daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Таразе қаласындағы Таваник Таблеткалары 500 Мг №5 | Sanofi-Winthrop Industrie

Таразе қаласындағы Таваник Таблеткалары 500 Мг №5 | Sanofi-Winthrop Industrie

Басқа сервистер немесе өзіңіз

disadvantage

Тауардың қолжетімділігі мен бағасын кепілдемейді

disadvantage

Тауар тез таусылып қалуы мүмкін

disadvantage

Daribar бонустары жоқ

disadvantage
Тегін

Daribar-дан тапсырыс бергенде

disadvantage

5–15 минут ішінде тауардың қолжетімділігі мен бағасын тексереміз

disadvantage

Жеткізу немесе 24 сағатқа брондау

disadvantage

Daribar-дың бонустары

disadvantage
Сипаттама:

Ұзынша пішінді, екі беті дөңес, сындыруға арналған сызығы бар, бозғылт-сарғыш-ақтан қызылдау-ақ түске дейінгі үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.

Халықаралық атауы:

Левофлоксацин

Өндіруші:

Sanofi-Winthrop Industrie

Өндіруші ел:

Французская Республика

Белсенді ингредиент:

Глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа жеткіліксіздігі бар пациенттер Глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа белсенділігінің жасырын немесе айқын бұзылуы бар пациенттерде хинолонды бактерияға қарсы препараттармен ем жүргізгенде гемолиздік реакцияларға бейімділік байқалуы мүмкін. Осылайша, левофлоксацинді мұндай пациенттерде қолдану қажеттілігінде оларды гемолиздің туындауына бақылау керек. Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер Левофлоксацин негізінен бүйрек арқылы шығарылатындықтан, олардың функциясы бұзылған пациенттерде Таваник препаратының дозасын түзету керек. Аса жоғары сезімталдық реакциялары Левофлоксацин ауыр және потенциалды өмірге қауіп төндіретін аса жоғары сезімталдық реакцияларын (мысалы, анафилаксиялық шокқа дейін болатын ангионевроздық ісінуді) туындатуы мүмкін, ол кейде препараттың бірінші дозасын енгізгеннен кейін-ақ туындайды. Пациенттер емді дереу тоқтатуы тиіс және емдеуші дәрігермен немесе тиісті шұғыл көмек көрсету үшін жедел жәрдем дәрігерімен байланысуы керек. Терінің ауыр жағымсыз реакциялары Левофлоксацинді қолданғанда уытты эпидермальді некролизді (УЭН: Лайелл синдромы деп те аталады), Стивенс-Джонсон синдромын (СДС) және эозинофилиямен және жүйелі көріністермен дәрілік бөртпені (DRESS) қоса, терінің ауыр жағымсыз реакциялары туралы хабарланды, олар өмірге қауіп төндіруі немесе өлімге әкелуі мүмкін. Препаратты қолдану кезінде пациенттер ауыр тері реакцияларының белгілері мен симптомдары туралы хабардар болуы және мұқият бақылауда болуы тиіс. Осы реакцияларды көрсететін белгілер мен симптомдар пайда болғанда левофлоксацин қабылдауды дереу тоқтатып, баламалы емдеу мәселесін қарастыру керек. Егер пациентте левофлоксацин қолданғанда СДС, УЭН немесе DRESS сияқты күрделі реакция дамыған болса, бұл пациентте левофлоксацинмен емдеуді ешқашан қайта бастауға болмайды. Дисгликемия Барлық хинолондарды қолданғандағыдай, пероральді гипогликемиялық препараттарды (мысалы, глибенкламид) немесе инсулинді қолданумен қатар ем алатын егде жастағы пациенттерде және диабетпен ауыратын пациенттерде жиі байқалған гипо- және гипергликемияны қоса, қандағы глюкоза деңгейі бұзылуының туындауы туралы хабарланды. Гипогликемиялық кома жағдайлары туралы хабарланды. Гипогликемиялық кома жағдайлары туралы хабарланды. Қант диабетімен ауыратын пациенттерде қандағы глюкоза деңгейін мұқият бақылау ұсынылады. Егер пациентте қандағы глюкоза деңгейінің бұзылуы байқалса, Таваник препаратымен емдеуді дереу тоқтату керек және фторхинолондық емес препараттармен балама бактерияға қарсы емді қарастыру керек. Фотосенсибилизация профилактикасы Левофлоксацинді қолданғанда фотосенсибилизацияның туындағаны жөнінде мәлімделді. Фотосенсибилизацияның дамуына жол бермеу үшін пациенттерге емделу кезінде және оны тоқтатқаннан кейін 48 сағат бойына, күшті күн сәулесінің немесе жасанды УК сәулелену (мысалы, УК шамы, солярий ) әсеріне жол бермеу ұсынылады. К дәрумені антагонистерімен ем алатын пациенттер Левофлоксацинді К дәрумені антагонистерімен (мысалы, варфарин) біріктіріп қабылдайтын пациенттерде коагуляциялық сынамалар көрсеткіштерінің (ПВ/ХҚҚ) ықтимал артуына және/немесе осы препараттарды бір мезгілде қабылдайтын пациенттерде қан кетудің туындауына байланысты коагуляциялық сынамалар көрсеткіштеріне мониторинг жүргізу қажет. Психоздық реакциялар Левофлоксацинді қоса, хинолондарды қабылдаған пациенттерде психоздық реакциялардың пайда болу жағдайлары туралы хабарланды. Өте сирек жағдайларда, кейде левофлоксацин дозасын бір рет қабылдағаннан кейін де, мұндай реакциялар пациенттің өзіне қауіп төндіретін суицидтік ойлар мен мінез-құлықтар пайда болғанға дейін үдеген. Мұндай реакциялардың пайда болуының алғашқы белгілері немесе симптомдарында левофлоксацин қабылдауды дереу тоқтату керек және пациенттерге кеңес алу үшін осы препаратты тағайындаған дәрігермен байланысу ұсынылады. Фторхинолондар тобы емес препараттармен бактерияға қарсы басқа емді қарастыру және тиісті шаралар қабылдау қажет. Левофлоксацинді психозбен ауыратын науқастарда немесе анамнезінде психикалық аурулар болған кезде сақтықпен қолдану керек. QT аралығының ұзаруы Левофлоксацинді қоса, фторхинолондарды төмендегідей QT аралығының ұзару қаупінің белгілі бір факторлары бар пациенттерде сақтықпен қолданған жөн, мысалы: - QT аралығы ұзаруының туа біткен синдромы - QT аралығы ұзаруын туындататын  дәрілік заттарды (мысалы аритмияға қарсы, IA және III класқа жататын препараттар, трициклдік антидепрессанттар, нейролептиктер) қатар қолдану - электролиттер теңгерімінің түзетілмеген бұзылулары (мысалы, гипокалиемия, гипомагниемия) - жүрек аурулары (мысалы, жүрек жеткіліксіздігі, миокард инфарктісі, брадикардия). Егде жастағы пациенттер және әйелдер QTс аралығы ұзаруын туындататын (QT түзетілген) препараттарға сезімталдау болуы мүмкін. Бұл пациенттерде фторхинолондарды, соның ішінде левофлоксацинді сақтықпен қолдану керек. Шеткері нейропатия Хинолондар мен фторхинолондар қабылдаған пациенттерде парестезияға, гипестезияға, дизестезияға немесе бұлшықет әлсіздігіне әкелетін сенсорлық немесе сенсомоторлы полинейропатия жағдайлары туралы хабарланды. Левофлоксацинмен емдеу курсынан өтіп жүрген пациенттерге емдеуді жалғастырар алдында, ауыру, күйдіру, шаншу, ұю немесе бұлшықет әлсіздігі сияқты нейропатия симптомдары пайда болғаны туралы қайтымсыз бұзылулардың дамуын болдырмау мақсатында өз дәрігеріне хабарлау ұсынылады. Бауыр және өт шығару жолдары тарапынан бұзылулар Негізгі/қатар жүретін ауыр ауруы бар, мысалы сепсис сияқты, пациенттерде левофлоксацинді қолданғанда өліммен аяқталатын бауыр функциясының жеткіліксіздігіне дейін болатын бауыр некрозы жағдайлары жөнінде мәлімделді. Пациенттерге анорексия, сарғаю, несеп күңгірттенуі, қышыну және іштің ауыруы сияқты бауыр ауруларының симптомдары мен белгілері пайда болғанда емдеуді тоқтатып және емдеуші дәрігермен кеңесу ұсынылады. Миастения гравис өршуі Левофлоксацинді қоса, фторхинолондар нейробұлшықет блокадасын қоздыруы және миастения гравистан зардап шегетін пациенттерде бұлшықет әлсіздігін күшейтуі мүмкін. Тіркеуден кейінгі бақылау кезеңінде туындаған өлім жағдайлары мен өкпені қосымша жасанды желдету қажеттілігін қоса, күрделі жағымсыз реакциялар миастения гравистан зардап шегетін пациенттерде фторхинолондарды қолданумен байланысты болды. Сондықтан миастения гравистен зардап шегетін пациенттер үшін левофлоксацин қолдану ұсынылмайды. Көру қабілетінің бұзылуы Көру  қабілеті бұзылған кезде немесе көзге әсер ететін басқа әсерлер пайда болса, дереу  офтальмологқа қаралу керек. Суперинфекция Левофлоксацинді ұзақ уақыт қолдану сезімтал емес микроорганизмдердің шамадан тыс өсуіне әкелуі мүмкін. Суперинфекция пайда болған кезде тиісті шаралар қабылдау керек. Зертханалық зерттеулердің нәтижелеріне әсері Левофлоксацинді қолданумен ем қабылдайтын пациенттерде несептегі апиындарды анықтауға талдау жалған оң нәтижелер беруі мүмкін. Апиындардың болуына талдау нәтижелерін неғұрлым нақты әдісті қолдана отырып растау қажет болуы мүмкін. Левофлоксацин Mycobacterium tuberculosis өсуін тежеуі мүмкін, демек, туберкулездің бактериологиялық диагностикасының жалған теріс нәтижелерінің себебі болуы мүмкін. Аорта аневризмасы және қатпарлануы, сондай-ақ жүрек клапандарының регургитациясы / жеткіліксіздігі Эпидемиологиялық зерттеулерде, әсіресе егде жастағы пациенттерде аневризманың және аорта қатпарлануының, сондай-ақ фторхинолондарды қабылдағаннан кейін аорта және митральді клапандардың регургитациясы қаупінің жоғарылауы туралы хабарланды. Фторхинолондарды қабылдау кезінде, аневризма және аорта қатпарлануының кейде жыртылуымен асқынған (оның ішінде өліммен аяқталатын), сондай-ақ жүрек клапандарының кез келген регургитациясы / жеткіліксіздігі жағдайлары тіркелген. Демек, фторхинолондарды пайда мен қауіптің арақатынасын мұқият бағалағаннан кейін және аневризмаға немесе туа біткен жүрек клапанының ақауына қатысты ауыр отбасылық анамнезі бар пациенттерде немесе аорта аневризмасы және/немесе бұрыннан бар аорта қатпарлануы немесе жүрек клапандарының жеткіліксіздігі диагнозы қойылған немесе басқа қауіп факторлары немесе бейіс жағдайлары бар пациенттерде басқа емдік мүмкіндіктерді қарастырғаннан кейін ғана қолдану керек: аорта аневризмасы мен қатпарлануы және регургитация/жүрек клапанының жеткіліксіздігі (мысалы, Марфан немесе Эхлер-Данлос синдромы, Тернер синдромы, Бехчет ауруы, жоғары артериялық қысым, ревматоидты артрит сияқты дәнекер тінінің аурулары) немесе аорта аневризмасы мен қатпарлануы (мысалы, Такаясу артерииті немесе алып жасушалы артерит, белгілі атеросклероз немесе Шегрен синдромы сияқты қантамырлар аурулары) немесе регургитация/жүрек клапандарының жеткіліксіздігі (мысалы, инфекциялық эндокардит).

