Қолдану көрсеткіштері
- жөтелмен қатар жүретін суық тию аурулары кезіндегі жағдайды жақсарту үшін
- бронхтың созылмалы қабыну ауруларында
- жөтелмен қатар жүретін суық тию аурулары кезіндегі жағдайды жақсарту үшін
- бронхтың созылмалы қабыну ауруларында
- әсер ететін затқа немесе қосымша заттардың кез-келген компонентіне аса жоғары сезімталдық
- 6 жасқа дейінгі балаларға
- жүктілік және лактация кезеңі
- тұқым қуалайтын фруктоза көтере алмаушылығы бар пациенттер
Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары
Егер ауру симптомдары кетпесе немесе ентігу, қызба, сондай-ақ, жөтелген кезде іріңді немесе қанды қақырық пайда болса, жедел түрде дәрігермен кеңесу керек.
1 пастилка құрамында шамамен 0,09 нан бірлігіне баламалы 0.53г мальтитол және 0.53г сорбитол бар.
1 пастилкада 2,6 ккал = 10,6 кДж. бар.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Анықталмаған
Арнайы ескертулер
Егер ауру симптомдары кетпесе немесе ентігу, қызба, сондай-ақ, жөтелген кезде іріңді немесе қанды қақырық пайда болса, жедел түрде дәрігермен кеңесу керек.
Кодеин және басқа жөтелге қарсы дәрілік заттары бар дәрілермен бір мезгілде қолдануға болмайды.
Гастрит немесе асқазан ойық жарасы бар пациенттер сақтықпен қолдануы керек.
1 пастилка құрамында шамамен 0,09 нан бірлігіне баламалы 0.53г мальтитол және 0.53г сорбитол бар.
1 пастилкада 2,6 ккал = 10,6 кДж. бар.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді.
Дозалау режимі
Ересектерге және 12 жастан асқан балаларға 1 пастилкадан күніне 4 рет сору керек (бұл 104 мг шырмауық жапырағының құрғақ экстрактісіне немесе тәулігіне 624 мг препаратқа баламалы).
6 жастан 12 жас аралығындағы балаларға 1 пастилкадан күніне екі рет сору керек (бұл 52 мг шырмауық жапырағының құрғақ экстрактісіне немесе тәулігіне 312 мг препаратқа баламалы).
Пастилкаларды тамақтан кейін ауызда сорады (жатып соруға болмайды).
Енгізу тәсілі және жолы
Пероральді, сору керек. Пастилкаларды тамақтан кейін ауыз қуысында еріту керек (жатып соруға болмайды).
Емдеу ұзақтығы
Емдеу ұзақтығы ауру симптомдарының сипаты мен ауырлығына байланысты, тыныс алу жолдарының жеңіл қабынуы жағдайында да, әдетте 7 күнді құрайды.
Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажеті шаралар
Симптомдары: препаратты көп мөлшерде қабылдау (тәуліктік дозадан үш есе жоғары) жүрек айнуына, құсуға және диареяға әкелуі мүмкін.
Емі: симптоматикалық, тез арада дәрігермен кеңесу керек.
10 пастилкадан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.
2 пішінді қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Құрғақ жерде, 25°С- ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.