daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Таразе қаласындағы Rinomaris Advance Мұрынға Арналған Спрей 0,05% 10 Мл | Ядран Галенски Лабораторий АО

Таразе қаласындағы Rinomaris Advance Мұрынға Арналған Спрей 0,05% 10 Мл | Ядран Галенски Лабораторий АО

Басқа сервистер немесе өзіңіз

disadvantage

Тауардың қолжетімділігі мен бағасын кепілдемейді

disadvantage

Тауар тез таусылып қалуы мүмкін

disadvantage

Daribar бонустары жоқ

disadvantage
Тегін

Daribar-дан тапсырыс бергенде

disadvantage

5–15 минут ішінде тауардың қолжетімділігі мен бағасын тексереміз

disadvantage

Жеткізу немесе 24 сағатқа брондау

disadvantage

Daribar-дың бонустары

disadvantage
Сипаттама:

Мөлдір түссіз ерітінді.

Халықаралық атауы:

Ксилометазолин

Өндіруші:

Ядран Галенски Лабораторий АО

Өндіруші ел:

Республика Хорватия

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: тазартылған теңіз суы, натрий гиалуронаты, калий дигидрофосфаты, тазартылған су. Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Мөлдір түссіз ерітінді.

Белсенді заттың дозасы:

0.5 мг/мл

Дәрілік түрі:

Мұрынға арналған дозаланған спрей, 0.05 % және 0.1 % Фармакотерапиялық тобы Респираторлық жүйе. Мұрынға арналған препараттар. Жергілікті қолдануға арналған деконгестанттар және мұрынға арналған басқа препараттар. Симпатомиметиктер, қарапайымдар. Ксилометазолин. АТХ коды R01АА07

Қаптамадағы саны:

1 шт

Аналогтары

Нұсқаулық

Құрамы

1 мл ерітіндінің құрамында

белсенді зат – ксилометазолин гидрохлориді, 0.5 мг немесе 1.0 мг,

қосымша заттар: тазартылған теңіз суы, натрий гиалуронаты, калий дигидрофосфаты, тазартылған су.

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Мөлдір түссіз ерітінді.

Қолдану көрсеткіштері

- ринит немесе синуситтен туындаған мұрынның бітелуін симптоматикалық емдеу.

Қарсы көрсеткіштер

- ксилометазолин гидрохлоридіне немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- транссфеноидальді гипофизэктомиядан немесе мидың қатты қабығына әсер ететін басқа трансназальді немесе трансоральді хирургиялық араласулардан кейінгі жай-күйлер

- жабық бұрышты глаукома

- құрғақ ринит (rhinitis sicca)

- атрофиялық ринит

- 2 жасқа дейінгі балалық жас (0.05 % ерітінді үшін)

-12 жасқа дейінгі балалық жас (0.1 % ерітінді үшін)

Өзара әрекеттесуі

Бұл препаратты ксилометазолиннің гипертензиялық әсері болуы мүмкіндігіне байланысты гипертензияға қарсы дәрілермен (мысалы, метилдопа) үйлесімде қолдануға болмайды. Сонымен қатар, ксилометазолинді α - және β-блокаторларымен бір мезгілде қолдану күрделі өзара әрекеттесуге әкелуі мүмкін және гипотензияны немесе гипертензияны, тахикардияны немесе брадикардияны тудыруы мүмкін. Ксилометазолинді моноаминоксидаза тежегіштерімен (мысалы, трианилципроминді типі), трициклді немесе тетрациклді антидепрессанттармен немесе әлеуетті гипертензиялық әсері бар басқа дәрілік препараттармен (мысалы, доксапрам, эрготамин, окситоцин) бір мезгілде қолдану көрсетілген препараттардың жүрек-қантамыр жүйесіне әсер етуі нәтижесінде артериялық қысымның жоғарылауына әкелуі мүмкін. Осы себепті бұл препараттарды бір мезгілде қабылдау ұсынылмайды.

Арнайы ескертулер

Жүктілік немесе лактация кезінде қолдану

Ксилометазолинді жүктілік кезінде қолдануға болмайды, өйткені препараттың ұрыққа әсері туралы тиісті деректер жоқ.

Ксилометазолиннің емшек сүтімен бөлінетіні белгісіз. Сондықтан, бұл препаратты бала емізу кезінде қолдануға болмайды.

Препараттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Дәрілік препаратты ұзақ қолданғанда немесе ұсынылған дозаларды асыра қолданғанда жүрек-қантамыр жүйесінің қызметіне жүйелі әсер етуі мүмкін.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Дозалау пациенттің жеке сезімталдығына және клиникалық әсеріне байланысты.

Препаратты ұсынылғаннан асатын дозаларда қолдануға болмайды.

Риномарис® Адванс, мұрынға арналған дозаланған спрей, 0.05 %

2 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға

2 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға арналған доза препаратты әрбір мұрын жолына тәулігіне 3 ретке дейін 1 бүркуді құрайды.

Риномарис® Адванс, мұрынға арналған дозаланған спрей, 0.05 %, нәрестелерде және 2 жасқа дейінгі балаларда қолдануға болмайды. Препараттың тиімділігі мен қауіпсіздігі 2 жасқа дейінгі балаларда анықталмаған.

Риномарис® Адванс, мұрынға арналған дозаланған спрей, 0.1 %

Ересектер және 12 жастан асқан балалар

Ересектер мен 12 жастан асқан балалардың дозасы препаратты әрбір мұрын жолына тәулігіне 3 ретке дейін 1 бүркуді құрайды.

Балалар

Риномарис® Адванс, мұрынға арналған дозаланған спрей, 0.1%, 12 және одан үлкен жастағы балаларда қолдану үшін көрсетілген. Бұл препаратты 12 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды, өйткені осы жас тобы үшін басқа дозаны қолдану ұсынылады.