Белсенді заттың дозасы:

500 мг

Қаптамадағы саны:

5 шт

Аналогтары

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Таваник дәрілік препараты, таблеткалар, ересек пациенттерде келесі инфекцияларды емдеу үшін қолданылады:

- жедел пиелонефрит және несеп шығару жолдарының асқынған инфекциялары

- созылмалы бактериялық простатит

- сібір ойық жарасы: жанасудан кейінгі профилактика және емдеу.

Төменде аталған инфекциялар үшін, әдетте, осы инфекциялардың старттық емі ретінде ұсынылатын бактерияға қарсы дәрілер пайдаланудың мүмкін еместігі негізделген жағдайларда ғана Таваник қолдану керек:

- жедел бактериялық синусит

- созылмалы бронхитті қоса, өкпенің созылмалы обструкциялық ауруының өршуі

- ауруханадан тыс пневмония

- терінің және жұмсақ тіндердің асқынған инфекциялары

- асқынбаған цистит.

Таблеткалардағы Таваник препаратын вена ішіне левофлоксацин енгізумен старттық ем жүргізуден кейін жай-күйі жақсаруы байқалған пациенттерде емдеу курсын аяқтау үшін қолдануға болады.

Бактерияға қарсы дәрілерді тиісінше қолдануға қатысты ресми нұсқаулықтарды қадағалау қажет.

Қарсы көрсеткіштер

- левофлоксацинге немесе басқа хинолондарға, сондай-ақ кез келген қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық

- эпилепсиямен ауыратын науқастар

- анамнезінде бұрын фторхинолондар қолданумен байланысты сіңір аурулары бар пациенттер

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

- жүктілік және бала емізу кезеңі.

Қолдану кезіндегі қажетті сақтау шаралары

Бұрын  хинолон немесе құрамында фторхинолон бар дәрілік заттарды қабылдаумен байланысты күрделі жағымсыз реакциялар болған пациенттерде левофлоксацин қолданудан аулақ болу керек.

