Құрамы
Үлбірлі қабықпен қапталған бір таблетканың құрамында
белсенді зат - 150 мг рокситромицин,
қосымша заттар:
ядросы: микрокристалды целлюлоза, повидон К30, натрий кроскармеллозасы, коллоидты гидратацияланған кремнийдің қостотығы, полоксамер 188, магний стеараты, изопропил спирті1, тазартылған су1, пленкалы қабығы гидроксипропилметилцеллюлоза (HPMC) - ақ жабынға негізделген премикс: 36% лактоза моногидраты, 26% титанның қостотығы (Е 171), 28% гидроксипропилметилцеллюлоза, 10% макрогол 4000, тазартылған су1.
1- өндіріс үдерісінде шығарылады
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Дөңгелек, бір жағында сындыратын сызығы және екінші жағында «R 150» деген өрнегі бар ақ түсті үлбірлі қабықпен қапталған дөңес таблеткалар. Таблетка диаметрі 9.0 (± 0.2) мм, қалыңдығы – 4.2 (± 0.3) мм.
Шығарылу түрі және қаптамасы
10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салады.
1 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
25 °C-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!