Емнің ұзақтығы

Риномарис® Адванс, мұрынға арналған дозаланған спрей, 5 күннен артық қолдануға болмайды.

Ұзақ уақыт қолдану шырышты қабықтың айқын ісінуіне (дәрі-дәрмектік ринит) және мұрын қуысының шырышты қабығының атрофиясына әкелуі мүмкін.

Препаратты балаларда қолданар алдында дәрігермен кеңесу керек.

Терапия аяқталғаннан кейін препаратты бірнеше күннен кейін ғана қайта қолдануға болады.

Ұзақ қолдану мұрынның шырышты қабығының атрофиясына әкелуі мүмкін, сондықтан созылмалы ринит жағдайында препаратты тек дәрігердің бақылауымен қолдануға болады.

Енгізу әдісі және жолы

Препарат мұрын ішіне қолдануға арналған.

Спрейді алғаш қолданар алдында біркелкі дозаға қол жеткізу үшін бүріккіш құрылғыны ауаға қарай бірнеше рет басып алу (5 рет) қажет. Егер препарат бірнеше күн пайдаланылмаса препараттың біркелкі түсуін қамтамасыз ету үшін бүріккішті бір рет басу қажет.

Препаратты қолданар алдында мұрын жолдарын тазарту керек (сіңбіріп тазалау).

Қолданғаннан кейін бүріккіш құрылғыны таза құрғақ қағаз сүрткімен мұқият сүртіп және қорғағыш қалпақшамен жабу қажет.

Гигиеналық себептерден және инфекцияның таралуына жол бермеу үшін әрбір адам жеке-жеке құты пайдалануы тиіс.

Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар

Симптомдары

Артық дозалану назальді және пероральді қолданғанда туындауы мүмкін.

Балалардағы артық дозалану орталық жүйке жүйесінің айқын бәсеңдеуін туындатуы мүмкін. Имидазолин туындыларымен уыттанудан кейінгі клиникалық көрініс орталық жүйке жүйесінің, жүрек-қантамыр және тыныс алу жүйелерінің аса белсенділігі және бәсеңдеуі кезеңдерінің кезектесуінен қарама-қайшылықты болуы мүмкін.

Артық дозалану, әсіресе балаларда, құрысулар, кома, брадикардия, апноэ, сондай-ақ гипотензиямен алмасуы мүмкін гипертензия туындата отырып, орталық жүйке жүйесіне басымды ықпал етеді.

Орталық жүйке жүйесінің стимуляциясы үреймен, қозумен, елестеумен және құрысумен көрініс табады. Орталық жүйке жүйесінің бәсеңдеуін растауы мүмкін симптомдар: дене температурасының төмендеуі, летаргия, ұйқышылдық және коматозды жай-күй болады. ОЖЖ бәсеңдеуі кезінде туындайтын басқа да ықтимал симптомдар миозды, мидриазды, тершеңдікті, қызбаны, бозаруды, цианозды, апноэні және пальпитацияны қамтуы мүмкін. Орталық жүйке жүйесіне елеулі ықпал ету жағдайында жүрек айнуы, құсу, тахикардия, брадикардия, аритмия, жүректің тоқтап қалуы, гипертензия, шокты гипотензия, өкпе ісінуі, респираторлық бұзылыстар және апноэ байқалуы мүмкін.

Емі

Белсендірілген көмір (адсорбент) және натрий сульфатын (іш жүргізгіш) қолдануды, сондай-ақ күрделі артық дозалану жағдайында мүмкіндігінше асқазанды шаюды шұғыл орындау қажет, өйткені ксилометазолиннің жылдам сіңірілуі орын алуы мүмкін. Ауыр артық дозалану кезінде қарқынды емдеу бөлімшесіне жатқызу көрсетілген. Артериялық қысымын төмендету үшін антидот ретінде селективті емес альфа-адреноблокаторлар, мысалы, фентоламин қолдануға болады. Вазопрессорлар қолдануға болмайды. Қажет болса, температураны төмендету, құрысуға қарсы ем және өкпені жасанды желдету сияқты шаралар қабылдануы мүмкін.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкердің кеңесіне жүгіну ұсынылады.

Артық дозалану

Жанама әсерлері

Жиі (≥1/100, <1/10)

- бас ауыруы

- мұрынның шырышты қабығының құрғауы немесе жайсыздығы

- жүрек айнуы

- енгізген жердің ашытып шымылдауы

Жиі емес(≥1/1000, <1/100)

- мұрыннан қан кету

Өте сирек (< 1/10000)

- аса жоғары сезімталдық реакциялары (ангионевроздық ісіну, терінің бөртуі, қышыну)

- көрудің уақытша нашарлауы

- тұрақсыз немесе жиі жүрек қағуы

- балалар мен жаңа туған нәрестелердегі апноэ

Белгісіз (қолда бар деректер бойынша бағалау мүмкін емес):

- мұрын және тамақ аймағында ашытып шымылдауы.

Шығарылу түрі

10 мл препараттан дозалағыш құрылғымен және қорғағыш қалпақшамен жабдықталған пластик құтыға салынады.

Бір құты медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

30 С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл.

Құтыны ашқаннан кейін 6 ай бойы пайдалануға болады.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сақтау шарттары

30 С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Көлемі

10 мл

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

Тараз қаласындағы «Rinomaris advance мұрынға арналған спрей 0,05% 10 мл» бағасының өзгеру диаграммасы

010020030040050003-038-0313-0318-0323-0328-032-047-0412-0417-0422-0427-042-057-0512-0517-0522-0527-051-066-0611-0616-0621-0626-061-07
Орташа баға
Ең төменгі баға

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыRinomaris advance мұрынға арналған спрей 0,05% 10 мл дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube