Қолдану көрсеткіштері
- бета-гемолитикалық стрептококк А тудырған жоғарғы тыныс жолдарының инфекциялары беталактамдармен емдеудің баламасы ретінде, әсіресе беталактамдарды енгізу мүмкін болмаған жағдайларда
- жедел синусит: осы инфекциялардың микробиологиялық сипаттамаларын ескере отырып, макролидтерді қолдану беталактаммен емдеу мүмкін болмаған кезде беріледі
- жедел бронхит кезіндегі суперинфекция
- созылмалы бронхиттің өршуі
- субъектілердегі ауруханадан тыс пневмония:
- қауіп факторлары жоқ
- елеулі клиникалық симптомдары жоқ
- пневмококкты этиологияны көрсететін клиникалық белгілерсіз
Атипиялық пневмонияға күдік болған кезде ауырлық пен анамнезге қарамастан макролидтерді қолдану көрсетілген
- тері инфекциялары: импетиго, дерматоздардың импетигинизациясы, эктима, инфекциялық дермогиподермит (әсіресе тілме қабынуы), эритразм
- гонококкты емес генитальді инфекциялар
Бактерияға қарсы дәрілерді тиісінше пайланауға қатысты ресми ұсыныстарды ескеру керек