Мұндай пациенттерді левофлоксацинмен емдеуді емнің баламалы нұсқалары болмаған кезде және пайда/қауіп арақатынасын мұқият бағалағаннан кейін ғана бастау керек.

Резистенттілік қаупі

Метициллинге төзімді S.aureus левофлоксацинді қоса, фторхинолондарға төзімді болуы ықтималдығы жоғары. Демек, левофлоксацинді метициллинге төзімді алтын түстес стафилококк туындатқан инфекцияларды емдеуде немесе зертханалық талдаулар микроорганизмнің левофлоксацинге сезімталдығын растаған жағдайлардан басқа кезде (сондай-ақ, егер метициллинге төзімді стафилококк туындатқан инфекцияларды емдеу кезінде әдетте тағайындалатын бактерияға қарсы дәрілерді қолдану орынсыз деп саналса), осындай болжамдар болса, қолдану ұсынылмайды.

Левофлоксацинді жедел бактериялық синуситті және созылмалы бронхиттің өршуін емдеуде, егер маман осы инфекцияларға диагноз қойса, қолдануға болады.

Несеп шығару жолдарының инфекциясын туындататын неғұрлым кең таралған патоген E. coli-дің фторхинолондарға төзімділігі Еуропалық Одақ елдерінде ауытқып отырады. Осы препараттарды тағайындау кезінде фторхинолондарға E. coli резистенттілігінің жергілікті таралуын ескеру ұсынылады.

Сібір ойық жарасы: адамда қолданылуы Bacillus anthracis-ге сезімталдығы жөнінде in vitro деректерге, және мөлшері шектеулі клиникалық деректермен қатар, клиникаға дейінгі зерттеулер деректеріне негізделген. Емдеуші дәрігерлер сібір ойық жарасын емдеуге қатысты ұлттық және/немесе халықаралық келісілген құжаттарға жүгінуі керек.

Ұзақ, мүгедектікке ұшырататын және әлеуетті қайтымсыз күрделі жағымсыз реакциялар

Хинолондар мен фторхинолондар қабылдаған пациенттерде, олардың жасына және бұрын болған қауіп факторларына қарамастан, әртүрлі, кейде көптеген организм жүйелеріне (тірек-қимыл аппараты, жүйке жүйесі, психика және сезім мүшелері тарапынан) әсер ететін ұзақ (бірнеше айға немесе жылға созылатын), мүгедектікке ұшырататын және әлеуетті қайтымсыз күрделі жағымсыз реакциялардың өте сирек жағдайлары туралы хабарланды. Левофлоксацин қолдануды кез келген күрделі жағымсыз реакцияның алғашқы белгілерінде немесе симптомдарында дереу тоқтату керек және пациенттерге кеңес алу үшін өзіңіздің дәрігеріңізге хабарласу ұсынылады.

Тендинит және сіңірдің үзілуі

Тендинит және сіңірдің үзілуі (әсіресе ахилл сіңірі, бірақ тек ол емес), кейбір жағдайларда екіжақты, хинолондармен немесе фторхинолондармен емдеуді бастағаннан кейін 48 сағат ішінде туындауы мүмкін, сондай-ақ емдеуді тоқтатқаннан кейін бірнеше ай ішінде осы патологиялардың туындау жағдайлары туралы хабарланды. Егде жастағы пациенттерде, бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде, тығыз ағзалар трансплантациясы бар пациенттерде, 1000 мг левофлоксациннің тәуліктік дозаларын қабылдайтын пациенттерде, сондай-ақ кортикостероидтарды бір мезгілде қабылдаған пациенттерде тендиниттің даму қаупі және сіңірлердің үзілуі артады.

Сондықтан кортикостероидтар мен фторхинолондарды бір мезгілде қолданудан аулақ болу керек.

Тендинит симптомдары туындағанда (мысалы, ауыртатын ісіну, қабыну кезінде) левофлоксацин қабылдауды тоқтатып, баламалы емдеу мүмкіндігін қарастыру керек. Зақымдалған аяқ-қолды тиісінше емдеуді бастау қажет (мысалы, иммобилизация).

Тендинопатия белгілері пайда болған кезде кортикостероидтарды пайдалануға болмайды.

Clostridium difficile тудырған ауру

Левофлоксацинмен емдеу кезінде немесе одан кейін (емдеу аяқталғаннан кейін бірнеше аптаны қоса) диарея, әсіресе ауыр, тұрақты және/немесе қан қоспасы бар Clostridium difficile астасқан аурудың (CDAD) симптомы болуы мүмкін. CDAD ауырлығы жеңілден өмірге қауіп төндіретін ауыр түрге, мысалы, жалған жарғақшалы колитке дейін құбылуы мүмкін. Осылайша, егер пациенттерде левофлоксацин қолданумен емдеу кезінде немесе одан кейін ауыр диарея дамыса, осы диагнозды ескеру маңызды. Clostridium difficile астасқан ауруға күдік туындағанда немесе расталғанда левофлоксацин қолдануды дереу тоқтату және тиісті емді кідіріссіз бастау керек. Осы клиникалық жағдайда перистальтикаға қарсы препараттарды қолдануға болмайды.

