийді жеткілікті мөлшерде қабылдауы керек.

Жеделге жуық терінің қызыл жегісі (SCLE)

ППТ қолдану SCLE-нің өте сирек кездесетін жағдайларымен байланысты. Егер зақымданулар пайда болса, әсіресе терінің күн тиетін ашық жерлерінде және егер олар артралгиямен қатар жүрсе, пациент дереу медициналық көмекке жүгінуі керек және медицина қызметкері Помпезо препаратын қабылдауды тоқтату мүмкіндігін қарастыруы керек. Алдында ППТ-мен жүргізілген емдеуден кейін SCLE басқа ППТ-мен бірге SCLE қаупін арттыруы мүмкін.

Басқа дәрілік препараттармен біріктіру

Эзомепразолды атазанавирмен бірге енгізу ұсынылмайды.

Егер атазанавирдің ППТ-мен біріктірілуі сөзсіз деп болжанса, атазанавирдің дозасын 100 мг ритонавирден 400 мг-ға дейін арттырумен бірге мұқият клиникалық мониторинг жүргізу ұсынылады; 20 мг эзомепразол дозасын асырмау керек.

Эзомепразол CYP2C19 тежегіші болып табылады. Емдеу басталғаннан кейін немесе эзомепразолмен емдеу аяқталғаннан кейін CYP2C19 арқылы метаболизденетін дәрілік заттармен өзара әрекеттесу мүмкіндігін қарастыру керек. Клопидогрел мен эзомепразол арасында өзара әрекеттесу байқалады. Бұл өзара әрекеттесудің клиникалық маңызы түсініксіз. Сақтық шарасы ретінде эзомепразол мен клопидогрелді бір мезгілде қолданудан аулақ болу керек.

Эзомепразолды талап бойынша ем ретінде қолданған кезде қан плазмасындағы эзомепразол концентрациясының өзгеруі салдарынан басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесудің ықтималды нәтижелерін ескеру керек.

Терінің ауыр жағымсыз реакциялары

Эзомепразолды өте сирек жағдайларда пайдалану кезінде пациенттің өміріне қауіп төндіруі мүмкін мультиформалы эритеманы (ЕМ), Стивенс-Джонсон синдромын (SJS), уытты эпидермальді некролизді (TEN), эозинофилиямен және жүйелі симптомдармен (DRESS) дәрілік реакцияны қоса алғанда, терінің ауыр жағымсыз реакцияларының дамуы туралы хабарланды.

Пациенттерге терінің ауыр реакцияларының (EM/SJS/TEN/DRESS) белгілері мен симптомдары туралы және оларға кез келген сипатты белгілері немесе симптомдары пайда болған кезде емдеуші дәрігерге дереу медициналық көмекке жүгіну қажеттігі туралы хабардар етілуі тиіс.

Терінің ауыр жағымсыз реакцияларының белгілері немесе симптомдары пайда болған кезде препаратты қолдануды дереу тоқтатып, қажет болған жағдайда пациенттерге тиісті ем/мұқият мониторинг жүргізу керек. EM/SJS/TEN/DRESS бар пациенттерде препаратпен емдеуді қайта бастауға болмайды.

Зертханалық зерттеулердің нәтижелеріне әсері

Хромогранин A (CgA) жоғары деңгейі нейроэндокринді ісіктерді анықтау бойынша зертханалық зерттеулердің нәтижелеріне әсер етуі мүмкін. Бұл әсерді болдырмау үшін эзомепразолмен емдеуді CgA деңгейін өлшеу алдында кемінде 5 күн бұрын тоқтату керек. Егер бастапқы өлшеуден кейін CgA және гастрин деңгейлері референс мәндеріне қайтарылмаса, өлшеулерді ППТ емдеуді тоқтатқаннан кейін 14 күннен кейін қайталау керек.

Бүйрек функциясының бұзылуы

Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде Помпезо препаратының дозасын түзету талап етілмейді. Бүйрек функциясының ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде препаратты қолданудың шектеулі тәжірибесіне байланысты осындай пациенттерді емдеу кезінде сақ болу керек.

