Қолдану көрсеткіштері
препаратқа сезімтал микроорганизмдер туғызған вагиниттерді емдеуде:
бактериялық, соның ішінде Trichomonas vaginalis туғызған
Candida текті ашытқы тәрізді зеңдер туғызған зеңдік
аралас
вагиниттердің профилактикасында:
- гинекологиялық операциялар алдында
- босанулар мен жасанды түсік алдында
- жатырішілік заттарды орнатқанға дейін және кейін
- жатыр мойнының диатермокоагуляциясына дейін және кейін
- гистерография алдында.
Қолдану тәсілі және дозалары
Бір таблеткасын ұйықтар алдында, жатқан қалыпта қынапқа терең енгізеді. Қынапқа енгізер алдында таблетканы суға шылап алу керек (20-30 секунд бойы). Препаратты енгізгеннен кейін 10-15 минут бойы жатқан қалыпта қалу керек.
Емдеудің орташа ұзақтығы 10 күн.