Құрысудың туындауына бейім пациенттер

Хинолондар құрысу шегіне дайындықты төмендетуі және құрысуларға түрткі болуы мүмкін. Левофлоксацинді анамнезінде эпилепсиясы бар пациенттерге қолдануға болмайды, және басқа да хинолондар сияқты бұл препаратты эпилепсиялық ұстамалардың туындауына бейімділігі бар пациенттерге немесе белсенді заттары (мысалы, теофиллин) құрысуға дайындық шегін төмендететін дәрілік заттарды қолданып қатар ем жүргізгенде ерекше сақ болу керек. Құрысулар туындаған жағдайда левофлоксацинді қолданумен жүргізілетін емді тоқтату керек.

Глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа жеткіліксіздігі бар пациенттер

Глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа белсенділігінің жасырын немесе айқын бұзылуы бар пациенттерде хинолонды бактерияға қарсы препараттармен ем жүргізгенде гемолиздік реакцияларға бейімділік байқалуы мүмкін. Осылайша, левофлоксацинді мұндай пациенттерде қолдану қажеттілігінде оларды гемолиздің туындауына бақылау керек.

Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер

Левофлоксацин негізінен бүйрек арқылы шығарылатындықтан, олардың функциясы бұзылған пациенттерде Таваник препаратының дозасын түзету керек.

Аса жоғары сезімталдық реакциялары

Левофлоксацин ауыр және потенциалды өмірге қауіп төндіретін аса жоғары сезімталдық реакцияларын (мысалы, анафилаксиялық шокқа дейін болатын ангионевроздық ісінуді) туындатуы мүмкін, ол кейде препараттың бірінші дозасын енгізгеннен кейін-ақ туындайды. Пациенттер емді дереу тоқтатуы тиіс және емдеуші дәрігермен немесе тиісті шұғыл көмек көрсету үшін жедел жәрдем дәрігерімен байланысуы керек.

Терінің ауыр жағымсыз реакциялары

Левофлоксацинді қолданғанда уытты эпидермальді некролизді (УЭН: Лайелл синдромы деп те аталады), Стивенс-Джонсон синдромын (СДС) және эозинофилиямен және жүйелі көріністермен дәрілік бөртпені (DRESS) қоса, терінің ауыр жағымсыз реакциялары туралы хабарланды, олар өмірге қауіп төндіруі немесе өлімге әкелуі мүмкін. Препаратты қолдану кезінде пациенттер ауыр тері реакцияларының белгілері мен симптомдары туралы хабардар болуы және мұқият бақылауда болуы тиіс. Осы реакцияларды көрсететін белгілер мен симптомдар пайда болғанда левофлоксацин қабылдауды дереу тоқтатып, баламалы емдеу мәселесін қарастыру керек. Егер пациентте левофлоксацин қолданғанда СДС, УЭН немесе DRESS сияқты күрделі реакция дамыған болса, бұл пациентте левофлоксацинмен емдеуді ешқашан қайта бастауға болмайды.

Дисгликемия

Барлық хинолондарды қолданғандағыдай, пероральді гипогликемиялық препараттарды (мысалы, глибенкламид) немесе инсулинді қолданумен қатар ем алатын егде жастағы пациенттерде және диабетпен ауыратын пациенттерде жиі байқалған гипо- және гипергликемияны қоса, қандағы глюкоза деңгейі бұзылуының туындауы туралы хабарланды. Гипогликемиялық кома жағдайлары туралы хабарланды. Гипогликемиялық кома жағдайлары туралы хабарланды. Қант диабетімен ауыратын пациенттерде қандағы глюкоза деңгейін мұқият бақылау ұсынылады.

Егер пациентте қандағы глюкоза деңгейінің бұзылуы байқалса, Таваник препаратымен емдеуді дереу тоқтату керек және фторхинолондық емес препараттармен балама бактерияға қарсы емді қарастыру керек.

Фотосенсибилизация профилактикасы

Левофлоксацинді қолданғанда фотосенсибилизацияның туындағаны жөнінде мәлімделді. Фотосенсибилизацияның дамуына жол бермеу үшін пациенттерге емделу кезінде және оны тоқтатқаннан кейін 48 сағат бойына, күшті күн сәулесінің немесе жасанды УК сәулелену (мысалы, УК шамы, солярий ) әсеріне жол бермеу ұсынылады.