Бауыр функциясының бұзылуы

ГЭРА: жеңіл және орташа ауырлықтағы бауыр функциясы бұзылған пациенттерде Помпезо препаратының дозасын түзету қажет емес. Бауыр функциясының ауыр бұзылуы бар пациенттерде препараттың ең жоғары тәуліктік дозасы 20 мг құрайды.

Ойық жарадан қан кету: жеңіл және орташа ауырлық дәрежедегі бауыр функциясы бұзылған пациенттерде Помпезо препаратының дозасын түзету талап етілмейді. Бауыр функциясының ауыр бұзылуы бар пациенттерде 80 мг препараттың бастапқы болюстік дозасын инфузия түрінде енгізгеннен кейін 71,5 сағат ішінде кейіннен ұзартылған 4 мг/сағ вена ішіне инфузияға өту ұсынылады.

Қосымша заттар

Препарат құрамында құтыға 1 ммольден аз (23 мг) натрий бар, яғни мәні бойынша «құрамында натрий жоқ».

Жүктілік немесе лактация кезінде

Препаратты жүктілік кезінде қолдануға қатысты шектеулі деректер бар. Жүктілік кезінде омепразолдың рацемиялық қоспасын қолдану туралы эпидемиологиялық зерттеулердің біршама көп саны туа біткен ақаулар мен фетоуытты әсердің жоқтығын көрсетеді. Препаратты жүкті әйелдерге тағайындағанда сақ болу керек.

Жүкті әйелдер туралы деректердің аз мөлшері (жүктіліктің 300-1000 жағдайы) даму ақауларының немесе эзомепразолдың фетальді/неонатальді уыттылығының жоқтығын көрсетеді.

Лактация

Эзомепразолдың емшек сүтіне өтетіні белгісіз, жаңа туған нәрестелерде/сәбилерде эзомепразолдың әсері туралы ақпарат жеткіліксіз. Препаратты лактация кезінде тағайындауға болмайды.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Эзомепразол автокөлік жүргізу және механизмдерді басқару қабілетіне елеусіз әсер етеді. Бас айналу (жиі емес) және көру жітілігінің бұзылуы (жиі емес) сияқты жағымсыз реакциялар туралы хабарланды. Осындай жағымсыз реакциялар туындаған жағдайда пациенттер автокөлікті және басқа механизмдерді басқармауы керек.

Өзара әрекеттесуі

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Ересектер

Пероральді қабылдау мүмкін болмаған кезде асқазанның антисекрециялық емі¶

Пероральді ем жүргізу мүмкін болмаған жағдайда Помпезо препаратын парентеральді түрде тәулігіне 1 рет 20-40 мг дозада қолдануға болады. Рефлюкс-эзофагиті бар пациенттерге препаратты тәулігіне 1 рет 40 мг дозада тағайындайды. Рефлюкс ауруының симптомдарын емдеу үшін Помпезо препараты тәулігіне 1 рет 20 мг дозада қолданылады.

ҚҚСП қабылдаумен байланысты асқазанның ойық жаралары жазылуы үшін препараттың әдеттегі дозасы күніне бір рет 20 мг құрайды. ҚҚСП қолданумен байланысты асқазан және он екі елі ішек ойық жараларының профилактикасы үшін қауіп тобына жататын пациенттерде препаратты тәулігіне бір рет 20 мг қабылдау керек.

Әдетте, вена ішіне енгізу түрімен емдеу кезеңі қысқа болады және пациентті препаратты пероральді қабылдауға мүмкіндігінше жылдам ауыстыру керек.

Асқазан мен он екі елі ішектің ойық жараларынан қайта қан кетудің алдын алу

Асқазанның немесе он екі елі ішектің ойық жарасынан жедел қан кетудің емдік эндоскопиясынан кейін препараттың дозасы 80 мг құрайды, оны 30 минут ішінде кейіннен 3 күн (72 сағат) бойы 8 мг/сағ үздіксіз вена ішіне инфузия түрінде енгізеді.

