Құрамы
Бір құтының ішінде
белсенді зат - диметикон 2.0 г
қосымша зат - циклометикон
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Мөлдір, иіссіз біртекті сұйықтық.
Бір құтының ішінде
белсенді зат - диметикон 2.0 г
қосымша зат - циклометикон
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Мөлдір, иіссіз біртекті сұйықтық.
- педикулезде (биттер мен олардың жұмыртқаларын жою)
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- 4 жасқа дейінгі балалар
- жүктілік және лактация кезеңі
Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары
Тек сыртқа қолдануға арналған.
Теріде бөртпе немесе жергілікті немесе жалпы жоғары сезімталдықтың басқа да белгілері пайда болғанда қолдануды тоқтату керек.
Көзге түскен жағдайда сумен шаю қажет.
Ескерту: РЕМОВ® сұйықтығын пайдаланған кезде ашық отпен, темекімен және басқа тұтанатын көздермен жанасудан аулақ болу керек.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Диметикон басқа дәрілермен өзара әрекеттеспейді.
Арнайы сақтандырулар
Жүктілік кезінде қолдану
Дәрілік затты жүктілік кезінде және емшек емізу кезеңінде қолдануға болмайды.
Препараттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Деректер жоқ
Жүктілік кезінде қолдану
Дәрілік затты жүктілік кезінде және емшек емізу кезеңінде қолдануға болмайды.
Препараттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Деректер жоқ
Дозалану режимі
Ересектер мен балалар (4 жастағы және одан үлкен).
Құрғақ шашты РЕМОВ® дәрісімен шыққан жерінен ұшына дейін бастың шашты бөлігінің барлық аумағына таралатындай етіп, жақсылап ылғалдандырады. Шаштың табиғи жолмен құрғауына жол беру керек. РЕМОВ® дәрісін шашта кемінде 8 сағатқа немесе түнімен қалдыру керек. Сосын басты кәдімгі сусабынмен жуып, сумен мұқият шаю керек. Емді жеті күннен кейін қайталау қажет.
Біркелкі таралуы үшін қолданар алдында құтыға пульверизаторды кигізу керек.
Енгізу әдісі және жолы
Сыртқа.
Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар
Артық дозалану жағдайларына қатысты хабарламалар жоқ.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіну үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға бару жөнінде нұсқаулар
Дәрілік препаратты қабылдамай тұрып, кеңес алу үшін дәрігерге немесе фармацевтке жүгініңіз.
Артық дозалану жағдайларына қатысты хабарламалар жоқ.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіну үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға бару жөнінде нұсқаулар
Дәрілік препаратты қабылдамай тұрып, кеңес алу үшін дәрігерге немесе фармацевтке жүгініңіз.
Препарат, әдетте, жақсы көтерімді.
Сирек:
- бастың шашты бөлігі терісінің қышынуы және қабыршақтануы
- аса жоғары сезімталдық (тітіркену, бөртпе, есекжем, жайылған қышыну, тыныс алудың қиындауы)
50 мл препараттан полипропиленді қалпақшасы бар полиэтилен құтыға салынады.
Әрбір құтыға заттаңба жапсырылады.
1 құтыдан қосымша берілетін пульверизатормен медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.