К дәрумені антагонистерімен ем алатын пациенттер

Левофлоксацинді К дәрумені антагонистерімен (мысалы, варфарин) біріктіріп қабылдайтын пациенттерде коагуляциялық сынамалар көрсеткіштерінің (ПВ/ХҚҚ) ықтимал артуына және/немесе осы препараттарды бір мезгілде қабылдайтын пациенттерде қан кетудің туындауына байланысты коагуляциялық сынамалар көрсеткіштеріне мониторинг жүргізу қажет.

Психоздық реакциялар

Левофлоксацинді қоса, хинолондарды қабылдаған пациенттерде психоздық реакциялардың пайда болу жағдайлары туралы хабарланды. Өте сирек жағдайларда, кейде левофлоксацин дозасын бір рет қабылдағаннан кейін де, мұндай реакциялар пациенттің өзіне қауіп төндіретін суицидтік ойлар мен мінез-құлықтар пайда болғанға дейін үдеген. Мұндай реакциялардың пайда болуының алғашқы белгілері немесе симптомдарында левофлоксацин қабылдауды дереу тоқтату керек және пациенттерге кеңес алу үшін осы препаратты тағайындаған дәрігермен байланысу ұсынылады. Фторхинолондар тобы емес препараттармен бактерияға қарсы басқа емді қарастыру және тиісті шаралар қабылдау қажет. Левофлоксацинді психозбен ауыратын науқастарда немесе анамнезінде психикалық аурулар болған кезде сақтықпен қолдану керек.

QT аралығының ұзаруы

Левофлоксацинді қоса, фторхинолондарды төмендегідей QT аралығының ұзару қаупінің белгілі бір факторлары бар пациенттерде сақтықпен қолданған жөн, мысалы:

- QT аралығы ұзаруының туа біткен синдромы

- QT аралығы ұзаруын туындататын  дәрілік заттарды (мысалы аритмияға қарсы, IA және III класқа жататын препараттар, трициклдік антидепрессанттар, нейролептиктер) қатар қолдану

- электролиттер теңгерімінің түзетілмеген бұзылулары (мысалы, гипокалиемия, гипомагниемия)

- жүрек аурулары (мысалы, жүрек жеткіліксіздігі, миокард инфарктісі, брадикардия).

Егде жастағы пациенттер және әйелдер QTс аралығы ұзаруын туындататын (QT түзетілген) препараттарға сезімталдау болуы мүмкін. Бұл пациенттерде фторхинолондарды, соның ішінде левофлоксацинді сақтықпен қолдану керек.

Шеткері нейропатия

Хинолондар мен фторхинолондар қабылдаған пациенттерде парестезияға, гипестезияға, дизестезияға немесе бұлшықет әлсіздігіне әкелетін сенсорлық немесе сенсомоторлы полинейропатия жағдайлары туралы хабарланды. Левофлоксацинмен емдеу курсынан өтіп жүрген пациенттерге емдеуді жалғастырар алдында, ауыру, күйдіру, шаншу, ұю немесе бұлшықет әлсіздігі сияқты нейропатия симптомдары пайда болғаны туралы қайтымсыз бұзылулардың дамуын болдырмау мақсатында өз дәрігеріне хабарлау ұсынылады.

Бауыр және өт шығару жолдары тарапынан бұзылулар

Негізгі/қатар жүретін ауыр ауруы бар, мысалы сепсис сияқты, пациенттерде левофлоксацинді қолданғанда өліммен аяқталатын бауыр функциясының жеткіліксіздігіне дейін болатын бауыр некрозы жағдайлары жөнінде мәлімделді.

Пациенттерге анорексия, сарғаю, несеп күңгірттенуі, қышыну және іштің ауыруы сияқты бауыр ауруларының симптомдары мен белгілері пайда болғанда емдеуді тоқтатып және емдеуші дәрігермен кеңесу ұсынылады.

Миастения гравис өршуі

Левофлоксацинді қоса, фторхинолондар нейробұлшықет блокадасын қоздыруы және миастения гравистан зардап шегетін пациенттерде бұлшықет әлсіздігін күшейтуі мүмкін. Тіркеуден кейінгі бақылау кезеңінде туындаған өлім жағдайлары мен өкпені қосымша жасанды желдету қажеттілігін қоса, күрделі жағымсыз реакциялар миастения гравистан зардап шегетін пациенттерде фторхинолондарды қолданумен байланысты болды. Сондықтан миастения гравистен зардап шегетін пациенттер үшін левофлоксацин қолдану ұсынылмайды.

Көру қабілетінің бұзылуы

Көру  қабілеті бұзылған кезде немесе көзге әсер ететін басқа әсерлер пайда болса, дереу  офтальмологқа қаралу керек.

Суперинфекция

Левофлоксацинді ұзақ уақыт қолдану сезімтал емес микроорганизмдердің шамадан тыс өсуіне әкелуі мүмкін. Суперинфекция пайда болған кезде тиісті шаралар қабылдау керек.

Зертханалық зерттеулердің нәтижелеріне әсері

Левофлоксацинді қолданумен ем қабылдайтын пациенттерде несептегі апиындарды анықтауға талдау жалған оң нәтижелер беруі мүмкін. Апиындардың болуына талдау нәтижелерін неғұрлым нақты әдісті қолдана отырып растау қажет болуы мүмкін.

Левофлоксацин Mycobacterium tuberculosis өсуін тежеуі мүмкін, демек, туберкулездің бактериологиялық диагностикасының жалған теріс нәтижелерінің себебі болуы мүмкін.

Аорта аневризмасы және қатпарлануы, сондай-ақ жүрек клапандарының регургитациясы / жеткіліксіздігі

Эпидемиологиялық зерттеулерде, әсіресе егде жастағы пациенттерде аневризманың және аорта қатпарлануының, сондай-ақ фторхинолондарды қабылдағаннан кейін аорта және митральді клапандардың регургитациясы қаупінің жоғарылауы туралы хабарланды. Фторхинолондарды қабылдау кезінде, аневризма және аорта қатпарлануының кейде жыртылуымен асқынған (оның ішінде өліммен аяқталатын), сондай-ақ жүрек клапандарының кез келген регургитациясы / жеткіліксіздігі жағдайлары тіркелген.

Демек, фторхинолондарды пайда мен қауіптің арақатынасын мұқият бағалағаннан кейін және аневризмаға немесе туа біткен жүрек клапанының ақауына қатысты ауыр отбасылық анамнезі бар пациенттерде немесе аорта аневризмасы және/немесе бұрыннан бар аорта қатпарлануы немесе жүрек клапандарының жеткіліксіздігі диагнозы қойылған немесе басқа қауіп факторлары немесе бейіс жағдайлары бар пациенттерде басқа емдік мүмкіндіктерді қарастырғаннан кейін ғана қолдану керек:

аорта аневризмасы мен қатпарлануы және регургитация/жүрек клапанының жеткіліксіздігі (мысалы, Марфан немесе Эхлер-Данлос синдромы, Тернер синдромы, Бехчет ауруы, жоғары артериялық қысым, ревматоидты артрит сияқты дәнекер тінінің аурулары) немесе

аорта аневризмасы мен қатпарлануы (мысалы, Такаясу артерииті немесе алып жасушалы артерит, белгілі атеросклероз немесе Шегрен синдромы сияқты қантамырлар аурулары) немесе

регургитация/жүрек клапандарының жеткіліксіздігі (мысалы, инфекциялық эндокардит).

Өзара әрекеттесуі

Таваник препаратына басқа дәрілік заттардың әсері

Темір, мырыш тұздары, құрамында магний немесе алюминий, диданозин бар антацидтік препараттар

Левофлоксациннің сіңуі темір тұздары, құрамында магний немесе алюминий немесе диданозин бар (құрамында алюминий немесе магний болатын буферлік заттар бар диданозин формалары ғана) антацидтік препараттар таблеткаларында Таваник препаратымен бір мезгілде қолданғанда айтарлықтай төмендейді. Құрамында мырыш бар фторхинолондар мен мультидәруменді препараттарды бір мезгілде қолдану олардың сіңуін төмендетеді. Құрамында темір, мырыш тұздары, құрамында магний немесе алюминий бар антацидтік препараттар немесе диданозин сияқты екі- немесе үш валентті катиондары бар препараттарды (құрамында алюминий немесе магний болатын буферлік заттар бар Диданозин формаларына ғана қатысты) Таваник таблеткаларын қабылдаудан 2 сағат бұрын және 2 сағат бұрын қабылдамау ұсынылады. Кальций тұздары ішу арқылы қабылдағанда левофлоксацин сіңуіне ең төмен әсерін тигізеді.

Сукральфат

Таблетка түріндегі Таваник препаратының биожетімділігі оны сукральфатпен бір мезгілде қолданғанда едәуір төмендейді. Егер пациентке сукралфатты да, Таваникті де қабылдау қажет болса, сукралфатты таблетка түріндегі Таваник препаратын қабылдағаннан кейін 2 сағаттан соң қабылдаған дұрыс.

