Қолдану көрсеткіштері
Уросептик фосфомицинге сезімтал патогенді микроорганизмдер туындатқан төмендегі инфекцияларды емдеу үшін қолданылады:
- жедел бактериялық цистит, қайталанатын жедел бактериялық цистит
ұстамалары, спецификалық емес бактериялық уретрит сияқты несеп шығару жолдарының жедел және асқынбағын инфекциялары
- симптомсыз ауыр бактериурия
- несеп шығару жолдарының төменгі бөліктеріне хирургиялық араласулар және диагностикалық зерттеулер кезінде несеп шығару жолдары инфекцияларының профилактикасы (мысалы, ТУР)