Қолдану көрсеткіштері
Вазонат кешенді емде мына жағдайларда қолданылады:
жүрек және қантамыр жүйесінің аурулары: тұрақты жүктеме стенокардиясы, жүректің созылмалы жеткіліксіздігі (NҮНА І-ІІІ функционалдық класы), кардиомиопатия, жүрек және қантамыр жүйесінің функционалдық бұзылулары;
ми қан айналымының жедел және созылмалы ишемиялық бұзылулары;
жұмыс қабілетінің төмендеуі, физикалық және психоэмоционалдық қатты ширығу;
цереброваскулярлық бұзылулардан, ми жарақаттарынан және энцефалиттен кейінгі сауығу кезеңінде.