Теофиллин, фенбуфен немесе осыған ұқсас қабынуға қарсы стероидты емес препараттар

Клиникалық зерттеу барысында левофлоксацин мен теофиллиннің фармакокинетикалық өзара әрекеттесуі анықталмаған. Алайда хинолондар мен теофиллинді, қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды немесе церебральді құрысуға дайындық шегін төмендететін басқа дәрілік заттарды бір мезгілде қолданғанда құрысуға дайындық шегінің едәуір төмендеуін байқауға болады.

Фенбуфен болғанда левофлоксацин концентрациясы тек левофлоксацинді қабылдау кезіндегіден шамамен 13% жоғары болды.

Пробенецид және циметидин

Пробенецид және циметидин левофлоксациннің шығарылуына статистикалық тұрғыдан елеулі әсерін тигізді. Левофлоксациннің бүйректік клиренсі циметидин (24%) және пробенецид (34%) қолданғанда төмендеген. Бұл екі дәрілік препараттың да левофлоксациннің бүйректік өзекшелік секрециясын бөгеу қабілетімен түсіндіріледі. Алайда зерттеу барысында пайдаланылған дозаларда қолданғанда статистикалық тұрғыда маңызды кинетикалық айырмашылықтардың клиникалық тұрғыдан маңызды болу ықтималдығы аз.

Левофлоксацинді пробенецид және циметидин сияқты өзекшелік секрецияға ықпалын тигізетін препараттармен бірге, әсіресе, бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде сақтықпен қолдану керек.

Басқа да маңызды ақпарат

Клиникалық фармакология зерттеулері аталған препаратты келесі: кальций карбонаты, дигоксин, глибенкламид, ранитидин сияқты дәрілік заттармен бірге қолданудың левофлоксацин фармакокинетикасына клиникалық мәнді әсер етпейтінін көрсетті.

Таваник препаратының басқа дәрілік заттарға әсері

Циклоспорин

Циклоспориннің жартылай шығарылу кезеңі левофлоксацинмен бірге қолданғанда 33% ұзарған.

К дәрумені антагонистері

Левофлоксацин мен K дәрумені антагонисінің (мысалы, варфарин) біріктірілімі қолданылатын емнен өтетін пациенттерде протромбиндік уақыттың ұзаруы (ХҚҚ ұлғаюы/тромбопластиндік уақыттың төмендеуі) және/немесе ауыр болуы мүмкін қан кету туындаған жағдайлар хабарланды. Осылайша, K дәрумені антагонистері қолданылатын емнен өтетін пациенттерде коагуляциялық сынамалар нәтижелеріне мониторинг жасау қажет.

QT аралығының ұзаруын туындататын дәрілік заттар

Левофлоксацинді, басқа фторхинолондар сияқты, QT аралығының ұзаруын тудыратын препараттарды бір мезгілде қабылдайтын пациенттерге сақтықпен қолдану керек (мысалы, IA және III класты аритмияға қарсы препараттар, трициклді антидепрессанттар, макролидтер, нейролептиктер).

Басқа маңызды ақпарат

Фармакокинетикалық зерттеулерде левофлоксацин теофиллиннің фармакокинетикасына әсер етпеді (маркер субстраты CYP1A2), бұл левофлоксациннің CYP1A2 тежегіші емес екенін көрсетеді.

Өзара әрекеттесудің басқа түрлері

Тамақ

Тамақпен клиникалық маңызды өзара әрекеттесу байқалмады. Осылайша, таблетка түріндегі Таваник препаратын тамақтануға байланыссыз қабылдауға болады.

Арнайы ескертулер

Жүктілік немесе лактация кезінде

Жүкті әйелдерде левофлоксацинді қолдану туралы деректердің шектеулі саны бар. Клиникаға дейінгі зерттеулер репродуктивті уыттылық тұрғысынан тікелей немесе жанамам зиянды әсерлерін анықтаған жоқ.

Алайда, клиникалық деректер болмаған жағдайда, сондай-ақ эксперименттік деректер өсіп келе жатқан денеде салмақ түсіретін шеміршектердің фторхинолондармен зақымдану қаупін растайтындықтан, жүкті әйелдерде левофлоксацинді қолдануға болмайды.

Таваник препаратын бала емізетін кезеңде әйелдерге қолдануға болмайды. Қазіргі уақытта левофлоксациннің емшек сүтімен бөлінуіне қатысты ақпарат жеткіліксіз; дегенмен, басқа фторхинолондар емшек сүтімен бөлінетіні белгілі. Клиникалық деректер болмаған жағдайда, сондай-ақ эксперименттік деректер өсіп келе жатқан денеде салмақ түсіетін шеміршектердің фторхинолондармен зақымдану қаупін растайтындықтан, бала емізу кезеңінде әйелдерде левофлоксацинді қолданбаған жөн.

Шығарылу түрі

5 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады. 1 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салады.

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау шарттары

25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыТаваник таблеткалары 500 мг №5 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube