Құрамы
5 мл суспензияның құрамында
белсенді зат – цефиксим1 105.00 мг,
қосымша заттар: ксантан шайыры, натрий бензоаты, фрамбойзе эссенциясы (ұнтақ), сахароза.
1 - 5% артығымен. Цефиксим мөлшері белсенділігіне қарай есептеледі
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Таңқурай иісі бар, ақшыл-крем түстес гомогенді ұнтақ.
Шығарылу түрі және қаптамасы
26.5 г препараттан алғашқы ашылуы бақыланатын бұрандалы пластмасса қақпағы бар, сыйымдылығы 50 мл күңгірт шыныдан жасалған құтыға салынған.
1 құтыдан, 1 өлшеуіш қасықтан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.