Парентеральді ем аяқталғаннан кейін қышқыл секрециясын одан әрі басу үшін препаратты пероральді қабылдауға ауыстыру қажет.

Енгізу жолы және тәсілі

Қолданар алдында ерітіндіні дайындау жөніндегі нұсқаулықты «Ерітіндіні дайындау» бөлімінен қараңыз.

Инъекция

40 мг доза: 5 мл дайындалған ерітінді (8 мг/мл) вена ішіне кемінде 3 минут бойы енгізіледі.

20 мг доза: 2,5 мл немесе дайындалған ерітіндінің жартысы (8 мг/мл) вена ішіне кем дегенде 3 минут бойы енгізіледі. Ерітіндінің пайдаланылмаған қалдықтары утилизациялануы керек.

Инфузия

40 мг доза: дайындалған ерітінді 10-30 минут бойы вена ішіне инфузия түрінде енгізіледі.

20 мг доза: дайындалған ерітіндінің жартысы 10-30 минут бойы вена ішіне инфузия түрінде енгізіледі. Ерітіндінің пайдаланылмаған қалдықтары утилизациялануы керек.

Болюстік доза 80 мг: дайындалған ерітінді 30 минут бойы вена ішіне инфузия түрінде енгізіледі.

8 мг/сағ доза: дайындалған ерітінді 71,5 сағат ішінде вена ішіне ұзартылған инфузия түрінде енгізіледі (есептелген инфузия жылдамдығы 8 мг/сағ құрайды). Дайындалған ерітіндінің сақтау мерзімін «Ерітіндіні дайындау» қараңыз.

Пациенттердің ерекше топтары

Бүйрек функциясының бұзылуы

Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде Помпезо препаратының дозасын түзету талап етілмейді. Бүйрек функциясының ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде препаратты қолданудың шектеулі тәжірибесіне байланысты осындай пациенттерді емдеу кезінде сақ болу керек.

Бауыр функциясының бұзылуы

ГЭРА: жеңіл және орташа ауырлықтағы бауыр функциясы бұзылған пациенттерде Помпезо препаратының дозасын түзету қажет емес. Бауыр функциясының ауыр бұзылуы бар пациенттерде препараттың ең жоғары тәуліктік дозасы 20 мг құрайды.

Ойық жарадан қан кету: жеңіл және орташа ауырлық дәрежедегі бауыр функциясы бұзылған пациенттерде Помпезо препаратының дозасын түзету талап етілмейді. Бауыр функциясының ауыр бұзылуы бар пациенттерде 80 мг препараттың бастапқы болюстік дозасын инфузия түрінде енгізгеннен кейін 71,5 сағат ішінде кейіннен ұзартылған 4 мг/сағ вена ішіне инфузияға өту ұсынылады.

Егде жастағы пациенттер

Егде жастағы пациенттерде Помпезо препаратының дозасын түзету талап етілмейді.

Педиатриялық популяция

Дозалау

1-18 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер

Пероральді қабылдау мүмкін болмаған кезде асқазанның антисекрециялық емі

Помпезо препаратымен пероральді ем жүргізу мүмкін болмаған кезде ГЭРА емдеудің толық кезеңінің бір бөлігі ретінде тәулігіне 1 рет парентеральді түрде қолданылуы мүмкін (кестедегі дозаларды қараңыз).

Әдетте, вена ішіне енгізу түрімен емдеу кезеңі қысқа болады және пациентті препаратты пероральді қабылдауға мүмкіндігінше жылдам ауыстыру керек.

Вена ішіне енгізу тәсілі кезінде эзомепразолдың ұсынылатын дозалары

Шығарылу түрі

Препарат алюминий қалпақшамен және «flip оff» сақтандыру қалпақшасымен қаусырылған бромбутилді тығынмен тұмшаланып тығындалған шыны құтыға салынады.

1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыПомпезо бөтелкесі 40 мг №1 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube