Қолдану көрсеткіштері
тұтқыр секреттің түзілуімен қоса жүретін жедел және созылмалы синуситтерде (этмоидиттер, фронтиттер, гаймориттер)
тұтқыр секреттің түзілуімен қоса жүретін жедел және созылмалы синуситтерде (этмоидиттер, фронтиттер, гаймориттер)
- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық
- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
Бактерияға қарсы дәрілік заттармен біріктіруге болады. Осы уақытқа дейін басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі белгісіз.
Арнайы ескертулер
Егер сіздің мұрыныңыздан қан кетсе, қызба, қатты ауырсыну, мұрыннан іріңді бөлінулер, көрудің бұзылуы, беттің ортаңғы бөлігінің немесе көздің асимметриясы немесе беттің ұйып қалуы болса, дәрігермен кеңесіңіз, өйткені бұл симптомдар, әдетте, риносинуситтің барлық түрлері үшін маңызды ескерту ретінде қарастырылады және дәрігер-маманның тексеруін және шұғыл емді талап етеді. Егер симптомдар 7-14 күннен артық сақталса, нашарласа немесе мезгіл-мезгіл қайталанса дәрігермен кеңесу қажет.
Белгілі гастрит және сезімтал асқазаны бар пациенттер жағдайында осы дәрілік затты қабылдау кезінде ерекше сақтық сақтау керек. Синупрет® фортені тамақтанудан кейін стакан сумен қабылдаған дұрыс.
Диабетиктер үшін ақпарат:
1 таблеткада орташа 0,03 «нан бірлігі» бар.
Сирек тұқым қуалайтын фруктоза, галактоза, лактоза, глюкоза және сахароза көтере алмаушылығы бар пациенттер препаратты қабылдамаған жөн.
Педиатрияда қолдану
12 жасқа дейінгі балаларда Синупрет форте қолдануға қатысты жеткілікті зерттеулер жоқ. Сондықтан Синупрет форте 12 жасқа дейінгі балаларға тағайындамау дұрыс.
Жүктілік пен лактация кезеңінде
Кез келген дәрілік заттар сияқты Cинупрет® форте жүктілік және лактация кезеңінде қолдану емдеуші дәрігердің қауіп пен пайда арақатынасын қатаң бағалағаннан кейін ғана мүмкін болады. Препаратты бала емізу кезінде деректердің болмауына байланысты қабылдау ұсынылмайды.
Препараттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат ұсынылған дозаларда көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Түпнұсқалық қаптамасында, 30°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.
-ден